Күні:
Сыныбы: 10
Пәні: қазақ әдебиеті.
Сабақтың тақырыбы: Жаяу Мұса Байжанұлы-сазгер әрі әнші.
Сабақтың мақсаты:
а)білімділік: Оқушылардың Жаяу Мұса айжанұлының сазгерлігі мен әншілігін терең ұғынып, әндерінің идеясын аша білуі.
ә)тәрбиелілік: Жаяу Мұса сазгерлігін тану арқылы оқушылардың әнші, ән құдіретін сезіне біліп, рухани жан дүниесінің байып, адами қасиеттерді бойларына сіңіруге әсер ету.
б)дамытышулық: әнші- сазгердің әндерін өз ізденістерімен түсінуде оқушылардың сөйлеу мәдениетін, танымдық белсенділігін арттыру.
Әдісі: СТО, топпен жұмыс
Көрнекілігі: интерактивті тақта, мәнмәтін, зерттеу материалдары, ноутбук
Оқу нәтижесі: жұппен және топпен жұмыс жасау арқылы шығармашылық қабілеттерін дамытады, өз көзқарастарын еркін білдіреді, сын тұрғыдан ойлайды, өзгенің пікірін тыңдай біледі, бағалауды үйренеді.
Блум таксономиясы бойынша сабақ жоспары
Кезеңдері |
Мақсаты |
Түрткі сұрақтар, тапсырма |
Күтілетін нәтиже |
Мұғалімнің іс- әрекеті |
Оқушы іс- әрекеті |
Формативті бағалау |
|
критерий |
дескрипторлар |
||||||
Білу |
Өткен тақырыпты еске түсіреді, білімін жаңартады. |
Қызығушылығын ояту. бір өлеңімен заман шындығын әйгілеп, атын қазақ даласына паш еткен кім? |
Жаяу Мұса өмірі, шығармашылығы туралы түсінігін дәлелдей біледі. |
Психология-лық дайындық. Эксперт. "Ыстық орындық" Тест тарату |
Жылы лебіз айту. Жеке және жұптық жұмыс |
Ақын шығармашылы-ғын меңгеруі. Өлеңдерінің тақырып, идеясын оятуы. |
Толық меңгерді - 3 Жартылай меңгерді - 2 Меңгере алмады - 1 |
Түсіну
|
Ақын сазгерлігі мен әншілігін әндері арқылы ұғынуға жағдай жасалады |
I топ Жаяу Мұса әндерінің тақырыбы қандай? II топ Әндерінің шығуының ерекшелігі неде? III топ Әнші- сазгердің қазақ өнеріне қосқан үлесі қандай? |
Сазгер әншінің әндері, оның шығу тарихы, алатын орны туралы ортаға салады, пікірлеседі, өзіндік көз- қарастарын қорғайды. |
Мағынаны тану. Намысыңды қайрап, өршіл рухқа бастайтын ән иесі кім? Оның әндерінің құдіреттілігі неде? |
Эксперт оқушылар топ ауыстырып, тақырыпты түсіндіреді. Топ мүшелері түртіп алып, флепчард шығаруда, Интернет материалдарын пайдаланып, презентация жасайды. |
Ақын сазгерлігін, әншілігін ашу. Өлеңдерінің шығу тарихын, орнын дәлелдеу |
Ойын толық жеткізе алады- 3 Жартылай жеткізеді- 2 Жеткізе алмады-1 |
Қолдану |
Жаңа білімді өткен тақырып қолдану, салыстыру Сазгер әндері мен өлеңдерін өзге ақын туындылары-мен байланыстар-ын қолдану, салыстыру |
1. Біржан мен Жаяу Мұса әндерінде үйлестік. 2. С.Торайғыров ұқсастық 3. Екі ақынға ортақ қасиет бізге қандай тәрбие береді? |
Диалог әдісімен сұрақ- жауап дәлелдеу түрінде пікір алмасады, өзіндік ойларын жеткізеді. |
Венн диаграмма-сы, сұрақ- жауап түрінде пікір алмасады. |
Жұптық жұмысқа бағыт- бағдар береді |
Игерілген тақырыптан ой түйіп көзқарасын жеткізе білді. |
Қолдана білді- 3 Жартылай қолданады- 2 Қолдана алмады- 1 |
Талдау |
Ән мәтіндерімен жұмыс жасау |
1. Сазгер әндерінің тақырыбы мен идеясы. 2. Өлең құрылысыдағы өзгешілік 3. Ақын өлеңдеріндегі көркемдік өрнектер |
Сазгер әндерін әдеби- теориялық ұғым тұрғысынан талдауда сыни тұрғыдан ойланады. |
Сазгер әншімен өзге ақындар суретін интерактивті тақтадан көрсетіп, бағыт беру. |
Топ мүшелері өлеңдерге талдау жасайды, кластер түрінде қорғайды. |
Әдеби теориялық ұғымдарды практикада дәлелдеуі, көркемділік өрнекті табуы |
Әдеби- теориялық ұғымдарды меңгерді - 3 Жартылай меңгерді- 2 Меңгермеді - 1 |
Жинақтау
|
Жаңа тақырып бойынша алған білімдерін жинақтайды.Өз ойларын әдеби тілмен жеткізеді |
"Ән- көңілдің ажары" (эссе) "Жаяу Мұса әндері күні бүгінде қажет пе, әлде..." (әңгіме - дебат)
|
Ойларын шығармашылық-пен жеткізеді, өзіндік пікірлерін нақты фактілер арқылы дәлелдейді. |
Оқушылар-дың шығармашылық ізденістеріне бағыт көрсетіп, қорытынды пікір шығаруға бағдар береді. |
Өзара пікірталас фактілер келтіріп, толғанысын әдеби тілмен баяндайды. |
Өз толғанысын әдеби тілмен жеткізе білуі, көзқарасын фактілер дәлелдей алуы |
Әдеби тілмен жеткізе алды-3 Жартылай жеткізді- 2 Жеткізе алмады-1 |
Бағалау
|
Бұған дейін айтылған ойларды тұжырымдайды |
Жаяу Мұса әндерінің тәрбиелік мәні неде? |
Қорытынды жасайды, сазгер туралы ұғымдарды кеңейеді. |
Сабақты қорытындылауға әсер етеді |
Пікір айтады, өзін-өзі және топ басшысы бағалап, бағалау бетшесін толтырады. "Білім шыңына" іледі |
Қорытынды жасайды, бүгінгі сабақтар әсерін жазады. |
|
Үйге тапрсырма : " Жаяу Мұса әндерінің құдіретті үні" деген тақырыпта шығарма жазу .