Quantcast
Channel: Қазақ тілі әдебиет | и рус.кл - Қазақстан ұстаздарына арналған - Әдістемелік-ақпараттық сайт sabaqtar.kz
Viewing all 866 articles
Browse latest View live

Әдебиет 7 сынып. С.Торайғыров «Шәкірт ойы»

$
0
0

Күні:                                   Пәні: қазақ әдебиеті                            Сыныбы: 7

 

Сабақтың тақырыбы:           С.Торайғыров  «Шәкірт ойы»

Сабақтың мақсаты:

                                 а)  «Шәкірт ойы» өлеңін оқытып, мағынасан ашу,талдату;

                                   ә) өзіндік ой,пікір айта білуге жетелеу,шығармашылық қабілеттерін дамыту;

                                  б) өлең арқылы оқу білімге үндеу,отансүйгіштікке,еңбексүйгіштікке тәрбиелеу;

Сабақтың түрі:     шығармашылық    сабақ

Сабақтың әдісі: сұрақ-жауап,мәнерлеп оқу,топтастыру  т.б

Сабақтың көрнекілігі: сызбалары,кестелері,  электронды оқулық  т.б

Пәнаралық байланыс:          тарих,астрономия

Сабақтың барысы:

                                          а) Ұйымдастыру кезеңі:

                         Оқушылармен амандасу,түгелдеу, оқу құралдарын тексеру, сыныптың тазалығына көңіл бөлу.  Оқушылардың зейінін сабаққа аудару.

                                               ә) Үй тапсырмасын пысықтау:

                      Үйге берілген Сұлтанмахмұттың «Бір адамға» өлеңін жатқа   сұраймын.Оқушыларға бірнеше сұрақтар қоямын.

                                             б) Жаңа сабақты түсіндіру:

          Сергіту сәті.  Оқушылар орындарынан тұрады. Мұғалім айтқан қимылдарын оқушылар бейнелейді.

  1. Тегіс жолда келеміз деп елестетіңіздер.
  2. Енді сазды,балшықты жерде келесіздер.
  3. Өзенде жүзіп келесіздер.
  4. Енді қолдарыңызға дүрбілеріңізді алып қараңыздар.(Осы сәтте экранға Қазақстан бейнелеген карта шығады).
  5. Не көрдіңіздер?

-Қазақ елін.

-Баянауыл аймағын.

-Сұлтанмахмұт Торайғыровты.

Тапсырма. Ақынға арнау

Өлең тармақтарының  соңғы сөздері берілген. Сол сөздерді байланыстырып өлең жазу.

                                                                          арнаған

                                                                           бар адам.

                                                                            .................

                                                                            тараған.

         Бүгінгі танысатынымыз С.Торайғыровтың келесі шығармасы –«Шәкірт ойы»

  1. Өлеңді мәнерлеп оқу.
  2. «Миға шабуыл» әдісі арқылы талдау.

Шәкірт нені армандайды?

Елдің жүрегі неге мұздаған?

Ол неге жұлдыз емес Күн болғысы келеді?

  1. Астрономиялық тұрғыдан жұлдыз бен Күн туралы ғылыми түрде түсінік береді. (электронды оқулық)
  1. Топтастыру.

 

Ілім-білімге құштар                                                           Қараңғылықтан құтқаратын

                                                                                         Күн болуды армандайды

 

                                                      ШӘКІРТ

 

 

Еліне адал қызмет еткісі келеді.                                           Надандықпен күреседі

 

 

  1. «Менің ойым»,  ой түйін жасау.

6.Венн диаграммасы арқылы ортақ қасиетін табу

        

               Шәкірт ойы

      Өз халқын сүйеді.

Еліне адал қызмет еткісі      келеді.

 

         Менің ойым

 

7.Өлең құрылысына талдау

Қараңғы қазақ //көгіне//                     а

Өрмелеп шығып //күн болам!//         б

Қараңғылықтың// кегіне//                  а

 Күн болмағанда,//кім болам?//         б

Мұздаған //елдің жүрегін //               в

Жылытуға //мен кірермін!//               в

3 шумақ, 6 тармақ , 2 бунақ , 8 буынды кезектес,шалыс ұйқас.

Бекіту

«Менің арманым», пікірлесу.

Білімді бағалау: Оқушылырдың жауаптарына ,сабаққа белсене қатысып отырғандарына қарай білімдері бағаланады.

Үйге тапсырма:             1. Сұлтанмахмұттың «Шәкірт ойы» өлеңін жаттау

2.Өлең құрылысына талдау

  1. «Орны отайып көгерді,Ақын арманын ел көрді» тақырыбында шығарма жазу.

Қорытынды.

         Жүсіп Баласағұнның «Біле бер, қанша білсең тағы тіле, Жетерсің мұратыңа біле-біле» деген сөзін әрқашан естеріңізге сақтап,білмекке  құмар болыңыздар. Бүгінгі сабақтан түйген ойларыңыз болашақ өмірлеріңізден көрініс тауып,Күн нұрындай баршаға шуақ сеуіп жарқырап жүріңіздер.

 

 

 

 

 


Әдебиет 7 сынып. Ж.Аймауытұлы «Әнші»

$
0
0

Күні:                                   Пәні: қазақ әдебиеті                            Сыныбы: 7

 

Сабақтың тақырыбы:           Ж.Аймауытұлы

                                            «Әнші»                               

Сабақтың мақсаты:

                                 а)   Ж.Аймауытовтың өмірбаянын  шығармасына негіздей отырып талдау арқылы оның қайталанбас суреткер екенін  таныту;

                                   ә)  өнерді сүю,өнерге құштарлық тәрізді өнер адамдарына деген көзқарасты қалыптастыру;

                                   б)  қаламгердің суреткер ретіндегі мүмкіншілігін таныту,идеялық-эстетикалық мәнін ашу,логикалық ойларын дамыту;

Сабақтың түрі:     жаңа білім-білік ,дағды қалыптастыру

Сабақтың әдісі: сұрақ-жауап,мәнерлеп оқу,сатылай талдау  т.б

Сабақтың көрнекілігі: сызбалары,кестелері,   портреті  т.б

Пәнаралық байланыс:          тарих

Сабақтың барысы:

                                                   а) Ұйымдастыру кезеңі:

                         Оқушылармен амандасу,түгелдеу, оқу құралдарын тексеру, сыныптың тазалығына көңіл бөлу.  Оқушылардың зейінін сабаққа аудару.

                                               ә) Үй тапсырмасын пысықтау:

                      Үйге берілген тапсырманы  сұраймын.Оқушыларға бірнеше сұрақтар қоямын

                                           б) Жаңа сабақты түсіндіру:

Түсіндіру жоспары

  1. Ж.Аймауытұлы  өмірі,шығармашылық мұрасына қысқаша шолу.
  2. «Әнші»әңгімесі             3. Әншімен алғаш таныстық       4. Ән құдіреті
  1. Наурыздағы сауық той 6. Аруақты әнші 7. Әмірханның үйінде
  2. Әншінің жүдеу тұрмысы 9. Ән салу-үлкен өнер 10. Әнші де жылайды екен.

Шығарманы сатылай кешенді талдау арқылы өтілген тақырыпты  пысықтап бекіту.                                             «Әнші» әңгімесі

  1. Авторы: Ж.Аймауытұлы
  2. Тақырыбы: әншілік өнер.
  3. Әдеби жанры: проза (әңгіме)
  4. Шығарманың негізгі идеясы:  өнерді жоғары                                                                          бағалауға,әншілік шеберлікті   тереңұғынып қадірлей білуге,өнердің қоғамдық   үндеу.
  5. Шығарманың композициялық құрылысы

                                      а) Оқиғаның басталуы: Әншімен алғаш таныстық.

                                       ә) Оқиғаның  байланысы:  Ән құдіреті.

                                       б) Оқиғаның дамуы: Наурыздағы сауық той.

                                      в) Оқиғаның шиеленісуі:        Ақтамақ хикаясы

                                       г) Оқиғаның шарықтау шегі:    Өлімді жеңген өнер құдіреті

                                       ғ) Оқиғаның шешімі:  Әнші де жылайды екен

  1. Шығармадағы кейіпкерлер бейнесі
  2. Әдеби теориялық ұғымдар.

                                      А) Эпитет: ми дала, меңіреу шөл,күміс көлдер т.б

                                      ә) Теңеу:   үйректей,қаздай қалқып т.б

                                     б) Метафора: бұлбұлмын,тұлпармын.

 Білімді бекіту:  Шығармадағы әрбір оқиға,штрих-детальді жазушы өзінің эстетикалық мұрат-мақсаттарын бейнелеу үшін ұтымды ала алғандығын байқата отырып,шәкірттерге жазушының суреткер ретіндегі мүмкіншілігін таныту.   

 

Білімді бағалау: Оқушылырдың жауаптарына ,сабаққа белсене қатысып отырғандарына қарай білімдері бағаланады.

Үйге тапсырма:             Ж.Аймауытұлының «Әнші» әңгімесін оқып мазмұндап келу.

Әдебиет 7 сынып. Ж.Аймауытұлы «Ақтамақ хикаясы»

$
0
0

Күні:                                   Пәні: қазақ әдебиеті                            Сыныбы: 7

 

Сабақтың тақырыбы:           Ж.Аймауытұлы

                                            «Ақтамақ хикаясы»                               

Сабақтың мақсаты:

                                 а)   Мәтіннің мазмұнын меңгерту арқылы әншінің мәрттігі мен адамгершілігін,адалдығын ұғындыру;

                                   ә)  жазушы тілінің көркемдігіне тінті ете отырып,Ақтамақ хикаясы тақырыбында ой толғату,тілін ұштау;

                                   б)   өнер құдіретін сезінуге тәрбиелей отырып,ұлттық құндылығымыз бен намысымызды қорғай білуге баулу;

Сабақтың түрі:     жаңа  материалды өздігінен игеру

Сабақтың әдісі: сұрақ-жауап,сатылай талдау,өзара талқылау т.б

Сабақтың көрнекілігі: сызбалары,кестелері,   портреті  т.б

Пәнаралық байланыс:          тарих

Сабақтың барысы:

                                                   а) Ұйымдастыру кезеңі:

                         Оқушылармен амандасу,түгелдеу, оқу құралдарын тексеру, сыныптың тазалығына көңіл бөлу.  Оқушылардың зейінін сабаққа аудару.

                                               ә) Үй тапсырмасын пысықтау:

                      Үйге берілген тапсырманы  сұраймын.Оқушыларға бірнеше сұрақтар қоямын

  1. Ж.Аймауытұлының қандай шығармасын білесіңдер?
  2. «Әнші» әңгімесінде қаланың кедей жатақтарының кәсібі мен тұрмысы қалай суреттеледі.?
  3. 3. Әншінің салған әні мен тыңдаушылардың алған әсері, сезім-күйлері қалай беріледі?
  4. Әншінің автор баяндайтын тағы қандай мінез-қылығы бар?

                                           б) Жаңа сабақты түсіндіру:

 Түсіндіру жоспары

  1. Әншінің қарапайымдылығы 2. Әншінің орындаушылық шеберлігі
  2. Әншінің өнерге сүйіспеншілігі 4. Әншінің адамға үйірсектігі
  3. Азаматтық тұлғасы 6. Ән салу шеберлігі 7. Махаббатқа адалдығы

Әмірханның мінездемелік сипатына сатылай кешенді талдау арқылы өтілген тақырыпты пысықтап бекіту.

 Әмірханның мінездемелік сипаты

  1. Қарапайымдылығы: Әмірхан қол ұстасып,сыпайы амандасып отырды.
  1. Әншінің орындаушылық шеберлігі: Ұшатын құстай қымтанып,қомданып алды.
  1. Өнерге сүйіспеншілігі:  Ән салса өз-өзін ұмытады,даусы көмейінен шықпайды,жүрегінен шығады.   ... рахаттанып гүл-гүл жайнайды.
  2. Адамға үйірсектігі:Әмірхан кісіге тез үйір болатын,жолдасқа жанын қиятын жігіт.
  3. Азаматтық тұлғасы: Өзінің бірдемесін сұрасаң бере салады.Кісіні алдауды білмейді.
  4. Махаббатқа адалдығы
  5. Мәтіндегі түсінігі қиын сөздер:

Жетішатыр-Семей қаласының ескі атауы

Орамал тастау-ұлттық ойын

Жанторсық-қымыз құятын ыдыс

Таң асып тұрған-бабына келген

Жөпшеңді-анау-мынау жай.

 Білімді бекіту:   Әміре Қашаубаев -ән асқары, қазақ өнерінің жарық жұлдызы,ұлттық мақтанышымыз.    

 Білімді бағалау: Оқушылырдың жауаптарына ,сабаққа белсене қатысып отырғандарына қарай білімдері бағаланады.

Үйге тапсырма:              «Әміре-ән асқары» тақырыбынды шағын мәтін жазу.

 

Әдебиет 7 сынып. Жамбыл Жабаев (1846-1945)

$
0
0

Күні:                                   Пәні: қазақ әдебиеті                            Сыныбы: 7

 

Сабақтың тақырыбы:            Жамбыл Жабаев  (1846-1945)

Сабақтың мақсаты:

                                 а)   оқушыларға жүз жасаған алып ақын Жамбалдың  өмірінен мәлімет бере отырып,оқушылардың сабаққа деген қызығушылығын арттыру және негізгі мәселелерге аса көңіл бөлуге үйрету;

                                   ә) оқушыларды адамгершілікке,имандылыққа,асыл қасиеттерге тәрбиелеу;

                                   б) Сабақ барысында  оқушыларды өз ойын айта білуге,  мәнерлеп оқуға дағдыландыру;

Сабақтың түрі:     жаңа    сабақ

Сабақтың әдісі: сұрақ-жауап,талдау,іздену  т.б

Сабақтың көрнекілігі: сызбалары,кестелері,   портреті  т.б

Пәнаралық байланыс:          тарих

Сабақтың барысы:

                                          а) Ұйымдастыру кезеңі:

                         Оқушылармен амандасу,түгелдеу, оқу құралдарын тексеру, сыныптың тазалығына көңіл бөлу.  Оқушылардың зейінін сабаққа аудару.

                                               ә) Үй тапсырмасын пысықтау:

                      Үйге берілген тапсырманы  сұраймын.Оқушыларға бірнеше сұрақтар қоямын.

  1. Ж.Аймауытұлының қандай шығармасын білесіңдер?
  2. «Әнші» әңгімесінде қаланың кедей жатақтарының кәсібі мен тұрмысы қалай суреттеледі.?
  3. Әншінің салған әні мен тыңдаушылардың алған әсері, сезім-күйлері қалай беріледі?
  4. Әншінің автор баяндайтын тағы қандай мінез-қылығы бар?

                                                        б) Жаңа сабақты түсіндіру:

өлең сөздің даңғылы

 

              Жамбыл Жабаев Шу өзенінің бойында дүниеге келген.Ауыл молдасының діни оқуында  сауат ашқан Жамбыл молданың ұрып-соғуына көнбей,оқуды тастап кетеді. Жастайынан ән мен өнерге құмар ақын естіген өлеңдерін жаттап,өзі де жанынан, өлең шығарады

 

 

Суырып салма                          өлең сөздің даңғылы                       Дара жүйрік 

 

                                                       Жамбыл

 

өнерлі                               Ауыз әдебиетін жалғастырушы                    Айтыс ақын

 

 

Білімді бекіту:   Өтілген тақырыпқа байланысты бірнеше сұрақтар қоямын. Түсінбеген сұрақтарына жауап беремін.

  1. Жамбылдың ұстазы кім?
  2. Қандай дастанын білесіңдер?

Білімді бағалау: Оқушылырдың жауаптарына ,сабаққа белсене қатысып отырғандарына қарай білімдері бағаланады.

Үйге тапсырма:             Ж.Жабаевтың өмірбаянын оқып келу.

 

 

Әдебиет 7 сынып. Жамбыл Жабаев «Аттандыру»

$
0
0

Күні:                                   Пәні: қазақ әдебиеті                            Сыныбы: 7

 

Сабақтың тақырыбы:            Жамбыл Жабаев

                                                 «Аттандыру»

Сабақтың мақсаты:

                                 а)   оқушыларға жүз жасаған алып ақын Жамбалдың  шығармашылығынан мәлімет бере отырып,оқушылардың сабаққа деген қызығушылығын арттыру және негізгі мәселелерге аса көңіл бөлуге үйрету;

                                   ә) оқушыларды адамгершілікке,имандылыққа,асыл қасиеттерге тәрбиелеу;

                                   б) Сабақ барысында  оқушыларды өз ойын айта білуге,  мәнерлеп оқуға дағдыландыру;

Сабақтың түрі:     арлас   сабақ

Сабақтың әдісі: сұрақ-жауап,талдау,іздену  т.б

Сабақтың көрнекілігі: сызбалары,кестелері,   портреті  т.б

Пәнаралық байланыс:          тарих

Сабақтың барысы:

                                          а) Ұйымдастыру кезеңі:

                         Оқушылармен амандасу,түгелдеу, оқу құралдарын тексеру, сыныптың тазалығына көңіл бөлу.  Оқушылардың зейінін сабаққа аудару.

                                               ә) Үй тапсырмасын пысықтау:

                      Үйге берілген тапсырманы  сұраймын.Оқушыларға бірнеше сұрақтар қоямын.

1.Жамбылдың  ұстазы кім?

  1. Қандай дастанын білесіңдер?

                                           б) Жаңа сабақты түсіндіру:

              Жамбыл Жабаевтың шығармаларынан мәлімет бере отырып, «Аттандыру» өлеңінің тақырыбы мен идеясын ашу. Алғадай деген ұлын Ұлы Отан соғысына аттандырғанда айтқан бата іспеттес өлеңі.

 Өлеңді мәнерлеп оқып беремін.

Топпен жұмыс: Бата туралы және оның қазіргі жағдайда қалай орындалып жүргені жайында ойларын ортаға салып,әңгіме жүргізеді.

Кітаппен жұмыс:      Өлеңді мәнерлеп оқып, құрылысына қарай талдайды.

                                5                   3

                    Атаңнан бата// ал,балам,

                    Арғымақ атқа// мін,балам!

                    Ақ сақалым// желбіреп,

                    Артыңнан қарап //мен қалам;

1 шумақ ,     4. тармақ ,     8 бунақ ,  8 буынды

 

Білімді бекіту:   Өтілген тақырыпқа байланысты бірнеше сұрақтар қоямын. Түсінбеген сұрақтарына жауап беремін.

  1. Жамбыл кімдермен айтысқан?
  2. Есімін неге Жамбыл деп қойған?
  3. Қандай атақты ақынды жеңді?

Білімді бағалау: Оқушылырдың жауаптарына ,сабаққа белсене қатысып отырғандарына қарай білімдері бағаланады.

Үйге тапсырма:             Ж.Жабаевтың  «Аттандыру» өлеңін жаттап  келу.

 

 

Әдебиет 7 сынып. Жамбыл Жабаев «Алғадай туралы әрбір ой»

$
0
0

Күні:                                   Пәні: қазақ әдебиеті                            Сыныбы: 7

 

Сабақтың тақырыбы:            Жамбыл Жабаев

                                                 «Алғадай туралы әрбір ой»

Сабақтың мақсаты:

                                 а)   оқушыларға жүз жасаған алып ақын Жамбалдың  шығармашылығынан мәлімет бере отырып,оқушылардың сабаққа деген қызығушылығын арттыру және негізгі мәселелерге аса көңіл бөлуге үйрету;

                                   ә) оқушыларды адамгершілікке,имандылыққа,асыл қасиеттерге тәрбиелеу;

                                   б) Сабақ барысында  оқушыларды өз ойын айта білуге,  мәнерлеп оқуға дағдыландыру;

Сабақтың түрі:     арлас   сабақ

Сабақтың әдісі: сұрақ-жауап,талдау,іздену  т.б

Сабақтың көрнекілігі: сызбалары,кестелері,   портреті  т.б

Пәнаралық байланыс:          тарих

Сабақтың барысы:

                                          а) Ұйымдастыру кезеңі:

                         Оқушылармен амандасу,түгелдеу, оқу құралдарын тексеру, сыныптың тазалығына көңіл бөлу.  Оқушылардың зейінін сабаққа аудару.

                                               ә) Үй тапсырмасын пысықтау:

                      Үйге берілген тапсырманы  сұраймын.Оқушыларға бірнеше сұрақтар қоямын.

 1.Жамбыл кімдермен айтысқан?

2.Есімін неге Жамбыл деп қойған?

3.Қандай атақты ақынды жеңді?

                                           б) Жаңа сабақты түсіндіру:

              Жамбыл Жабаевтың шығармаларынан мәлімет бере отырып, «Алғадай туралы әрбір ой» өлеңінің тақырыбы мен идеясын ашу. Алғадай деген ұлы Ұлы Отан соғысына  барып қаза болғаннан кейін шығарған жоқтау өлеңі..

 Өлеңді мәнерлеп оқып беремін.

 

Шығармашылық  жұмыс:  Тұрмыс-салт жырының  түрлерін соның ішінде жоқтау туралы  айтады.

 

Кітаппен жұмыс:      Өлеңді мәнерлеп оқиды

. Білімді бекіту:   Өтілген тақырыпқа байланысты бірнеше сұрақтар қоямын. Түсінбеген сұрақтарына жауап беремін.

  1. Өлеңнің І-ІІ бөлімдерінің мазмұнынан баласын жоғалтқан әкенің қайғысын қалай байқауға болады?
  2. ІІІ бөлімде әке өзіне қалай тоқтау айтады?

Білімді бағалау: Оқушылырдың жауаптарына ,сабаққа белсене қатысып отырғандарына қарай білімдері бағаланады.

Үйге тапсырма:             Ж.Жабаевтың  «Алғадай туралы әрбір ой» өлеңін жаттап  келу.

 

 

Әдебиет 7 сынып. Сәкен Сейфуллин

$
0
0

Күні:                                   Пәні: қазақ әдебиеті                            Сыныбы: 7

 

Сабақтың тақырыбы:             Сәкен Сейфуллин

                                                             (1894-1938)

Сабақтың мақсаты:

                                 а)   С.Сейфуллиннің өмір жолын,шығармашылығын, қоғам қайраткері екенін таныту;

                                   ә) адамгершілік қасиеттерге баулу,үлгі-өнеге ету;

                                   б) шығармашылық ізденіске бағыттау,ой бөлісу, өз ойын көркемдеп еркін айтуға баулу,мәнерлеп оқуға дағдыландыру,ізденімпаздыққа төселу;

Сабақтың түрі:     жаңа    сабақ

Сабақтың әдісі: сұрақ-жауап,талдау,іздену  т.б

Сабақтың көрнекілігі: сызбалары, портреті,шығармалар жинағы  т.б

Пәнаралық байланыс:          тарих

Сабақтың барысы:

                                                     а) Ұйымдастыру кезеңі:

                         Оқушылармен амандасу,түгелдеу, оқу құралдарын тексеру, сыныптың тазалығына көңіл бөлу.  Оқушылардың зейінін сабаққа аудару.

                                               ә) Үй тапсырмасын пысықтау:

                      Үйге берілген тапсырманы  сұраймын.Оқушыларға бірнеше сұрақтар қоямын.

                                           б) Жаңа сабақты түсіндіру:

        С.Сейфуллин  Ақмола облысы,Нілді болысында туған. Ауыл молдасынан арбша хат таныған Сәкенді ата-анасы Нілдідегі орысша оқуға береді. Бұнда екі жыл оқыған Сәкен  1908-1913 жылдары  Ақмолада Прихордская школады, қалалық училищеде білім алады.

 

Кітаппен жұмыс:   Сәкенің өлеңдерін  мәнерлеп оқиды

 Білімді бекіту:   Өтілген тақырыпқа байланысты бірнеше сұрақтар қоямын. Түсінбеген сұрақтарына жауап беремін.

  1. Сәкен неге жазықсыз жалаға ұшырады?
  2. Үш бәйтерекке тағы кімдерді жатқызамыз?
  3. Қандай газетте еңбек етті?

Білімді бағалау: Оқушылырдың жауаптарына ,сабаққа белсене қатысып отырғандарына қарай білімдері бағаланады.

Үйге тапсырма:              С.Сейфуллиннің өмірбаянын оқып келу.

Әдебиет 7 сынып. Сәкен Сейфуллиннің «Сыр сандық» өлеңі

$
0
0

Күні:                                   Пәні: қазақ әдебиеті                            Сыныбы: 7

 

Сабақтың тақырыбы:             Сәкен Сейфуллиннің

                                                 «Сыр сандық» өлеңі

Сабақтың мақсаты:

                                 а)   С.Сейфуллиннің өмір жолын,шығармашылығын, қоғам қайраткері екенін таныту, «Сыр сандық» өлеңінің мазмұнын меңгерте отырып,идеялық көркемдік ерекшелігін таныту;

                                   ә) адамгершілік қасиеттерге баулу,үлгі-өнеге ету;

                                   б) шығармашылық ізденіске бағыттау,ой бөлісу, өз ойын көркемдеп еркін айтуға баулу,мәнерлеп оқуға дағдыландыру,ізденімпаздыққа төселу;

Сабақтың түрі:     жаңа    сабақ

Сабақтың әдісі: сұрақ-жауап,талдау,іздену  т.б

Сабақтың көрнекілігі: сызбалары, портреті,шығармалар жинағы  т.б

Пәнаралық байланыс:          тарих

Сабақтың барысы:

                                          а) Ұйымдастыру кезеңі:

                         Оқушылармен амандасу,түгелдеу, оқу құралдарын тексеру, сыныптың тазалығына көңіл бөлу.  Оқушылардың зейінін сабаққа аудару.

                                               ә) Үй тапсырмасын пысықтау:

                      Үйге берілген тапсырманы  сұраймын.Оқушыларға бірнеше сұрақтар қоямын.

                                           б) Жаңа сабақты түсіндіру:

   -Оқушылар,біз бүгін Сәкен Сейфуллиннің  «Сыр сандық» өлеңін оқимыз.

Сәкеннің өмірінен мәлімет беремін

Топтастыру стратегиясы:

 

                        Ақын                                                       жазушы                       

 

 

 

Ұстаз                                   Сәкен Сейфуллин                              драмашы

 

 

 

                   Зерттеуші                                            қоғам қайраткері

 

Оқушылар пікірін толықтырып отырамын.

«Сыр сандық» өлеңін мәнерлеп оқу. Сынып оқушылары алты топқа бөлінеді. Әр топ өлеңді композициялық ,сюжеттік құрылымына с әйкес  оқып,мазмұндайды. Топ мүшелері толықтырады.  (Өлеңді топтың оқу жүйесі: 1-2,3-4,  5-7,  8-11,  12-19,  20-21 шумақтары)

     1-топтың жауабы Жалған достар қолыңда жемің болса,сені шырқ айналып,қасыңнан кетпейді. Ал қолыңнан билік кетсе, жемің таусылса,ол жалт береді. Ол дос емес,жалған дос.

      2-топтың жауабы.   Нағыз достар сырын ақтарып,бірін-бірі ұғынып,сыр түйінін берік сақтайды. Ондай достардың жан сарайы,жүрегі-берік қойма.  Оны ақтаруға кез-келгеннің қолы жете бермейді. Тек достың досы ғана ақтара алады.

      3-топтың жауабы. Сәкен де сағына сырласатын нағыз дос іздейді. Шын досының   ішкі сырын мысал етіп жырлайтынын ескертеді.

     4-топтың жауабы. Ақын досының ішкі сырын Сарыарқаның биік шыңдарына ,оның қалың нулы орманы,мұз бұлақтары мен табиғи  байлығына теңейді. Меніңше, бұл суреттеме-досының жан дүниесі.

      5-топтың жауабы. –Сол тауда биік шың бар,шың басында қойма бар,онда қымбат жасау бар; сол асыл бұйым,ғажап перне,сен оның кілтін тауып аш та,сым пернені басып қара; дұрыс бассаң ғана сырын ақтара аласың. Ақынның суреттеген қоймасы-досының жан дүниесі,жүрегі .

       6-топтың жауабы.  –Адамның жүрегі-алтын қойма,оның жайын сезе білетіндер ғана кілтін тауып аша алады.  Ол-шынайы досың,  жаныңның  ұғатын жан.

           Өлең 21 шумақтан,7-8 буынды шалыс ұйқаспен жазылған.

Сарыарқаның бір тауы бар,

Бір тауы бар сымбатты.

Сол таудан сен сыр тауып ал,

Сыр тауып ал,қымбаттым! –деп,Сәкен өмір қызығы –достықта,достастықта. Туған топырағыңда досың көп болсын! –деп тілеген екуен. Менің де тілегім-сендерге осы достық,-деп сабақты қорытындылаймын.

 «Ой талқы сұрақтары» атты плакатты тақтаға ілемін.

1Достық дегенді қалай түсінесің?

  1. Жақсы досты қалай табу керек?
  2. Досыңның білместігін кешіруге бола ма?
  3. Досыңның кім екенін ата-анаң білу ге тиіс пе?
  4. Досыңның қандай болғанын қалайсың?

 

Білімді бағалау: Оқушылырдың жауаптарына ,сабаққа белсене қатысып отырғандарына қарай білімдері бағаланады.

 

Үйге тапсырма:            С.Сейфуллиннің «Сыр сандық» өлеңінен үзінді жаттап  келу.

 

 

 

 


Әдебиет 7 сынып. С.Сейфулли «Қамаудан»

$
0
0

Күні:                                   Пәні: қазақ әдебиеті                            Сыныбы: 7

 

Сабақтың тақырыбы:             С.Сейфулли   «Қамаудан»

Сабақтың мақсаты:

                                 а)   оқушыларға жүз жасаған алып ақын Сәкеннің  шығармашылығынан мәлімет бере отырып,оқушылардың сабаққа деген қызығушылығын арттыру және негізгі мәселелерге аса көңіл бөлуге үйрету;

                                   ә) оқушыларды адамгершілікке,имандылыққа,асыл қасиеттерге тәрбиелеу;

                                   б) Сабақ барысында  оқушыларды өз ойын айта білуге,  мәнерлеп оқуға дағдыландыру;

Сабақтың түрі:     арлас   сабақ

Сабақтың әдісі: сұрақ-жауап,талдау,іздену  т.б

Сабақтың көрнекілігі: шығармалар жинағы,   портреті  т.б

Пәнаралық байланыс:          тарих

Сабақтың барысы:

                                          а) Ұйымдастыру кезеңі:

                         Оқушылармен амандасу,түгелдеу, оқу құралдарын тексеру, сыныптың тазалығына көңіл бөлу.  Оқушылардың зейінін сабаққа аудару.

                                               ә) Үй тапсырмасын пысықтау:

                 Үйге берілген С.Сейфуллинің «Сыр сандық» өлеңін жатқа сұраймын.Оқушыларға бірнеше сұрақтар қоямын.

1Достық дегенді қалай түсінесің?

  1. Жақсы досты қалай табу керек?
  2. Досыңның білместігін кешіруге бола ма?

                                        б) Жаңа сабақты түсіндіру:

                  С.Сейфуллиннің алғашқы өлеңдер жинағы 1914 жылы, 20 жасында Қазанда басылады. Жинақтағы өлеңдер ағартушылық бағытта, сыншыл реализммен жазылған.

         Сәкен 1918-1919 жылдары Колчак түрмесінде,Аненковтің азап вагонында,Омбының тұтқындар лагерінде азап шегеді.   1919 жылы наурыз айында тұтқындар лагерінен қашып шығып  біраз қызметтер атқарады.

          1938 жылы сталиндік жазалауға ұшырайды. Міне , осындай қиыншылықта түрмеде отырып «Қамаудан» өлеңін шығарады.  Өлеңді мәнерлеп оқып беріп,ақынның айтпақ болған ойын түсіндіремін.

Дәптермен   жұмыс:  Өлеңдегі тың,бейнелі,айшықты сөздерді тауып дәптерлеріне жазады..

Кітаппен жұмыс:      Өлеңді мәнерлеп оқып, құрылысына қарай талдайды.

 Білімді бекіту:   Өтілген тақырыпқа байланысты бірнеше сұрақтар қоямын. Түсінбеген сұрақтарына жауап беремін.

  1. Тұтқын табиғатпен қалай сырласады?
  2. Тұтқын бостандықты неге теңейді?
  3. Оның көңілі кімге асығып, кіммен іштей сырласып отыр?

 

Білімді бағалау: Оқушылырдың жауаптарына ,сабаққа белсене қатысып отырғандарына қарай білімдері бағаланады.

Үйге тапсырма:              С.Сейфуллиннің   «Қамаудан» өлеңін жаттап  келу.

 

Абай Құнанбаев Жазғытұры өлеңі Қарасөздері

$
0
0

 

А.Құнанбаев  «Жазғытуры» өлеңі, Қарасөздері

 

Батыс Қазақстан облысы Жаңақала ауданы №3 жалпы орта білім беретін қазақ мектебінің қазақ тілі әдебиеті пәні мұғалімі Жаманкулова Аягул Орынгалиевна

 

 

Сабақтың  тақырыбы: А.Құнанбаев  «Жазғытуры» өлеңі, Қарасөздері

 

Сабақтың мақсаты:  Ұлы  ақын  Абайдың шығармашылығы  бойынша өткен сабақты пысықтау.

 

Дамытушылық:  Ақын шығармаларының кез-келгенін талдай  білу дағдысын одан әрі қалыптастыру,өз пікірі эстетикалық талғамы бар, сауатты оқырман даярлау.

 

Тәрбиелік:  Оқушыларды адамгершілікке,еңбекке,имандылыққа,ата-ананы қадірлеуге,жауапкершілікке тәрбиелеу.

 

Көрнекілігі:  Ақын портреті,слайд,қарасөздер кітабы, бейне ролик.

 

Сабақтың эпиграф: « Асыл сөзді іздесең,

                                       Абайды оқы, ерінбе!»  С.Торайғыров

 

Сабақтың түрі:   Жаңа сабақ

 

Сабақтың әдісі:   1. сұрақтарға жауап   

  1. реферат қорғау
  2. топтастыру әдісі

                                4.инсерт әдісі

 

Сабақтың барысы: Ұйымдастыру  бөлімі

                                     а.  амандасу

                                     ә.   кезекшімен сұхбат

 

Үй  тапсырмасы:   Ұяшықтарға жасырылған сұрақтар арқылы тексеру

  1.       Абай қай жылдары өмір сүрді?
  2. «Абай жолы» романының авторы кім?
  3. Ұлжан Абайға кім болып келеді?
  4. Абайдың шын аты кім?
  5. Абай кай жерде дүниеге келді?
  6. Абайдың аяқталмаған поэмасы қалай аталады?
  7. Абай «Приходская школында» қанша уақыт оқыды?

 

   Жаңа сабақ

 

Жаңа сабақтың тақырыбын ашу үшін интербелсенді тақта арқылы жазғытұры мезгілі бейнеленген сурет корсетілді.

Абайдың қарасөздерін бейне ролик арқылы бесінші қарасөзін тыңдады.Осы көрнекіліктер арқылы оқушылар өз пікірлерін ортаға салып, сабақ тақырыбын ашты.

 

   Абайда дыбысты топ-тобымен қайталаушылықта жиі кездеседі.        Мысалы:  Жазғытұры  олеңіндегі :

              Түйе боздап, қой қоздап, қорада шу

               Көбелекпен құстарда сайда ду-ду,-

Деген үзіндіде боздау,қоздау,шу,ду,құстар,көбелек деген ұқсас ұйқас дыбыстарды қайталау арқылы өлеңнің әсерлілігін күшейтіп берген.

 

Қарасөз дегеніміз- ғылым туралы,философия туралы,дін туралы қарасөзбен жазылған еңбек.  А.Құнанбайұлының  1890-1898 ж арасында жазылған  45  қарасөзі бар.

 

 Топтастыру әдісі:  « Абай  кім?»

 

                                        ұлы ақын    

                                       

 

          аудармашы                      АБАЙ                         сазгер

 
   

 

 

                    күйші                                                      ел билеуші

                                    

                                                  философ

 

 

Оқушылар 3 топқа бөлініп әр түрлі тапсырмалар беріледі.

 

  1 топ- Ибрахим

          Абай өмірімен шығармашылығы

   2 топ-Телғара

          Абайдың қарасөздері туралы түсінік беріп,кейбір қарасөздеріне       тоқталып кету

   3 топ-Абай

          Жазғытұрым өлеңін мәнерлеп оқып,жылдың қай мезгілі бейнеленгенін  айту

 

Сабақты бекіту  Инсерт әдісі:

 

 Білемін                Үйрендім            Білгім келеді

 

Оқушылар өз ойларын ортаға салып, бөлісті.

 

 Сабаққа белсене қатысқан оқушыларды бағалау

 Үйге тапсырма : Абайдың қарасөздерінен өздеріңе ұнағанын жаттау

«Менің сүйікті  ақыным » тақырыбында эссе жазу

 

 

Қорытынды

            «Асыл сөзді іздесең,

        Абайды оқы, ерінбе.

        Адамдықты көздесең,

        Жаттап тоқы,көңілге,-деп ақын Сұлтанмахмұт жырлағандай,    Абай өлеңдерін, сырлы да,сұлу сөздерін оқып, көңілімізге тоқиық..   «Абай –таусылмайтын жыр, таусылмайтын ән».

   Сондықтан да одан ғибрат, өнеге алудан жалықпайық..

 

Қазақстандағы әлеуметтік желілер. Ауыспалы өткен шақ.

$
0
0

Сабақ: қазақ тілі

Тақырыбы: 6.9 Қазақстандағы әлеуметтік желілер. Ауыспалы  өткен  шақ.

Мектеп: Мұхит атындағы жалпы орта білім беретін мектебі

 

Күні:

Мұғалімнің аты-жөні:  Болатова Э.М

 

Қатысқандар саны:

Қатыспағандар саны:

 

Оқу мақсаты:

7.1.5.1 – проблемалық сұрақтарға тыңдалған мәтіндерден деректер келтіре отырып, дәлелді жауап беру,өз жауабың өзгенің жауабымен салыстыру, талқылау.

7.3.3.1 – мәтін құрылымын сақтай отырып, графиктік мәтін түрінде берілген процесті сипаттап жазу.

7.4.4.1 – етістіктің есімше, көсемше, тұйық етістік, шақ, рай түрлерін тілдесім барысында қолдану

 

Сабақтың мақсаттары:

Барлық оқушылар: әлеуметтік желілер туралы ақпарат  алады, ауыспалы өткен шақтың тұлғасымен танысады.

 

Оқушылардың басым бөлігі: Қазақстандағы әлеуметтік желілер жайлы білімдерін кеңейтеді, ауыспалы өткен шақ  тұлғасындағы  етістіктерді мәтіндерден табады.

 

Кейбір оқушылар:  әлеуметтік желілердің  әсері туралы пікір айтып, ауыспалы өткен шақтың жасалуын түсінгенің дәлелдейді.

 

Күтілетін нәтиже

Оқушылар:  ғаламтор мен шынайы өмірдегі ерекшеліктерді саралайды. Ауыспалы өткен шақта тұрған етістіктерді ажыратады.

 

Тілдік мақсаты

Негізіг сөздер мен тіркестер: Қазақстандағы әлеуметтік желілер, ғаламтор, сайттар,  ауыспалы  өткен шақ, етістік.

 

 

Талқылауға арналған сұрақтар:

1.      Қазақстандағы қолданысқа ие қандай әлеуметтік желілерді білесіңдер?

2.      Қандай әлеуметтік желілерді қолданасыңдар?

3.      Ғаламтордағы еркіндік дегенді қалай түсінесіңдер?

4.      Етістіктің шақтары туралы не білесіңдер?

5.      Ауыспалы өткен шақ тұлғасы қалай жасалады?

 

 

Жазылым бойынша ұсыныстар: ақпараттарды өз бетінше меңгереді;берілген мәтінді тұжырымдайды; таным әрекет үрдісінде ынтымақтастықта болады; белсенді оқу тәжірибесі пайда болады.

 

Алдыңғы тақырып

Әлеуметтік желілердің пайдасы мен зияны  және ауыспалы өткен шақ туралы алған білімдерін тексереді.

 

Жоспар

 

Жоспар-

ланған

уақыт

Мұғалімнің іс-әрекеті

Оқушылардың іс-әрекеті

Бағалау

Ресурстар

 

Бас-

талуы

Үйге берілген тапсырманы сұрау.

Оқушыларға өткен тақырып бойынша бірнеше сұрақтар қою.

1-тапсырмадағы мәтінмен таныстыру. Мәтін бойынша сұрақтар қою (1А). Сөйлемге кешенді фонетикалық, морфологиялық, синтаксистік талдаулар жасату.  Ережені  түсіндіріп, сұрақтар қою.

Мәтіннен ауыспалы өткен шақты табу (1Б)

Үйге берілген тапсырманы еске түсіреді.

Оқушыларға өткен тақырып бойынша бірнеше сұрақтарға жауап береді.

1-тапсырмадағы мәтінмен танысады.. Мәтін бойынша сұрақтарға жауап береді. (1А). Сөйлемге кешенді фонетикалық, морфологиялық, синтаксистік талдаулар жасайды..  Ережені  түсініп, сұрақтарға жауап береді.

Мәтіннен ауыспалы өткен шақты табады (1Б)

Жұлдызша арқылы бағалау

 

жұлдызшалар, стикер, түрлі-түсті қағаздар

 

Ортасы

2-тапсырманы өз беттерінше орындату.

4-тапсырманы  әр оқушыға өз бетінше орындату.

3-тапсырманы «Айтарым бар» әдісі арқылы орындату.

2-тапсырманы өз беттерінше орындайды.

4-тапсырманы  әр оқушыға өз бетінше орындайды.

3-тапсырманы «Айтарым бар» әдісі арқылы орындайды.

Жылы түспен бағалау бағалау

Оқулық, стикер, қалам

Смайликтер

 

Аяқ-

талуы

6-тапсырма. «Сұлтан Бейбарыс» фильмін көру.

6А Фильмді мазмұндату. Бейбарыстың ерліктері жайында ауыспалы өткен шақта баяндату

.Үйге тапсырма: 5-тапсырма 

6-тапсырма. «Сұлтан Бейбарыс» фильмін көреді..

6А Фильмді мазмұндайды. Бейбарыстың ерліктері жайында ауыспалы өткен шақта баяндандайды

.Үйге тапсырма: 5-тапсырма 

Смайликтер арқылы бағалау

Смайликтер, қағаз, қалам

 

Бағалау

 

5 минут

 

 

 

 

 

 

Кері байланыс

3 минут

«Білім қоржыны» кері байланыс

 

Сабақтан алған әсерлерін стикерге жазып, қоржындарға жабыстырады.

«Маған таныс әлеуметтік желі» деген тақырыпта етістіктің шақтарын  пайдаланып, «Досқа хат»  жазыңыз. Сөз саны (30-40 сөз).

 

Үлгі:

Сәлем, менің досым! ______________________________________________________________________ Мен мынадай әлеуметтік желілерді білемін______________________________________________________________________ Осының ішінде мен пайдаланатын ______________________________________________________________________ сенде бар ма  ____________________________________________________________________Оның пайдасы_________________________________________________

Зияны___________________________________________________________

__Сау бол________________________________________________________

 

Дескриптор                Білім алушы

- хаттың құрылымын сақтап жазады;

- жазылым тақырыбынан ауытқымайды;

 -етістіктің шақтарын кеңінен қолданады.

 

 

Көпшілік алдында сөйлеу

$
0
0

Тақырыбы

Көпшілік алдында сөйлеудің тәсілдері

Мақсаты

 Оқушылар  көпшілік алдында сөйлеуге дайындық туралы түсінеді, біледі, өз ойларын  жетілдіре отырып мәлеметтерді жинақтайды, сөйлемді дұрыс құруға, ой-қиялын тиянақтай білуге дағдыланады

Жалпы мақсат

Тақырыпты  түсініп оқи білуге баулу. Тілін, сөздік қорларын дамыту арқылы сабаққа деген қызығушылығын арттыру

Күтілетін нәтиже

Тақырыптың негізгі идеясын түсінеді,білім, білік, дағдылары қалыптасады. Сөйлеу тілдері дамиды.

Ұйымдастыру кезеңі

 

Шаттық шеңберін жасай отырып оқушыларды  санау арқылы 2 топқа бөлу

Оқушының мұндағы мақсаты топтасу санау арқылы өз жұптарын тауып бір топ болып құралу

Сабақ кезеңдері

Тапсырма

Мұғалімнің іс-әрекеті

Оқушылардың іс-әрекеті

Білім

 

Қызығушылық

тарын  ояту

    «Еркін пікір» әдісі

Сөз сөйлеу туралы өз ойларын ортаға салады.

 

Үйге берілген тапсырманы сұрақ-жауап арқылы диалогқа түсіру

Әр топ сұраққа жауап береді

Түсіну

·         Жұрт алдында дайындалу жолдарының сатыларын атаңыздар;

·         Психологиялық дайындық дегеніміз не?

·         Нақты сөзге дайындық дегеніміз не?

·         Күнделікті сөзге дайындық дегеніміз не?

Жұрт алдында сөйлеуге дайындық жолдарын атаңыздар

 

Жаңа сабақты бастамас бұрын ой қозғау мақсатында оқушыларға сұрақ арқылы диалогқа түсіру, соларқылы топен жарыс ұйымдастыру

Оқушылардың мұндағы мақсаты берілген сұрақтарға жауап беріп, өз ой-пікірлерімен санаса білу

Топпен жұмыс жасау

Қолдану

Көпшілік алдында сөйлейтін сөздің құрылымы

 

Өткен тақырыпты оқушыларға қысқаша қайталау  мақсатында осы көрсетілген әдіс бойынша жаңа материалдарға байланысты ресурстар беру, өз бетерінше дайындық жасату

Оқушылардың мақсаты мұғалімді тыңдау, өз ойлары мен пікірлерін айту

Әдіс бойынша жаңа тақырыпты меңгереді және өз пікірлерін ортаға салады.

Талдау

Оқулықпен жұмыс

116-жаттығу

1 топ.  Төле бидің асыл сөздері

2 топ: Ескелди бидің жауабы

Топтарға жаңа тақырып бойынша  сабақты толық меңгерту мақсатында өз пікрлерін  жаттығу орындау арқылы қорғайды

Берілген тапсырманы уақытылы орындау, сұрақтарға нақты жауап беру, тақтаға шығып тапсырманы қорғау

Жинақтау

118-жаттығу

Шағын эссе жазу

«Көпшілік алдында сөйлеуге дайындық»

Оқушылардың мақсаты щағын эссе жазу

Бағалау

Өзін-өзі бағалау (2 мин)

Бағдарша, бағалау парақшалары

Бағалау парақшалары мен бағалау шкаласын беру

Топпен және жеке өзін өзі бағалайды

Рефлексия

Стикерлерді толтыру Оқушылар бүгінгі сабаққа деген ойынын стикерге жазып, тақтаға іледі (2 мин)

ББҮ кестесін толтыру

 

Оқушыларға стикер толтыруды ұсыну

Ұсынылған стикерді толтыру

 

 

Абайдың "Он жетінші қарасөзі"

$
0
0
 

Пәні: қазақ  әдебиеті

8-сынып

Сабақтың тақырыбы

Абайдың «Он жетінші қара сөзі»

Жалпы мақсаты

Абайдың қарасөздерін оқыту арқылы ақыл, қайрат, жүрек, ғылымның адам өмірінде алатын орнын түсінуге, адамның ішкі жан дүниесін түсінуге, өз бойларында осы қасиеттер болуы үшін күресе білуге, ақынның қарасөздерінің мәнін, ғылыми-философиялық ойды түсінулерін, сөйлеу, талдау дағдыларын қалыптастыру.

Оқу нәтижесі

Қара сөз мазмұнын, идеясын ашады, ақпараттарды өз сөзімен жүйелі жеткізе алады, мәтіндегі оқиға арқылы қайрат, ақыл, жүректің таласының шешіміне көздерін жеткізеді. Ақынның өлеңдері мен қара сөздері үндестігін анықтап,ақын шығармалары туралы мағлұмат алады. Қара сөзді талдай отырып, еңбекқорлыққа, шыдамдылыққа, адамгершілік пен төзімділікке, қайырымдылыққа, ауызбіршілікке үйренеді. Шығарма оқиғасын өмірмен байланыстырып, салыстырып өз толғанысын қорытады.

Негізгі идеялар

Топқа бөлу, сыни ойлану, ой қорыту, өз ойларын дәлелдей алуға дағдыландыру

Қолданылатын материалдар

АКТ ,постер, маркер,

Оқыту формасы, технологиясы,  әдістері:

Топпен жұмыс , жеке жұмыс. Эссе жазу

Сабақ кезеңдері

Мұғалімнің іс-әрекеті

Оқушының іс-әрекеті

Психологиялық

дайындық

«Өзің тілегенді –басқаларға тілеңіз!»

Әр оқушы өзіне ішінен бірнеше тілек тілеу тапсырылады.Содан кейін жұпқа бөлініп,бір-бірінің қолынан алып,жаңағы өзіне тілегенді жұптасына айту керек.

Абайдың нақыл сөздері арқылы  топтарға бөлу

Әр оқушы өзіне ішінен бірнеше тілек тілейді.Содан кейін жұпқа бөлініп,бір-бірінің қолынан алып,жаңағы өзіне тілегенді жұптасына айтады.

Абайдың нақыл сөздері арқылы  топқа бөлінеді.

Сабақтың басы

Сабақтың мақсатын айқындау

Үй тапсырмасын бекіту.

«Адамның кейбір кездері»

 

Берілген тапсырма бойынша өлеңді жатқа жазу

Сабақтың ортасы

Топтық тапсырма:

1 топ: Сатылай талдау

Тақырыбы:
Идеясы:
Жанры:
Лексикалық сөз қолданысы
Тартыс: 
Шешім:
Ғибрат:

ІІ топ:
1 «Ішіне – сыртына» әдісі бойынша адамның жақсы қасиеттерін ішіне, жаман қасиеттерін сыртына жазып шығады. 

ІІІ топ:   «Ауызша журнал» әдісі бойынша. Ақыл, жүрек, қайраттың қасиеттеін айтады

Топ мүшелері жауаптарды өзара  бағалап отырады.

І топ: Қол белгілері арқылы

ІІ топ:  Қол шапалақтау арқылы

ІІІ топ: екі жұлдыз бір ұсыныс арқылы бағалайды

 

Жеке тапсырмалар

1-тапсырма

4сөз

2сөз

1сөз

4ұпай

2ұпай

1ұпай

Әр оқушы тақырыпқа қатысты тірек сөздерді жазады

Ү.Жинақтау

2-тапсырма

Эссе (5 сөйлем)

«Адам бойындағы асыл қасиеттер»

Әр сөйлем-1ұпай

 

Абайдың 17-қарасөзін негізге ала отырып, «кемел адам» бейнесін жазады

ҮІ.Бағалау

 

Оқушының аты-жөні

Үй тапсырамсы

1шумақ -1балл

Барлығы-4балл

4сөз-4балл

2сөз-2балл

1сөз-1балл

5сөйлемді эссе.Әр сөйлем -1балл.

Барлығы-5балл

Барлық ұпай

14-16-«5»

11-13-«4»

8-10-«3»

7 төмен –«2»

 

 

 

 

 

Топ басшысы топ мүшелерін тапсырмаларына сай пағалау парақшасына ұпайларын түсіріп отырады

V. Үйге тапсырмасын  беру 

Абайдың 17-қарасөзі

«Мен кіммін?» толық адам проблемасы бойынша жоба қорғау.

 

VII. Рефлексия  

 

 

Оқушылардың бүгінгі сабақтан алған әсерлерімен бөлісу

         

 

Дара және күрделі сын есім

$
0
0

Қазақ тілі
Тақырыбы: Дара және күрделі сын есім
Сабақтың мақсаты:
1). Оқушылардың сын есім жайлы алған мағлұматтарына сүйене отырып, ұғымдарын кеңейте түсу, сын есімнің дара және күрделі түрлерімен таныстыру, сөйлем ішінен дара және күрделі сын есімдерді табуға, сұрақ қоюға, бір - бірінен ажырата білуге үйрету;
2). Оқушылардың ойлау, есте сақтау қабілеттерін арттыру, ауызекі тілін дамыту, сөздік қорын молайту; байланыстырып сөйлеуге дағдыландыру, пәнге деген қызығушылықтарын арттыру;
3). Өз тілін сүюге, қастерлеуге баулу. Қатесіз, әрі көркем жазуға баулу. Кішіпейілділікке, адамгершілікке, әдептілікке тәрбиелеу.
Тәрбиелік: Оқушыларды сауатты, көркем жазуға баулу
Сабақтың типі: Жаңа сабақ
Сабақтың түрі: Түсіндіру, сұрақ - жауап

Көрнекілік: Сурет, кесте
І. Ұйымдастыру кезеңі.
1) Сәлемдесу.
2) Психологиялық дайындық. (Жақсылықты сіңіру, жамандықтан аулақ болу).
3) Үй жұмысын тексеру «Сыңарын тап» ойыны.
(Терең - таяз, ыстық - суық, адал - арам, жұмсақ - қатты, жуан - жіңішке)
А) Осы сөздермен сөйлем құрастыру.
4) Жеке карточкалармен жұмыс. Тексеру. Бағалау. (4 оқушы).

ІІ. Жаңа тақырып:
1) Сабақтың тақырыбы мен мақсатын хабарлау.
2) Дәптерге ай, күнді жазу.
3) Көркем жазу:
долана парта Сапар
Әдепті бала ата - анасын мақтатар.
Әдепсіз бала ата - анасын қақсатар.
- Мақалды оқу. Мағынасын түсіндіру.
- Көшіріп жазу. Сын есімдерді табу. Сұрақ қою.
4) Сөздік жұмыс. Көк ала, сары ала.
- Жазылуын, мағынасын түсіндіру. Сөйлем құрастыру.
Мен көк ала дәптер сатып алдым.
- Сөйлемді сөйлем мүшесіне талдау.
5) Ереже құрастыру. (Кесте бойынша)

ІІІ. Оқулықпен жұмыс. 1) 135 - бет (оқу, талдау)
2) жаттығу (тақтада, жазбаша )
- Сын есімді табу. Дара, күрделі екенін айту.
- Дара сын есімдер неше сөзден тұрады? Күрделі сын есімдер ше?
- Күрделі сын есімнің құрамындағы сөздер қалай жазылады?
3) Жұмбақ шешу.
4) - жаттығу. (Ауызша оқу). Терме жұмысы.
Дара Күрделі
Ұзын Қызғылт сары
Қысқа Қара сұр
Қызыл
Ақ
- 1 - бағанға қандай сын есімдерді жаздық? Неге?
- 2 - бағанға ше?
ІV. Сергіту сәті. «Менің есімім» (өз есімінің бастапқы әрпіне өзіне лайықты жақсы қасиетт айту).
V. Бекіту. 18 - жаттығу. Өздік жұмысы.
- Сын есімдерді табу. Дара немесе күрделі екенін айту.
2) Шығармашылық жұмыс.

А.Құнанбаев «Жазғытуры» өлеңі, Қарасөздері

$
0
0

Батыс Қазақстан облысы Жаңақала ауданы №3 жалпы орта білім беретін қазақ мектебінің қазақ тілі әдебиеті пәні мұғалімі Жаманкулова Аягул Орынгалиевна

 

 

Сабақтың  тақырыбы: А.Құнанбаев  «Жазғытуры» өлеңі, Қарасөздері

 

Сабақтың мақсаты:  Ұлы  ақын  Абайдың шығармашылығы  бойынша өткен сабақты пысықтау.

 

Дамытушылық:  Ақын шығармаларының кез-келгенін талдай  білу дағдысын одан әрі қалыптастыру,өз пікірі эстетикалық талғамы бар, сауатты оқырман даярлау.

 

Тәрбиелік:  Оқушыларды адамгершілікке,еңбекке,имандылыққа,ата-ананы қадірлеуге,жауапкершілікке тәрбиелеу.

 

Көрнекілігі:  Ақын портреті,слайд,қарасөздер кітабы, бейне ролик.

 

Сабақтың эпиграф: « Асыл сөзді іздесең,

                                       Абайды оқы, ерінбе!»  С.Торайғыров

 

Сабақтың түрі:   Жаңа сабақ

 

Сабақтың әдісі:   1. сұрақтарға жауап   

  1. реферат қорғау
  2. топтастыру әдісі

                                4.инсерт әдісі

 

Сабақтың барысы: Ұйымдастыру  бөлімі

                                     а.  амандасу

                                     ә.   кезекшімен сұхбат

 

Үй  тапсырмасы:   Ұяшықтарға жасырылған сұрақтар арқылы тексеру

  1.       Абай қай жылдары өмір сүрді?
  2. «Абай жолы» романының авторы кім?
  3. Ұлжан Абайға кім болып келеді?
  4. Абайдың шын аты кім?
  5. Абай кай жерде дүниеге келді?
  6. Абайдың аяқталмаған поэмасы қалай аталады?
  7. Абай «Приходская школында» қанша уақыт оқыды?

 

 

 

 

   Жаңа сабақ

 

Жаңа сабақтың тақырыбын ашу үшін интербелсенді тақта арқылы жазғытұры мезгілі бейнеленген сурет корсетілді.

Абайдың қарасөздерін бейне ролик арқылы бесінші қарасөзін тыңдады.Осы көрнекіліктер арқылы оқушылар өз пікірлерін ортаға салып, сабақ тақырыбын ашты.

 

   Абайда дыбысты топ-тобымен қайталаушылықта жиі кездеседі.        Мысалы:  Жазғытұры  олеңіндегі :

              Түйе боздап, қой қоздап, қорада шу

               Көбелекпен құстарда сайда ду-ду,-

Деген үзіндіде боздау,қоздау,шу,ду,құстар,көбелек деген ұқсас ұйқас дыбыстарды қайталау арқылы өлеңнің әсерлілігін күшейтіп берген.

 

Қарасөз дегеніміз- ғылым туралы,философия туралы,дін туралы қарасөзбен жазылған еңбек.  А.Құнанбайұлының  1890-1898 ж арасында жазылған  45  қарасөзі бар.

 

 Топтастыру әдісі:  « Абай  кім?»

 

 

 

                                                  ұлы ақын    

                                       

 

          аудармашы                      АБАЙ                         сазгер

 
   

 

 

                    күйші                                                      ел билеуші

                                    

                                                  философ

 

 

 

 

 

 

 

 

Оқушылар 3 топқа бөлініп әр түрлі тапсырмалар беріледі.

 

  1 топ- Ибрахим

          Абай өмірімен шығармашылығы

   2 топ-Телғара

          Абайдың қарасөздері туралы түсінік беріп,кейбір қарасөздеріне       тоқталып кету

   3 топ-Абай

          Жазғытұрым өлеңін мәнерлеп оқып,жылдың қай мезгілі бейнеленгенін  айту

 

Сабақты бекіту  Инсерт әдісі:

 

 Білемін                Үйрендім            Білгім келеді

 

Оқушылар өз ойларын ортаға салып, бөлісті.

 

 Сабаққа белсене қатысқан оқушыларды бағалау

 Үйге тапсырма : Абайдың қарасөздерінен өздеріңе ұнағанын жаттау

«Менің сүйікті  ақыным » тақырыбында эссе жазу

 

 

Қорытынды

            «Асыл сөзді іздесең,

        Абайды оқы, ерінбе.

        Адамдықты көздесең,

        Жаттап тоқы,көңілге,-деп ақын Сұлтанмахмұт жырлағандай,    Абай өлеңдерін, сырлы да,сұлу сөздерін оқып, көңілімізге тоқиық..   «Абай –таусылмайтын жыр, таусылмайтын ән».

   Сондықтан да одан ғибрат, өнеге алудан жалықпайық..

 

 

   

  

 

 

.


Ыбырай Алтынсарин «Өзен»өлеңі

$
0
0

Қазақ әдебиеті 5-сынып

Сабақтың тақырыбы:  Ыбырай Алтынсарин «Өзен»өлеңі

Сабақтың мақсаты: а)білімділік:Ы.Алтынсарин жайлы қысқаша мәлімет,өлеңінің мазмұнын меңгерту арқылы табиғаттағы,адам өміріндегі өзеннің атқарар жүгін таныту,өлеңді түсініп,мәнерлеп,көркем оқи білуге баулу,Ыбырай шығармаларының көркемдік ерекшеліктерін түсіне білу.ә)дамытушылық: оқушының ауызшы және тіл мәдениетінқалыптастыру,ақын тіліне деген көзқарасын білу,өлеңнің эстетикалық мәнін түсінуге,өзіндік талдау жасауға,шапшаңдыққа,тапқырлыққа,өз ойларын әдеби тілмен жеткізе білуге төселдіру,шығармашылық қабілетін дамыту.б) тәрбиелілік:адам өміріне жарап жатқан өзеннің пайдасын білуге,оны қорғауға,қоршаған ортаға құрметпен қарауға баулу,табиғатты сүю,туған жерін,елін құрметтеуге тәрбиелеу.

Сабақтың түрі:  Жаңа сабақ

Сабақтың әдісі мен тәсілдері: Ойтолғау,топтастыру,5 жолды өлең,түртіп алу әдістері.

Көрнекілігі:Ы.Алтынсарин портреті,өзен туралы мәліметтер,үлестірме қағаздар.

Пәнаралық байланысы: жаратылыстану,бейнелеу,қазақ тілі

                               Сабақтың өту барысы:

1.Ұйымдастыру бөлімі:

Сыныпты жергілікті өзен атауларымен топқа бөлу

1-топ  «Жайық»      2-топ  «Көшім»

2.Үй тапсырмасын сұрау.

Тапсырмаларды орындау арқылы жасырын сөзді табу.

1.Жайық:   Махамбет кім?

2.Шаған:   Соғыс өлеңі кімнің өлеңі?

3.Сарыөзен:  «Қызғыш құс» өлеңін жатқа айту

4.Қараөзен:  «Қызғыш құс» өлеңіндегі ақынның ойы қандай?

5.Қалдығайты:  Махамбет қай жылдарда өмір сүрген?

6.Елек:   Махамбеттің тағы қандай өлеңдерін білесің?

7.Деркөл: Исатай мен Махамбет бастаған ұлт-азаттық көтеріліс қай жылдарда болды?

8.Көшім: Махамбет өлеңдері неге тәрбиелейді?

-Оқушылар бұл тапсырмалардағы сөздер нені білдіреді?

-Өзендер

-Бұл өзендер БҚО-ның қай аудандарында ағып жатыр?

-Ендеше,бүгінгі жаңа сабағымыз Ы.Алтынсариннің «Өзен» өлеңімен танысамыз.

  1.   «  Табиғатпен тілдесейік» сұрақ-жауап әдісі

-Біздің айналамызды не қоршап тұрады?

-Табиғат

-Табиғат дегеніміз не?

-Айналамызды қоршаған ауа,су,жер

-Ендеше Ы.Алтынсариннің «Өзен» өлеңі лириканың қай түріне жатады?

-Табиғат лирикасына

  1. Жаңа сабақты түсіндіру.

Ы.Алтынсарин 1841 жылы 20 қазанда қазіргі Қостанай облысында туып,1889 жылы 30 шілдеде қайтыс болған.Ыбырай әкесі Алтынсары ерте қайтыс болып,атасы Балқожаның тәрбиесінде өседі.1864 жылы  8 қаңтарда мектеп ашылып , онда өзі мұғалім болады.Қазақ шәкірттеріне арнап оқулықтар жазады. «Қазақ хрестоматиясының» авторы  - Алтынсариннің қаламынан туған аудармалар , өлеңдер , әңгімелер,мысалдар,ертегілер оқырман жүрегіне жол тауып жатыр.Ыбырай Алтынсариннің көрнекті шығармалары «Кел балалар оқылық»,  «Өнер білім бар жұрттар» ,«Асан мен Үсен», «Бай баласы мен жарлы баласы », «Әдептілік» т.б.

Ата-бабамыз «Жер-қазына,су-алтын,мал-байлық» деп айтып кеткен.Дариялар мен өзендердің,көлдердің жағалауларына,жалпы сулы-нулы жерлерге егін егіп,кең далада ,жайлауда төрт түлік мал өсірген.Аққан өзеннің суретін көрсете отырып, «Өзен » өлеңін мәнерлеп оқу.

                             5.Оқулықпен жұмыс

Ы.Алтынсариннің  «Өзен» өлеңін мәнерлеп мұғалімнің оқуы

Сынып оқушыларына тізбектей оқытып шығамын.

 

                          6.Түртіп алу.    Сөз мағынасын ашу.(сөздікпен жұмыс)

Өксіген-шөлдеген

Қынарда-жағасында,маңында

Жай-орын,қоныс

Жанабында-жанында

Дерт-ауру

-Өзен дегеніміз не?

-Балалар,Қазақстанда қандай өзендер бар ?   Картадан кім көрсете алады?

-Өзіміздің жергілікті жерімізде тағы қандай өзендер бар?

-Өзен табиғатта,адам өмірінде қандай игілікке жарап жатыр?

-Өзеннің тіршілік үшін маңызы неде?

  1. Қосымша мәлімет

Өзен дегеніміз- табиғи жолмен жасалған арна арқылы ағатын су.Өзендердің барлығы бірдей,үлкені – кішісіне                                              қарамай,мұздықтардан,көлдерден,бұлақтардан басталады.

Өзеннің басталар жерін – бастау деп атаймыз.

Өзеннің басталар жерінен құяр жерін ,ал құяр жеріне дейінгі аралықты өзен алыбы деп атайды.

Қазақстандағы ең ұзын,ең суы мол өзен –Ертіс ұзындығы-4242км.

Қазақстанда85мыңнан астам ірілі-уақты өзендер бар.Тобыл-1600км,Жайық-2428км,Есіл-2450км,Сырдария-2212км,Іле-1400км,Шу-1186км.

Пайдасы:кеме жүзуге,жүк тасмалдауға пайдалы.Ертіс өзенінің суын электр энергиясын өндіруге пайдаланады.

Елбасының Н.Ә.Назарбаевтың халыққа жолдаған «Қазақстан-2050»стратегиялық жолдауындағы бағыттардың бірі экологияға арналып отыр.Қоршаған ортаны  ластауға,экологиялық қалыпты жағдайды булдіруге жол бермеуге зор көңіл бөлінген.

  1.           Суға байланысты тыйым сөздер
  2. Кешқұрым құдықтан су алма
  3. Суды қарызға сұрама
  4. Бір-біріңе су шашуға болмайды
  5. Судың бетін ашық қалдыруға болмайды

                        9.Топтық жұмыс   (Әдебиет теориясы бойынша)

1топ: «Жайық»тобы өлең құрылысына қарай талдау.

Өлеңнің бір шумағына компазициялық талдау жасаймыз.

Авторы :Ы. Алтынсарин

Тақырып:Өзен.

Идеясы : Табиғатты қорғау, өзеннің сұлулығын суреттеу.

Жанр: Өлең.

Шумағы :4

Тармағы:18

Тау // лар // дан   ө // зен  а // ғар сар // қы // ра // ған.-а

Ай// на// дай  сәу//  ле  бе// ріп  жар// қы //ра//ған.-а

Жел соқ  //са, ыс // тық соқ // са,   бір  //  лып // та,-б

А//  ра  //лап  тау мен тас //ты  ар// қы // ра//  ған.-а

Бунақ-3

Ұйқас түрі-қара өлең

2-топ   «Көшім» тобына

Он  мың  мал  ай  //дап  өт // сең  лай  //қал  //май // ды-а

Та  //сы // са,  су   бар // ма  // ған  сай //  қал  //май  //ды,-а

Та//  сы //  ған   ө // зен  су  // дың   қу // а // ты //  мен-б

Көк   шал //  ғын   шөп   біт//   пе  // ген   жай   қал //  май //   ды-а

      

  1.         Көркемдеуіш сөздермен топтық жұмыс

1-топ:  «Жайық»  тобы

Эпитет-заттың,құбылыстың өзгеше белгілерін көрсету.

Тілсіз тұрған тоғайлар,көк шалғын шөп.

2-топ   «Көшім» тобы

Теңеу-көркемдеп суреттеуде затты,құбылысты екінші зат,құбылыспен салыстырып бейнелеу.

Айнадай сәуле беріп жарқыраған

 

   Салыстыру

Ыбырай өлеңдеріндегі өзеннің суреттелуі

   Ұқсастығы

 Қазіргі өзен жағдайы

Мал айдаса лай қалмайды,мөлдір,суы мол,жағасы ну,көк шалғын жайылым

Түссіз,тұщы,балықты.

Шаруашылыққа маңызды.Тіршілікте қажетті.

Мал айдаса лай болады,Суы лас әрі аз,Жағасы жұтаң,балығы аз.

 

                         11.Сөздерді сәйкестендіру

 

Орман                                            Ауру

Дерт                                               Маңында

Сай                                                Күш

Жағасында                                   Байқау

Сынау                                           Жыра

Қуат                                               Тоғай

  1.   Сабақты қорытындылау

 

Қазақстан,туған жерім-киелім

Қастерлеймін,басымды да иемін

Табиғатың-таптырмас жан байлығым

Бәрін-бәрін аялаймын,сүйемін-демекші бүгінгі сабағымызды мынадай тапсырмалар орындау арқылы қорытындылаймыз.

Әр топқа орындау үшін жеке тапсырмалар беру

1-топқа

    1-тапсырма                   5 жолды өлең құрастыр

Зат есім-

Сын есім-

Етістік-

    2-тапсырма                     Бүгінгі сабақтан қандай әсер алдың?

2-топқа

1-тапсырма                   Ы.Алтынсарин    кім?  

 

                                 Топтастырып жазу

 

2-тапсырма

 Бүгінгі сабақ ұнады  ма? Сен үшін қай бөлім қызықты болды?

 

  1. Үйге тапсырма

 

1.Ы.Алтынсариан шығармашылығы мен « Өзен» өлеңін жаттау.

2.Өзен тақырыбына шығармашылық жұмыс ағып жатқан өзеннің суретін салу.

 

  1.    Сабақты бекіту,бағала

                              

                                        

 

 

Орхон-Енисей ескерткіштері. «Күлтегін» жыры

$
0
0

 

 

Сабақтың тақырыбы:

Орхон-Енисей ескерткіштері. «Күлтегін» жыры

 Исмагулова Анар Елеусиновна

Сынып:  7

 

  Қатысқан оқушылар  саны: 

 

Қатыспаған оқушылар саны: 0

Сабақ негізделген оқу мақсаттары

әдеби шығармадағы тұлғалық болмысты гуманистік тұрғыдан талдау (Т/Ж2).

Сабақ  нәтижесі:

 

Оқушылардың барлығы мынаны орындай алады: Оқулықта берілген және қосымша тапсырмаларды орындайды.  Жазба жұмыс жасайды. Сұраққа жауап береді.

Оқушылардың көбісі мынаны орындай алады: Топтық жұмысты брлесе орындайды.Өз бетінше жұмыс жасайды. Сұраққа жауап береді. Қосымша үлестірме ресурстармен  жұмыс жасайды.    

Оқушылардың кейбіреуі мынаны орындай алады:

Оқулықтан тыс берілген қосымша тапсырмалады орындайды, тақырып бойынша қосымша мәліметтер мен дәлелдер келтіре алады.

Бағалау  критерийі

Жеке, жұптық, топтық тапсырмаларды орындай алады. Сабақ барысында  тыңдаушының назарын өзіне аудара алады.

Тілдік құзіреттілік

әдеби шығарма

Ресурстар

Оқулық, суреттер, топқа бөлуге арналған кеспе қағаздар  және  әртүрлі  заттар, топтық тапсырмалар, кері байланыс, стикер.

Әдіс-тәсілдер

Сұрақ-жауап, әңгімелеу, түсіндіру, ойын, көрнекілік. Рефлексия.

Пәнаралық байланыс

Музыка, қазақ тілі.

Алдыңғы оқу

6-сыныпта өткен білімді пысықтау,еске түсіру

Сабақтың жоспары

Жоспарланған уақыт

Сабақ барысы :

Бағалау түрлері

Басталуы

5  минут

Бағалау парақшасымен таныстыру

Топтарға бөлу.

 Себетпен конфет әкелу. Оқушыларға себеттен конфет алуларын сұраймын.Конфеттің түрлеріне қарай 3 топқа бөлініп отырады.

 

1-топ «Сары кәмпиттер»

2-топ «Көк кәмпиттер»

3-топ «Қызыл  кәмпиттер»

Психологиялық ахуал қалыптастыру:

«Қызыл гүлім-ай» би

 

 

Тапсырманы орындаған әр балаға конфеттер беріп отырамын.

Жаңа білім

10 минут

 

 

 

 

Білу және түсіну

Берілген мәтіндерді балалар оқып алады.

 

 «Сақина салмақ ойыны»

Балалар біз бүгін сақина салмақ ойынын ойнаймыз. Бұл ойынның бүгіінгі ерекшелігі кімнің   қолында сақина қалса менің сұрағыма жауап береді?

 

 

 

 

Оқулық,

мәтіндер.

Ортасы 

10 минут

 

 

 

 

 

 

Қолдану

 Әр халықтың қалыптасу, даму жолында өзіне тән ерекшеліктері бар. Бұл тарихи құндылықты зерделеп жарыққа шығару қай мемлекетте болмасын маңызды мәселелердің біріне айналған.

Кеңестер Одағы кезінде өткен тарихымызды зерттеу мүмкін болмады. Сондықтан болар ата-бабамыздың бай мұрасы Түркі әлемін зерттеуде ғалымдарымыздың негізгі еңбектері егемендіктен кейін ғана көріне бастады.

Түркі халықтарының көне дәуірдегі ұзақ ғасырлық мәдени мұраларының бірі – Күлтегін ескерткіші. Орхон-Енисей жазуына жататын маңыздылығы жағынан баға жетпес құнды дүние.

Бізге жеткен Түркi тарихы да осы VII-VIII ғасырларда жазылған Орхон-Енисей жазба ескерткіштері арқылы белгiлi болды. Ескерткiш бiр заманда түркiлер мекендеген Енесей өзенiнiң бойы мен қазiргi моңғол Халық Республикасының астанасы Улан-Батордың батысындағы 400 километр жердегi Орхон өзенi бойындағы Кошо-Цайдам ойпатында орналасқан. Оны алғаш тауып, ғылым әлемiне мәлiмдеушi-орыс ғалымы Н. М. Ядринцев. 1890 жылы Гейкель басфин – угор қоғамының, 1901 жылы В. Радлов бастаған Орыс ғылым Академиясының Экспедициялары ескерткiш орнатылған жерге барып, жазуды өз көздерiмен көрiп, тексерiп қайтады. 1902 жылы Ужчжоудағы ағылшын консулы К. Кэмппель Күлтегiн ескерткiшiне бiрсыпыра зертеу жұмысын жүргiздi. 1909 жылы француз саяхатшысы Де Ля Кост келiп кетсе, 1912 жылы ғалым В. Л. Котвич зерттеу жұмыстарын жүргiздi. 1958 жылы монгол – чехославак бiрiккен ғылыми экспедициясы Күлтегiн ескерткiшiнiн орнына қазба жұмыстарын жүргiздi. Бұған басшылық еткен чех археологы Л. Иисль. Бұл В.В. Радловтан кейiнгi жасалған қазба жұмысы едi. Қазба жұмыстары үстiнде қорған астынан екi кiсiнiң тасқа әдемi ойылып жасалған бас мүсiнiн кездестiрдi. Оның бiрi Күлтегiнiң, екiншi әйелiнiң мүсiнi екені анықталды.[1,13-б] Күлтегiнге арналған ескерткiш пирамида тәрiздi. Биiктiгi 3,15 метр, енi 1,24 метр, қалыңдығы 0,41 метр. Ескерткiштiң жоғарғы жағы бес бұрышты, қырларында айдаһардың суреттерi мен қаған таңбалары бейнеленген. Екiншi жағында ескерткiштiң орнатылған күнi – бiрiншi тамыз, 732 жыл деп жазылған.

Ескерткіштің негізгі бетінде 40 жол жазу бар, ол ескерткіштің сол жақ бетіндегі 13 жол жазудың жалғасы. Түркологиялық әдебиеттерде ескерткіштегі 40 жол «Үлкен жазу» /КТБ/, ал 13 жол жазу кіші жазу /КТМ/ деп аталады. [2, 450-458-б]

Ескерткiш негiзiнен табғаш (Қытай) және көне түркi жазуымен толтырылған. Ескерткiш бетiндегi Қытай жазуы 732 жылы Қытай императоры Хусен-Цунг тарапынан бедерленген. Мұнда қытайша ескерткiштiң қысқаша мәнi айтылған. Қытай жазуы алғаш орысша, французша, содан кейiн немiс, ағылшын және кейiнгi кездерi түрiк тiлдерiне аударылды. Жазудын үстiнде қытайша бiр сөйлем бар, онда «Марқұм Күлтегiн жазуы» делінген. [3, 177-б]

Күлтегін ескерткішін зерттеуші ғалым Мырзатай Жолдасбековтың аудармасында:

«Он оқүлым, түргiс қағанынан»

Мақраш таңбашы.

Оғуз Бiлге таңбашы келдi;

Қырғыз қағанынан

Тардуш ынаншы, Чур келдi;

Мазар тұрғызуға,

Зер салынған жазба тасты тұрғызуға

Табғаш қағанынан зергершiсi

Чаң сеңун келдi.

Талдау

«Ыстық орындық» орындық әдісі

(Бір оқушы алдыңғы жақта, орындықтар оны айнала қоршай орналастырылады.

Жаттығудың сипаттамасы:

 

Бір оқушы алға шығып өз пікірін айтып және тақырып бойынша сұрақтарға жауап береді. Сұрақты анағұрлым мазмұнды қылу үшін, оқушылар белгілі бір пікір бойынша бірлесіп алға шығып сөйлей алады.          

Оқулық,қабырғаға ілінген  ватмандар, түрлі-түсті маркерлер

«Ыстық орындық» орындық әдісі, сұрақтар, орындық.

Сергіту сәті

2 минут

«Қыдырып қайтайық!»

би билеу

 

Оқушылар би билеп сергіп қалады.

Аяқталуы

Сабақты бекіту

10 минут

Синтез

 

Графикалық органайзер: «Балық қаңқасы» диаграммасы

 

Бағалау

 

5 минут

 

 

 

 

 

 

Кері байланыс

3 минут

 

Кері байланыс кемесі

           

 

Отбасы- шағын мемлекет

$
0
0

 

           Қазақ тілі 7-сынып

Сабақтың  тақырыбы:    Отбасы- шағын мемлекет

Оқу мақсаттары (оқу бағдарламасына сілтеме)

Ж3. Сюжетті суреттердің (фотосуреттер) желісі бойынша әңгіме құрастыру.

 Ж.5 Оқылым материалы бойынша негізгі ақпараттарды сақтай отырып, жинақы мәтін жазу.

Сабақтың мақсаттары:

Барлық оқушылар орындай алады:

Сюжетті сурет бойынша сұрақ қоя біледі, негізгі ақпаратты анықтай алады.

Оқушылардың көпшілігі орындай алады:

Сюжетті сурет бойынша әңгіме құрастыра алады. Негізгі ақпаратты анықтай отырып, жинақы мәтін жаза алады.

Кейбір оқушылар орындай алады:

Сюжетті сурет бойынша әңгіме құрастырып, әңгімені түрлендіріп, болжау жасай алады. Негізгі ақпаратты сақтай отырып, қосымша идея ұсынады.

Бағалау критерийі

 

* Әңгіме желісі бойынша суреттерді ретімен орналастырады.

* Мәтін мазмұны бойынша негізгі ақпаратты анықтайды.

* Анықталған ақпараттар негізінде өз сөзімен жинақы мәтін жазады.

Алдыңғы оқу:

Ауызекі стильдегі мәтіндердің өзіндік ерекшелігін әңгімелейді

Жоспар

Сабақтың жоспарланған кезеңдері

Сабақтың жоспарланған жаттығу кезеңдері

Ресурс-тар

Сабақтың басы

 

 

 

Ұйымдастыру кезеңі.

Ширату жаттығуы "Жүректен - жүрекке". (Оқушылар шеңберге тұру арқылы бір біріне жүректен шыққан сөздерін айтады)

Рақмет, балалар! Жарайсыңдар! Көпшілігің өз отбасыңыз туралы әңгімеледіңіз. Олай болса, бүгінгі сабағымыздың тақырыбы

"Отбасы – шағын мемлекет".

Топқа бөлу: сурет қиындылары бойынша

Қызыл жүрек

 

 

 

 

(шаңырақ, уық, кереге)

 Сабақтың ортасы

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Дескриптор:

Болжау сұрақтары:

-         Сенің отбасыңда кімдер тұрады?

-         Отбасы неден басталады?

-         Отбасы құндылығы дегенді қалай түсінесің?  

Сұрақтар беру арқылы оқушыларға отбасы туралы ұғым қалыптастыру.

І тапсырма:  ТЖ. Суретті мұқият зерттеп, жалпы көрініс пен кейіпкерлер эмоциясына отбасы арасындағы қарым-қатынасқа баса назар аударта отырып, суреттерді ретімен орналастырып, мәтінге ат қойыңыз, отбасы туралы әңгіме құрастырыңыз.

 

   

 

Қ\Б.   Өзара бағалауды жүзеге асыруда белгілі бір түстегі маркерлер беріп, жазылым соңында маркер түсімен бағалау.

Жасыл- өте жақсы, көк- жақсы, қызыл- қанағаттанарлық

 

ІІ тапсырма:   ЖЖ. Оқушыларға отбасы туралы шағын мәтін беріледі. Берілген мәтіннен жекелеген оқушылар жинақы мәтін құрайды.

Мәтін

Бала өмірінің алғашқы күнінен бастап ата-ана өздерінің негізгі борыштарын – тәрбие жұмысын атқаруға кіріседі. Отбасының ең негізгі қызметі ұрпақ жалғастыру болса, екінші кезекте сол ұрпағына дұрыс тәрбие беру қызметі тұрады.

Ата-ана және отбасы мүшелері жас нәресте дүниеге келген күннен бастап, оның өміріне қамқорлық жасап, болашағын жоспарлайды және саналы азамат болып өсуі үшін қажет жағдай жасайды. Бұған баланың қажеттігін толық қанағаттандыру, оны дене және ой еңбегіне үйрету, күн тәртібін дұрыс реттеуге, салауатты өмір сүруге, адал болуға тәрбиелеу, жақсылықты үйретуге, жамандықтан жиренуге үйрету, бойында жастайынан мәдени құндылықтар мен адамгершілік қасиеттерді қалыптастыру жатады. Отбасындағы ата-ана - баланың өмірлік ұстазы және тәрбиешісі. Баланың болашағы, білімі, мәдениеті отбасындағы ата-ананың сіңірген еңбегіне, тәлім-тәрбиесіне байланысты.

 

Қ/Б  «ПОПС» формуласы бойынша кері байланыс беру.

Ж.

1. «Менің ойымша...»

2. «Себебі, мен оны былай түсіндіремін...»

3. «Оны мен мына фактілермен, мысалдармен дәлелдей аламын...»

4. «Осыған байланысты мен мынадай қорытынды шешімге келдім...»

Бағалау критерийі

Дескриптор

Балл

Суреттерді ретімен орналасты-рып,тақырып-қа сай әңгіме құрастырады

 

Әңгіме желісі бойынша суреттерді ретімен орналастырады.

1

Мәтін мазмұны бойынша негізгі ақпаратты анықтайды.

1

Ауызекі стильдегі мәтіндердің өзіндік ерекшелігін әңгімелейді

1

 

     –  Суреттерді ретімен орналастырады

–  Тақырыпқа сай әңгіме құрастырады

–  Негізгі ақпаратты анықтайды

–  Өз сөзімен жинақы мәтін жазады.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Интербелсенді тақтаны пайдал-ану арқылы сурет-тер көрсету.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Түсті маркерлер үлесті

ру.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Жина-қы мәтін

 

 

 

 

 

 

 

 (Оқушылар жинақы мәтін жазған кезде кіріспе, негізгі, қорытынды бөлімді қатаң сақтау

ға тырысады).

                      

 

Сабақтың соңы

 

Рефлексия

 

 

 

Ж. Оқушы құраған жинақ мәтінін "Автор орындығы" әдісі арқылы оқиды.

ҚБ   Қол шапалақтау арқылы бағалау

 

«Білемін, Қызық, Қиын» әдісі

Оқушыларға берілген  сурет қиындылары бойынша сабаққа рефлексия жасап киіз үйдің макетіне орналастырады (шаңырақ, уық, кереге).

Мен ------- білдім

Маған ------- қызық болды

Маған ------- қиын болды

 

 

Саралау – Балаларға қалай көмектесесіз? Қабілетті

балаларға қандай

тапсырмалар

бересіз?

 

Бұл əртүрлі оқу үшін үнемі əртүрлі жаттығу əзірлеу деген сөз емес; керісінше, саралау – оқушылардың əртүрлі қажеттіліктерін қанағаттандыру-ға бағытталған жоспарлы жаттығуларыңыз-ды реттеу жолы.

 

Барынша қолдау көрсету:

 

Қабілетті оқушыларға мынадай тапсырмалар түрін ұсынамын:

1. «Сканерлеу» әдісін қолданып, отбасы туралы сюжетті суретті көз алдына елестете отырып, жинақы мәтін құрастыру;

2. Отбасы туралы мақал – мәтел айту;

3. Жұптаса отырып, кос диаграмма құру.

 

 

 

 

 

Топтағы оқушыларға  қабылдау ерекшелігіне  орай мынадай саралау тапсырмалары беріледі:

- Жинақы мәтін құруда дайын жоспар үлгісін беру;

- Жекелеген оқушыларға мәтін құру үшін тірек сөздер беру;

- «ПОПС» әдісі бойынша кері байланыстың дайын нұсқасын беру.

 

 

 

 

 

 

Пәнаралық байланыс: бейне

леу өнері, өзін-өзі тану, құндылықтар

мен байла-ныс.

 

Рефлексия

Сабақтың мақсаты мен оқу міндеттері орындалды ма?  Бүгін оқушылар не үйренді? Сабақ қалай өтті, қандай деңгейде өтті? Жоспарланған саралау жақсы іске асты ма? (тапсырмалар сəйкес болды ма?)  Уақытты қалай пайдаландым?  Жоспарыма қандай өзгеріс енгіздім жəне неге?

 

 

 

Сабақ мақсатында интербелсенді тақтадан суреттерді көрсету арқылы ой шақырып, әңгіме құрастырылды. Оған мынадай әдістерді әкелдім: «ПОПС» формуласы, «Автор орындығы» әдісі, жинақы мәтін құруда кіріспе, негізгі, қорытынды бөлімге жоспар құрып, жұмыстана отырып, сабақ мақсатына жетті. Оқушылар жинақы мәтін құруды үйренді. Сабақ өз деңгейінде өтті. Жоспарланған саралау әдістері іске асты. Тапсырмалар оқушылардың жас ерекшеліктерін ескере отырып жасалғандықтан, уақыт тиімді пайдаланылды. Жоспарыма қалыптастырушы бағалаудың түрлерін енгізе отырып, бұрын өз тәжірибемде қолданбаған әдіс – тәсілдер кірістірдім.

    

 

 

Қорытынды бағалау

Ең жақсы өткен екі нəрсе (оқыту мен оқуға қатысты)

1. Оқушылардың «ПОПС» әдісі бойынша өз ойларын еркін, жүйелі жеткізуі.

2. «Білемін, Қызық, Қиын» әдісі бойынша оқушылардың сабақты талдауы нәтижеге жеткізді.

2: Қандай екі нəрсе немесе тапсырма сабақтың бұдан да жақсы өтуіне ықпалын тигізер еді (оқыту мен оқуға қатысты)? 

1. «Бес жолды өлең» әдісі бойынша отбасы туралы өлең құрастыру.

2. «5 минуттық эссе» әдісі бойынша «Менің отбасым» тақырыбында эссе беру.

Осы сабақтың барысында барлық сынып немесе жекелеген оқушылар жөнінде келесі сабағыма қажет болуы мүмкін қандай ақпарат білдім?

    Оқушыларға  кейбір сабақтарда топтық жұмыстан  гөрі жеке жұмыстану қажет деп есептеймін. Өйткені кей уақытта көшбасшылық қасиеті жоғары оқушылар көрініп, қабілеті төмен оқушылардың өз деңгейін көрсете алмайтынын байқадым.

 

 

 

 

        

 

Қазақстан Республикасы

$
0
0

САБАҚ №2

Сабақтың тақырыбы: Қазақстан Республикасы

Сабақтың мақсаты:

Білімділігі: Сабақ барысында сөйлесу арқылы дұрыс сөйлеу дағдыларын қалыптастыру. Жаңылтпаш, қазақ тіліндегі дыбыстарды дұрыс және анық айтуға машықтандыру.

Тәрбиелік: Қазақстан Республикасын сыйлау, құрметтеу арқылы әңгіме жүргізу.

Дамытушылық: Мәтінмен жұмыс істеу арқылы ойлау қабілеттерін арттыру.

Сабақтың әдісі: көрнекілік, ізденушілік, сұрақ- жауап, әңгімелеу

Көрнекіліктер: слайдтар, суреттер, тірек кестелер

Сабақтың түрі: аралас сабақ

Сабақтың барысы:

  1. Ұйымдастыру кезеңі.
  2. Үй тапсырмасын тексеру.

III.    Сабақтың мақсатын, барысын айту.

  1. Лексикалық тақырып.
  2. Тапсырмалармен жұмыс.

1-тапсырма. Мәтінді түсініп оқып,тәуеолік жалғауы бар өздерді теріп жазу.

2-тапсырма. Диологты оқып, жалғастыру.

3-тапсырма. Суреттерге қарап, сұрақтарға жауап беру.

  1. Сөздікпен жұмыс

Көмір – уголь

Мұнай – нефть

Темір – железо

Мыс – медь

Кендері – ископаемые

Ерекше – особенный

Мақта – хлопок

Мақтан етемін – горжусь

Биіктеген сайын – чем выше

Мөлдір - прозрачный

 

 

  1. Қорытындылау.

Сұрақ-жауап әдісі арқылы сабақты бекіту

  • Үйге тапсырма беру. 63-бет, 4-тапсырма (жазбаша)

 

 

Отан туралы мақал-мәтелдер

 

  1. Отан – оттан да ыстық
  2. Халықтың ортақ үйі – Отан.
  3. Елін сүйген ер болар.
  4. Отансыз адам –

Ормансыз бұлбұл.

  1. Елінен безген ер оңбас,

Көлінен безген қаз оңбас.

  1. Родина – мать народу,

Народ – мать жигиту.

  1. Все земли хороши,

А своя – всех лучше.

  1. И лук на Родине сладок.
  2. Каждому родная земля – рай.
  3. Туған жердей жер болмас,

        Туған елдей ел болмас.

  1. Туған жер – алтын бесік.

 

 

 

 

 

 

 

Қазақстанның қалалары

$
0
0

САБАҚ №3

Сабақтың тақырыбы: Қазақстанның қалалары

Сабақтың мақсаты:

Білімділігі: Тәуелдік жалғауын  меңгертуді жалғастыру. тақырыпқа байланысты әңгіме айтуға үйрету.

Тәрбиелік: Өз туған жеріңнің ерекшелігін айтып түсіндіру, құрметтеу керектігін көңілге тоқыту.

Дамытушылық: Сөйлесу арқылы оқушылардың ой - өрісін байыту. Мақал-мәтелдерді жаттау арқылы оқушылардың есте сақтау қабілетін арттыру.

Сабақтың әдісі: ізденушілік, сұрақ-жауап, аударма, түсіндіру

Көрнекіліктер: түлі- түсті суреттер, тірек кестелер

Сабақтың түрі: аралас сабақ

Сабақтың барысы:

  1. Ұйымдастыру кезеңі.
  2. Үй тапсырмасын сұрау.

III.    Сабақтың мақсатын, барысын айту.

  1. Лексикалық тақырыппен жұмыс.
  2. Жұптық жұмыс.

1 – тапсырма. Диологты толықтыру, тәуелдік жалғауы бар сөздерді теріп жазу.

2 – тапсырма. Сұрақтарға жауап беріп, суреттегі қала туралы айту.

3 – тапсырма. Деңгейлік тапсырмаларды орындау.

Қостанай қаласы мен Астана қаласы туралы әңгіме жүргізу.

Қостанай қаласы

     Қазақстан Республикасының әдемі, көркем қалаларының

 бірі -  Қостанай қаласы. Қостанай қаласы жылдан жылға көркейіп, гүлдене түсуде. Көшелері өте таза, көрікті. Жаңадан көп қабатты зәулім ғимараттар мен үйлер салынып жатыр.

 

                                    

 

 

 

Астана қаласы

       Астана қаласы Қазақстан Республикасының астанасы.

Астана – бас қала. Астана қаласы өте сұлу қалалардың санына жатады. 1998 жылдан бастап Ел Басымыз Нұрсұлтан Әбішұлының бастауымен  Қазақстан Республикасының астанасы Алматы қаласынан Астана қаласына көшіріліп көркейіп, гүлдене түсуде.     

 

  1. Қорытындылау.
  2. Нені білдік?
  3. Нені үйрендік?

VII. Бағалау.

  1. Үйге тапсырма беру. 65-бет, 4-тапсырма

 

 

 

 
   

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 
   

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Viewing all 866 articles
Browse latest View live


<script src="https://jsc.adskeeper.com/r/s/rssing.com.1596347.js" async> </script>