Қазақ тілі және әдебиеті
Сабақтың тақырыбы: "Білгірлер және тапқырлар" сайысы.
Сабақтың мақсаты:
Оқушылардың ойлау, еске сақтау, қайта жаңғырту қабілеттерін дамытумен қатар, қазақ тілі мен әдебиет пәніне деген қызығушылықтарын арттыру.
Сабақтың түрі: сайыс сабағы.
Көрнекілігі: интерактивті тақта.
Сабақтың ұраны:
Көп тіл білсең көкжиегің кең болар,
Құрметтейді кісі екен деп төрге озар.
Қай елде жүрсең де бұл дұрысы -
Мемлекеттік тілді білген жөн болар.
Мұғалімнің кіріспе сөзі:
- Құрметті әріптестер, оқушылар! Бүгінгі "Тіл білгірі" сайыс сабағымызды қазақ тілі мен әдебиеті апталығына арнаймыз. Тіл сайысын өткізудегі мақсатымыз - басқа ұлт өкілдерінің мемлекеттік тілге құрметпен қарауын, сонымен бірге мемлекеттік тілге қызығушылығын арттыру.
Бүгінгі сайысымыз 6 кезеңнен тұрады, олар:
1. Таныстыру, сәлемдесу.
2. "Өлең - сөздің патшасы, сөз сарасы" (мәнерлеп оқу)
3. "Зымыран сұрақтар" (қазақ тілі пәні бойынша)
4. "Жеті жұрттың тілін біл"
5. Алгоритмдік деңгей. «Сөз тапқанға қолқа жоқ»
6.«Ойлы болсаң, озып көр"(әдебиет пәні бойынша)
Сайысқа 7-8 сыныптар арасынан 8 оқушы қатысады.
"Сайысымыздың бет ашарын бастайық,
Көрерменді бір серпілтіп тастайық.
Таныстырсын сайыскерлер өздерін,
Өнеріне ду қол соғып қостайық",- деп, кезекті сайысқа қатысушы оқушыларға берейік.
I кезең. Таныстыру, сәлемдесу.
II кезең: "Өлең - сөздің патшасы, сөз сарасы" мәнерлеп оқу сайысы.
III кезең: "Зымыран сұрақтар" кезеңі (қазақ тілі пәні бойынша)
Мықты болсаң - алдағыны басып оз.
Мықты болсаң - арттағыны жеткізбе!
Мықты болсаң - тайғанама көк мұзда!
Мықты болсаң - бөгеттерді бұзып өт – деп сайысымыздың үшінші кезеңіне өтейік.
Қазақ тілі пәні бойынша берілетін сұрақтарға дұрыс және жылдам жауап беру. Әр дұрыс жауапқа 10 ұпайдан беріледі.
1. Батыр сөзінің синонимін ата? (ержүрек, батыл, жаужүрек)
2. «Ақ киізге көтерді» сөз тіркесінің мағынасы қандай? (хан сайлады)
3. Қазақ тілінде қанша әріп бар? (42)
4. Ұзын сөзінің антонимі? (қысқа)
5. Қолданудан шығып, аз айтылатын сөздер (көне сөздер)
6. Фонетика нені зерттейді? (тіл дыбыстарын)
7. Қазақтың алғаш әліппесін жазған кім? (Ыбырай Алтынсарин)
8. «Жаны зәр түбіне жету» сөз тіркесінің мағынасы қандай? (қорқу)
9. Мағыналары бір - біріне қарама - қарсы сөздер (антоним)
10. Айтылуы бірдей, мағынасы басқа сөздер (омоним)
1. Атын тура айтуға болмайтын сөз (табу)
2. Тіліміздегі сөздердің жиынтығы (лексика)
3. Басқа тілден енген сөздер (кірме)
4. Белгілі бір аймақта ғана қолданылатын сөздер (диалект)
5. Дөрекі, әдепсіз сөздер (дисфемизм)
6. Белгілі бір кәсіпке айтылатын сөздердің түрі (кәсіби сөздер)
7. 16 желтоқсан қандай мереке? (Тәуелсіздік алған күн)
8. Мақалды жалғастыр: Тіл тас жарады,....
9. Дулыға, сауыт сөздері қандай сөздер?(көнерген сөздер)
10. Ойды әдепті, сыпайы етіп жеткізу (эвфемизм)
ІV кезең: "Жеті жұрттың тілін біл"
Жеті жұрттың тілін біл, жеті түрлі білім біл – деп кезекті сайысымыздың шарттарымен таныстырайын.
Кезеңіміздің атауын «Жеті жұрттың тілін біл» деп атадық. Мұнда сендерге жұмбақтар
жасырылады, ал сендер сол жұмбақтардың шешуін үш тілде, яғни, қазақ, орыс, ағылшын тілдерінде айтуларың қажет. Бұл кезеңде де әр дұрыс жауап үшін 10 ұпайдан беріледі. Барлықтарыңа табыс тілеймін!
1. Қабат – қабат қаптама
Ақылың болса аттама. (кітап – книга - book)
2. Көзге көрінбейді, жұтсаң білінбейді. (Ауа – воздух - air)
3. Үнемі ауызда бұлтыңдайды,
Бірақ жұтылмайды. (тіл - язык - language)
4. Әй, керемет бір ит бар
Үй бағады үрмейді.
Аяғы жоқ жүрмейді.
Рұқсатсыз ол иттен
Ешкім үйге кірмейді. (құлып – замок - lock)
5. Бір үйге көзсіз боп кіресің,
Бұл үйден көреген боп шығасың (мектеп – школа - school)
1. Қалқиып ұзын құлағы
Елеңдеп қорқып тұрады
(Қоян - заяц - carrot)
2. Тілден ұшып, құлаққа қонады. (сөз - слова - words)
3. Мұрты бар, иегінде сақалы жок,
Тоны бар, киетін шапаны жок,
Пайдасы үй ішінен табылған соң,
Далаға кіріп шығар сапары жоқ.
(Мысық - кот - cat)
4. Қозғалмастан бір елі, күні бойы жүреді. (сағат - часы - Watch)
5. Таңмен көзін ашады, әлемге нұрын шашады. (күн - солнце - Sun)
Ү.Алгоритмдік деңгей. «Сөз тапқанға қолқа жоқ»
Алдымен жеребе бойынша бұл кезеңді кім бастайтынын анықтап алайық.
Топ мүшелері кезегімен тақтадағы ұяшықтарды таңдап, қойылған сұраққа ұяшықтағы таңдалған әрібінен басталатын сөзбен жауап береді.
(А,Ә,Б,Е,Ж,К,Қ,М,Н,О,Р,С,Т,Ү,Ш)
І-топ
1.Сен бүгін нешеде тұрдың?
3.Наурыз мейрамы қай айда тойланады ?
3.Сен қандай үйірмеге барасың?
4.Сен қай қалада тұрасың?
- Бірінші сабақ нешеде басталады?
ІІ-топ
- Сенің мінезің қандай ?
- Қай көшеде тұрасың?
3.Анаңның аты кім?
4.Анаңа қандай сыйлық сыйлағанды ұнатасың?
- Сыныпта неше оқушы бар?
ҮІ . «Ойлы болсаң, озып көр» әдебет пәні бойынша сұрақтар
1-Бата дегеніміз не? Оны кім береді? Қайда беріледі?
2-Айтыстың түрлерін ата?
3-Мақал мен мәтелдің айырмашылығы неде?
4-Аңыз –әңгіме кейіпкерлерін ата?
5-Шешендік сөздің жанрлық түрлері.
1-Бата дегеніміз не? Оны кім береді? Қайда беріледі?
2-Айтыстың түрлерін ата?
3-Мақал мен мәтелдің айырмашылығы неде?
4-Аңыз –әңгіме кейіпкерлерін ата?
5-Шешендік сөздің жанрлық түрлері.
Осымен сайысымыздың алты кезеңі де аяқталды.
Болмасын ешбір сын – өкпе,
Әсері қалды жүректе.
Қазылар берген бағалар,
Ұштассын айтар тілекке!
«Жүзден жүйрік, мыңнан тұлпар шығады» демекші бүгінгі сайысымызды таразылап, әділ бағасын береді деген оймен келесі сөзді әділқазылар алқасына береміз.
Демеңіз біз өнерді аяп келді,
Уақыт біраз жерге таяп қалды.
Көріскенше қош сау болып тұрыңыздар,
Осыменен сайысымыз аяқталды!