Quantcast
Channel: Қазақ тілі әдебиет | и рус.кл - Қазақстан ұстаздарына арналған - Әдістемелік-ақпараттық сайт sabaqtar.kz
Viewing all 866 articles
Browse latest View live

Пікірталастың түрлері.

$
0
0

Павлодар облысы, Жаяу Мұса атындағы Ақсу колледжі

(колледж директоры Хайргельдин Зада Аскарович)
Қазақ тілі пәнінің оқытушысы Галимова Сауле Женисовна

Сабақ жоспары

Пән Қазақ тілі

Сабақтың тақырыбы Пікірталастың түрлері.

Сабақтың мақсаты

А.Білімділік: Пікірталастың түрлерін білу; оқушылардың біліктілерін арттыру.  

Б.Дамытушылық: сөз байылығын, сөздік қорын байыту, ойлау, бір – бірімен қарым – қатынас жасау, ойлау мен есте сақтауын дамыту, мәдениеттіліктерін дамыту, шығармашылық жұмыстар орындай отырып, іскерлік қабілеттерін арттыру, өз пікірлерін ортаға сала алу.

В.Тәрбиелік: оқушыларға сөз қадірін түсінуге, орынды сөйлеуге, тілді құрметтеуге тәрбиелеу.

Сабақтың түрі: білімді пысықтау сабағы

Әдіс-тәсілдер: түсіндіру, талдау, деңгейлік тапсырмаларды орындау

Құрал-жабдықтар, көрнекті  кұралдар: слайд, мәтін, кәртішкелер

Пәнаралық байланыс:  тарих, әдебиет

Сабақтың барысы

Сабақ кезеңдері

Оқытушының іс-әрекеті

Студенттің іс-әрекеті

1

Ұйымдастыру-мақсаттық кезеңі

Сабаққа дайындықтарын, қатысуларын  тексеру

Кезекшінің баяндамасы

2

А. Үй тапсырмасын тексеру

Үй жұмысын тексеру

Алдын ала берілген тапсырма Болашақ мамандыққа пікірталас мәдениетінің әсері

3

Ә. Жаңа білімді меңгеру

Пікірталастың түрлері.

- Демократиялық қоғамның басты белгілерінің бірі не? 

(сөз еркіндігінің өріс алуы)

- Бұл нені айтқын келсе, соны айту деу ме? 

(Жоқ. Жеке ой пікірлері ұтымды,өзіндік көзқарасы қалыптасқан адамдарға,топтарға өзін танытуға мүмкіндік беру)

-Өмірде адамдардың барлығы бірдей ойлай ма, бірдей көзқараста бола ма?

(Жоқ. Әр түрлі көзқарастан, әр түрлі ой туындайды)

(Түсіндіру)

Пікірталас қоғамды дамытады, өркениетке қол жеткізеді. Пікірталас бар жерде демократия да өрістейді.

Қазіргі іскер адамдарға қоғамдық-әлеуметтік маңызды мәселелерді жете және жемісті талдай алу қабілеті қажет. Олар өз ойларын түсіндіре, дәлелдей алуы керек, қарсы жақтың пікірін жоққа шығарып, өз пікірінің дұрыстығына көз жеткізуі қажет. Сондықтан іскер адамдар сөзталас өнерін, пікірталас шеберлігін үйренуді мақсат етеді.

Пікірталастың түрлері: пікіралмасу, ойталқы, пікірсайыс, айтыс, сөзталас, ойбөліс (Слайд).

Деңгейлік тапсырмаларды орындау. (Топтық жұмыс).

 ІҮ деңгей (оқытушылық деңгей)

1. Мәтінді оқу.

2. Мәтінде пікірталастың қандай түрі қолданылған? (ойталқы)

ІІІ деңгей (алгоритмдік деңгей)

- Ойталқыда қандай мәселелер көтерілді?

-  Абай мен Михайлов ойларының тоғысқан тұсы қайсы?

ІІ деңгей (эвристикалық деңгей)

Бүгінгі жастар жағы ескі халық әндерін түрлендіріп орындап жүр.Осы жайында жазбаша пікіріңіз.

І деңгей (шығармашылық деңгей).

Әр топқа бір тақырып беріледі. Тақырып бойынша пікіралмасу өткізу

1) «Қазіргі кездегі мемлекеттік тілдің мәселесі»

2) «Зиянды әдеттер – денсаулықтың жаулары»

3) «Ғаламтордың пайдасы мен зияны»

Сұрақтарға жауап береді

Оқушылар дайындап келкен хабарларын айтады

Кестемен жұмыс

Мәтінмен жұмыс.

Деңгейлік тапсырмаларды орындау

Мәтінмен жұмыс (өз пікірлерін ортаға салу)

Берілген тақырып бойынша өз пікірлерін жазу

Пікірталас (өз ойларын ортаға салу)

4

Б. Жаңа білімді бекіту

Тест

Тест сұрақтарына жауап беру

В. Үй тапсырмасы бойынша мәлімет беру кезеңі

«Менің болашақ мамандығымның қоғамдағы рөлі»

Берілген тақырып бойынша өз пікірлерін жазу

Г. Сабақты қорытындылау

Сабаққа қорытынды жасау, баға қою

К.Оразалин. Абай шаңырағы.

$
0
0

Сабақтың тақырыбы:К.Оразалин. Абай шаңырағы.

Сабақтың мақсаты: Оқушыларға  «Абай шаңырағы» әңгімесіндегі мәтінді оқыту арқылы қазақтың салт-дәстүрі мен әдет-ғұрыптарынан мәліметтер беру, қазақтың киіз үй жабдықтары туралы түсіндіру

Сабақтың міндеттері.

1 Білімділік:Саналы, дұрыс түсініп оқуға машықтандыру.

 Топтаса отырып, бірін-бірі оқытуға, мазмұнын әңгімелей білуге    үйрету

  1. Дамытушылық: Оқушылардың ой-өрісін, сөйлеу тілін дамыту
  2. Тәрбиелік:Адамгершілікке, ұлттық салт- дәстүрді сақтай білуге тәрбиелеу.

Сабақтың түрі: Аралас сабақ.

Сабақтың әдісі: түсіндіру, жигсо әдісі

Сабақтың көрнекілігі: А. Құнанбаевтың портреті,интерактивті тақта,презентация слайдтар

Сабақтың барысы:
І. Ұйымдастыру кезеңі.
1.Оқушыларды түгелдеу, назарын сабаққа аудару.1 мин
2.Психологиялық дайындық «Ақ тілек, әсем күлкі» 1мин

-Көңіл-күйлеріңіз қалай?

-Керемет!(қолдарын көтереді)

-Сабаққа дайындықтарың қалай?

-Тамаша! (алақандарын шапалақтайды)

-Ынталарыңыз қалай?

-Ғажап! (қолдарын көтереді)

-Ендеше сабағымызды бастайық!

-О, о, о(бас бармағын көтереді)

-Міне, жүрегіміздегі осындай жылумен сабағымызды бастаймыз.

ІІІ Топқа бөліну  2мин

Топқа бөлу. Абай өлеңдерінен қиындылар жасап келіп, сол өлеңдер бойынша топқа бөлу .

І топ «Жазғытұрым» ,  ІІ топ «Күз» ,  ІІІ топ «Қыс»

 Әр топ өз топ басшысы мен спикер сайлап алу және тобына қатысты Абай өлеңін хормен айту

«Алтын ережені» сақтауды еске салу

1.Ұйымшыл болу 

 2.Бір-бірімізді тыңдау

 3.Бірлесіп жұмыс жасау

  1. Бір- бірімізді қолдау

 5.Уақытты үнемдеу
ІІ. Үй тапсырмасын сұрау. 10 мин
Үйге берілген грузин ертегісі «Еңбекпен тапқан тиын»  .

 І топ- ертегіні рөлге бөліп сахналау ,  ІІ топ-ертегіні әрі қарай жалғастыру ,   ІІІ топ-мәтін бойынша сурет салу.

Гүл өсірсең терлеп,         Кесте тіксең зерлеп,

Мұның аты – еңбек.       Мұның аты – еңбек.

Сабағыңа жөндеп             Қиындықтың бәрін

Әзірленсең-еңбек              Еңбек қана жеңбек.

Біздің еліміз 25жыл ішінде еңбек пен білімнің арқасында мемлекетіміз ірі деңгейге жете  алды.Сендер Отанымыздың болашағысындар.Сондықтан да адал еңбек ету,жақсы білім алу,адамгершілік қасиеттерге ие болу сендердің міндеттерің.

ІV Ойға шақыру    БҮҮ кестесі    2 мин

Көрсең,
Алып тор жолды парақтай,
Жайсаң,
Қатарлап сызған жолақтай.
/Кереге/
Қабырғасы тор көз,
Төбесінде зор көз.
/Кереге; Шаңырақ/
Бір басы имек,
Бір басы үшкір сырық,
Қатар - қатар тұрып,
Күмбез сынды шеңберді,
Көкке тіктеп көтерді.
/Уық/
Ұқсайтын шеңберге,
Қабырғасы жиылып, керіледі.
Жиһазы мол кең бөлме,
Төбесінен жұлдыздар көрінеді.
(киіз үй)
Тіреусіз күмбез,
Сылақсыз қабырға.
(киіз үй)

Бір нәрсе өзі биік, іші қуыс,
Ол заттың сүйегі көп айқыш - ұйқыш.
Көзі бар жабырқаған төбесінде,
Жайса үлкен, жиналғанда бір - ақ уыс.
(киіз үй)

Шаңырақ сөзін естігенде қандай ой ассоциясы келетінін сұрау

Шаңырақ сөзіне бірнеше сын есім қосып айтайықшы 

Балалар бүгін кімнің өлең қиындыларын оқып, топқа бөліндік? Демек бүгін біз Абай Құнанбаевтың шаңырағы жайлы танысамыз

V Жаңа сабақ     4 мин

1.Ендеше, балалар, Абай Құнанбаев туралы не білеміз?     Абай кім?
Абай – ұлы ақын, ойшыл, жазушы, аудармашы, сазгер
Дүниеге келген жері: Семей облысы, Семей ауданы, Шыңғыс тауында 1845 жылы дүниеге келген.
Шығармалары: «Жаз», «Күз», «Қыс», «45 қара сөзі», «Сегіз аяқ», «Көзімнің қарасы» т. б.

  1. «Абай- дана, Абай- дара қазақта» бейнебаян

3.Әңгіменің авторы Кәмен Оразалин     1920 жылы 16 маусымда Семей облысы, Абай ауданы, Құндызды ауылын  жайлы мағлұмат беру. Белгілі абайтанушы,майдангер жазушы, қазақ әдебиетінің қадірменді ақсақалы. Әскер қатарына алынып,Ұлы Отан соғысы майданында 365 атқыштар полкінде болған. Оқушылардан Ұлы отан соғысы қай жылы болғанын сұрау. Биыл қанша жылдығын тойлағалы отырмыз деген сияқты жан-жақты сұрақтар қойып отыру

4.-Абайдың үйін көзі тірі кезіндегі қалпынан өзгертпей ұстау міндеті ауылдағы ең ісмер , шебер, ақылды қолынан іс келетін келін – Күнжанға тапсырылды. Міне , бүгінгі сабақта осы туралы білетін боламыз. Әңгіме 3 бөлімнен тұрады

5.Сөздік  жұмыс.
• Шымши – өрнектеп тоқылған ши.
• Ызу – тігістің түрі
• Алаша – қой жүнінен тоқылған төсеніш
• Сүйек төсек – сүйекпен өрнектеп жасалған төсек

VІ  Кітаппен жұмыс  10мин

1.Әңгіме үш бөліктен тұрады үш топ үш бөлікті оқиды ЖИГСО әдісін қолданады

Постер таратылады. Оқушылар берілген әңгімені  кезектесіп оқиды, талдайды.Әр спикер келесі топқа түсіндіреді.

2.Постермен жұмыс

Ітоп:визуалды айғақтар

ІІ топ:Абай Құнанбаев.

ІІІ топ:Абай шаңырағын.

3.Оқушылар өз постерлерін қорғайды. 

 VІІ Сергіту сәті  1-2мин

  «Желсіз түнде жарық ай» әні Интерактивті тақтадан суретке қарап жаттығуын жасайды

VІІІ  Дәптермен жұмыс 3 мин

  1. «Синквейн» әдісі  (шығармашылық жұмыс)

 І топ  «Абай  » ІІтоп   «шаңырақ», ІІІ топ «жайлау»

Зат есім     бір сөз    

Сын есім   екі сөз

 Етістік      үш сөз

Сөйлем      төрт сөз

Балама сөз

       2.Т- кестесі  (ұжымдық жұмыс)

                                  қызыл күрең сыр

                                  ақ жүннен киіз

Қандай?                         -----  төсек

                                   -----     қонысы

                                    ------домбыра

                               -------       кілем

                                ------    көрпелер

                                    ------     үстел

  • Балалар, «Абай шаңырағы» мәтіні үш бөлімнен тұрады. Әр бөлімді мұқият тыңдап, түсініп оқимыз. Әр бөлімнің кейіпкерлеріне мән беріңдер. Бөлімдерге қалай ат қояр едіңдер?

    І бөлім Күнжанның еңбегі
    Бұл бөлімде Күнжанның киіз үйдің уық, керегесінің кеткенін қайта жөндеткені және шебер әйелдерге шымшилерді тоқыттырып, бауларын, таңғыштарын бітіруді тапсырғаны айтылған. Жаңадан жасалатын бұйымдар да Абайдың ұнататын өрнек – бауларымен көркемделген.

    ІІ бөлім  Қонақтардың Абай ауылына келуі   
    Бұл бөлімде Әуез, Кәрім, Кәкітай, Мекайіл, Закен секілді кейіпкерлер бар. Кәкітайдың Абай шаңырағын көріп таңғалып, разы болған сәттері осы бөлімде анық айтылған.

    ІІІ бөлім  Қонақтардың ризашылығы 
    Үшінші бөлімде Әуез бен Кәрімнің үй ішіндегі сәттері бейнеленген. Әуездің киіз үйдегі Абайдың қаттап жиналған сүйек төсек, кітап шкабы мен үш ішекті домбырасын көріп көңілі босап кеткен сәті бейнеленген. Әуез Абайдың «Нағашы, төрлетіңіз!» деген қоңыр даусын естігендей болып қатты толқиды. «Абай шаңырағы» бұл мәтінде Абайды қайта тірілткендей.

ІХ Қорыту. Үш қадамнан тұратын сұхбат  5 мин 

І топ - сұхбат алушы, ІІ топ-жауап беруші, ІІІ топ - жинақтаушы

1.Абайдың үйін әдемі етіп ұстаған кім?

2.Киіз үйді көрген қарт қандай күйде болды?

3.Киіз үйге Кәрім мен Кәкітай қандай баға берді?

  1. Күнжанның еңбегіне сен қандай баға берер едің?

Х  Үйге тапсырма 1мин

 1.170-172бет оқу, мазмұнын айту.

2.Абай шаңырағының суретін салып келу

3.Шаңырақ, отбасы туралы мақал –мәтелдер

ХІ  Бағалау 2 мин

 ( Топ жетекшісі өз тобындағы оқушыларды бағалау- формативті бағалау)

ХІІ Рефлексия  2 мин

Бүгін не үйрендік?  Оқушылар стикерді жапсырады.

 Смайлик арқылы

Көңілді смайлик- мен бүгін көп үйрендім.

Жай смайлик – жартылай түсіндім

Көңілсіз смайлик -  менде әлі сұрақтар бар

Ж.Жабаевтың өмірі мен шығармашылығы. «Аттандыру» өлеңі

$
0
0

Оңтүстік Қазақстан облысы Сайрам ауданы

№71 Қарасай батыр атындағы шағын жинақты жалпы орта мектебі

Қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі Маликова Шолпан Сагындыковна

Қазақ әдебиеті 7 сынып

Сабақтың тақырыбы: Ж.Жабаевтың өмірі мен шығармашылығы. «Аттандыру»  өлеңі

Сабақтың мақсаты:
Білімділік: Жамбыл Жабаевтың өмір жолы мен шығармашылығына қысқаша  шолу жасай отырып, ақын шығармашылығының қазақ әдебиетінде алатын орны мен маңызына тоқталу, «Аттандыру» өлеңінің мәнін ашу.
Тәрбиелік: Оқушыларға Ж. Жабаевтың өмірбаяны мен өлеңін оқытып, мазмұнын аша отырып, оқушылардың бойында өз еліне,  ана тіліне деген сүйіспеншілік сезімін қалыптастыру, отансүйгіштікке тәрбиелеу.
Дамытушылық: Ж. Жабаевтың өлеңін оқыта отырып, оқушылардың шығармашылықпен жұмыс істеуіне ықпал ету, ойлау шеберлігін, сөйлеу шеберлігін, талдау  жасау қабілетін дамыту.
Сабақтың түрі:  жаңа сабақ материалын өздігінен игеру

Сабақтың әдісі: сұрақ-жауап, түсіндіру, талдау, шығармашылық

Пәнаралық байланыс: тарих

Сабақтың көрнекілігі: интерактивті тақта, слайд,  «Дана, дара  ақын»  видеокөрсетілімі, суреттер, кітаптар.

Сабақтың барысы:

  1.  Ұйымдастыру кезеңі.
  2. Үй тапсырмасын сұрау («Кубизм» әдісі арқылы)
  3. Мағжан Жұмабаев кім және оның қандай шығармалары бар?
  4. Ақынның «Сүйемін» өлеңінің негізгі идеясын анықтап, өлең жолдарымен дәлелде.
  5. М.Жұмабаевтың «Сүйемін» өлеңін жатқа айт.
  6. Ақынның «Толқын» өлеңін мәнерлеп оқы.
  7. «Мен толқынмын» тақырыбына шағын мәтін құра.
  8. Халық ауыз әдебиетінің түрлерін ата.

III. Жаңа сабақ:

Жүз жыл өмір кешкен ақында неше жүз жылдар өнері мен шеберлігі түйіскен

М. Әуезов.

«Дана, дара ақын»  видеокөрсетілімі  және Ж.Жабаевтың өмірі мен    шығармашылығы туралы слайдтар көрсетіледі.

Мұғалім сөзі:

 Жамбыл бабамыз өз шығармаларының бірталайын Ұлы Отан соғысы жылдарындағы жауынгерлерге күш-қайрат, жігер беруге және  елін, жерін қорғауға үндеуге арнады («Ленинградтық өренім» және т.б). Соның бірі өз ұлын майданға шығарып саларда шығарған «Аттандыру» өлеңі.   1942 жылы Алғадай Жамбылұлы майданға кетеді. 1943 жылы 22 ақпанда Днепропетровск облысы, Синельникова қаласында ерлікпен қаза табады.

ІV. «Аттандыру» өлеңі  (Өлеңді мәнерлеп оқып беремін).

  1.   Жаңа сабақты бекіту:

       Сөздікпен жұмыс: арғымақ, арлы, алды едің, ағат баспа, аңғарлы жан      сөздерінің мағынасын тану (түсіндірме сөздік арқылы)

Топқа бірігу:  «Отан оттан  да ыстық»,  «Отан отбасынан басталады»,  «Отанын сатқан оңбас» мақалдарының кеспе қағаздары арқылы оқушылар    3 топқа бірігеді.

        Әрбір топ оқулықпен жұмыс жасай отырып және видеокөрсетілім мен слайд  бойынша ақынның өмірі мен шығармашылығы жайлы тірек сызбаны толтырып, постер жасап,  әңгімелеп береді.

Әдебиет теориясы.

Бата  алғыс айту, ақ ниет, ақ тілек білдіру. Бата беру адал ниет, жақсы тілек білдірудің ұлттық дәстүрі. Батаның түрлері: ақ бата теріс бата, серттесу батасы.

Өлеңді оқушыларға мәнерлеп оқыту.

Сұрақтар мен тапсырмаларды орындау.

 Өлеңді талдау. Аралас ұйқасты, толғау түрінде жазылған.

  1. Қорытындылау.Бағалау.

Ұлы Отан соғысы жылдарында ерлік көрсеткен қазақстандық батырлардың   ерліктерін   әңгімелей отырып,   Тәуелсіздіктің 25 жылдығымен байланыстыру.

I. Үйге тапсырма.

  1. Жамбыл Жабаев туралы оқып, «Аттандыру»  өлеңін жатқа айту.
  2. Ізденіп, бір бата жаттап келу.

Тұрақты тіркестер

$
0
0

Талдықорған қаласы

№12 орта мектеп-гимназиясының

мұғалімі Қабылқызы Сымбат

Сыныбы: 5 «А»

Сабақтың тақырыбы: Тұрақты тіркестер

Сабақтың типі: қорытындылау сабағы

Түрі: СТО технологиясы  негізге алынып топтық жұмысқа құрылған шығармашылық –ізденіс сабағы.

Қолданылатын әдіс-тәсілдер:  топтық жұмыс; СТО технологиясы, проблемалап оқыту, этнопедагогика, «Ұқсастық пен даралық» диаграммасы, сәйкестендіру тесті

Пәнаралық байланыс: орыс тілі, ағылшын тілі, географияКөрнекілігі: 7жұтты бейнелейтін суреттер, тапсырмалардың барлығы  интербелсенді тақта арқылы көрсетіледі.

Сабақтың мақсаты:

1.Білімділік: Тұрақты тіркестер тақырыбынан алған білімдерін дағды мен іс-әрекетте пайдалана білуге үйрету.

  1. Дамытушылық: Өткен тақырыптарда алған білімдерін кеңейтіп, тіл байлықтарын, ойлау қабілеттерін дамыту. Сөздік қорларын байыту.
  2. Тіл байлығымыздың құндылығын сезіне білуге; бірін-бірі сыйлай білуге, адамгершілікке тәрбиелеу.

Сабақтың барысы:

І. Ұйымдастыру. 1. Сәлемдесу

  1. Құрал-жабдықтарын түгендеу.
  2. Жұмыс ережелерін еске түсіру.

ІІ. Қызығушылығын ояту кезеңі. Жаңа сөз тудырып тұрған әріптерді қосқанда 1сөз шығады. Бүгінгі сабағымызды сол сөзбен байланыстырамыз.

Аға-жаға

Бөл-бөле

Аяқ-таяқ

Тер-тері   (жеті)

-7- қазақ халқының ұғымында қандай сан?

-7 санына қатысты қандай ұғымдарды білесіңдер?

-7-шелпек, күн, ата,күн, қазына,жұт.

-7жұт деген не? Нелер жатады?(құрғақшылық,мал жұтауы, өрт,зілзала,оба,соғыс,топан су)

-2012 жылы әлем халқы неден үрейленеді? Оқушылардың пікірін білу.

-Осындай жамандықтардан құтылу үшін сендердің білімдерің керек. Бүгінгі сабағымызда 7жұт яғни, 7түрлі кедергі (тапсырмалар )кездеседі. Сол кедергілерден  дұрыс жауап арқылы құтылуымыз керек.

ІІІ. Мағынаны ажырату кезеңі. 1)ҚҰРҒАҚШЫЛЫҚ.

Еркін сөз тіркесі

ұқсастығы

Тұрақты тіркес

2) МАЛ ЖҰТАУЫ

ІІІ.Дағды мен іс-әрекетті жүзеге асыру кезеңі. Оқулықпен жұмыс.

122-жаттығу

3) ӨРТ

І топқа сәйкестендіру тесті.

  1. Көзі .... болу темір
  2. Қас пен .... арасында алақандай
  3. Өкпесі ... қазандай көздің
  4. Тепсе ... үзеді. Қара

ІІ топқа

  1. Тайға... басқандай өрге
  2. Ит терісін .... қаптау шыбын
  3. Көзіне көк .... үймелету таңба
  4. Тасы ... домалау басына

ІІІ топқа. Сұрақты тұрақты тіркестер

*Қандай көзімен атады?

*Атарға несі жоқ

*Аузына не құйылды?

*Кірерге не таппайды?

ІҮ топқа

*Қабағынан не жауады?

*Қой үстіне не жұмыртқалайды?

*Тырнақ астынан не іздейді?

*Төбесіне не қайнатады?  

4) ОБА (ауру)

Полиглоттар.

Қазақ тілі-орыс тілі-ағылшын тілінде мағынасы ұқсас тұрақты тіркестерді салыстыру.

5) СОҒЫС

«Ойлан, жұптас, пікірлес» (Тұрақты тіркестермен шығармашылық жұмыстар)

І топ. .Диалог «Ана мен баланың әңгімесі»

ІІ топ .«Біздің заман»

ІІІ топ .Сыныптағы 2оқушының түр-тұлғасына сипаттама

ІҮ топ. Сыныптағы 2оқушыға мінездеме

6) ТОПАН СУ

Әр топ үйден тұрақты тіркеске салып келген суреттерін 1-1 көрсетіп, тұрақты тіркесін, синонимін, антонимін табады.

7) ЗІЛЗАЛА

*Тұрақты тіркестерге ребус, сөзжұмбақ құрастырып, бір-бірінікін шешеді.

ІҮ. Бекіту.

  • «Тұрақты тіркестердің мағынасына қарай түрлері» тақырыбында

1оқушы шағын ізденіс жұмысымен таныстырады.

Ү. Қорытындылау.

Оқушылар бір-біріне тұрақты тіркестермен тілектер айтады.

ҮІ. Үйге: 124-жаттығу

ТОЛЫҚ ЖҮКТЕУ

Внимание! У Вас нет прав для просмотра скрытого текста.

Ж. Жабаев. «Жаныс ақынға», «Патша әмірі тарылды» өлеңдері

$
0
0

Тақырыбы 30-31

Ж. Жабаев. «Жаныс ақынға», «Патша әмірі тарылды» өлеңдері

Мақсаты

Тақырып мазмұнын түсіну, идеялық ұстанымындағы автордың ойына өзінше ой қосу арқылы пікір айтуға машықтанады

Жалпы мақсат

Жамбыл Жабаевтың өмірі мен шығармашылығы, көтерген мәселесі, өлеңдерінің мазмұны мен тілдік ерекшеліктер жайлы түсінік қалыптастыру.Тақырыпты  түсініп оқи білуге баулу.

Күтілетін нәтиже

Тапқырыптың негізгі маңызын шығармашылық тапсырмалар арқылы байланыстырып түсінуге, сөйлеуге , ойын тиянақты жеткізуге дағдыланады.

7 модульдің қолданылуы

АКТ”, “Оқыту мен оқудағы жаңа тәсілдер”, “Оқыту үшін  бағалау және оқуды  бағалау”, “Сыни тұрғыдан ойлауға үйрету”,  “Оқытуды басқару және көшбасшылық”.

Қолданылатын әдіс-тәсілдер

Миға шабуыл, , Бес жолды өлең, Салыстыру кестесі

Қолданылатын ресурстар

Флипчарт, маркерлер, портреттер, тақта, стикерлер, ноутбук

Ұйымдастыру кезеңі

Сәлемдесу

Сынып оқушыларына  жағымды ахуал туғызу

Түгелдеу

Топқа бөлу ( Ақындар ауылы  арқылы 4 топқа бөлінеді)

«Айкүміс» ауылы

«Шашубай» ауылы

«Құлманбет» ауылы

«Досмағанбет» ауылы

Әр топ өз орнына отырып сабаққа дайындалады

Сабақ кезеңдері

Тапсырма

Мұғалімнің іс-әрекеті

Оқушылардың іс-әрекеті

Білім

Қызығушылық

тарын  ояту

    «Миға шабуыл» әдісі

Үйге берілген тапсырманы тексеру.

Оқушыларды сұрақ-жауап арқылы диалогқа түсіру

Тұрмағанбет Ізтілеуов тың «Адамдық іс», «Арқаңның ауруы не қозбайтұғын»

 өлеңдерін жатқа айту

Ырғақ дегеніміз не?

Оқушылар жауап береді

Түсіну

Ой шақыру стратегиясы

Өткен тақырыпты еске түсіру және жаңа тақырыпты  ашу Слайдта берілген сұрақтарға жауап беру, топпен  тапсырманы орындау

  Топтастыру  стратегиясы

Ақын шығармаларын топтастыру

І кезең – 1846-1916 жылдар аралығы

ІІ кезең – 1917-1940 жылдар аралығы

ІІІ кезең – 1941-1945 жылдар аралығы

Өлеңдері

Айтыстары

Дастандары

1.Жамбыл туралы не білесіңдер?

2. Бала Жамбылдың  ақын болып қалыптасуына  қандай жағдайлар әсер еткен?

3.Ақынның  қандай шығармаларын білесіңдер?

4.Қазақ халқының тарихында халықты қырғынға ұшыратқан қандай ақтаңдақтарды білесіңдер?

Қазақ халқының тарихында халықты қырғынға ұшыратқан қандай ақтаңдақтарды білесіңдер?

Олай болса, бүгінгі жаңа сабағымыз Ж. Жабаевтың «Патша әмірі тарылды» өлеңіндегі 1916 жылғы «Июнь жарлығына» байланысты қазақ халқының басындағы ауыр кезеңдегі оқиғаның суреттелуі 

Әр топ сұраққа жауап береді

І кезең

1846 ж.  28 ақпанда  Жамбыл  дүниеге  келді. Туған  жері – Жамбыл тауы.

13 жасында Жамбыл алғашқы өлеңдерін шығарып, атақты Сүйінбай ақыннан бата алған.

Жыр алыбы – Жамылдың алғашқы өлеңдеріне тоқталу («Шағым», «Әкеме», «Менің пірім – Сүйінбай»)

1912 жылы Балуан Шолақпен кездеседі.

1913 жылы Романовтардың 300 жылдық тойына арналған көрмеге барады.

ІІ кезең 

1937 жылы Ш. Руставелидің «Жолбарыс терісін жамылған батыр» поэмасының 750 жылдық тойына қатысуы.

1938 жылы Қазақ ССР Жоғарғы Кеңесіне депутат.

ІІІ кезең

1941 жыл СССР Мемлекеттік сыйлығының лауреаты.

1941 жылы «Ленинградтық өренім» өлеңінің жазылуы.

1943 жылы Жеңістің алғашқы көріністеріне арналған айтысты ашуы.

1945 жылы, 23 маусымда қайтыс болды.

- ХVIII ғасырдағы жоңғар шапқыншылығы кезіндегі «Ақтабан шұбырынды - алқакөл сұлама» оқиғасы.
1916 жылғы патша жарлығына байланысты ұлт - азаттық көтерілістер.
- Кеңес дәуірі кезіндегі Қазақстандағы аштық, сталиндік репрессия.
Жетоқсан оқиғасы. Жазықсыз жастарды жазалау.

Қолдану

Бес жолды өлең

Әр топ тақырыпты жинақтау үшін оқулықтан  тақырыпқа қатысты

 Ж. Жабаевтың  «Жаныс ақынға», «Патша әмірі тарылды» өлеңдерін  құрылысына қарай  талдайды

Бірінші жолда - тақырып бір сөзбен беріледі (зат есім)
- Екінші жолда - тақырып екі сөзбен сипаттау (сын есім)
- Үшінші жолда - тақырыпқа қатысты қимыл атауынан үш сөз жазу. (етістік)
- Төртінші жолда - 4 сөзден тұратын бір сөйлем.
- Бесінші жолда - тақырып мәнін ашатын бір синоним сөз

Мысалы

Жамбыл. Күй.Отан.Батыр.Жазушы.
Домбыра.

Сергіту сәті

Жамбыл мен Айкүмістің айтысы

Енді ортаға  Сүндет пен  Ғалияны шақырып, Жамбыл мен Айкүмістің  айтысын  тамашалайық

Жамбыл мен Айкүмістің айтысын  тыңдайды

Талдау

 Ж.Жабаевтың«Патша әмірі тарылды» өлеңін мәнерлеп оқу.

   Жамбыл өлеңдерін құрылысына қарай талдау.

 Жамбыл шығармаларының тақырыбы?

«Патша әмірі тарылды» өлеңі қандай оқиғаға байланысты туған?

Тарихи оқиғаны суреттеудегі ақынның шеберлігі, т.б.

«Жаныс ақынға» өлеңінде ақын қарсыласына қандай мінездеме береді?

Жамбыл ең алғаш кімнен бата алды?

Жамбылдың «Жетісудың жүйрік ақыны» атануына кіммен айтысы себеп болды?

Жамбыл өзіне кімді пір тұтқан?

Жабаевтың «Патша әмірі тарылды» өлеңіндегі 1916 жылғы «Июнь жарлығына» байланысты қазақ халқының басындағы ауыр кезеңдегі оқиғаның суреттелуі  және «Жаныс ақынға » өлеңі

- ХVIII ғасырдағы жоңғар шапқыншылығы кезіндегі «Ақтабан шұбырынды - алқакөл сұлама» оқиғасы.
1916 жылғы патша жарлығына байланысты ұлт - азаттық көтерілістер.
- Кеңес дәуірі кезіндегі Қазақстандағы аштық, сталиндік репрессия.
Жетоқсан оқиғасы. Жазықсыз жастарды жазалау. Жазирадай жауқазындарымыздан, Қайраттай арыстарымыздан айрылу.

«Жаныс ақынға » өлеңі

1. Мәнерлеп оқу

2. Мәтінмен жұмыс

А) Мәтін мазмұнына сүйене отырып, жаныс ақынға мінездеме беру

Б) Жаныс бейнесін ақын тіліне талдау жасау, эпитет,теңеу, метафораларды табу.

3. Сөздікпен жұмыс

4. Өлең құрылысына талдау жасау

Жинақтау

Автор орындығы

Сыныптағы дарыны оқушы  автор орындығына отырып, Ж.Жабаевтың  өмірі мен шығармашылығына байланысты қойылған сұрақтарға жауап береді.

Топтағы оқушылар Ж.Жабаевтың  өмірі мен шығармашылығына байланысты сұрақ тар қояды.

Бағалау

 Топ мүшелері критерий арқылы бірін-бірі бағалайды.

Топ басшысы  бағалау критерийлеріне сүйеніп, топ мүшелерін бағалайды.

Мұғалімнің қорытынды сөзі:
- Ақын Сәкен Сейфуллин «Жамбыл жырлары теңіз түбінде шашылып жатқан маржан сықылды. Оны жинап алып, халықтың қолына беру – біздің әрқайсымыздың азаматтық борышымыз»,- деген екен. Сондықтан Жамбыл жырларын, өмірін біліп, өнегелі өмірі мен сөздерінен үлгі алуымыз керек.
«Егер біз Жамбыл даналығын тәу етіп, ұлылығын ұлағат тұтып жатсақ, оның басты себебі Жамбыл арманының адамзаттық арман аңсарымен ұласып жатқандығында. Сондықтан да қазақтың Жамбылына адамзаттың Жамбылы ретінде құрмет көрсетіп, өлмес рухының алдында басымызды иеміз»
Н. Ә. Назарбаев
Үйге тапсырма: Ақ басты Алатаудың Жамбылымын (шығарма)

Өзін өзі топпен бағалайды  Бағалау парақшасы

Бағалау парағы

5-15 ұпай «3» - тік баға

15-25 ұпай «4» - тік баға

25-30 ұпай «5» - тік баға

Рефлексия

Стикерлерді толтыру

Оқушыларға стикер толтыруды ұсыну

Ұсынылған стикерді толтыру

Негізгі және туынды зат есім.

$
0
0

Тақырыбы: Негізгі және туынды зат есім.
Мақсаты:
Білімділік:
Зат есімнің негізгі және туынды түрлерінің жасалу жолдарын, айырмашылықтарын ұғындыру. Сөз құрамы туралы алған білімдерін пысықтау, жетілдіру;
Тәрбиелік: Оқушыларды шапшаңдықққа, ұқыптылыққа, шыншылдыққа, өз бетінше тапсырмаларды орындап, нәтижеге жете білуге тәрбиелеу, мамандық иелеріне деген құрмет пен алғыс сезімдерін ояту.
Дамытушылық: Танымдық қабілеттерін, сауаттылықтарын және көркем жазу дағдыларын дамыту.
Сабақтың типі: Білім  білік, дағдыны жетілдіру сабағы.
Сабақтың әдіс - тәсілдері: сұрақ - жауап, ой қозғау, салыстыру, талдау - жинақтау, ойын.

Сабақтың көрнекілігі: суреттер, слайд.

Сабақтың барысы:
І. Қызығушылықты ояту.
1. Ұйымдастыру.
    Амандасу.
Оқушыларды және құрал - жабдықтарын түгендеу.
Оқушылардың назарын сабаққа аудару.
Психологиялық дайындық.

  • Көңіл күйлерің қалай?
  • Керемет!
  • Дайындықтарың қалай?
  • Тамаша!
  • Ынталарың қалай?
  • Ғажап!

ІІ.  Үй тапсырмасын тексеру.

      Зат есім дегеніміз не?

      Зат есімнің сұрақтары қандай?

      Жалпы есім деген не?

      Жалқы есім деген не?

ІІІ. Жаңа сабақ.
    Тірек білімдерін жетілдіру.

   Ребусты шеш.

Суреттегі заттардың атын үлгіде көрсетілгендей жаз. Оларға сұрақ қойып, мағынасын салыстыр.
                      Көз + ілдірік = көзілдірік
                      Балық + шы = балықшы
                      Ас + паз = аспаз
                      Дәрі + гер = дәрігер

 Ереже:

       Зат есім негізгі және туынды болып бөлінеді. Негізгі түбірден болған   зат есімді негізгі зат есім деп атайды. ыдыс, кілем, аяқ.
  
Түбір сөздерге жұрнақ  жалғану арқылы жасалған зат есімді туынды зат есім деп атайды: жұмыскер, ойыншық, күйші.

Оқулықпен жұмыс:

   Дәптермен жұмыс:  

     Бір, екі, үш,

     Бойымызға жинап күш.

     Қолға қалам алайық ,

     Әдемілеп жазайық .

1-жаттығу:

 Сөздерді салыстырып оқы. Олардың әрқайсысына сұрақ қой, айырмашылығын байқа. Қосымшалы сөздерді көшіріп жаз. Сөз құрамына талда.

   Өнер-Өнерпаз                Балық-Балықшы

    Күй-күйші                      Көл-Көлшік

    Сый-сыйлық                  Орын-Орындық

 2-жаттығу:

Өлеңді мәнерлеп оқы. Өлеңнің алғашқы төрт жолын көшіріп жаз. Туынды зат есімдердің астын сыз, сөз құрамдарын талда.

                    Әкем менің-қауыншы,

                    Апам менің-сауыншы,

                    Ағам менің егінші,

                    Жеңгем менің-тігінші.

                   Атам менің, ол-ұста,

                   Бәрі-бәрі жұмыста.

                   Отырмаймын мен текке,

                   Кеттім мен де мектепке.

 3-жаттығу: Негізгі зат есімдерге –шы, -ші жұрнақтарын жалғап, туынды зат есім жаса.     Негізгі зат есімдерді бір бағанға, туынды зат есімдерді екінші бағанға жаз.

  Күй, өрмек, жылқы, егін, балық, ән, сурет, ойын, бас.  

 Үлгі:   күй-ші                     жылқы-ш

"Сергіту сәті".
             Көбелек тұрып ертемен,
             Күлімсіреп керіледі.
             Бір дегенде - шықпен бетін жуды,
             Екі дегенде - шыр көбелек айналып бұрылды,
             Үш дегенде - еңкейіп жерге жетті,
             Төрт дегенде - ұшып кетті.

 5-жаттығу. Түбір сөздерге тиісті жұрнақтарды жалғап, туынды зат есім жаса.

         Шебер, таза, жақсы, ем, ас,            -лық, -лік, хана,

         Ойын, тал, жаңа, әділ, дос.             –шық, -дік, -тық

        ІV. Карточкамен жұмыс:

      Берілген сұрақтарға өз беттерінше жауап береді.

  1. Сабақты бекіту.
           
«Ойлан, тап» ойыны
    Интерактивті тақтадан ұяшықтар арқылы  бірнеше суреттер көрсетіледі. Сол суреттердің атын атап, жұрнақ жалғап, туынды зат есім жасау керек. Туынды зат есімдерді қатыстырып сөйлем құра.

  Суреттер: қой, етік, үй, бес, домбыра, мүсін, қобыз, жылқы.

Қой-қойшы

Етік-етікші

Үй-үйшік

Бес- бестік

Домбыра-домбырашы

Мүсін-мүсін

Қобыз-қобызшы

Жылқы-жылқышы

VІ.Үй тапсырмасын беру.

   а) Ережені жаттау.

   ә) 4 – жаттығу.  

 VІI.  Бағалау. 

ТОЛЫҚ ЖҮКТЕУ

Внимание! У Вас нет прав для просмотра скрытого текста.

АНАР КАБДУЛЛИНА. «СҮЗГЕНІҢ ХАТЫ…»

$
0
0

(Ақын Ербол Бейілханның «Көшім хан — Сүзге» поэмасы туралы бірер сөз)

Рухани өмірімізге дендеп еніп бара жатқан мультимәдениеттік идеядағы аса арынды әдебиет тасқынына тосқауыл бола аларлық тарихи көркем шығармалардың ренессансы — осы кез. Ұлттық идеясының ішкі діңгегі мықты һәм жаңаша жазылған бүгінгі күннің осындай көрнекті тарихи шығармасы – «Көшім хан — Сүзге»  поэмасы.  Авторы – қазіргі заман әдебиетінде сөз эквилибристикасының хас шеберлерінің бірі болып саналатын белгілі ақын  — Ербол Бейілхан.

«Көшім хан – Сүзге»  —   эпикалық баяны басым, колоритті поэма.

Бай сөздік қорын шиырлата шебер қолданғанымен, қабылдауға жеңіл баяндау стилінен жаңылмайтын автор бұл жолы да сол ерекшелігіне адал болып қалғандығы білінеді.

Ғасырлар – өткен тұмандай,

Шындығым үркіп бұландай.

Айларым өткен жылыстап,

Күндерім қашқан құландай, -деп, бір ерекше көркем ойдың әдемі түйінін жасаған автордың бұл поэманы жазудағы бір мақсаты  — уақыт көшімен тарих қойнауына әлдеқашан мұнарта сіңіп жоқ болған тау тұлғаларды тірілту, соларға өлмес ескерткіш қою болғанға ұқсайды.

Екінші бір мақсаты – адам жанын өзіне елітіп, еліктіруін әсте қоймайтын, мәңгі өлмейтін махаббат тарихы болса керек. Бұл шығарманың лирикалық бояуының қанықтығы, нәзік сыршыл ақынның жүрек лүпілі ерен білінетін туынды бұл:

Білініп көктен күз демі,

Құстардың қайтып тізбегі,

Ақ балтыр қайың қия алмай,

Жапырақтарын үзгені.

Сағыныш кернеп кеудесін,

Жүректің шертіп пернесін,

Өткенін ойлап Көшім хан,

Сүзге ханымын іздеді.

Асау жүрегі бұлқынып,

Қыран бүркіттей сілкініп.

«Қайдасың, қалқа Сүзге», -деп,

Сағыныш кернеп түзге кеп!

Қос жанарына шық тұрып,

Орнынан тұрды бұлқынып…

Сүзгедей ханымынан айрылған хан Көшімнің ішкі запыранын, буырқанған алай-түлей ішкі сезімін мәтіндегі бейнелеуіш тәсілдермен жанданған мол қимыл-әрекет айқын көрсетіп тұр.  Атышулы Ермак шабуылынан тойтарыс тауып, өзі билік құрған Сібір хандығынан бір айрылса, жанымен сүйген Сүзге сұлудан екі айрылып, қайғыдан қабырғасы қарс айырылған ер Көшімнің бұл сәттегі халі жаралы арыстаннан бір де кем емес. Поэмада Көшім ханның образы былай суреттеледі:

Жігіттің болды арланы,

Тұлпардың болды тарланы.

Дүбірлетіп мың қолмен,

Сан қамалды алғаны.

Есілден көшіп сұлтан боп,

Қиялап ұшты сұңқар боп.

Есіне түсті тағы да,

Сібірді жаулап алғаны.

Тарих беттерін парақтағанда, кезінде ер Көшімнің Сібір өлкесіне билігін жүргізіп, сол жақта біраз уақытқа дейін дәурен-талайы жүріп тұрған кезі болғанына көз жеткіземіз. Автор тегі қазақ Көшімдей көкжал ердің батырлығын Мысырды билеген Бейбарыс сұлтаннан бір де кем көрмейді һәм метафоралар түйдегі арқылы сүйсіне асқақтатуда шебер:

Асау өзеннің арнасы,

Мұнартқан сен бір шың басы.

Мысырды билеп басқарған,

Бейбарыстардың жалғасы.

Аңыздағы патшайымдар мен эпостағы сұлулардың образын толықтыра түсетін, аса қызықтыратын  кейіпкер —  Сүзге ханым.  Сұлу Сүзгені Ербол ақын:

Мың жылға жетер даңқың бар,

Зарина мен Тұмардай, — деп, аузының суы құрып тамсана жырлайды.  Тарихы сан ғасырлар қойнауына дендеп кеткен Көшім-Сүзге оқиғасын 1839 жылы «Конек-горбунок» шығармасының авторы, орыстың белгілі ақыны Петр Ершов «Сүзге» поэмасына арқау еткен. Бұл қызық сюжетке көңілі ауған сазгер И.И. Корнилов болса, 1896  жылы «Сүзге» операсын жазғаны белгілі.  Төл әдебиетімізде жазушы Шәрбану Бейсенова бұл тақырыпта өзінің прозалық шығармасын жазғанын да  жақсы білеміз.

Суреткер біткеннің аузының суын құртып, атын таспа-тасқа басып қалдыруға асықтырған, өлмейтін, өшпейтін шығармаға айналдыруға құлшындырып, ындынын құртқан — Сүзге сұлулығы, Сүзге қайсарлығы, Сүзге адалдығы болса керек. Сүзге образы поэмада:

Дидары күндей көрікті,

Ай жүзін самал өбіпті.

Әуелден шебер Жаратқан,

Ақыл мен көрік беріпті.

Он екі құлаш бұрымын

Он екі ару өріпті, -деп береді.  Қазақ эпостарындағы сұлулықты суреттеудің қалыптасқан жолына адалдық мұнда да бар. Эпостық еркін ұйқастың шабытты пафосы қанат бітірген бүгінгі  кезең ақыны үшін мынау жаңа заманда да сұлулық символдарын қабылдау қалпы аса өзгермегенін байқаймыз. Ұзын бұрым – қашан да сұлулық символы болып қала беретін сияқты.

Көшім хан ақылы көркіне сай сұлу Сүзгені сүйіп алған. Ғашығына арнап «Сүзге-тура» қалашығын да салған. Ермакпен айқаста күші кем болып, жеңілген хан Көшім Сүзге-тураны қорғай алмайды. Қаланы алуға бар күшін жұмылдырған орыс-казак әскеріне бірталай уақыт берілмеген «Сүзге-тура» тұрғындарының жан алысып, жан беріскен ерен ерлігі поэмада әсерлі суреттеледі.  Сүзгенің де қайтпас қайсар мінезі, ізгілігі, қас сақ үмбетіне тән адуындылығы осы тұстан көрінген. Тірі қалған қала халқын жасырын қақпа арқылы қайықпен құтқарып жіберіп, жалғыз қалған деседі.

Құтқарып барлық халықты,

Сарайда Сүзге қалыпты.

Тәнімді кәпір сипар деп,

Биік ағаштың түбінде,

Иван Гроза жеткенше

Өзіне қанжар салыпты.

Текті боп туған қайран қыз

Тектілік солай танытты.

Қазақтың барлық батыры

Ерлігін естіп Сүзгенің

Есінен танып қалыпты, — деп толғайды ақын.

Қайткен күнде де, автордың Көшім-Сүзге туралы  бұрынғы жазылған шығармалардың концептуалды бағыт — шешімінен айнымағандығы анық байқалады. Поэмада автор «Көшім-Сүзге» тақырыбына ынтызар болған тау тұлғаларымызды атап өтеді. Солардың қатарында Шоқан, Абай, Ақыт қажының атын атайды. Күллі Алаш даласы күй күмбіріне елітіп, сұлу Сүзгесін жоқтаған кездер де өткендігінің дәлелі ретінде:

Сүзге ханымға күй арнап,

Даулескер күйші Байжігіт,

Даланы сазға бөлеген, — деп құйқылжытады.

Қазақ еріне тән батырлық пен шынайы сүйе білу, қазақ қызына тән асқақ рух пен гүлдей нәзіктік Ербол ақынның да есін алып, шабытын шақырғаны анық.

Тегіңді тарих тектеген,

Уақыт үрікті көшпенен, — деген жолдардағы өзіне тәнті ететін ұлттық өрнек, яғни, уақыттың «көшпен үркуі» сияқты колоритті әсем суреттер поэмада баршылық. Автор сөзді шебер ойнатады. Батырлар һәм ғашықтық жырлардағыдай аңыз-баянға лаконизм тән көрінді: поэма жинақы да ып-ықшам, тарихымыздың ұмтылмас беттерінен алынып, жаңаша форматта ұсынылған концептуалды бағыттағы әсерлі шығарма.

Анар Кабдуллина,

сыншы, әдебиеттанушы.

Ұлт порталы

Болымды және болымсыз етістік

$
0
0

Пәні: Қазақ тілі

Күні: 06.03.17

Сыныбы:3в

Cабақтың тақырыбы: Болымды және болымсыз етістік. Сабақтың мақсаты: Оқушыларғы болымды, болымсыз етістік туралы түсіндіру, білімдерін кеңейту. Білімділік: Етістік бойынша алған білімдерін пысықтау және сөйлем ішінен етістіктерді тауып талдай білуге, ажырата білуге дағдыландыру. Дамытушылық: Оқушылардың ақыл – ойын, тіл байлығын, көркем жазу дағдысын, ойлау, талдау, салыстыру қабілеттерін дамыту. Тәрбиелілік: Оқушыларды достыққа, табандылыққа, шығармашылыққа, еңбекке тәрбиелеу. Сабақтың түрі: Дәстүрлі емес Типі: жаңа білімді меңгерту

Әдісі: Б.Блум таксономиясы, түсіндіру,сұрақ-жауап, көрнекі

ой қозғау, сұрақ – жауап, шығармашылық жұмыс, ойындар, Қолданған технология: Дамыта оқыту технологиясы,. Көрнекіліктер: суреттер, кесте, бағалау парағы, слайдтар. Пәнаралық байланыс: ана тілі, дүниетану, бейнелеу, өзін – өзі тану Сабақтың барысы: І.Ұйымдастыру .  Сыныпты  3топқа бөлу.

Топ жетекшілерін сайлау 1.Психологиялық дайындық

2.Сабақтың мақсатын хабарлау

3.Сабақ кезеңдерімен таныстыру.

Б. Блум бойынша:

  1. Білім
  2. Түсінік
  3. Қолдану
  4. Талдау
  5. Жинақтау
  6. Бағалау

ІІ.Негізгі бөлім

Білім. 

Мақсаты: Өтілген материалдарды қайталау «Зерделі сұрақ, дәлелді жауап!»   Үш топ топтасып жауап жазады

1 топ Етістік дегеніміз не?   Етістіктің түрлерін ата?

2 топ

  1. Дара етістік дегеніміз не?
  2. Күрделі етістік дегеніміз не?-

3 топ

  1. Негізгі етістік дегеніміз не?
  2. Туынды етістік дегеніміз не?  

26-жаттығу

Ек

Тап

Ілме

Секір

Тебеді

Іздепті

Көрінеді

Ілме-іс әрекеттің болмауын,жүзеге аспауын білдіреді.

   Түсінік.

Мақсаты:  Болымды және болымсыз етістіктерге түсінік беру.

Интерактивті тақтамен жұмыс.

Тапсырма: Тақтада берілген сөздерді екі бағанға топтап жазыңдар                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                             

Көркем жазу минуты

28- жаттығу    

ЖҮЗ – ЖҮЗБЕ КҮЛ – КҮЛМЕ ТӨК – ТӨКПЕ ЖАЗ – ЖАЗБА БАР – БАРМА ТАҚ – ТАҚПА - Көшіріп жазу. Қосымшалы етістіктерді талдау

Неліктен олай топтадыңдар?

-Бірінші қатар іс-әрекеттің жүзеге асуын білдіреді. - Екінші қатар іс - әрекеттің болмауын, жүзеге аспауын білдіреді.

Қорытынды шығару. (оқушылардың ереже шығарып, қорытындылауы)

Болымсыз етістіктер болымды етістіктерге – ма, - ме, - ба, - бе, - па, - пе жұрнақтары жалғану арқылы жасалатынын айту. Сонымен қатар емес, жоқ болымды етістікпен тіркесіп келіп жасалады.. Мысал: айт - айтпа, жаз - жазба, кет - кетпе, сөйле - сөйлеме, т..

Қолдану.

Мақсаты: Алған білімдерін іс жүзінде қолдана білу.

Тапсырма. Оқулықпен жұмыс. Ережені түсініп, мәнерлеп оқу.

1 топ

29 - жаттығу - Сөйлемдерді көшіріп жаз. - Болымсыз етістіктерді тап. Олардың қалай жасалғанын айт .

«Кім шапшаң?» 2-топ

30 - жаттығу - Мына етістіктерден болымсыз етістік жаса.. Ал, аш, жап, сөйле, шақыр, тарт, үз, үрле - Болымсыз етістік жасау үшін қандай жұрнақ пайдаландың

31 – жаттығу.   жатқа жазу 3-топ      Атаңның баласы болма,      Адамның баласы бол.

. Киіміңе мақтанба, Біліміңе мақтан. - Болымсыз етістіктердің астын сыз. - Мақалдардың мәнін түсіндір. 32 - жаттығу - Тыйым сөздерді оқы. Етістіктерді тауып, олардың болымды, болымсыз екенін айт.   «Сана туннелі»     әдісі 1. Аққу киелі құс саналады. Сондықтан аққуды атуға болмайды. 2. Құмырсқаның илеуін, қарлығаштың ұясын бұзба. 3. Автобуста қарттарға, өзіңнен үлкендерге орын бер. 4. Малды аяғыңмен теппе.

  1. Нанды бір қолмен үзіп жеме. 6. Кітапты таза ұста. 7. Құстарға жемсауыт жаса. 8. Сүт тағамдарын жерге төкпе.

     Жинақтау

Мақсаты: болымды, болымсыз етістік туралы алған білімдерін жинақтау, қорытындылау

1-топ   Интерактивтік тапсырма

2 топ Тест

3 топ Семантикалық карта

негізгі етістік

туынды етістік

болымды етістік

болымсыз етістік

күрделі етістік

оқымады

біл

жаз

келе жатыр

ақта

Бағалау: Не үйрендік? Не білдік? «Екі жақты түсіндірме күнделік» әдісі бойынша етістік түрлерін сызбасын толықтыру

Болымсыз етістіктер болымды етістіктерге – ма, - ме, - ба, - бе, - па, - пе жұрнақтары жалғану арқылы жасалатынын.

Болымды етістік - Іс - әрекеттің жүзеге асуын білдіреді.

Болымсыз етістіктер - Іс - әрекеттің болмауын, жүзеге аспауын білдіреді

Үйге тапсырма: 33– жаттығу. Ереже жаттау.

Қазақ тілінің сөздік қоры әлемде үшінші орында тұр

$
0
0
Қазақ тілінің сөздік қоры әлемде үшінші орында тұр - Фото

Жер бетінде 6 мыңнан астам тіл бар есептеледі. Олардың арасында сөйлейтін адамдар жөнінен біздің ана тіліміз 70-орында екен. Ал тіл байлығы жөнінен үздік үштікке тұрған көрінеді.

Мамандардың айтуынша, ең бай тіл ретінде араб тілі есептеліп отыр. Онда 12 млн. 300 мың сөз бар көрінеді. Бұл көрсеткіш ағалшынша 700, қазақша 600 мыңды құрайды. Ал испанша 300, орысша 150 мың сөз бар болса, қытайлар 87 мыңнан астам иероглифті қолданады. Қысқасы, біздің тіліміз әлемдегі ең бай тілдердің қатарында саналады.

Жер шарында қытай тілінде сөйлейтін адамдардың қатары қалың. Бұл тілді 1,2 млрд. адам ана тілім деп таныса, 300 млн. адам екінші тіл ретінде санайды. Жалпы, көрсеткіш 1,5 млрд. адамды құрайды. Дәл осы көрсеткіш ағылшын тілінің де еншісіне бұйырған. Алайда, оны 500 млн. адам туған, 1 млрд. адам екінші тіл ретінде қарайды.

Испанша – 550 млн. адам (425 млн. адам – туған, 125 млн. адам – екінші), арабша – 420 млн. адам (300 млн. адам туған, 120 млн. адам – екінші), орысша – 260 млн. адам (160 млн. адам туған, 100 млн. адам – екінші) сөйлейді. Одан кейінгі орындарда португал, неміс, француз тілдері бар. Ал қазақша қанша адам сөйлейді? Бұл жөнінде нақты дерек жоқ.

Дереккөзі: http://aqmeshit-aptalygy.kz, inform.kz

Негізгі және туынды сын есім

$
0
0

Пәні: Қазақ тілі  3 сынып                                                        

Сабақтың тақырыбы: Негізгі және туынды сын есім

Мақсаты: 1) сын есім туралы түсініктеріне сүйене отырып, негізгі және туынды сын есім туралы түсіндіру. білім беру;

2) оқушылардың ой - өрісін, танымдық қабілетін сөздік қорларын дамыту, негізгі және туынды сын есімдерді анықтай түсуге жаттығулар орындау, ойындар жүргізу:

3) тазалыққа, ұқыптылыққа тәрбиелеу, туған жерін, Отанын құрметтеуге тәрбиелеу.

Сабақ түрі: ойын сабақ

Әдістері: Сөздік, көрнекілік, практикалық.

Көрнекілігі: Сызба,  «Мен қандаймын?», «Саяхатқа шығу», «Ойлан тап» «Сөзден сөз шығару» ойындары бойынша дайындалған көрнекіліктер,(слайд).

Сабақтың барысы:

  1. Бағдарлау - мотивациялық кезең

«Мен қандаймын?»

Ойынның шарты: Сыныптағы әр оқушы өзінің аты қандай әріптен басталса, оған сол әріптен басталатын сын есімді қосып айтады. Мысалы :  Дастан – дарынды Дастан,

мейрімді Мирас т. б.

Сабақтың мақсатын хабарлау. Негізгі және туынды сын есім туралы алған білімдерімізді ортаға салып, жұмыс жүзінде қолдану.

  1. Операциялық – орындаушылық кезең.
  2. Көркем жазу Ц ц це цв
  3. «Саяхатқа шығу» ойыны арқылы ережелерді қайталау.

- Елімізде қандай үлкен қалалар бар? Осы аталған қалаларға кімнің саяхатқа шыққысы келеді? (қала аттары жазылған қима қағаздарда сұрақтар берілген)

Астана: Сөйлемнің тұрлаулы мүшелерін ата

Алматы: Сөйлемнің тұрлаусыз мүшелерін ата

Орал: Қандай сөз таптарын білесің?

Қызылорда: Зат есім туралы не білесің?

Семей: Етістік жайлы не білесің?

Қарағанды: Сан есім туралы не білесің?

Ақтөбе: Сын есім туралы не білесің?

  1. Тақтадағы сөйлемге назар аударту.

Ол өжет адам еді.

Балалардың талабы таудай.

Айжан әдемі көйлек киді.

Данияр тәртіпті оқушы.

Тапсырма:

Сөйлемдерді оқып сын есімдерді табу, сөз құрамына талдау.

- Қандай ұқсастық бар?

- Айырмашылығы бар ма?

- Осы мысалдарға қарап сын есім туралы не айтуға болады?

(Оқушыларға ой тұжырымдамасын жасатып, ереже шығарту).

Сын есім негізгі және туынды болып бөлінеді. Түбір сөзден болған сын есімді негізгі сын есім дейміз. (таза, үлкен, қызыл).

Түбір сөзге жұрнақ жалғану арқылы жасалған сын есімді туынды сын есім дейміз.( таудай, өнерлі, сезгіш).

  1. Оқулықпен жұмыс. 1 - жаттығу (сөздерді оқып, негізгі және туынды сын есімдерді жеке топтап жаз).

2-жаттығу. Мақалдарды көшіріп жазу,мағыналарын түсіндіру

Туынды сын есімдерді тауып,сөз құрамына талдау.   Тастай,гүлдей,тәуелсіз,білімді

  1. Сергіту сәті.

Бақыт маған да ортақ,

Бақыт саған да ортақ,

Бақыт бәрімізге ортақ (қимылмен)

Біз бақытты баламыз.

- Осы сөйлемде сын есім бар ма? Қандай сын есім? Неліктен?

  1. Танымдық тапсырма.

«Сөзден сөз шығару» ойыны.

«Қарапайым» сөзінен сөздер шығару.

(қар, қара, ара, апа, апай, ай, айым, ым).

  1. Оқулықтан тыс тапсырма.

Терме диктант.

Дәрігер, аласа, күн, терең, жазды, қою, бесінші, өнерлі, айтты, сұйық

(Осы сөздердің ішінен сын есімдерді теріп жазу.

«Ойлан тап» ойыны

 Жұ(...) ық, дәп(...) ме, бар(...) та, тоқ(...) дық.

III. Рефлексиялық – бағалау кезеңі.

3-жаттығу

- Ал, балалар, міне, бұлт ыдырап, күлімдеп күннің көзі шықты.

Даламдай кең пейілім

Жүрегім мол мейірім,

Мен үшін жоқ уағың,

Бәріне ортақ шуағым

Осы жарқыраған күндей мейірімді , көңілі ақ, адамға тек жақсылық жасай білетін азамат болыңдар!

Бағалау: (сабақ барысында түсіндіріп кеткен болатынмын. Әрбір оқушыға жауап беру санына сай жетондар таратылады, соның санына қарай бағаланады)

Үйге тапсырма. №4ж   63бет

ҚАЗАҚТЫҢ КЕМЕҢГЕРІ –АБАЙ

$
0
0

Сабақтың мақсаты:   Оқушыларға Абайдың шығармашылығындағы даналық, қара сөздерінің тәрбиелік мәнін ашып                                                        көрсету.    

Дамытушылық мақсаты: Өз беттерінше жұмыс жасауға дағдыландыру, ойлау қабілеттерін дамыту, сөйлеу мәдениетін  жетілдіру, сөздік қорларын байыту.

Тәрбиелік мақсаты: Жан-жақты болуға, адамгершілік, рақымшылдық, бауырмалдық қасиеттерге  тәрбиелеу.

Сабақтың түрі:  кіріктірілген сабақ

Сабақтың әдісі:    СТО стратегиялары

Пән аралық байланыс:   қазақ тілі, орыс тілі, музыка.

Көрнекілігі: Портреті Абай Құнанбаев, өлеңдерін топқа жіктеу, көрме (Абай кітаптары), нақыл сөз  жазылған плакат.

Сабақтың барысы:              І. Ұйымдастыру.

ІІ. Үй тапсырмасын сұрақтар қою арқылы тексеру.

  • ХІХ ғасырдың ІІ жартысында Қазақ халқының мәдениеті туралы не білеміз?
  • Қазақ халқының ұлы ғалымы Шоқан туралы не білеміз?
  • Ағартушы тұңғыш педагог кім?
  • Балаларға арнап, қандай өлеңдер жазды?

                                      Жаңа тақырып.

Жоспар:                                1. Абай туралы не білеміз? (ой шақыру)

  1. Абайдың өмір сүрген кезі туралы (тарихшы)
  2. Абай шығармашылығына өмір сүрген                             ортаның әсері туралы (қазақ тілі мұғалімі)
  3. Абайдың қара сөздері туралы (тарих мұғалімі)   

Сабақтың барысы:              І. Ой шақыру стратегиясы 

II.Тарихи тұғырдан:

         Абайдың өмір сүрген және шығармаларын жазған кезі патшалы Ресей Қазақстанның кең-байтақ аумағын отарлауды аяқтауға кіріскен кезбен тұспа-тұс келді.

Хх.ғ.20-жылдардың бас кезінде Ресей саодержавиесі қазақтың ұлттық басқару жүйесін жойды.

     Абай халқын ғылым , өнер жолына шақырды.

       Петербургтен жер аударылып келген Михаэлиспен, Долгополов, Ленонтьев сияқты айдауда жүрген демократтармен танысты, достасты.

     Абайдың 3 поэмасы, 45 қара сөзі, өлеңдері, Лермонтовтан-27, Крыловтан-12, шетел  ақындарының  да аудармасы бар.

ІІІ. Абайдың шығармашылығының дамуына өмір сүрген ортасы әсер етті ме? (қазақ тілі мұғалімі Жанаргүл Құлқаева әнгімелейді).

ІҮ. Абай – дара ақын, ерекшілігі – қара сөздер жазуда. Абай – философ, (Салтанат Бөкенова )

Ү. Мағынаны ашу. Абайдың даналақы нақылы: 10,17,7 – ші қара сөдерінің тәрбиелік мәніі неде? (кубизм стратегиясы)

  1. №7 қара сөзінде не туралы айтылады?
  2. №7 қара сөзінің тәрбиелік мәні неде?
  3. № 10 қара сөзін суреттеңіз?
  4. № 7 және № 10 қара сөздерінің мазмұнын салыстырыңыздар?
  5. №17 қара сөзінің тәрбиеләк мәні неде?
  6. Өмірге қолдануыңыз. (Өз ойларын айтады).

ҮІ. Ой толғаныс. Абай тұлғасынан үлгі ретінде не алдық? (топпен жұмыс)

1 топ: (5 жол өлең стратегиясы)

2 топ: Абайдың жыл мезгілдеріне арналған өлеңдерінің бірін суреттеу (сурет салу).

3 топ: Абай атамызға хат. (эссе жазу)

ҮІІ. Абай өлеңдерін топтастырайық. (Алған білімдеріңізді бекіте отырып).

І топ: Мәдениетпен білімді насихаттаған өлеңдері:

«Ғылым таппай мақтанба»

«Интернатта оқып жүр»

«Жасымда ғылым бар деп ескермедім»

ІІ топ: Еңбекші халық мүддесін қорғаған өлеңдері:

«Қалың елім, қазағым қайран жұрттым»

«Болыс болдым, мінекей»

«Сабырсыз, арсыз, еріншек»

«Жігіттер, ойын арзан, күлкі қымбат»

ІІІ топ: Ән шығарған өлеңдері:

«Көзімнің қарасы»

«Бойы бұлған»

«Айттым сәлем, Қаламқас»

«Қараңғы түнде тау қалғып»

«Желсіз түнде жарық - ай»

Оқушының Абай туралы алған білімі

Ой- пікірі

ҮІІІ. «
Күнделік стратегиясы»

ІХ. Бағалау

Х. Үйге тапсырма

  1. Абай туралы шығарма жазу
  2. Өзіңе ұнаған бір қара сөзін талқылау.

Сәбидің дүниеге келуіне байланысты туған жырлар

$
0
0

Тақырыбы 

Сәбидің дүниеге келуіне байланысты туған жырлар

14.09.2016      9-сынып

Мақсаты

Оқушылар  сәбидің дүниеге келуіне байланысты туған жырлар туралы толық мәліметтер алады, салт-дәстүр жайлы түсініктер қалыптасады, ойын тиянақтап жеткізе  білуге үйрене отырып  батылдыққа ,Отанын сүюге машықтары дамыйды

Жалпы мақсат

Тақырыпты  түсініп оқи білуге баулу. Тілін, сөздік қорларын дамыту арқылы сабаққа деген қызығушылығын арттыру

Күтілетін нәтиже

Білімдерін тереңдете отырып топпен жұмыс жасау арқылы білімдері тереңдейді

7 модульдің қолданылуы

АКТ”, “Оқыту мен оқудағы жаңа тәсілдер”, “Оқыту үшін  бағалау және оқуды  бағалау”, “Сыни тұрғыдан ойлауға үйрету”

Қолданылатын әдіс-тәсілдер

Егер мен ойыны,Суреттер сөйлейді  , Академиялық дау –дамай  әдісі, Салыстырмалы карта, Кім жылдам

Қолданылатын ресурстар

Флипчарт, маркерлер, портреттер, тақта, стикерлер, ноутбук

Ұйымдастыру кезеңі

Журектен жүрекке тренингі і арқылы бір-бірімен амандасады; Топқа бөлу – әртүрлі  суреттер таратады, топ ережелерін басшылыққа алып, топтық  жұмыс жасайтындарын айтады

Оқушылар бір-біріне амандасуды жалғастырады; Оқушылар ұқсас фигуралар мен бірігіп  3топ құрайды, топ ережесін сақтайды,Топтар: бөлінеді

Сабақ кезеңдері

Тапсырма

Мұғалімнің іс-әрекеті

Білім

Қызығушылық

тарын  ояту

«Егер мен» ойыны

 арқылы үй тапсырмасы бойынша сұрақтарға жауап береді

Тұрмыс - салт жырлары және оның түрлері туралы сұраймын. Тақтадағы  сұрақтарға жауап беру, топпен тапсырманы орындау

Оқушылар берген тапсырманы орындау. «егер мен» ойыны бойынша оқушылар өткен тапсырма жайында қортындылайды

Түсіну

Суреттер сөйлейді

Тақырыптарғақатысты  материалдар бар  суреттерін тақтаға іліп, талдау

Суреттегі  тақырыптарға қарап мағанасын ашу, жауабын топ болып талқылау

Оқушылардың мұндағы мақсаты берілген  тақырыпқа қатысты не біліп не үйренгендерін, тақырып туралы әсерлерін топ болып талдай отырып ортаға жеткізу

Қолдану

Топпен жұмыс Академиялық дау –дамай  әдісі арқылы жаңа  тақырыпты түсініу үшін арнайы тапсырмаларды қолдану

Оқушыларға  тақырып төңірегінде  тапсырма таратылады,тапсырманы топ ішінде отырғызып топпен талқылату Ол үшін академиялық дау –дамай әдісін пайдалану

 Оқушылардың мұндағы мақсаты берілген тапсырманы өздері талқылап, өз ой-пікірлерімен санаса білуі, топпен жұмыс жасауы.

Талдау

 Салыстырмалы картаны пайдалану

арқылы тақырыпты талдау

Оқушыларға мәтінді топ ішінде әр қайсысына таратып беру. Топ ішінен  топ басшы шығып қорғайды

Оқушылардың мұндағы мақсаты берілген тапсырманы өздері талқылап, өз ой-пікірлерімен бөліседі

Бағалау

Өзін-өзі бағалау

Бағалау парақшасы

Өзін өзі бағалайды

Рефлексия

Стикерлерді толтыру

Екі жұлдызбір тілек

Оқушыларға стикер толтыруды ұсыну

Ұсынылған стикерді толтыру

Үйге тапсырма

«Бесік жыры», «Тұсау кесер», өлеңдерін жаттау

Ақмола облысы

Жарқайың ауданы

Тасөткел негізгі  мектебі

Сәбидің дүниеге келуіне байланысты туған жырлар

Қысқа мерзімді жоспар

Қазақ тілі мен әдебиеті мұғалімі Жумабекова Б.Т

2016-2017 оқу жылы

ҚАЗАҚ ТІЛІ ПӘНІН ОҚЫТУДА ЖАҢА ТЕХНОЛОГИЯЛАРДЫҢ ТИІМДІЛІГІ

$
0
0

        Қазіргі таңда мемлекеттік тілді оқытуда жаңа идеяларды әр сабақта жан-жақты қолданып, жаңаша оқытудың тиімді жолдарын тауып, жүйелі түрде қолдану – заман талабы. Тәуелсіз Қазақстанның ел басқарушысы Нұрсұлтан Әбішұлының кезекті Жолдауында қазақ тілінің қолданыс аясын кеңейту, дамыту және жетілдіру мәселелері сөз болғаны баршамызға мәлім. Сондай-ақ, Елбасы: «Біз қазақ тілін жаңғыртуды жүргізуге тиіспіз. Тілді заманға сай үйлестіріп, терминология мәселесінен консенсус іздеу керек. Сонымен қатар, әбден орныққан халықаралық және шет тілінен енген сөздерді қазақ тіліне аудару мәселесін біржола шешу қажет. Бұл мәселе оқшауланған қайраткерлердің ортасында шешілмеуге тиіс. Үкімет мұны реттегені жөн» дегенді шегелеп тұрып тапсырған еді. Сабақта бұл мәселені шешу жолдарының бірі- әр түрлі әдіс- тәсілдерді тиімді қолдана отырып, жаңа технологияларды енгізу.Қазір технологиялардың түрлері өте көп.

Жаяу Мұса Байжанұлы-сазгер әрі әнші.

$
0
0

Күні:

Сыныбы:   10

Пәні: қазақ әдебиеті.

Сабақтың тақырыбы: Жаяу Мұса Байжанұлы-сазгер әрі әнші.

Сабақтың мақсаты:

а)білімділік: Оқушылардың Жаяу Мұса айжанұлының сазгерлігі  мен әншілігін терең ұғынып, әндерінің идеясын аша білуі.

ә)тәрбиелілік: Жаяу Мұса сазгерлігін тану арқылы оқушылардың әнші, ән құдіретін сезіне біліп, рухани жан дүниесінің байып, адами қасиеттерді бойларына сіңіруге әсер ету.

б)дамытышулық: әнші- сазгердің әндерін өз ізденістерімен түсінуде оқушылардың сөйлеу мәдениетін, танымдық белсенділігін арттыру.

Әдісі: СТО, топпен жұмыс

Көрнекілігі: интерактивті тақта, мәнмәтін, зерттеу материалдары, ноутбук

Оқу нәтижесі: жұппен және топпен жұмыс жасау арқылы шығармашылық қабілеттерін дамытады, өз көзқарастарын еркін білдіреді, сын тұрғыдан ойлайды, өзгенің пікірін тыңдай біледі, бағалауды үйренеді.

 Блум таксономиясы бойынша сабақ жоспары

Кезеңдері

Мақсаты

Түрткі сұрақтар, тапсырма

Күтілетін нәтиже

Мұғалімнің іс- әрекеті

Оқушы іс- әрекеті

Формативті бағалау

критерий

дескрипторлар

Білу

Өткен тақырыпты еске түсіреді, білімін жаңартады.

Қызығушылығын ояту. бір өлеңімен заман шындығын әйгілеп, атын қазақ даласына паш еткен кім?

Жаяу Мұса өмірі, шығармашылығы туралы түсінігін дәлелдей біледі.

Психология-лық дайындық. Эксперт. "Ыстық орындық"

Тест тарату

Жылы лебіз айту. Жеке және жұптық жұмыс

Ақын шығармашылы-ғын меңгеруі. Өлеңдерінің тақырып, идеясын оятуы.

 Толық меңгерді - 3

Жартылай меңгерді - 2

Меңгере алмады -

1

Түсіну

Ақын сазгерлігі мен әншілігін әндері арқылы ұғынуға жағдай жасалады

I топ

Жаяу Мұса әндерінің тақырыбы қандай?

II топ

Әндерінің шығуының ерекшелігі неде?

 III топ

Әнші- сазгердің қазақ өнеріне қосқан үлесі қандай?

Сазгер әншінің әндері, оның шығу тарихы, алатын орны туралы ортаға салады, пікірлеседі, өзіндік көз- қарастарын қорғайды.

Мағынаны тану. Намысыңды қайрап, өршіл рухқа бастайтын ән иесі кім? Оның  әндерінің құдіреттілігі неде?

Эксперт оқушылар топ ауыстырып, тақырыпты түсіндіреді. Топ мүшелері түртіп алып, флепчард шығаруда, Интернет материалдарын пайдаланып, презентация жасайды.

Ақын сазгерлігін, әншілігін ашу. Өлеңдерінің шығу тарихын, орнын дәлелдеу

Ойын толық жеткізе алады- 3

Жартылай жеткізеді- 2

Жеткізе алмады-1

Қолдану

Жаңа білімді өткен тақырып қолдану, салыстыру

Сазгер әндері мен өлеңдерін өзге ақын туындылары-мен байланыстар-ын қолдану, салыстыру

1. Біржан мен Жаяу Мұса әндерінде үйлестік.

2. С.Торайғыров ұқсастық

3. Екі ақынға ортақ  қасиет бізге қандай тәрбие береді?

Диалог әдісімен сұрақ- жауап  дәлелдеу түрінде пікір алмасады, өзіндік ойларын жеткізеді.

Венн диаграмма-сы, сұрақ- жауап түрінде пікір алмасады.

Жұптық жұмысқа бағыт- бағдар береді

Игерілген тақырыптан ой түйіп көзқарасын жеткізе білді.

Қолдана білді-  3

Жартылай қолданады- 2

Қолдана алмады- 1

Талдау

Ән мәтіндерімен  жұмыс жасау

1. Сазгер әндерінің тақырыбы мен идеясы.

2. Өлең құрылысыдағы өзгешілік

3. Ақын өлеңдеріндегі көркемдік өрнектер

Сазгер әндерін әдеби- теориялық ұғым тұрғысынан талдауда сыни тұрғыдан ойланады.

Сазгер әншімен өзге ақындар суретін интерактивті тақтадан көрсетіп, бағыт беру.

Топ мүшелері өлеңдерге талдау жасайды, кластер түрінде қорғайды.

Әдеби теориялық ұғымдарды практикада дәлелдеуі, көркемділік өрнекті табуы

Әдеби- теориялық ұғымдарды меңгерді - 3

Жартылай меңгерді- 2

Меңгермеді - 1

Жинақтау

Жаңа тақырып бойынша алған білімдерін жинақтайды.Өз ойларын әдеби тілмен жеткізеді

"Ән- көңілдің ажары" (эссе)

"Жаяу Мұса әндері күні бүгінде қажет пе, әлде..." (әңгіме - дебат)

Ойларын шығармашылық-пен жеткізеді, өзіндік пікірлерін нақты фактілер арқылы дәлелдейді.

Оқушылар-дың шығармашылық ізденістеріне бағыт көрсетіп, қорытынды пікір шығаруға бағдар береді.

Өзара пікірталас фактілер келтіріп, толғанысын әдеби тілмен баяндайды.

Өз толғанысын әдеби тілмен жеткізе білуі, көзқарасын фактілер дәлелдей алуы

Әдеби тілмен жеткізе алды-3

Жартылай жеткізді- 2

Жеткізе алмады-1

Бағалау

Бұған дейін айтылған ойларды тұжырымдайды

Жаяу Мұса әндерінің тәрбиелік мәні неде?

Қорытынды жасайды, сазгер туралы ұғымдарды кеңейеді.

Сабақты қорытындылауға әсер етеді

Пікір айтады, өзін-өзі және топ басшысы бағалап, бағалау бетшесін толтырады. "Білім  шыңына"  іледі

Қорытынды жасайды, бүгінгі сабақтар әсерін жазады.

  Үйге  тапрсырма  : "  Жаяу Мұса әндерінің құдіретті  үні" деген тақырыпта шығарма жазу .

ТОЛЫҚ ЖҮКТЕУ

Внимание! У Вас нет прав для просмотра скрытого текста.

Ғ. Мүсіреповтің «Ананың анасы» әңгімесін оқыту

$
0
0

Қызылорда облысы,  Қазалы ауданы Сарыбұлақ ауылы № 78 мектеп

қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі  Айнұр Әбілдаева

            Ғ. Мүсіреповтің  «Ананың анасы»   әңгімесін оқыту

Сабақтың мақсаты: а)  әңгімені оқушыларға оқыта отырып, ананың балаға деген жанашырлық сезімін көрсету,қазақ елінің өткен тарихына,тұрмыс-тіршілігіне назарын аударту,жазушының сөз айшықтар мен қолданысын оқыту;

 ә) оқушыларды   парасаттылыққа, өз ойын еркін жеткізуге,тіл байлығын байытуға,ой ұшқырлығына баулу;

 б) адамгершілікке,инабаттылыққа,Отанын сүюге,ата-анасын ардақтауға баулу;

Сабақтың түрі:       шығармашыл, іздену  сабағы

Сабақтың әдісі: сұрақ-жауап,талдау,іздену,ойтолғау   т.б

Сабақтың көрнекілігі: сызбалары,кестелері,    қанатты сөздер т.б

Пәнаралық байланыс:  тарих, сурет

Сабақтың барысы:

а) Ұйымдастыру кезеңі:

  Психологиялық көңіл күй :

   «Мен және әлем» атты жаттығумен бастау . Оқушы жанындағы  балаға, бүкіл әлемге   жақсы  тілек тілеумен бастаймыз.

  «Миға  шабуыл» тәсілін пайдалана отырып  үй тапсырмасын пысықтау:

  1. Ғ.Мүсірепов  кім?   Ол туралы не білесің?
  2. Қандай шығармаларын оқыдыңдар?
  3. Аналар  тақырыбында қандай  әңгімелерін оқыдыңдар ?

б) Жаңа сабақты түсіндіру:

Сабақтың тақырыбы мен ерекшелігіне тоқталып, Ана деген ұлы ат, адамның жер бетіндегі ең қадірлі де құрметті  адамы екенін айта отырып, оқушылардың  ана туралы пікірлерін тыңдау .  

Топтастыру әдісі-  оқушыларды еркін ойлауға,бірінің ойын бірі толықтыруға, қалыс қалмай бірдей  сабаққа қатысып отыру үшін қолданылады.

І кезең: Оқушылардың назарын тақтада көрнекілікте ілініп тұрған суреттерге аударамыз. Онда найза,қылыш, садақ, торсық  т.б  заттардың жартысы ілінген,ал жарты бөлігі оқушылардың қолына таратылып беріледі.

Мұражайдың іші үш бөлмеден тұрады. Жарты болып тұрған заттарды бүтіндеуге мына үш сұрақ төңірегіндегі ой қозғалады.

Бірінші топқа: Ғ.Мүсіреповтың өмірбаяны.

Екінші топқа: «Ананың анасы» әңгімесіндегі кейіпкерлерге сипаттама

Үшінші топқа: Әңгіме желісін баяндау.

Әрбір топтың жеке-жеке оқушысы қима қағазға жазылған  өз ойларын дауыстап оқып,мұғалімнің қолына береді. Мұғалім тақтадағы көрнекілікке жартысын бүтіндеп жабыстырып отырады. Мұражайдағы заттардың  барлығы толығымен бүтінделеді.

ІІ кезең: «Менің пікірім»

Тақтада үш бәйтеректің суреті тұрады.

Бірінші бәйтерекке  «Ана»,  екінші бәйтерекке «Жалпақ батыр», үшінші бәйтерекке  «Қоғам»  деген жазу жазылады.

Оқушыларға тапсырма беріледі. Топтастыру әдісімен байланыстырып,әрбір топқа үш бәйтеректегі тақырыбымен  бірге бөліп беріледі.Оқушылардың міндеті-әңгімедегі сөздерді сұрыптап алып,жазушының шеберлігін көрсету.

  Ана: қайратты,шешен,әке-шешесінен айырылған,күңдікке сатылған,жылқы баққан т.б (әке-шешеден айырылған әңгімеден үзінді): Әкем арбасын жөндеп,шешем көжесін қайнатып жатыр еді, он шақты салт атты сау ете түсті:

       -Жігіттер, жол болсын!-деп,қосқа сүйеніп тұрған мені қағып алды да шауып кете берді....

   Жалпақ батыр: Батыр,ақылды, қара күш иесі,мейірімді,тәуелді, т.б (әңгімеден үзінді):

        -Осы жылқының қаншасы өздеріңе тиеді?-деп сұрайды батырдан.

        -Кім біледі,біреуі де тимес... оны би біледі...-дейді Жалпақ балуан.

         -Ендеше, жылқы да ал деме,атыңды да берме, саған ере алмаймын да, сен де еркіңнен айырыласың, не байдың,не бидің сойылы болып  қаласың.

 Қоғам: Халықты байлар басқарған,шешімді би берген, сөзге тоқтам салынған,жеке тұлғаның бас бостандығы толық қорғалмаған (әңгімеден үзінді):

         -Бірің жылқышы, бірің сауыншы болып  жүре тұрыңдар, кейін босатармын,-деп еді Сарыбай. Содан бері он бес жыл өтті. Байым бүгін өліп босанды, өзім осы алдарыңда отырған. Күңдіктің ұзын құрығы сарт етіп қызыма түсе қалғасын соңдарыңнан қуып келемін...

      ІІІ кезең. «Ой толғам»

Ананың балаға деген ұлы махаббатымен салқын,салғырт қарауын қазіргі кезеңмен байланыстыра сипаттау.

Қорытынды: Қағаз таратылып уақыт  белгіленеді әр топтың оқушылары  жеке-жеке тұрып жазғандарын оқиды.

Білемін

Білгеніме сәйкес келмейді

Жаңа нәрсе

Тереңірек білгім келеді.

Ғ.Мүсіреповтің жазушы екенін білемін.

Балаби деген баласын сүндеттетіп той жасап,ат шаптырғанды,бас бәйгеге құл бастаған  тоғыз,бас балуанға күң бастаған тоғыз тігіпті.

Сауға,сергелдең,барымта, күң, құл сөздерінің мағынасын түсіндім.

Осы әңгіме өмірден алынған шындық оқиға ма екен?

 Шығарманың құрылысына, сюжеттің байланысына тоқталу.

          Басталуы             Байланысуы             Шиеленісуі              Шарықтау шегі             Шешімі

  1. Әңгіме қалай басталады? 2. Әңгіме қалай байланысады?
  2. Барымташылар қолында кеткен қыз тағдыры немен аяқталды?
  3. Ана сөзіне қарсы тұрған кім? 5. Жалпақ балуан қандай шешімге келді?

      Міне,осындай оқиғаларды қамтып  бір-бірімен байланысып жатқан шығарманы  талдаймыз.

Мәтінмен жұмыс:

І топ.    Шығарманың ішіндегі диалогты табу.

ІІ топ.   Әңгімедегі сөз айшықтарын табу. 

 Ана бейнесіне жазған қандай шығармаларды білесіздер?   

 Ана Жалпақты қалай тоқтатады?    Қандай күш?   (дәптерлеріне жаздыру)

                                                   Баласын жақсы көруі

  Ананың махабаты                  Ерекше нәзік сезім

                                                  Балаға деген жүрек жылуы

                                             Жылы сөзі

Ананың тілі                        Еркелетіп айтуы

                                             Мейірімді сөйлеуі

«Ойтолғау » сәті

  1. Дүниеде не қымбат?
  2. Ананы қай кезден бастап іздейсің?
  3. Ананың махаббаты қандай?
  4. Сенің ең жақын досың,ұстазың кім?
  5. Сендер алысқа кеткенде ең бірінші кімді сағынасыңдар? Сонда анаңның қандай қасиеті есіңнен кетпейді?            

  Ендеше, балалар,  дүниеде екі ана бар. Бірі-табиғат ана,екіншісі-адамның анасы. Сол табиғат құдіреттерін анамен қоса айтамыз. Неге? Ол қандай құдірет?

 Білімді бекіту:  

  1. Топтастырыңыз және  5 жолдық  тұжырымдама жазыңыз.

                                   Өз анамыз                                   Жер-Ана

                                                              Ана

                            Су-Ана                                                               Ауа-Ана

                                                             Отан –Ана                                                                

  1. Зат есім (бір сөз) - Ана
  2. Сын есім (екі сөз) -мейірімді,қамқор
  3. Етістік (үш сөз) – мәпелейді,өсіреді,тәрбиелейді.
  4. Үстеу ( төрт сөз) – шырылдап жерге түскен кезде
  5. Түйін сөз (бес сөз) –Ана-ақылшың,ұстазың, досың,қамқоршың.

  1. Ана туралы мақал-мәтел немесе « Әлемдегі асыл жан» деген тақырыпқа ойтолғау яки екі шумақ өлең жазайық.

 Талдау : Балалар, қай заманда да ана бейнеті ауыр. Түн ұйқысын төрт бөліп,асырап-бағып жеткізген ата-анасын жалғыз қалдыру не болмаса қарттар үйіне өткізу деген қазақ тарихында болмаған. Өмірде кездесіп жататын осындай келеңсіз жағдайлардан аулақ болып, аналарыңның өлшеусіз еңбегін бағалап,мәңгілік қамқор болып өтіңдер.

Білімді бағалау: Оқушылырдың жауаптарына ,сабаққа белсене қатысып отырғандарына қарай білімдері бағаланады.

Үйге тапсырма: Ананың ұлы махаббаты туралы қазіргі кезеңмен байланыстыра «Ана-көзді бұлақ» тақырыбына шығарма жазып келу.      

 ТОЛЫҚ ЖҮКТЕУ

Внимание! У Вас нет прав для просмотра скрытого текста.

Ата салтым – асыл қазынам

$
0
0

Ата салтым – асыл қазынам Бектұрқызы Айғаным, 264 мектеп-лиценің

2 сынып оқушысы Омиралиева Айгуль Данкибековна

264 мектеп-лицейінің бастауыш сынып мұғалімі.  

Қызылорда қаласы. Қазақстан Республикасы

Кіріспе

Зерттеу жұмысының өзектілігі: Қазақ - көне дәуірден бастау алатын күрделі де бай тарихы, сан қырлы мәдениеті, өзіндік игі ғұрып-дәстүрі бар, пейілі өзінің байтақ даласындай кең де қонақжай халық.

Қазақ «қазақ» деген атын осы кезге дейін қазақи салт-дәстүрлерімен, ырымдарымен, той-мереке, әдеп-ғұрыптарымен талай елді таң қалдырып келеді. Тәуелсіз елімізде ата-бабамыздың қалдырған асыл мұрасын қадірлеп, жоғалғанды жаңғыртып, қайта жаңартатын ендігі болашақ ұрпақ-біздің қолымызда.

Жұмыстың мақсаты:

  Қазақ халқының көнеден келе жатқан салт-дәстүрлері, ырымдары өте көп. Ата-бабаларымыздан сақталып қалған салт-дәстүрдің бірі – «Ерулік». Осы дәстүрдің тарихын, мән-мағынасын терең зерттеп, оның халқымызың салт-санасында алатын орнын айқындау, ұрпаққа паш ету.

Жұмыстың міндеттері:

  1. Қазақтың салт–дәстүрлерінің бірі - «Ерулік»тарихына зер салу.                                                                                                                                    
  2. «Еру», «Көрші», «Айрылысар көже» салттарын ажырата білу.
  3. Еруліктің отбасы тәрбиесіндегі маңызына тоқталу 

Негізгі бөлім

  1. 1 Қазақы салтың – ата-дәстүрің

  Қазақ – көне дәуірден бастау алатын күрделі де бай тарихы, сан қырлы мәдениеті, өзіндік игі ғұрып-дәстүрі бар, этнографиялық ахуалы әр қилы, пейілі өзінің байтақ даласындай кең де қонақжай халық. Халқымыздың бітім-болмысын зерттеген этнограф ғалымдардың атап өткеніндей, қазақ – жайшылықта тәубешіл, жаугершілікте тәуекелшіл, зерделі де ойшыл, сабырлы да төзімді, шыдамды да жомарт, елгезек те еліктегіш, кеңпейіл де кішіпейіл, ерегескенмен ерегесетін, доспен дос бола алатын, әділдікті бағалай білетін халық. Қаз дауысты Қазыбек бидің сөзімен айтқанда:

«Біз қазақ деген мал баққан елміз,

Бірақ ешкімге соқтықпай жай жатқан елміз.

Елімізден құт-береке қашпасын деп,

Жеріміздің шетін жау баспасын деп,

Найзаға үкі таққан елміз.

Ешбір дұшпан басынбаған елміз,

Басымыздан сөз асырмаған елміз.

Досымызды сақтай білген елміз,

Дәм-тұзды ақтай білген елміз» – деген.

Ата дәстүрін ардақтау – қазақтың халық педагогикасының ұлттық ұжданы.

«Атадан бала тусайшы, ата жолын қусайшы» деп, халық атадан балаға мұра болып келе жатқан жақсы қасиеттерді келесі ұрпақтың бойына сіңіріп, ізгілікке тәрбиелейді. Ата дәстүрі бойынша ең әуелі әкені, содан соң атаны, ата-бабаны құрметтеп, солардың алдында ұрпақтық қарыздарды өтеу – кейінгі ұрпақтың міндеті. Ол ұрпақтық борыштар: ананың ақ сүтін, еңбегін өтеу, ата дәстүрлерін құрметтеп, одан әрі ол дәстүрлерді жалғастыру, адамгершілік қағидаларды қалтқысыз орындау болып табылады. Тәуелсіз мемлекетімізде ата-бабамыздан қалған қазынаның бірі салт-дәстүрлерді ұмыту мүмкін емес. Ендеше осы елдің ертеңі жасөспірімдерге салт-дәстүрімізді насихаттай отырып, ғасырдан-ғасырға жалғасып келе жатқан тәрбие көзін мақсат ету. Әр жұмысты ұлттық негізде құра отырып, халқымыздың тамаша салт-дәстүрінің бірі – «Ерулік» жөнінде кейінгі ұрпақ жан-жақты білуі тиіс деп ойлаймын.

Қазақстан – ұлан-байтақ территориясы бар әлемдегі ең үлкен тоғыз мемлекеттің бірі.  Жоңғар шапқыншылығынан бұрын қазақтар ең көп санды түркі халқы болған секілді. «Қазақ көп пе, масақ көп пе» деген түрікмен мәтелі осыны меңзейді. Халықтың өз ата қонысында азшылыққа айналуы – қазақтар секілді өз тарихында әлденеше рет жойқын қасіретке ұшырап, тағдырдан көп теперіш көрген елде ғана болатын жәйт. Кең-байтақ атамекеннің әрбір қарыс сүйемін сан ғасыр бойы ата-бабамыз сыртқы жаудан сом білектің күшімен, ақ найзаның ұшымен қан төгісіп, жан берісіп қорғап, ұлтжандылық, отансүйгіштік рухын бойға сіңіруді келер ұрпаққа аманаттаған. Алайда тіршілік тезінен өткен, жастарды ұлттық үрдіске тәрбиелеуде маңызы бар көптеген дәстүрімізден де жазып қалғанымыз белгілі. Өмірдегі бар сүреңсіздік, адам бойына көлеңке түсіретін бүкіл жаманшылық атаулы ата салтына, елдік дәстүріне солқылдақтықтан екені белгілі болып отыр. Ұлттық тәрбиеден қағажу қалып бара жатқан жастардың отаншылдық сезіміне де кесірі тиетінін өмір дәлелдеп береді. «Ата салтың – халықтық қалпың» дегендей, өз жұртының қадір-қасиетінен мәлімет беретін ғұрып қасиетпен, оған  мейлінше  құрметпен қарау – ұлтымызға, елдігімізге сын. Тындар құлаққа, көрер көзге, сезінер жүрекке танымал, басқа елдерде жоқ  дәстүр өрнектері, ортақ мұралары, тұрмыс-тіршілігіндегі керемет салт-ғұрпы мақтаныш сезімін тудырып, жұртшылықты жалпы отаншылық пен елжандылыққа тәрбиелеуде маңызды міндет атқармақ. Қазақ халқының рухани тіршілігінде, қарттарды құрметтеу, үлкендерді сыйлау, балаларға жанашырлық, жастарға қамқорлық ету, ата-ананы ардақтау, әйелдерді аялау ізгі дәстүрге  айналған. «Қасқа қатал, досқа адал болу» – қазақ халқының негізгі мінез-құлқы.  Қазақ халқы тарихтан бері өте меймандос халық болған. Сондықтан меймандостықтан әдет-ғұрпын айта келсек.

  1. 2 Ерулік – көшпелі қазақ халқының салты

Қазақ этнопедагогикасының үлкен бір саласы қазақ халқының салт-дәстүрі болып табылады. Халықтың игі әдеттері дағдылана келе әдет-ғұрыптар, салт-дәстүрлерге халықтың өмірінде қалыптасқан салт-дәстүрлер салт-сана болып қалған. Халықтың  салт-дәстүрлері, рәсімдер мен жөн-жоралғылар, ырымдар мен тыйымдар, түрлі сенімдер өмірде қолданыс тауып келеді. Оның бәрі дамып, толысып, жаңарып отырады. Қазақ халқының салт-дәстүрлері осы ұлттың мінез-құлқын, қасиеттерін көрсетеді. Кейбір салт-дәстүрлер мен әдет-ғұрыптар сол халықтың тұрмысына, тәрбиесі мен мінезі, сеніміне, ырымына қарай қалыптасып келеді. Қазақ «Ат тұяғын тай басар» деп кейінгі ұрпақтың ата салтын бұзбауын, ұмытпауын талап етеді.

 Салт – кәсіпке, сенімге, тіршілікке байланысты әдет-ғұрып, дәстүр. Ол ұрпақтан-ұрпаққа ауысып отырады. Уақыт өткен сайын салтқа өзгеріс еніп, өзгеріп, қоғамға байланысты бейімделіп келеді. Жаңа қоғамдық қатынасқа сай келмейтін дәстүрлер ығысып, өмірге қажетті жаңалары дамып отырады.

  Дәстүр – ұрпақтан-ұрпаққа ауысатын, тарихи қалыптасқан нормалар мен үрдістер. Ол – қоғамдық ұйымдар мен халықтың мінез-құлқының, іс- әрекетінің рухани негізі. Дәстүр мәдениетпен тығыз байланысты, сондықтан мәдениеті дамыған ел дәстүрге де бай. Ата-ананы құрметтеу, үлкенді сыйлау, адалдық, әдептілік, мейірімділік сезімдері озық дәстүрлерге жатады.

 Қасиетті қазақ халқының салт-дәстүрлері өте көп. Соның ішінде қазіргі кезде ұмытылып бара жатқан салт-дәстүріміздің бірі – «Ерулік» туралы ізденіп, соны сіздерге ұсынып отырмын.  Ата-бабаларымыз ұлттық дәстүрінде жолы түсіп, үйіне ат басын тіреген жолаушы – құдайы қонаққа мал сойып, кең дастарқан жайып, дәм-тұзын татқызатын. Жаңа қонысты бетке алып, ауыл тұсынан өтпекші көш адамдарына ақ жаулықты аналар зереңдері толы ақ  қымыз, шұбат, айран ұсынған. Түстендіріп не қона жатқызып сыйлы мейманға лайық кәделі қонақасы берген. «Көш көлікті, көрікті болсын» десіп аттандырған. Ауылға, үйге қоңсы қонған отбасына ерулік атаулы дәмдестік сыйлы дастарқан жайылған. Жаңа ғана шаңырақ көтерген жас жұбайлар да көрші-көлемін шақырып, «Тана тағар» атаулы алғашқы қонағасын ұсынған.

Ертеңгісін сәлемдесуге келген «Таңғы ас – Тәңірден» ырымымен дәм татқызбай жібермеген. Осы ретте айта кетерлік жәйт – қазақтың дастарқанды киелі санауы. Дастарқан таза ұсталған, жиегі жиылмаған, үстіне ыдыс-аяқтан, тағамнан өзге нәрсе қойылмаған. Дастарқан басында отырғандарға бейпіл сөз айтуға, ұрыс-керіске, насыбай атып, шылым шегуге, үстінен аттап өтуге тыйым салынған. Кез келген қазақ азаматы жол - жөнекей жаяу-жалпы шаршаған жолаушыны кездестірсе, ерулі атына мінгізген не астындағы атына мінгестірген. Тұлдырсыз жақыбайды көрсе, есіркеп, иініне біркиер, «Дұшпанкөз» киімін жапқан.

 Ерулік – көшпелі қазақ халқы көші-қонды аса келелі іс санады. Көшу- қазақтар үшін салтанат есептелді. Қазақ санасында көше алмай жұрттан қалудан үлкен қорлық жоқ. Қазақ қауымы көшкен күні – еруде кимейтін жақсы киімдерін киеді, көштегі жүк артқан түйеге кілем-кілемше, сырмақтарын оң бетіне қаратып жауып, салтанат етеді. Еру отырған ауылдар жанына келіп, қонған ауылды жабыла қарсы алып, «Қоныс жайлы болсын» айтып, олардың жүгін түсірісіп, үйін тігіседі және «ерулік» апарады. Бұл ерулікке дастарқан көтеріп, шай апару, сабалап қымыз апару, тіпті қой сойып апару істері де болады. Бұл көшіп, шаршап келген туыс- жұрағаттарына жасалған сый-құрмет және қамқорлық еді. Бұл істер ағайын арасында «еруге қару» ретінде алма- кезек болып отырады. Мұны қазақтар «ағайын берекесі»деп атайды.

 Көшіп келе жатқан көш еру отырған ауылдар үстінен өткенде тоқтамаса да адамдары дәм татады. Олар ат үстінен сусындап кетеді. Қазіргі кезде жаңадан көшіп келіп қоныстанған көршіні бұрыннан тұратын адамдар үйіне шақырып қонақасы береді. Бұл жаңа адамдарды бөтенсіретпей өз ортасына тартудың, сыйласудың үлкен белгісі. Мұның әлеуметтік, қоғамдық мәні де бар. Мысалы, жаңа көшіп келген үйде отын, су болмайды. Оны әкелуге біраз уақыт керек.  Міне, кең ойлап, терең толғайтын қазақ салты мұны да ұмытпаған.

  Еру – «Еру отырған ауыл көшіп келіп керегесін жаймай, жаппаның астында жатқан ауылға ерулік бермесе үлкен ұятқа қалатыны ертеден келе жатқан салт». Көшіп бара жатқан үй ұзақ жолда өздері де, ат-көлігін де тынықтыру үшін жолда отырған бір ауылдың жанына келіп 1- 2 күн аялдайды. Үй тікпей абылайшылап (шаңырақты уықпен көтеріп отыру) немесе жаппа тігіп (керегелердің басын қосып) отырады. Көшулердің мұндай аялдауын «еру» дейді. Осындай кезде ауыл адамдары келіп, сәлемдесіп, жөн сұрасады. Оларды «ерулікке» шақырып, қонақ етіп, риза қылып, жолға шығарып салады. Егер еру көштің иесі 4-5 күн отыратын болса, «ерулікке-қарулық» деп бір қойын сойып, ауыл үлкендерін шақырып, батасын алады. Бұл салтта еліміздің бірлігі мен адамгершілік, сыйластық белгісі жатыр.

 Көрші – қонысы ортақ, етене араласып, күнделікті жүзбе-жүз кездесіп, аман-саулық сұрасып жүретін кісілер. Қазақ халқы «көршіні Құдай қосады» дейді. Жаңа орынға көшіп келісімен ерулік беріп, қоныс тойын жасау дәстүрінде де ең әуелгі ниет-көрші қолаңдармен танысу болған. «Адам күні - адаммен» демекші, күнделікті өмірде әркім-ақ көршіні қажетсінеді. Өйткені, бір іс туып қиналғанда, бір нәрсе қажет болғанда ең алдымен көршілерден көмек сұрап жатамыз. Көршімен сыйластық - елдің сыйластығын, көршімен татулық-қоғамның татулығын ұқтыратындықтан, ислам діні көршімен жарасымды сыйластықта болуға шақырады. «Алыс туыстан жақын көрші» артық деп бекер айтпаған.

Айрылысар көже - көрші қонғанда «ерулік» беріп, қыстай немесе жаздай бірге отырған, сыйласқан отбасылар қоныс аударып бөлінген жағдайда олар енді «айрылысар көжеге» шақырады. «Көже» деп сыпайылап атағаны болмаса сыйлы, сыбағалы табақ тартылады. Олар бір-біріне ризашылығын білдіріп, «ұрыспай айрылған ұялмай қосылар» деп тағы да аман-сау қосылуға тілек білдіреді. Бұдан олардың бірін-бірі сыйлау, қимастық көңілдері көрінеді. «Айрылысар көже» адалдық әрі әдемі дәстүр.

  1. 3 Қонақасы – қазақтың бөлінбеген еншісі

Меймандостық – қазақтар үйіне келген әр қандай мейманды (оның қайсы ұлт болуына қарамай) таныса да, танымаса да жылы шыраймен құшақ жая қарсы алып, сыйлап күтеді. Өзінің аяулы асын қонақасыға береді. «Қонақасы – қазақтың бөлінбеген еншісі» болып есептеледі. Қонақ келсе «қой сойып, қол қусыру» қазақтар үшін аса абыройлы іс және жалтартпайтын міндет. Өте қадірлі қонақтарға тай сойылып, қонақасын беріп аттандырады. Сойылатын малды алдымен қонақтар отырған үйдің босағасына әкеліп, бата тілейді. Қонақтар бата жасаған соң мал сойылып, ет асылады. Ет піскенше меймандарға кең дастарқан жайылып, дастарқанға құрт, ірімшік, бауырсақ, жент, сары май қойылып, қаймақтаған шай құйылады. Шайдан соң жаздыгүні болса қымыз, қыстыгүні болса езілген құрт беріледі. Осы кезде әдетте үй иесі жағынан домбыра шертіліп, күй тартылып, ән айтылады. Ет піскен соң қолға су құйылып, ет тартылады. Қонақтар алдына қойылған қойдың басы, жамбасы, сүбесі тағы басқа жіліктерден жасалған табақ тартылады. Қонақтың ең сыйлысы бастың оң езуінен бір кесіп жеп, оң құлағын кесіп табаққа қойып, басты үй иесіне қос қолдап қайтарады. Мейман күтуде малдың он екі жілігінің өз алдына мәртебесі бар. Жасы үлкен сыйлы қонақтарға бас пен жамбас, күйеу мен келінге асықты жілік пен төс тартылады. Балаларға тіл, құлақ, бүйрек, жүрек беріледі. Тамақ жеп болған соң ас қайтару, яғни бата тілейді, қонақтардың қолына су құйылады. Міне, қазақ халқының мейман күту дәстүрі осындай!

Ерулікке, қонақжайлылыққа қатысты мақал-мәтелдер:

  *Салт-дәстүрін ел бұзбас, Уәде – сертін ер бұзбас.

            *Алты жыл аш болсаң да, атаңның салтын ұмытпа.

            *Ант бұзған оңбайды, салт бұзған сорлайды.

*Қонақ келсе құт келер.

*Қонағыңның алтынын алма, алғысын ал.

*От жағылмаған үй – қора,  Кісі келмеген үй – мола.

             *Саналы ел салтын сақтар. 

Қорытынды

Ата салтың – асыл қазынаң

Жалпы, бұл ғылыми жұмыста бала тәрбиесіне, жалпы адам тәрбиесіне терең мән беріп, оның сәтті қағидалары мен ережелерін жасағандардың бірі – қазақ халқы. Оның тәрбие-тәсілдері мен тәжірибелері өте көп. Халықтың ғасырлар бойы жасаған зор еңбектерін жазып шығу үлкен еңбек. Сол жұмыстың бір тамшысы ретінде ұлттың тәрбие ісіндегі  салт-дәстүрдің бірі «Ерулік».

Ата дәстүрі бойынша әрбір ұрпақ қазақтың тарихын,  салт-дәстүрін, әдет-ғұрыптарын, өсиет-өнегелерін өзіне үлгі-өнеге тұтуға тиіс. «Ерулік» салт- дәстүрін зерттей келе менің көңілге түйгенім және ұққаным – оның адам өміріндегі алатын орнының маңызды екені, тәрбиелік мәнінің зор екені Мен оның адамды ізгілікке, қонақжайлыққа, мейірімділікке, сыйластыққа баулитынына көз жеткіздім.

Бұл болашақ ұрпағынан зор үміт күтіп отырған халқымыз үшін маңызды. Біз өз ұрпағымызды білімді де тәрбиелі, өнегелі де ізетті, мейірімді әрі қайырымды, қонақжай етіп тәрбиелегіміз келсе, халықтық салт-дәстүрге, оның ішінде ерулікке ерекше мән беруіміз керек.

Елдің туын көтеріп, тәуелсіздік талаптарын орындау ісіне батыл бетбұрыс жасаған бүгінгі таңда адамзаттық игіліктерді, халқымыздың ғасырлар бойы армандаған мәдени салт- дәстүрлерімізді ұмытпауымыз керек.

Ата тегін ардақтау дәстүрі, көбінесе отбасында, мектепте, балабақшада сөз болып отырса, кейінгі ұрпақ қазақтың салт-дәстүрлерін бойына сіңіріп, тәрбиелік мәнін білер еді деп ойлаймын.

 Іздену жұмысымды мына өлең жолдарымен аяқтаймын:

          Туған соң адам боп,                         Бауырласқан тәніміз,

          Білімсізден жаман жоқ.                   Бұзылмаған антымыз.

          Ел дәстүрін білмесең,                      Кең даланың ежелгі,

         Жұрт айтады «надан» деп.               Қазақ дейтін халқымыз.

         Ата-бабаң ардақты,                           Өзге ұлттай біздің де,

         Жамандыққа бармапты.                   Бар дәстүр мен салтымыз.

         Ардақ тұтып үлкенді,

         Ата жолын жалғапты.

Ұсыныс:

 Бала тәрбиесіндегі ата-бабаларымыздан қалған ұлттық салт-дәстүрлерімізді насихаттайтын балаларға арналған қазақ фильмдері, мультфильмдер, суретті  кітаптар, бейнетаспалар, электронды кітапшалар шығарылса деп ойлаймын.

  Әдебиеттер тізімі:

    1.Қазақтың салт-дәстүрлері мен әдет-ғұрыптары.С.Кенжеахметұлы.

      Алматы. «Ана тілі»1994ж

  1. Жеті қазына. С.Кенжеахметұлы. 1-кітап. Алматы. «Ана тілі»2003ж.
  1.   Қазақ мақал- мәтелдері. Алматы. «Қазақстан» 1990ж
  1. Қазақтың  салт-дәстүрлері. Алматы.
  1.   Халық тағылымы. Ә.Табылдиев. 1992ж 
  1.   Қазақ этнопедагогикасы.Алматы.1999ж
  1. Балдырған, Айгөлек, Мөлдір бұлақ журналдары.

Сөйлем. Сөйлемнің түрлері

$
0
0

Мұғалімі: Омарова А.М.

Сыныбы: 2 «В»

Пәні: қазақ тілі

Тақырыбы: Сөйлем. Сөйлемнің түрлері

Қолданылған модульдер: Сыни тұрғыдан ойлау, оқыту мен оқудағы жаңа тәсілдер, оқыту үшін оқуда АКТ-ны пайдалану, талантты және дарынды балаларды оқыту, оқушылардың жас ерекшеліктеріне сәйкес оқыту оқу, оқытуды басқару және көшбасшылық, оқыту үшін бағалау және оқытуды бағалау.

 Стратегиялар: Шеңбер стратегиясы, миға шабуыл, жұптық әңгіме, жеке, жұптық, топтық жұмыстар, «Жиынтық бағалау», «Топтастыру» әдісі, «Серпілмелі сауал» стратегиясы

Мақсаты: Оқушылардың сыни тұрғыдан ойлауы арқылы сөйлем және сөйлемнің түрлері жайлы білімдерін молайту.

Міндеттері: 1. Берілген тапсырмаларды топпен талдай отырып, өз ойларын жинақтай білуге итермелеу.

  1.   Тақырып төңіргінде оқушылардың көзқарасын дамыту.
  2. Әділ бағалауға тәрбиелеу

Сабақтың кезеңдері

Уақыт

Мазмұны

Мұғалімнің іс-әрекеті

Оқушылардың іс-әрекеті

Бағалау

Ресурстар: іс-әрекеттер үшін маған не керек?

Кіріспе

3 мин

Тұсау кесер

5 мин

Негізгі бөлім

27 мин

Қорытынды

10 мин

Психологиялық ахуал.

«Шаттық шеңбері».

Өткенді  қайталау.

Топқа бөліу.

Оқушылар бірлесе жұмыс істеу үшін топқа бөлінеді. (Оқушылар әртүрлі қима қағаздарын  таңдап,  әр топқа бөлінеді). Қима қағаздарда жасырынған әріптерді

Ретімен орналастыру арқылы сөз құрап шығарады.

Ой қозғау.

Сөйлем. Сөйлемнің түрлері

Алтын ережелерді қайталау

Оқулықпен жұмыс.

164-жаттығу

Сөздерді салыстырып оқу.

Қайсысы сөздер, қайсысы сөйлемдер екенін анықтау.

Ережемен жұмыс

Сөйлем аяқталған ойды білдіреді.Сөйлемнен соң не нүкте (.), не сұрау беелгісі (?), не леп белгісі (!) қойылады.

АКТ-мен жұмыс

165-жаттығу

Қызылмен берілген сөздерді сөйлемнің мазмұнына қарай өзгертіп жазу.

Сергіту сәті

«Топтастыру» стратегиясы

Топтық  жұмыс

166-жаттығу

Берілген қима қағаздардағы сөздерді ретімен орналастырып, сөйлемдер құрастырып, дәптерге жазу.

Дыбыстық талдау жасау жұмысы

1-топ: теуіп

2-топ: Ақан

3-топ: қалды

4-топ: төмен

Сөздеріне дыбыстық талдау жасайды.

Шығармашылық  тапсырма

Суреттер бойынша әр топ 3 сөйлем құрастырады.

«Сөз ойла, көп ойла!»

1-топ: Кемпірқосақ

2-топ: Адыраспан

3-топ: Сауысқан

4-топ: Қарқаралы

Сөздерінің әріптерін қолданып, түрлі сөздер құрастырады.

«Адасқан әріптер» ойыны

Әр топқа тапсырмалар үлестіріліп беріледі.

Бекіту

167-жаттығу

Берілген сөйлемдерді соңына қойылған тыныс белгісіне сай ырғақпен оқы. Бұл сөйлемдердің айтылу мақсаты әр түрлі екенін дәлелде.

Рефлексия

«2 жұлдыз, 1 тілек»

-     Сабақ ұнады ма?

-     Несімен қызықты болды?

-     Келесі сабаққа ұсыныстарыңыз бар ма?

Бағалау

Формативті бағалау. Жиынтық бағалау.

Үйге Тапсырма

168-жаттығу.

Ребусты шешіп, шешуіндегі сөзге әңгіме құру

Сәлемдесемін, оқушыларды шаттық шеңберіне тұрғызуға әрекет жасаймын.

Оқушыларды ішкі, сыртқы шеңберге тұрғызамын.

Оқушыларға 4 түсті қима қағаздар ұсынылады.

Сабақтың тақырыбы мен мақсатымен таныстырамын.

Тапсырманы түсіндіремін. Тапсырманың орындалуын қадағалаймын.

Ережемен оқушыларды таныстырамын.

Тапсырманы ұсынып, оның орындалуын қадағалаймын.

Таныстырылымды әуенімен қосамын. Өзім де қимылдарды жасаймын.

Әр топқа тапсырма үлестіремін

Оқушылардың тапсырманы дұрыс орындауын қадағалайды.

Мұғалімнің басшылығымен оқушылар тапсырманы орындайды.

Оқушылардың тапсырманы орындауын қадағалайды.

Тапсырманың орындалуын қадағалайды.

Оқушыларға тапсырманы түсіндіріп, орныдалуын қадағалайды.

Диалогті өрбіту үшін қосымша сұрақтар береді. Стикерлер таратады.

Оқушалрдың сабақ бойы жинаған смайликтері арқылы бағалау

Күнделікпен жаттығуды жаздырту

Шеңберге тұрады. Әуен ырғағымен тербетіліп билейді.

Оқушылар бір-біріне доп лақтыру арқылы өткен материалдарды сұрақ қою арқылы еске түсіреді.

Әр оқушы қима қағазын алады, өз түстеріне  қарай топтарға орналасады. Сөз құрастырады

Оқушылар сабаққа өз мақсаттарын қояды.

Оқушылар тапсырманы орныдайды.

Оқтап түсініп оқиды, жаттап алады.

Оқушылар тапсырманы орындайды.

Оқушылар би қимылдарын қайталайды.

Әр топ топта  талдайды, жұптасып жұмыс істейді.

 Оқушылар тақтаға шығып, тапсырманы орындайды.

Оқушылар параққа сөйлемдерді жазады.

Оқушылар топтаса, ақылдаса жұмыс жасайды.

Оқушылар топсырманы топтаса, ақылдаса орындайды.

Оқушылар тапсырманы орындайды.

Оқушылар сабақ бойы алған әсерлерін стикерлерге жазады.

Оқушылар смайликтерин санайды.

Оқушылар күнделікке берілген жаттығуды жазады.

Жарайсыңдар!

Мадақтау.

Жарайсыңдар!

Жарайсыңдар!

Бәрекелді!

Жарайсыңдар!

Мадақтау

Бәрекелді!

Жарайсыңдар!

Жарайсыңдар!

Жарайсыңдар!

Бәрекелді!

Жарайсыңдар!

Бәрекелді!

Жарайсыңдар!

Өте жақсы!

АКТ

Аудио музыка

доп

Түсті қима қағаздар

АКТ (таныстырылым)

Оқулық

АКТ (таныстырылым)

АКТ, оқулық

АКТ

Қима қағаздар, тақта, бор

Тақта, бор

А4 қағаздары, маркерлер

А4 қағаздары, маркерлер

А4 қағаздары, маркерлер

АКТ, оқулық

Стикерлер

Смайликтер

Күнделік

Сызықша қойылатын орындар

$
0
0

Озықбаева Пейішкүл Құттымұратқызы

Жамбыл облсы «Ерекше дарынды балаларға арналған

 мамандандырылған «Дарын» мектеп-интернаты

ҚАЗАҚ ТІЛІ. 9 – сынып

Сабақтың тақырыбы:  Сызықша қойылатын орындар

Сабақтың құрылысы:

р/с

Бөлімдер

Ұпай саны

Жинаған ұпайы

1

Тыңдалым

6

2

Оқылым

6

3

Жазылым

6

4

Айтылым

6

Сабақтың мақсаты:  SMART  мақсат қою

«S» - Сызықша қандай жағдайда қойылатынын үйренеді.

«M»- Жазбаша сауаттылығы артады.

«A» - Берілген тапсырмалар бойынша нақты әрекет етеді.

«R» - Абай шығармаларындағы афоризмдерді қолдану машығы қалыптасады.

«T» - Сабақ барысында ғана емес,  қажетті жағдайларда қолдануға сенімді болады.

Сабақтың түрі: қайталау сабағы

Сабақтың әдіс-тәсілдері:  сұрақ –жауап, тыңдалым, оқылым,жазылым,айтылым бойынша тапсырмаларды топпен орындау.

Пәнаралық байланыс: әдебиет

Сабақтың жабдығы: АКТ,  мәнжазбалар, оқулық, үнтаспа.

Сабақтың барысы:

І Ұйымдастыру кезеңі:

  1. Оқушыларды үш топқа бөліп отырғызу.
  2. Мұғалімнің кіріспе сөзі.
  3. Сабақтың мақсатын бірлесіп қою.

 ІІ  Тыңдалым. (Аудиодан мәтін тыңдалады, мәтін бойынша тапсырмалар бүкіл сыныпқа беріледі.)

Қазақтың бір мақалы: «Өнер алды - бірлік, ырыс алды - тірлік» дейді. Бірлік қандай елде болады, қайтсе тату болады, - білмейді. Қазақ ойлайды: бірлік - ат ортақ, ас ортақ, киім ортақ, дәулет ортақ болса екен дейді. Олайболғандабайлықтан не пайда, кедейліктен не залал? Ағайынқұрымай мал іздеп не керек? Жоқ, бірлік - ақылғабірлік, малғабірлікемес. Малыңдыберіпотырсаң, атасыбасқа, дінібасқа, күнібасқалар да жалданыпбірлікқылады! Бірлікмалғасатылса, антұрғандықтың басы осы. Ағайыналмайбірлікқылсакерек, сондаәркімнесібесінқұдайдантілейді, әйтпесеқұдайдантілемейді, шаруаіздемейді. Әуелібіріне-біріпәлеіздейді. Не түсін, не ажарын, не өкпесінбұлдап, олболмаса, бірпәлесалып, қорғалатып, әйтеуірбірін-біріалдаудыңамалыніздеседі. Мұныңқайжеріненбірлікшықты?

«Ырысалды - тірлік» дейді, олқайтірлік? Ол осы жанкеудеден шықпағандық па? Жоқ, ондайтірлікитте де бар. Ондайтірліктіқымбаткөріп, бұлдағанадамөлімдіжаукөріп, ахиреткедұшпанболады. Жанынқорғалатып, жауданқашып, қорқақатанып, еңбекқылудан, қызметқылуданқашып, еріншекатанып, езатанып, дүниедеәлгіайтылғанырысқадұшпанболады. Олайтқантірліколаремес. Көкірегі, көңілітіріболса, соныайтады. Өзіңтіріболсаң да, көкірегіңөліболса, ақылтабуғасөзұғаалмайсың. Адалеңбекпенерінбейжүріп мал табуғажігерқылаалмайсың.

Кеселдіжалқау, қылжақбас,

 Әзір тамақ, әзір ас,

 Сыртың - пысық, ішің - нас,

Артынойлапұялмас, -

болыпжүріп, тіріміндеме, онандааллажібергенақбұйрықтыөлімніңөзіартық.

Тапсырма:

  1. Кімнің сөзі, қалай деп аталады?
  2. Қарасөз дегенді қалай түсінесің?
  3. Мәтіннен есіңде сақталған мақал-мәтелдердің мағынасын түсіндір.
  4. Автордың ойына көзқарасыңды бүгінгі өмірмен байланыстырып жеткіз.
  5. Сызықша қойылған сөйлемдерді атап шық.
  6. Сызықша қойылу себебі?

Критерий

Балл

Дескрипторлар

Тыңдалым (max6)

6

Мәтінді мұқият тыңдап, мәтіндегі негізгі ойды түсіне білді. Өзіндік креативтік ойлары бар. Сұрақтарға түгел дұрыс жауап берді.

5

Мәтінді мұқият тыңдап, мәтіндегі негізгі ойды түсіне білді.

5 сұраққа дұрыс жауап берді, толық емес жауаптар бар.

4

Мәтінді мұқият тыңдап, мәтіндегі негізгі ойды түсіне білді.

4 сұраққа дұрыс жауап берді,жеңіл қателіктер бар       

3

Мәтінді мұқият тыңдап, мәтіндегі негізгі ойды түсіне білді.

3 сұраққа дұрыс жауап берді, қателіктер бар.

2

Мәтінді мұқият тыңдап, мәтіндегі негізгі ойды түсіне білді.

2 сұраққа дұрыс жауап берді.

1

Мәтінді мұқият тыңдап, мәтіндегі негізгі ойды түсіне білді.

1 сұраққадұрысжауапберді.

ІІІ Оқылым

Мәтінді оқыңыз, төмендегі тапсырмаларды орындаңыз.1 – топ

      Абай-өз заманының жыршысы.Оның шығармалары-сол заманның шежіресі.Оларда сол кездегі қазақ қауымының тұрмыс-тіршілігі барлық ерекшеліктермен,тек өзіне ғана тән  белгі-бедерімен,өзіндік бояу-өрнектерімен мейлінше айқын да толық бейнеленген.

Абай-данышпан.Абай-кемеңгер.Әрбір данышпан адамның даналық ерекшелігіне үңіле қарап,кемеңгер кемелдігінің қыры мен сырын ұғыну-ол өз алдына бір тағылымды ілім.Абайға баратын жол-ұзақ жол.

   “Кемеңгерлікті танудың үш жолы бар,-депті сонау көне заманның кемеңгері Конфуций                  -Бірінші жолы –ойға салып пайымдау.Бұл -ең ізгі жол...  Ал үшінщісі – тәжірибе жолы.Бұл -ең қиыны.”

      Абай кемеңгерлікке жетудің, оны танудың ізгі жолы мен қиын жолын қалады.

Тапсырмалар:

  1. Мәтінді мәнерлеп оқы.
  2. Сызықша қойылу себебін түсіндір
  3. Конфуций пайымдауынша кемеңгерлікті танудың екінші жолы не? Сен не дейсің?

Мәтінді оқыңыз, төмендегі тапсырмаларды орындаңыз. 2 – топ

Адамның өсіп-жетілуіне әсер етеін сыртқы себептердің бірі – оның алған тәрбиесі. Баланың тәрбиесіне оның өскен ортасы, қоршаған қоғам ықпал жасайтыны белгілі. Абайды қоршаған табиғат, отбасы, туған-туысқандары, құрбы-құрдастары, білім-тәрбие алған ортасы – бәрі Абайдың рухани кемелденуіне ықпал етті. Абайдың бүкіл ой-қиялына, әлеуметтік ісіне дем беріп, шапағатын төккен арнаның бірі – қазақтың бағзы замандағы халық  мәдениетінің бай мұрасы. Екінші арна – Шығыс мәдениетінің тамаша мол мұрасы. Үшінші арна - ....?

Тапсырмалар:

  1. Мәтінді мәнерлеп оқы
  2. Сызықшаның қойылу себебін түсіндір.
  3. Абайдың кемелденуіне ықпал еткен үшінші арна?

Мәтінді оқыңыз, төмендегі тапсырмаларды орындаңыз. 3 – топ

Тапсырма: Білгенге-маржан. Сөйлемнің екінші жартысын жалғастыр.

(Тапсырмалар ұяшықта)

  1. Жоқ болсаң - ... , тоқ болсаң - ... .
  2. Биік ... – биік ... .

   Ерінбей еңбектеп ... да шығады,

   Екпіндеп ұшып ... да шығады.

  1. Бөтен сөзбен былғанса сөз арасы, ...
  2. Дүние - ... ... ,

Заман - ... ... .

   Алдыңғы толқын - ... ,

   Артқы толқын - .... .

  1. Үйде шешен, - ... Үйде батыр , - ...
  2. Қайратсыз ... – тұл,

    Тұрлаусыз ... – тұл,

    Шәкіртсіз ... – тұл.

Критерий

Балл

Дескрипторлар

Оқылым  (max 6)

6

Барлық тапсырма орындалған.

5

Тапсырмада 1 қателік бар.

4

Тапсырмада 2 қателік бар.

3

Тапсырмада 3 қателік бар.

2

Тапсырмада 4 қателік бар.

1

Тапсырмада 5 қателік бар.

IV Сауатыңды тексер.Жазылым

Берілген сөйлемдерде қойылмаған сызықшаны қойып, себебін түсіндір.

  1. Күллі адам баласын қор қылатын үш нәрсе бар:әуелі надандық,екіншісі еріншектік,үшінші залымдық.
  2. Жақсы жаныңа жолдас, жаман малыңа жолдас.

3.Еріншектік күллі дүниедегі өнердің дұшпаны.Талапсыздық,жігерсіздік,ұятсыздық,кедейлік бәрі осыдан шығады.

  1. Ашулы адамның сөзі аз болса ыза,қуаты артында болғаны.
  2. Білгенге маржан, білмеске арзан, надандар бәһра ала алмас

6.Қазақтың жамандыққа үйір бола беретұғының бір себебі жұмысының жоқтығы.

Тапсырма:Адасқан сөздер. Берілген сөздерді дұрыс орналастырып сөйлем құра, тыныс белгісін қой.

  1. баласы, адамның, әкесінің,адамның бауырың, дұшпаны, баласы,
  2. сөйлем, дегеніміз, бір сөз, я бірнеше сөз, тиянақты, білдіретін ойды, тіркесі, сөз
  3. ар, жазасы, ауыр, жаза, жазадан, бар.
  4. бала,сорлы, әдепті, арлы, бала, әдепсіз, бала, бала.
  5. білуге, қыл, пайда, ойла,ар, артық, ойлама, талап.
  6. жартас, бір, баяғы, байқамас, қаңқ, түкті, жартас, етер.

Критерий

Балл

Дескрипторлар

Жазылым  (max 6)

6

Барлық тапсырма орындалған.

5

Тапсырмада 1 қателік бар.

4

Тапсырмада 2 қателік бар.

3

Тапсырмада 3 қателік бар.

2

Тапсырмада 4 қателік бар.

1

Тапсырмада 5-тен көп қателер бар.

Айтылымда                                    

Қалауың бойынша төменде берілген тақырыптар бойынша пікіріңді дәйексөздермен дәлелде

  1. Елімнің болашағы – білімді жастар.
  2. Қазақстанның болашағы – қазақ тілінде.
  3. Мәңгілік елдің мәңгілік тілі.

Критерий

Балл

Дескрипторлар

Айтылым   (max 6)

6

Тілі нақты әрі әсерлі, тақырып толық ашылған, сызықша қойылатын сөйлемдерді орынды қолданды..

5

Мәтін мазмұнына қатысты өз пікірін білдіреді. Тақырып ашылған, алайда стильдік байланыстарында қателіктер бар. Сызықша қойылатын орындарды біледі.

4

Мәселені талқылауда креативті шешімдер ұсынды, сызықша қойылатын орындарға байланыстысөйлемдерді қатыстыру толық емес.

3

Ойын және  идеясын афоризмдер қолдана отырып  шығармашылықпен жеткізе білді, қателіктер бар.

2

Кіріспе, негізгі немесе қорытынды бөлімде ой қорытуы жеткіліксіз, қателіктер бар.

1

Баяндау стилі дұрыс таңдалғанымен, пікірін еркін жеткізе алмады теориялық білімін  қолдануда қателіктер бар.

Тыңдалым. Оқушылардың Абайдың «Алтыншы сөзін» бейнетаспадан тыңдау сәті.

Оқылым. Мәтіннен керекті деректерді іріктеу үстінде.

Жазылым. Тапсырма бойынша адасқан сөздерді ретімен орналастыру сәті.

Айтылым. Шығармашылық қабілеттерін көрсету үстінде.

 9- сыныпта қазақ тілі «Сызықша қойылатын орындар» бойынша

өтілген сабаққа рефлективті есеп.

Қазақ тілінен 9-сыныпта көп қате жіберетін сызықша қойылатын орындар бойынша өтілген сабақта оқушылардың алған білімдерін орынды жерінде қолдана білуіне баса назар аударылды. Пәнаралық байланыс нәтижесінде оқушылардың оқуын барынша даралау көзделді. Сабақтың оқылым, тыңдалым, жазылым, айтылым бөлімдері бойынша оқушы қажеттілігіне негізделген SMART  мақсат қойылды.

         Нәтижесінде:

Не сәтсіз өтті?

  • мәтіннен проблеманы шешу үдерісіне сай үзінділер таңдай білді;
  • кең ауқымды мәліметтерді пайдаланды;
  • өмірде қолдана білу дағдылары қалыптасты;
  • баламалы шешімдер қабылдауда іс-әрекеттің түрлендірілген тәсілдерін пайдалануға бейімділігі артты;
  • шығармашылық қабілеттері байқалды;
  • өздері игерген мәліметтерді бұған дейінгі меңгерген білімдерімен байланыстыру белсенді үдеріс алды.

Бұл сабақтың сәтті тұстары болды.

Не сәтсіз болды?

  • ой жүгірту, тұжырым жасау, проблеманы шешуде оқушылардың белсенділігі бірдей болмады;
  • қалай істеуге болатынын анықтауда кейбір оқушылар баяулық танытты;
  • топты жігерлендіру жеткіліксіз болды.

Мемлекеттік мерекелер

$
0
0

Солтүстік Қазақстан облысы Аққайың ауданы

"Власовка орта мектебі"КММ

Сынып: 5 сынып

Мұғалім: Жантлесова Марал Уразылевна

қазақ тілі мен әдебиет пәнінің мұғалімі

Сабақтың тақырыбы: "Мемлекеттік мерекелер"

Сабақтың мақсаты:

Оқушылар Қазақстан тақырыбы бойынша  алған білімдерін түрлі тапсырмалар арқылы білімді тиянақтай білді, мемлекеттік мерекелер жайында мәлімет алды. Сөздік құрам талдауды меңгерді.

Сабақтың күтілетін нәтиже:

  1. Оқушылар лексикалық тақырыпқа байланысты бірнеше тапсырмаларды орындай біледі. сұрақтарға жауап бере алады.
  2. Бірлескен және жеке жұмыс түрлерін орындау арқылы ойлау, есте сақтау, өз ойын еркін айтуға түсіне алады.
  3. Менің Отаным-Қазақстан модуліндегі алынған ақпаратты өз мүмкіндіктерінде қолдана алады.

Сабақтың құрал-жабдығы:  мәтін, маркер, ватман, Қазақстан картасы

Сабақтың құрылымы.

Сабақтың кезеңдері

Уақыты

Әдісі

Мұғалімнің әрекеті

Оқушының әрекеті

Бағалау түрі

1

Ұйымдастыру кезеңі

1. Амандасу

2. Ынтымақтастық атмосфера қалыптастыру

- балалар, біздің жасап жатқан шаңырағымыз биік  те, берік болсын деп бәріміз табысты, белсенді сабаққа қатысайық.

3 мин

Тренинг

"Шаңырақ"

Оқушыларды ортаға шақырып, шаңырақ жасауды ұсынады. Шаңырақ жайында түсініктеме жасап кетту.

Сабаққа  көңілдерін

аударады

Оқушылар ортаға шығып шаңырақ жасайды,  шаңырақ деген не екеің танысады.

Бірін-бірі қолдау

2

Топқа бөлу.

Бағалау парақ тарату

(еске түсіру)

 1 мин

Сандар б/ша

Топ бөлу

Топ ережелерін қайталауды ұсынады

Оқушылар өз сан нөміріне сай топқа отырады, сабаққа назар ларын аударады.

3

Үй жұмысын тексеру

Деңгейлік тапсырмалар орындау.

3 деңгей. Сөздік миниум. Сөздерді қазақ тіліне аудару. (6 сөз)

2 деңгей.

Сөздік сөздермен сөйлемдер құрастыру.

1 деңгей.

Өзара сұрақтар құрастыру

"АТАМЕКЕН" - тақтаға сөзі жазылады

Атамекен сөзіне мағынасы жақын сөз анықта.

(тақтада 1 оқушы шығып жазады)

   8 мин

Диалогтік оқыту,

ОүБ.

"Фишбон"

Стратегия

сы

Оқушыларға

 "Менің Отаным

- Қазақстан"

тақырыбына байланысты

деңгейлік тапсырмаларды орындау

Өзара тақырыпқа сай сұрақтар құрастыруды ұсыну.

Оқушыларды бағалау.

Оқушылар жеке аударып, өзара толықтырады, бағалайды.

Екі топ берілген сөздермен 5 сөйлем құрастырып, дауыстап оқиды. Құрастырылған сөйлемдерді келесі топ дұрыстығын бағалайды

Оқушылар дайын жасалған ұшақ макетіне өз сұрағын жазып, біріне-бірі ұшыртады.

Стикер қойылған оқушы қарсы топ оқушыларды бағалайды.

Бағалау парағы

Бір-бірін бағалау парақта қойылады баға

4

Жаңа сабақ

1. Жаңа сабаққа кіріспе.

ҚАЗАҚСТАН  плакат-картаға  әртүрлі түсті стикерлерге тақырып б/ша білгендерін жазу

2. Сабақтың тақырыбын хабарлау.

 - Балалар,  мына тақтадағы сандар нені білдіреді?

Сабақтың тақырыбы:

Мемлекеттік мерекелер.

Жаңа сөздер,

Ұлттық мереке

Мемлекеттік мереке

Діни мереке

Кәсіптік мереке

Мейрам, ұлттық мереке, әлем,тойлау,тосу, жер жүзі,атаулы күндер, халықаралық, жеңіс күні, халықтар бірлігі күні

.

15 мин

(5 мин)

( 8 мин)

Ойжинақ

тау әдісі

Топтастыру стратегиясы

Мұғалім оқушылармен қандай модуль қайталағандарын анықтайды, не білгендерін бөлісуді ұсынады.

Тақтаға 1991 жылы, 1992 жылы сандар жазылады.

Мұғалім оқушыларға сәйкестікке мереке атауларын қоюды ұсынады.

Оқушылар ҚАЗАҚСТАН тақырыбы бойынша стикерлерге жазып, өз ойын айтуға жаттығады.

 Мен білемін ...

Оқушылар тағы қандай мерекелер білетін бөліседі.

Оқушылар  мерекелерді сәйкестік түрінде қойып, жаңа сөздерді пайдалана отырып, өз мерекесі жайында таныстырым жасайды

Мадақтау

Бірлескен жұмыс.

Топ басщысы бағалайды

(әр топ өзі баға)

5

Сергіту сәті.

"Қарлығаш"

    2 мин

Оқушыларды бірнеше дене қимылдарды жасауға ортаға шығарту.

Оқушылар көңіл-күйлерін жақсартады.

6

Карточкалық тапсырма.

 10 мин

ДЖИКСО әдісі

Мұғалім оқушыларға  әртүрлі мәтін таратып, тапсырманы орындауды ұсынады.

Оқушылар мәтін ұқсас бөлімдері бойынша отырып, тапсырмамен танысады, талдайды, қайта өз орына келіп алған білімдерімен бөліседі.

Өзара бағалау.

7

Қорытынды.

- Қандай модулді бекіттік?

СӨЗ ҚҰРАМЫ дегеніміз не?

- Сабақтан алған әсерін қандай?

Смайл бойынша бағалау

 3 мин

Мұғалім оқушыларды сабақты қорытындылауға үйретеді.

Оқушылар сабақта не білді

8

Рефлексия

2 мин

"Көңіл-күй азбукасы"

Мұғалім оқушыларға сабақтан өз көңілдерін бөлісуді ұсынады

Оқушылар өз көңіл неліктен осындай айтуды үйренеді.

Өзін бағалау.

9

Бағалау

2 мин

Суммативті баға

Мұғалім оқушыларға белсенділігі мен шапшандылығы б/ша қорытындылайды

10

Үй жұмысы

1 мин

Бақылау тест сұрақтарына даярлану

20 тесттік сұрақ.

Viewing all 866 articles
Browse latest View live

<script src="https://jsc.adskeeper.com/r/s/rssing.com.1596347.js" async> </script>