САБАҚ №5
Сабақтың тақырыбы: Қазақстанның өндіріс орындары
Сабақтың мақсаты:
Білімділігі: Өндірі орындарының аттарын толық меңгерту. Тақырыпқа байланысты әңгіме айтуға баулу.
Тәрбиелік: Қазақ тіліне деген қызығушылығын арттыру барысында тәрбиелі әңгімелер айту.
Дамытушылық: Сызбалармен жұмыс арқылы оқушылардың ой-өрісін дамыту, ойлау қабілетін арттыру.
Сабақтың әдісі: ізденушілік, көрнекілік, сұрақ- жауап, баяндау
Көрнекіліктер: суреттер, үлестірмелі қималар
Сабақтың түрі: жаңа сабақ
Сабақтың барысы:
- Ұйымдастыру кезеңі.
- Үй тапсырмасын тексеру.
III. Сабақтың мақсатын, барысын айту.
- Жаңа сөздермен жұмыс
- Сөздердің мағыналарын түсіндіру.
- Дұрыс айтуға дағдыландыру.
- Берілген сөздер мен сөз тіркесін құрастыру.
- Сөйлемдер құру.
- Лексикалық тақырыпты сызба бойынша түсіндіру.
Өндіріс орындары
- Тапсырмаларды орындау.
1-тапсырма. Суреттерге қарап, әңгіме құрастыру.
Қазақстанда өндіріс орындары көп.
Мынау – тігін фабрикасы.
Мұнда не шығарылады?
Мұнда киім, етіктер жазғы жеңіл аяқ-киімдер тігіліп шығарылады, олар дайын болған соң дүкенге таратылады, дүкеннен адамдар өзеріне ұнаған затын сатып алады.
Мынау – шахта.
Мұнда не шығарылады?
Мұнда көмір өндіріледі. Көмірді әр қалаларға таратылып, халық жылу мерзімі басталар мезгілде көмірді сатып алады.
Мынау - нан заводы.
Мұнда не шығарылады?
Мұнда нан және тәтті тоқаштар пісіріледі. Пісірілген нан дүкендерге апарылып, халыққа таратылады.
2-тапсырма. Суретке қарап, әңгіме айту.
3-тапсырма. Мәтінді толықтырып, мазмұнын айтып беру.
- Жаңа сабақты бекіту. Әр оқушы өз ұлты туралы айтып беру.
- Үйге тапсырма беру.68-бет, 4-тапсырма
- Бағалау. Оқушыларды білімдеріне қарап, бағалау.