Ахмет Байтұрсыновтың шығармаларын оқытудағы озық үлгілері
Кияшова Нургуль Турсунова
Өскемен қаласы әкімдігінің «Ахмер орта мектебі» КММ
қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі
ХХ ғасырдың басында қазақ елінің егемендігі жолында аянбай тер төккен Алаш азаматы, мемлекет қайраткері, қазақ ғылымы мен білімінің қалыптасуы мен дамуына өлшеусіз үлес қосқан ақын, қазақ тілі мен әдебиеттану ғылымдарының негізін салушы, ағартушы, ғалым – Ахмет Байтұрсынов.
Күреске толы ғұмыры қазақ халқының мүддесіне арналған. Халық ағарту ісіне ерен еңбек еткен тұлға – Ахмет Байтұрсынов, халық санасын ояту мақсатында жан-жақты ізденіп, өлең-жыр жазған, оқу құралдарын жасаған, халық ауыз әдебиетінің үлгілерін жинап, аудармамен шұғылданған.
Қазақ әдебиеті сабақтарында оқушыларға Ахмет Байтұрсыновтың өмірі мен шығармашылығын оқытуда, тақырыпқа байланысты диалог, қойылымдар әзірлеу, рөлдік ойындар ойнату, мәнерлеп оқу және оқыту, әр түрлі сызбаларды толтырту, модельдер жасату, венн диаграммасы, бес жолды өлең, ассоциация, тағы да басқа стратегияларды қолдана отырып, орындатуға болады.
- Ақынның өмірі мен шығармашылығы туралы:
- Жылнамалық кезеңдерін толтыру (Ахмет Байтұрсыновтың өмірі мен шығармаларына байланысты)
жылдар
|
негізгі оқиғалар
|
шығармалары
|
|
|
|
|
|
|
- «Галереяны шарлау» әдісін қолдану.
Ахмет Байтұрсыновтың өмірі мен шығармашылығына арналған бұрыш дайындау. Оқушылар сыныпта бұрыштарды аралап, өздеріне таныс емес мәліметтерді жазады. Топ мүшелері бір-біріне дайындаған мағлұматтарымен таныстырады. Әр топтан бір-бір оқушыдан шығып, мәліметтерін қорғайды.
- Шығармаларын зерттеуге байланысты:
- Семантикалық карта толтыру
Шығарманың атауы
|
|
Авторы
|
|
Жанры
|
|
Тақырыбы
|
|
Идеясы
|
|
Кейіпкерлері
|
|
Басты кейіпкерлерге мінездеме
|
|
- Салыстырмалы талдаулар жасату арқылы
Өлеңі
|
Ақын ойы
|
Кейіпкер сипаты
|
Ақын көңіл-күйі
|
|
|
|
|
- Өлең шумақтарын талдату арқылы.
Шумақтар
|
Ақын сезімі
|
Оқушы сезімі
|
|
|
|
- Ақынның мысалдарын оқытуда:
Ақынның алғашқы кітабы – “Қырық мысал” (1909ж). “Қырық мысалда” автор Ресей отаршыларының зорлық-зомбылығын, қазақ халқының сол тұстағы ауыр халін жұмбақтап, тұспалдап мысалмен жеткізген. Ол көлемі шағын, идеясы ұғынықты, тілі өткір мысал жанрын ала отырып, саяси-әлеуметтік, танымды-тәрбиелік, ағартушылық мәселелерді көтеру арқылы халық санасын оятуға зор ықпал ете білген.
“Өгіз бен бақа” мысалын 36 жол өлең түрінде И.Крыловтан аударған.
- Мысалды мәнерлетіп оқытып, әр шумаққа тақырып қойғызу. Әр тақырып сол шумақтың айтайын деген ойына сәйкес келуін қадағалау.
1 шумаққа – Сусаған өгіз
2 шумаққа – Бақаның қызғанышы
3 шумаққа – Бақаның ісіп кебуі
4 шумаққа – Әліңе қара достым
5 шумаққа –
6 шумаққа – Жаңа туған айдамын
7 шумаққа – Бақаның өлімі
8 шумаққа – Күндестіктен пайда жоқ
9 шумаққа – Әлін білмеген әлек
- Сонымен қатар, салыстыру, зерттеу әдістерін қолдана отырып, мына кестені толтыртуға болады.
Мысалдың аты
|
Тармақтары
|
Тақырыбы
|
Идеясы
|
Қорытынды сөз
|
“Өгіз бен бақа”
|
Жел тартып ісіп кеуіп қарнын керді.
|
Қызғаныш
|
Жаманнан жирен
|
Әлін білмеген-әлек.
|
“Егіннің бастары”
|
Бір бидай көтеріп тұр басын көкке, Қарайды шекірейіп өзі көпке
|
Тәкаппарлық
|
Жақсыдан үйрен
|
Тәкаппар, оны халық жасанды дейді
|
- И.Крыловтың бұл мысалын аударған Абай Құнанбаев пен Ахмет Байтұрсынов аудармаларына салыстыру жұмыстарын жүргізуге болады. Венн диаграмасы арқылы да.
Ортақ
Крыловтан аударған
көрсе қызарлық, күншілдік сынға алынады
|
- Шығарма кейіпкерлеріне мінездеме жасату үшін, мына кестені толтырутуға болады.
Жағымды кейіпкер
|
Жағымсыз кейіпкер
|
Өгіз
|
Бақа
|
Іс-әрекеттері
|
Адал еңбегімен адамға қызмет етеді.
|
Таңертеңнен қара кешке дейін тынымсыз бос секіреді.
|
- Мысалдарын «Хикая картасымен» жұмыс жасатуға болады. «Қасқыр мен қозы», «Аққу, шортан һәм шаян», «Өгіз бен бақа», т.б. мысалы бойынша әр эпизодтың суретін салдырту.
- Сөздікпен жұмыс жасату. «Көршіңді шақыр» ойынын ойнату.
Сайран ету, қыдыру-гулять, прогуляться
Дән-зерно
Көкке қарау – смотреть на небо
Қожа - хозяин
Қайран қалу - удивляться
Егінші-земледелец
Тәкаппар-высокомерный
Тағзым-поклон
Көпке балау -приравнивать со всеми
Шікірею - кичиться
- Ақынның «Егіннің бастары» мысалын оқытқанда:
«Стоп-кадр» стратегиясын пайдалануға болады.
«Әңгіме» кестесін толтырту
Өлеңнің аты
|
|
Өлеңнің авторы
|
|
Кейіпкерлері
|
|
Қай кезеңді суреттейді
|
|
Өлең немен аяқталады
|
|
Не үйретті
|
|
- Сатылай кешенді талдау
- Авторы :
- Тақырыбы:
- Жанр түрі :
- Идеясы :
- Шумақ :
- Тармақ :
- Бунақ :
- Буын саны :
- Ұйқас түрі :
- Түсіндірме сөздік :
- Өлеңнің тәрбиелік мәні :
- Ақынға не кейіпкерлерге модель жасату арқылы.
Мысалы, ақын мысалдарындағы кейіпкерлерінің моделін жасату. Домбыра, бәйтерек, күн, жұлдыз, қыран құс, гүлге, т.б. Салған модельдерін мәтіннен берілген мінездемелерімен дәлелдету.
- Тірек сөздер арқылы
Мысалы, Ахмет Байтұрсыновтың «Малшы мен маса» мысалын оқытқанда, тірек сөздерді қолдану арқылы
- Рөлге бөліп оқыту арқылы.
Жалпы, дамытуда рөлдік ойындардың алатын орны ерекше. Рөлге бөліп оқыту арқылы, оқушылардың бір-бірімен қарым-қатынасқа түсу, өздеріне деген сенімділіктері оятады, бірін-бірі тыңдай білуге, мұқиятылыққа баулиды.
- «Драма» стратегиясы
«Егіннің бастары» мысалы бойынша драма стратегиясын қолданамыз. Яғни, оқушылар қойылымы қояды.
- Оқушылардың ойлау белсенділіктерін арттыру, іздендіру мақсатында әдеби талдау сұрақтары арқылы
Мысалы, Ахмет Байтұрсынов «Анама хат» өлеңін оқытқан кезде, Егер сен ақынның орнына болсаң, өлеңді қалай аяқтар едіңдер?
- Оқушылардың функционалдық сауаттылықтарын артыру мақсатында да мынандай жұмыс жүргізуге болады:
- Шығармадағы бақаның жолдасының сөзі қандай болды деп жорамалдайсыз?
А) қалпыңда қарның менен пішінің
Ә) қалпыңда қарның менен түрің
Б) қалпыңда қарның менен бойың
В) қалпыңда қарның менен түсің
- Өгіз қайда келді?
А) тауға Ә) көгалға Б) өзенге В) көлге
- Бақаның ісіне қарап, оның қандай екенін білдіңіз. Бақа мінезінің бір көрінісін жазыңыз. Жауабың нақты болсын (мысалмен дәлелдеу керек)
- Ақынның орнында болсаңыз, өлеңді қалай аяқтар едіңіз.
- Өлең құрылысына талдау жасатуға болады
Бір а-дам \ жас ба-ла-сын \ жа-ны-на ал-ды, - 12
Е-ке-уі сай-ран е-тіп \ ке-тіп қал-ды. - 11
Қы-ды-рып \ әр-лі-бер-лі жүр-ді да-ғы, -11
Е-гін-ші \ е-гін ек-кен \ жер-ге бар-ды. -11
- Сыни тұрғыдан ойлау стратегияларының оқушыларды еркін сөйлеуге, сөз ұшқырлығын ұштауға, өз ойын қысылмай жеткізе білуге мол әсері бар.
Ассоциация құру. Мысалы, ақынның кім екенін анықтау. Ахмет Байтұрсынов
11-сыныптарда Ахмет Байтұрсыновты қорытындылау кезінде, мынандай топтастыру стратегиясы арқылы қорытуға болады. Яғни, оқушы өз ойларын жеткізе отыра, дәлелдейді.
«Зуылдақ» ойынында ойната аламыз.
«Сана саяжолы»
«Синквейн» немесе бес жолды
Зат есім - 1
Сын есім -2
Етістік - 3
Сөйлем
Синоним
Қорыта келгенде, ақынның оқытуда озық технологияларды қолдану– заман талабы болып табылады. Сондықтан оқушыларымызды жаңа заман талабына сай білімді, жан-жақты, мемлекеттік тілді үйрете отырып, қазақ әдебиетіне деген қызығушылықтарын оята отырып, өз ойларын жеткізе алатын, кез келген адаммен тілдік қарым-қатынасқа түсе алатын, мәдениетті, өнерге икемді тұлға болуы үшін оқушы бойындағы коммуникативтік құзіреттілікті дамыту ұстаздардың қолында.
Пайдаланған әдебиеттер :
- Байтұрсынов, А.Әдебиет танытқыш :Зерттеу мен өлеңдер /Ахмет Байтұрсынов.-Алматы:Атамұра,2003.-206 б.
- “Қазақ әдебиеті. Энциклопедиялық анықтамалық. — Алматы: «Аруна Ltd.» ЖШС, 2010 жыл
- “Қазақстан”: Ұлттық энцклопедия/Бас редактор Ә. Нысанбаев – Алматы “Қазақ энциклопедиясы” Бас редакциясы, 1998
- Байтұрсынұлы А. Жан сөзімді кім түсінер ?- Алматы:Қазақстан:А.Байтұрсынұлы атындағы қор,1994.- 112 бет.