Quantcast
Channel: Қазақ тілі әдебиет | и рус.кл - Қазақстан ұстаздарына арналған - Әдістемелік-ақпараттық сайт sabaqtar.kz
Viewing all 866 articles
Browse latest View live

Тұрлаусыз мүшелер

$
0
0

Маңғыстау облысы  Мұнайлы ауданы

№10 орта мектептің бастауыш сынып мұғалімі

Бустанова Тазагуль

Күні: 3 «А» сынып

Пәні:

Қазақ тілі

Тақырыбы:

Тұрлаусыз мүшелер

Жалпы мақсаты:

Оқушылардың тұрлаусыз мүшелер туралы білімдерін тиянақтау.Сөйлем мүшелерін еске түсіре отырып, ойлау,сөйлеу,есте сақтау дағдысын қалыптастыру. Оқушылардың сабаққа деген қызығушылығын арттыру.

Оқушылар үшін оқу

нәтижелері

Сөйлемдегі сөздердің байланысын сұрақ қою арқылы ажыратуға дағдыланады. Шығармашылықпен жұмыстануға деген ынтасы артады.

Сабақта қолданылатын

ресурстар

Сабаққа қажетті слайдтар, топтарға берілетін ресурстар, сиқырлы қорапшалар,т.б.

Оқыту әдістері:

СТО технологиясы, Оқыту мен оқудағы жаңа тәсілдер (диалогтық әңгіме, сұрақ-жауап т.б.), АКТ-ны пайдалану.

Тапсырмалар

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Сергіту сәті

Психологиялық дайындық:

Қуанамын менде,

Қуанасың сенде,

Қуанайық достарым

Арайлап атқан таңға.

Сыныпты топқа бөлу:

1. Қазақстан 2.Президент 3.Тәуелсіздік

-Балалар, біз неге осылай топқа бөліндік деп ойлайсыңдар?

-Ия,өйткені алда ҚР-ның тұңғыш Президент күні келе жатыр.Сонда, 1желтоқсан – ҚР-ның тұңғыш Президент күні.Ендеше, бүгінгі сабақтағы тапсырмаларды орындау барысында еліміздің Президенті Н.Ә. Назарбаевтың өмірбаяны туралы мәлімет алып отырасыздар.

Үй тапсырмасын сұрау: 71-жаттығу.

Дәптер жинап, тарату.

Күннің жадын жазып,сынып жұмысын жазу.

Жұмбақ жасырылады, оның шешуін көркем жазу ретінде жазады.(74-жаттығу) (Слайдта жұмбақ жазылып тұрады.)

Өткен сабақты есімізге түсірейік. Ол үшін мына сызбаға қараймыз. (Слайдтағы сызбаға назар аударту)

Сөйлем мүшелері туралы сұрақтар қою.

Н.Ә.Назарбаев өмірінен үзінді.

Енді,оқулығымыздағы 72-жаттығуға назар аударайық.

Сөйлемдерді көшіріп жазу және сөйлем мүшесіне талдау.

Тақтаға әр топтан бір оқушы шығару.

Келесі,73-жаттығудағы мақалды көшіріп жазу. Тұрлаулы, тұрлаусыз мүшелерді тауып,астын сызу.(Барлық топ орындайды).

Н.Ә.Назарбаев өмірінен үзінді.

Шығармашылық жұмыс:

Үш топқа сиқырлы қорапша таратылады,мұнда үш топқа үш түрлі тапсырма беріледі.

1тапсырма: 75-жаттығудағы сурет бойынша әңгіме құрау.

2апсырма: «Бес жолды өлең» құрастыр

Кім?Не?

Не істеді?Қайтті?

Қандай?

Мәндес сөз

Сөйлем.(Әдепті,ақылды оқушы оқыды).

3тапсырма: «Ойлан тап!» Жоғалған сөздерді тап.

.............жүзеді.

.............тігеді.

.............жауады.

...... ...........оқиды.

....... .............. ұшады.

........ ............. жанады.

Н.Ә.Назарбаев өмірінен үзінді.

77-жаттығу. «Кел,ойнайық!» адасқан сөйлем мүшелерін өз орнына қой.(Сызбалар бойынша сөйлем мүшелерді орнына қою)

78-жаттығу.Мәтінді оқу. Сендер өздеріңді қалай сынайсыңдар? Сұрағына жауап беру.

Ол үшін мен сендерге мына сөйлемді беремін.Осы сөйлемді өз беттеріңше ауызша талдаңдар.

Сәрсен жуан ағаштарды жығады.

Мен домбыра тартуды үйрендім.

«Сыңарын тап» ойыны арқылы бүгінгі сабағымызды қорытамыз.

Оқысаң сусын ішесіңіз

Аяғың ауырса күн жылынады

Көп ұйықтасаң қолыңмен сүртпе

Шөлдесеңіз басың ауырады

Көзің ауырса көп жүрме

Жаз шықса түсінесің.

Бағалау

Сумативті бағалау.

Үйге тапсырма:

76-жаттығу.

Рефлексия

Президентіміздің күнін ескере отырып, елбасымызға бүгінгі сабақтан алған әсерімізді мына стикерлерге жазып білім ағашына жапсырайық.


Ата-әжеме хат Ы.Алтынсарин

$
0
0

Сабақтың тақырыбы: «Ата-әжеме хат» Ы.Алтынсарин

Сабақтың мақсаты:Ы.Алтынсаринның өмірі мен шығармашылығына тоқталып

кету. Хат жазу үлгісін меңгерту. Мәтінді дұрыс түсініп оқуға,

жүйелі сөйлеуге үйрету. Ойлау, сөздік қорларын, тіл

байлығын дамыту. Үлкенді сыйлауға, достыққа, әдепті

болуға, батылдықпен батырлыққа тәрбиелеу.

Сабақтың түрі:  аралас сабақ

Сабақтың әдісі:сұрақ-жауап, ой қозғау

Сабақтың көрнекілігі: конверт, интерактивті тақта, суреттер, бейнебаян.

Сабақтың барысы: І-Ұйымдастыру кезеңі

1-слайд

                    Үлкенге де сіз,

Кішіге де сіз,

Баршаңызды құрметтеп

Бас иеміз біз.

 

ІІ-Үй тапсырмасын сұрау: «Апаңның тілін алса егер...»

  1. Өлеңді мәнерлеп оқытып шығамыз. Әр топтан бір-бір оқушы оқып шығады.
  2. Дәптерлеріне жазып келген мақал-мәтелдерін сұраймыз.
  3. Кесте бойынша жұмыс жүргіземіз.

2-слайд

3-слайдТест

4-слайд

Құт берекең-атаң қымбат,

Аймалайтын анаң қымбат.

Мейірімді апаң қымбат

Асқар тауың-әкең қымбат.

  • Балалар, айналамыздағы туысқандарымыздың бәрі де бізге қымбат жандар. Солардың айтқан ақылдарын тыңдап, оны орындауға міндеттіміз. Үлкендерді тыңдасақ қандай болатынымызды білдік. Біздің айналамызда апамыздан басқа ақыл айтатын тағы кімдер бар? Айтыңдаршы.
  • Ата, әже, әке, аға, әпке, т.б. осылардың барлығы өзімізбен бірге тұра ма? Олармен қалай хабарласып тұрасыңдар.
  • Ия, дұрыс айтасыңдар қазір байланыс түрлері өте көп.

5-слайд

6-слайд

Ой қозғау

Аяғы жоқ жүреді,

Тілі жоқ сөйлейді. (Хат)

  • Ал балалар олай болса бүгінгі өтетін жаңа сабағымыздың тақырыбы.

ІІІ-Жаңа сабақ

«Ата-әжеме хат» Ы.Алтынсарин

  • Бүгінгі біз осы әңгімені оқи отырып, хат жазу үлгісіне назар аударайық.

Оқулықпен жұмыс.

Мәтінді оқып береміз.

1-сұрақХатты жазып отырған кім?

2-сұрақОл хат кімдерге арналған?

7-слайд

  • Балалар міне, бізге ата-апаларымыздан хат келіп отыр. Осы хатты оқып көрейік.

Қымбатты да, сүйкімді, кішкентай құлыншақтарым!

1-топ«Білім»

2-топ«Ақыл»

3-топ«Қайсар»

Оқулықты тізбектеп оқыту.

8-слайд

Дәптермен жұмыс

9-слайд

  • Ал, балалар енді осы үлгіге сүйене отырып, әр топ өз қалаған адамдарына хат жазып шығамыз. Әр топ жазған хаттарын оқып береді.

10-слайд

Сергіту жаттығуы

«Жүрек жылуы» шеңбері

Атасын жақсы көретіндер-көк түсті алады

Әжесін жақсы көретіндер-қызыл түсті алады

Анасын жақсы көретіндер-жасыл түсті алады

Барлығын жақсы көретін болса- ақ түсті алады.

Хормен орындау:

Біз бәрін жақсы көреміз,

Отбасымыз аман,

Еліміз тыныш болсын.

 

Сабақты қорыту:Мәтіннен Назардың хатын төрт бөлікке бөліп, әр бөліктің шегін ажыратып оқыңдар.

1-топХаттың басталуымен аяқталуы.

2-топНазардың оқуы

3-топНазарға айтқан атасының ақылы.

Үйге тапсырма: Мәтінді түсініп оқу, хат жазып келу.

Бағалау:

 

Бірігу жолмен жасалған туынды сөздер

$
0
0

Қарағанды облысы Шет ауданы Ақжал негізгі мектебі

қазақ тілі мен әдебиет пән мұғалімі Оспанова М.М.

 

 

Сабақтың тақырыбы: Бірігу жолмен жасалған туынды сөздер

Білімділік мақсаты: түбір сөздердің бірігуі арқылы жаңа сөздердің пайда болатындығы жайында  түсінік алу;

Дамытушылық мақсаты: берілген материалдарды меңгеруге, ойлау белсенділіктері мен шығармашылық қабілеттерін дамыта түсуге ықпал ету;

Тәрбиелік мақсаты: сабақта жүргізілетін жаттығу жұмыстары арқылы оқушыларды  адамгершілкке, адалдыққа, еңбексүйгіштікке баулу.

Сабақтың түрі: ашық сабақ

Сабақтың әдісі: түсіндіру, сұрақ-жауап, талдау, тест тапсырмалары

Көрнекілігі: кесте, кеспе қағаз,слайд

Пәнаралық байланыс: жаратылыстану, музыка

Сабақтың барысы: І. Ұйымдастыру.

ІІ. Өткен сабақтар бойынша сұрақ-тапсырмалар

Ой қозғау.

1.Біз бір-бірімізбен не арқылы қатынас жасаймыз?

2.Тілдің негізгі байлығы неде?

3.Сөздер қалай жасалады?

4.Сөзге қосымша жалғанда сөз мағынасы қалай өзгереді?

5.Бұл сөз жасаудың қандай түрі? (туынды сөз)

6.туынды сөз неден жасалады? (түбір сөз)

7.Түбірден басқа жолмен сөз жасауға бола ма? Мына сөздерді салыстыр.

Мыс: еңбекші –еңбекақы

Ендеше, бүгінгі сабағымыздың тақырыбы «Бірігу жолмен жасалған туынды сөздер»

Күнді және тақырыпты дәптерлеріне жазғызу.

Оқушыларға мысал келтірту.

Қызыл + жар + құдық (жердің аты)

Осыдан өзіміз біріккен сөзге анықтама шығарамыз.

Екі я одан да көз сөзден бірігіп, жаңа мағына беретін сөздер біріккен сөздер деп аталады.

ІІІ. Оқулықпен жұмыс.

 А) 1-оқушыға ережені оқыту.

Ә)374-жаттығу ауызша орындау.

ІV. Біз бүгін жаңа тақырыбымызды меңгеру мақсатында мынадай сұрақтар мен тапсырмалар ойын түрінде беріледі.

Тақтада мына пирамиданың суреті.Осы пирамиданың шыңына шығу үшін екі топ тапсырмаларды орындайды.Дұрыс әрі бірінші орындаған топ сол  пирамиданың шыңына шығып өз туын тігеді. Осы шыңға жету үшін жодағы кедергілерден

1)өзен, 2)тау, 3) құз жартас, 4)ну орман, 5)қыл көпірден өту керек.

Кедергілер суреттермен берілген.Суреттердің арытнда тапсырма-сұрақтар бар.Осы кедергілерден өткен топ жеңімпаз атанады.

  І топ                      ІІ топ

1-тапсырма. Өздерің білетін біріккен жер-су аттарын ата.

2-тапсырма. Жұмбақтардың шешуі біріккен сөз, шешуі болған сөзге математикалық тәсілмен мінездеме бар.

Тарбаң-тарбаң тарбиған,                              Сап-сары көйлегі,

Түрі жаман жарбиған.                                  Қап-қара түймелі.

                                                                    Көрсетер сүйгенін,

                                                                    Басының игені.

 

3-тапсырма. Біріккен сөздердің сыңарларын тауып айт.

  1. Боз... 1. Кемпір....
  2. Ал... 2. Ақ....
  3. Өнер.... 3. Шаң...

 

4-тапсырма.

-Құс аттары болатын біріккен сөздерді ата.

-Аң, жәндік атаулары болатын біріккен сөздерді ата.

 

5-тапсырма.

«Музыкалық әліппе» Қандай музыкалық аспаптарды білесіңдер?

Соның ішінде қандай біріккен сөздер бар?

Шаңқобыз, сазсырнай, қылқобыз, домбыра, жетіген, шертер, тұяқтас.

 

  1. Сергіту сәті. «Сыңарын тап» ойыны

 Мына берілген сөздерді қосып біріккен сөздер жаса.

                                                                    Қол        

 

                                          қанат                                     серік

                          

                         қарақшы                                              жеті

 

                           өмір                                                      баян

 

                             басшы                                        жол

      

                                                           таңба

                     

  1. Шығармашылық тапсырма.

Екі топқа да берілген біріккен сөздер бойынша сөйлемдер құрау

 

VII. Сабақты бекіту мақсатында мына тапсырманы орындаймыз.

Берілген кестеде түбір сөздер берілген. Осыған жұрнақ арқылы, бірігу арқылы жаңа сөздер тудыратын мысалдар жазу керек.

 

VIII. Сабағымызды тест тапсырмасы бойынша қорытындылаймыз.

Тест жауаптарын тақтадығ сызбаға түсіріп тұрамын. Сызбалардың арасын қосқанда геометриялық пішін шығады.

ІХ. Үйге тапсырма.

Мектептің ауласы. Сан есім

$
0
0

Сабақтың тақырыбы:  Мектептің ауласы. Сан есім

 Сабақтың мақсаты:

  1. Білімділік: Оқушыларға мектеп тақырыбына байланысты  алған білімдерін толықтыру, мектеп ауласы тақырыбын меңгерту;
  2. Дамытушылық: т іл дамыту, ауызекі сөйлеуге , сөздік қорларын, теориялық білімдерін арттыру, ой-өрісін кеңейту, танымдық біліктіліктерін ашу.
  3. Тәрбиелік: өз мектебіне, еліне, жеріне деген сүйіспеншілік сезімдерге тәрбиелеу. 

Сабақ түрі:  жаңа сабақ

Сабақтың типі: кіріккен сабақ, интерактивті сабақ

Пәнаралық байланыс: география, әдебиет

Көрнекіліктер:  тірек сызбалар, интерактивті тақта,  деңгейлік тапсырмалар, презентация

Сабақтың әдістері: әңгімелесу, сұрақ-жауап, түсіндіру, салыстыру, , практикалық әдістер.

Ұйымдастыру формасы: жұптық, жеке

Сабақтың барысы:

І. Ұйымдастыру кезеңі:

-сәлемдесу;

  - түгендеу;

 - сабаққа бейімдеу;

ІІ. Психологиялық дайындық:

Шаттық шеңберіне шығару

-Армысыздар, құрметті қонақтар, ұстаздар!

-Армысыз, қайырымды Аспан-ата!

- Армысыз, мейірімді Жер-ана!

- Армысыз, шұғылалы нұрлы күн!

- Тамаша болсын бүгінгі күн!

(мұғалімнің соңына оқушылар қайталайды)

Бүгінгі сабақ, аукцион сабағы түрінде өтеді. Сабақ соңында кім көп ұпай жинаса, сол оқушы жақсы бағаға ие болады.

 Үй жұмысын тексеру

Үйге сөздік жаттау берілген. Сөздікті тексереміз.

Балаларға парақтар таратылады, сол парақтарға жаттаған сөздермен сөз тіркестер құрады. Парақшаларын жинап тексеремін

Кім көп сөз тіркестер құрған болса сол ұпай алады 

 

«Мемлекеттік тіл – қазақ тілі» деген ұстанымды балаларға айтып, олардың сабақта қалай жұмыс істелетіні дауыстап оқылады. Сондықтан сабақта біз мәтінді оқып, сұрақтарға жауап бері, диалог оқуға, әр түрлі тапсырмаларды орындауға, белсенді болуға  дайын болайық!

Сабақтың тақырыбын алфавиттің әріптері арқылы табу.

 

Аа

1

Әә

2

Бб

3

Вв

4

Гг

5

Ғғ

6

Дд

7

Ее

8

Ёё

9

Жж

10

Зз

11

Ии

12

Йй

13

Кк

14

Ққ

15

Лл

16

Мм

17

Нн

18

Ңң

19

Оо

20

Өө

21

Пп

22

Рр

23

Сс

24

Тт

25

Уу

26

Ұұ

27

Үү

28

Фф

29

Хх

30

Һ

31

Цц

32

Чч

33

Шш

34

Щщ

35

Ъ

36

Ыы

37

Іі

38

Ь

39

Ээ

40

Юю

41

Яя

42

Музыка әуені

17,8,14,25,8,22,25,38,19

Мектептің

1,26,16,1,24,37

ауласы

Сонымен, сабақтың тақырыбын таптық.

  • Балалар, мен сендерге бір нәрсе айтайын. Анау тақтадағы күнді көріп тұрсыңдар ма? Ол күнге не жетпей тұр? Дұрыс шуақ жетпей тұр. Біз бұл күнге шуақ сыйлауымыз керек, сондықтан біз әр тапсырманы дұрыс орындаған сайын бір шыақ қосылып отырады да, біздің мектептің ауласына көктем тез келеді (Үй тапсырмасын дұрыс орындағаны үшін, күн шуағын қосу және тақырыпты дұрыс тапқандарың үшін шуақ қосу)

IIІ. Мотивация.

Балалар, міне бүгін мен сіздерге «Мектептің ауласы» атты  сабақты өткізбекпін. Бұл сабағымыз жаңа  сабақ  ретінде  өтеді. Сонымен қоса балалар, біз бүгін біздің ауламызға күн алып келуіміз керек. Бірақ біздің күнімізде жылу шуағы жоқ. Әр тапсырманы дұрыс орындаған сайын бір шуақтан қосылып отырады.

Сабақта грамматикалық тақырыбы: Сан есім

Сабақ беру үрдісі.

  1. Жаңа сабақ.

Сөздікпен жұмыс

Аула –двор

Қоқыс –мусор

Аула қоршауы-забор

Еңбексүйгіш –трудолюбивый

Гүлзар – клумба

Субұрқақ - фонтан

Жаңа сөздерді бекітеміз. Дауыстап оқу, орысша-қазақша оқу.Оқушылар жаңа сөздермен сөз тіркестері, сөйлемдер құрастырып айтады. (күн шуағын қосу)
А) Оқулықтағы тапсырмалармен жұмыс.

1 тапсырма.Мәтінді оқып, түсіндіру үшін презентацияға назар аударыңдар. Мұғалім дауыстап оқып шығады.

Мектеп ауласы кең. Балалар мектеп ауласы қоршауын сырлады. Мектеп ауласында 2 әдемі орындық бар. Аулада 5 гүлзар бар. Балалар ауланы сыпырды, қоқыс шығарды. Аулада 12 шам бар.Біздің мектеп ауласы өте әдемі.

Компьютермен   презентация көрсетіледі.

Мәтінмен жұмысты бекіту.

-  Балалар, мәтінге назар аударыңдаршы. Не көріп тұрсыңдар?

-  Дұрыс, асты сызылған сандар.

- Дәптерлеріңе көшіріп жазындаршы

Оқушыларға сан есімнің ережесі мен түрлерін оқып, түсіндіру.

Орысша сан есім ережесін сұрау

Ереже жазылған таратпаларды беру

Презентацияда көрсетіледі

Сан есім

       Заттың санын, мөлшерін, ретін білдіретін сөз табын сан есім деп атаймыз. Сан есім неше? қанша? нешінші? нешеу? деген сұрақтарға жауап береді.

Түрлері (типы)

Сұрақтары (вопр.)

Жасалу жолдары (способы образов.)

Мысалдар (примеры)

Есептік сан есімдер(количественные)

Қанша? Неше?

---------

Бір, бес, жиырма

Реттік сан есімдер

(порядкове)

Нешінші? Қаншасыншы?

- ншы, - нші

-ыншы, -інші

Бір+інші, жеті+нші,

Он+ыншы, алты+ншы

Жинақтық сан сімдер

(собирательные)

Нешеу?

ау

еу

Бір+еу, жет+еу

Алт(ы)+ау

Болжалдық сан есімдер

(предположительные)

Қанша? Неше?

Қаншадай? Нешеге жуық? (приблиз. сколько?)

дай, - дей

тай, - тей

-лаған, -леген

-даған, -деген

-таған, -теген

- лап, - леп

- дап, - деп

-тан, -тен, -ер

Отыз+дай, елу+дей,

қырық+тай, қырық+таған, жиырма+лаған,

он+даған, жүз+деген,

жүз+деп, он+дап, бір+ер

Көптік жалғауы+септік жалғауы

Әлия он тоғыз+дар+да (Әлие-около девятнадцати). Сабақ үш+тер+де басталады. (Занятия начнутся около трех часов)

Есептік+есептік

Бес+алты, отыз+қырық

Топтау сан есімдер

(собирательные)

Нешеден? Қаншадан? (по сколько?)

дан, -ден

тан, -тен

нан, -нен

Бес+тен, он+нан, жүз+ден,

отыз алты+дан, екі-екі+ден, бір литр+ден

Бөлшектік сан есімдер

(дробные)

Қанша? Неше?

Есептік+шығыс септік

Он+нан бір (один десятых)

Бір бүтін бестен үш (один целых три пятых)

Жарты, жарым (половина), ширек(четверть)

Мың жарым (полторы тысячи), жүздің жартысы (половина ста)

Ширек ғасыр (четверть века)

Ә)Таратпалармен жұмыс. Сан есімдерді дұрыс қойып жазу

  1. Мен ... сыныпта оқимын.
  2. Біздің сыныпта ... оқушы бар.
  3. Қазақстан халқының Ассамблеясына ... жыл болды.
  4. Біздің мектеп ... қабатты.
  5. Мектептің ауласында ... орындық бар.
  6. Биыл Ұлы жеңіске ... жыл.

Презентацядан тексереміз  (Күн шуағын қосу)

Б) 2 тапсырма. Диалогпен  жұптық жұмыс

Оқушылыр жұптасып кезекпен оқиды

-Сұрақ-жауап

-Балалар, диалогтан не түсіндіңдер?

-Мектеп ауласы қандай?

- Біздің аулада гүл мен ағаштар бар ма?

-Иә, бар. Жақсы! (Күн шуағын қосу)

 

В) 3 тапсырма. Сан есімдерді қатыстырып 5 сөйлем құрастырыңдар

Тақтамен жұмысты ұйымдастыру

М: Мектептің ауласында  екі орындық бар.

Мектептің ауласында 5 әдемі гүл өсіп тұр.

Мектеп ауласында бір есік бар.

Мектеп ауласында үш ағаш бар.

Аулада бір субұрқақ бар.

Тексеру (Күн шуағын қосу)

В) Сергіту сәті (күн шуағын қосу)

Видео физминутка көрсетіледі

Г)  «Біздің мектеп» тақырыбына Ассоцияция құру

Біздің мектеп

 

таза

кең

Маған ұнайды

әдемі

Үш қабатты

жарық

үлкен

Тексеру (Күн шуағын қосу)

Ғ) Граммтикалық тапсырма.

Аула сөзін септеу

А.с.       аула                           Бес

І.с.        ауланың                    бестің

Б.с.        аулаға                      беске

Т.с.       ауланы                      бесті

Ж.с.      аулада                      бесте

Ш.с.     ауладан                    бестен

К.с.      ауламен                    беспен

Зат есім мен сан есімнің септелуін салыстыра отырып сұрақтар қою

Презентацядан тексереміз  (күн шуағын қоу)

  1. Қорытынды.

-Бүгінгі сабақтың тақырыбы қандай?

-Мектеп ауласы қандай болады?

Сан есім деген не ? Нешеге бөлінеді?

  1. Бағалау

Кім көп ұпай жинады сол балардың бағаларын қою (күн шуағын қосу)

VII.Үй тапсырмасы. 4 тапсырма.Сан есімдердің түрлерін анықтау

Тіл - достық тірегі

$
0
0

Тәрбие сағатының тақырыбы:  « Тіл -  достық тірегі»

Тәрбие сағатының түрі: сайыс
Тәрбие сағатының мақсаты:

Білімділік: Тіл туралы білімізді кеңейту, мақал – мәтелдер арқылы танымдылық қабілетімізді шыңдау, сөздік қорымызды молайту
Тәрбиелік: Оқушыларды қазақ елін, қазақ тілін қастерлеуге, ой - өрісін кеңейтуге, шешендік өнердің қыр – сырын ұғына білуге тәрбиелеу. Тілдің қоғам өміріндегі маңызын ұғындыру.

Дамытушылық: Орындалатын тапсырмалар арқылы оқушылардың ой-өрістерін дамыту Шығармашылық қабілеттерін дамыту.

Көрнекіліктер: тақырып, мақалдар жазылған плакаттар, шарлар.

Барысы:

І. Ұйымдастыру бөлімі.
Сәлеметсіңдер ме, балалар! Бүгін бізде ерекше күн. Біз «Тіл – достық тірегі» атты іс-шарамыз негізінде сайыс түрінде өтеді.

.
Мұғалімнің кіріспе сөзі:
Қазіргі заман талабы халықтық дәстүрді кеңінен пайдалана білуді көздеп отыр. Ол үшін халқымыздың ата – бабадан келе жатқан ұлттық асыл мұраларын, тұрмыс салтын, үлгі - өнегесін жүзеге асыруымыз қажет.. Тәрбиенің негізгі құралы – тіл, ол ұлттың тарихи көрінісінің белгісі болып табылады.
Ана тілін білмеуің, ананың арын төккендей,
Тілді бұзып сөйлеуің, өзіңді өзің сөккендей.
Тілде олқылық бой алса, тым алысқа бармассың,
-Сонымен ойынымызды бастаймыз!

-Бүгінгі сайысымыз екі топ арасында өтеді. Олар: 5 сынып оқушылары мен 7 сынып оқушылары.Балалар 7 сынып сендер мыналарға кішкене жеңілдік жасап отырындар енді, олар кішентай ғой деп. Ал, сендер 5 сынып оларға берілмендер.

Сайыстың әділ-қазыларын сайлаймыз.

Екі топ өздеріне ат қояды.

Ойынның шартымен таныстыру:

Ойынымыз 6 кезеңнен тұрады.

І кезең- Әр топ өздеріне берілген ұрандарын оқиды

Топтарының эмблемасын салады.

Әр әдемі әрі мағыналы эмблема үшін әділ-қазылар алқасы 5 ұпаймен бағалайды.

ІІ кезең- «Мақал –сөздің мәйегі» тақырыбына байланысты әр топқа 4 мақалдан беріледі. Сол мақалдарды құрастырады.

Әділ-қазылар өз бағаларын береді

  1. Өнер алды –қызыл тіл
  2. Отан отбасынан басталады
  3. Мектеп –кеме, Білім –теңіз
  4. Отансыз адам, Ормансыз бұлбұл.
  5. Ел іші – алтын бесік.
  6. Өз елім – өлең төсегім

ІІІ кезең- «Үштілділік –өмір талабы». Әр топ дорбадан бір сөзден алып орысша, қазақша, ағылшынша аударады. Әр дұрыс жауапқа әділ-қазылар 5 ұпаймен бағалайды (орысша айтып, ағылшанша айтпаса 2 ұпай деп бағалайды)

(адам, оқушы, қалам, парта, сынып, бала, мұғалім,мектеп, табиғат, қазақ тілі, орыс тілі, дәптер, үй, сабақ, алма, шие, сүт, қант, кәмпит, нан, жолбарыс, қасқыр, көйлек, шаш, бас, көз, қол, аяқ, асхана)

IV- кезең  «Аяқталмаған сөйлем»  Топтарға таратпаларға бір сөздері жоқ сөйлемдер таратылады. Оқушылар сол сөйлемдерді аяқтап, жауабын оқиды.

Бүгін бізде бес сабақ         ... .

Мен таңертең жаттығу     ... .

Астана – жас     ... .

9 мамыр – жеңіс күні      ... .

Жәнібек пен Керей - қазақ хандары     ... .

Қазақстанда көп ұлт өкілдері     ... .

Мәншүк Мәметова – қазақтың      ...            қызы.

Менің Отаным -    ... .

V кезең - «Сыр сандық»  Балалар сандықтар әр түрлі парақшаларды алады. Сол парақшаларда тапсырмалар болады. Әр оқушы өз парақшасындағы сұрағына жауап береді.

Ай аттарын ата

Апта күндерін ата

Жемістерді ата

Азық-түліктерді ата

Үй жануарларын ата

Аңдарды ата

Оқу құралдарын ата

Отбасы мүшелерін ата

Жыл мезгілдерін ата

Мемлекеттік мерекелерді ата

VI кезең- « Сөзден сөз туар» Тақтаға екі топқа бірдей сөз жазылады. Оқушылар сол сөзден не барынша көп сөз жасаулары керек. Сөздері қайталанбау керек.

«ҚАРЛЫҒАШТАРДЫҢ»

Сонымен балалар, әділ-қазылар өз ойларын түйіндесін. Шыққан ұпай сандарын санасын.

Қорытындылар шығарады. Жеңімпаз топты марапттаймыз, жеңілген топқа кішігірім сыйлықтар беріледі

Іс-шарамыз аяқталды.   Назарларыңа көптеген рақмет!

Тіл - достық тірегі

$
0
0

Тәрбие сағатының тақырыбы:  « Тіл -  достық тірегі»

Тәрбие сағатының түрі: сайыс
Тәрбие сағатының мақсаты:

Білімділік: Тіл туралы білімізді кеңейту, мақал – мәтелдер арқылы танымдылық қабілетімізді шыңдау, сөздік қорымызды молайту
Тәрбиелік: Оқушыларды қазақ елін, қазақ тілін қастерлеуге, ой - өрісін кеңейтуге, шешендік өнердің қыр – сырын ұғына білуге тәрбиелеу. Тілдің қоғам өміріндегі маңызын ұғындыру.

Дамытушылық: Орындалатын тапсырмалар арқылы оқушылардың ой-өрістерін дамыту Шығармашылық қабілеттерін дамыту.

Көрнекіліктер: тақырып, мақалдар жазылған плакаттар, шарлар.

Барысы:

І. Ұйымдастыру бөлімі.
Сәлеметсіңдер ме, балалар! Бүгін бізде ерекше күн. Біз «Тіл – достық тірегі» атты іс-шарамыз негізінде сайыс түрінде өтеді.

.
Мұғалімнің кіріспе сөзі:
Қазіргі заман талабы халықтық дәстүрді кеңінен пайдалана білуді көздеп отыр. Ол үшін халқымыздың ата – бабадан келе жатқан ұлттық асыл мұраларын, тұрмыс салтын, үлгі - өнегесін жүзеге асыруымыз қажет.. Тәрбиенің негізгі құралы – тіл, ол ұлттың тарихи көрінісінің белгісі болып табылады.
Ана тілін білмеуің, ананың арын төккендей,
Тілді бұзып сөйлеуің, өзіңді өзің сөккендей.
Тілде олқылық бой алса, тым алысқа бармассың,
-Сонымен ойынымызды бастаймыз!

-Бүгінгі сайысымыз екі топ арасында өтеді. Олар: 5 сынып оқушылары мен 7 сынып оқушылары.Балалар 7 сынып сендер мыналарға кішкене жеңілдік жасап отырындар енді, олар кішентай ғой деп. Ал, сендер 5 сынып оларға берілмендер.

Сайыстың әділ-қазыларын сайлаймыз.

Екі топ өздеріне ат қояды.

Ойынның шартымен таныстыру:

Ойынымыз 6 кезеңнен тұрады.

І кезең- Әр топ өздеріне берілген ұрандарын оқиды

Топтарының эмблемасын салады.

Әр әдемі әрі мағыналы эмблема үшін әділ-қазылар алқасы 5 ұпаймен бағалайды.

ІІ кезең- «Мақал –сөздің мәйегі» тақырыбына байланысты әр топқа 4 мақалдан беріледі. Сол мақалдарды құрастырады.

Әділ-қазылар өз бағаларын береді

  1. Өнер алды –қызыл тіл
  2. Отан отбасынан басталады
  3. Мектеп –кеме, Білім –теңіз
  4. Отансыз адам, Ормансыз бұлбұл.
  5. Ел іші – алтын бесік.
  6. Өз елім – өлең төсегім

ІІІ кезең- «Үштілділік –өмір талабы». Әр топ дорбадан бір сөзден алып орысша, қазақша, ағылшынша аударады. Әр дұрыс жауапқа әділ-қазылар 5 ұпаймен бағалайды (орысша айтып, ағылшанша айтпаса 2 ұпай деп бағалайды)

(адам, оқушы, қалам, парта, сынып, бала, мұғалім,мектеп, табиғат, қазақ тілі, орыс тілі, дәптер, үй, сабақ, алма, шие, сүт, қант, кәмпит, нан, жолбарыс, қасқыр, көйлек, шаш, бас, көз, қол, аяқ, асхана)

IV- кезең  «Аяқталмаған сөйлем»  Топтарға таратпаларға бір сөздері жоқ сөйлемдер таратылады. Оқушылар сол сөйлемдерді аяқтап, жауабын оқиды.

Бүгін бізде бес сабақ         ... .

Мен таңертең жаттығу     ... .

Астана – жас     ... .

9 мамыр – жеңіс күні      ... .

Жәнібек пен Керей - қазақ хандары     ... .

Қазақстанда көп ұлт өкілдері     ... .

Мәншүк Мәметова – қазақтың      ...            қызы.

Менің Отаным -    ... .

V кезең - «Сыр сандық»  Балалар сандықтар әр түрлі парақшаларды алады. Сол парақшаларда тапсырмалар болады. Әр оқушы өз парақшасындағы сұрағына жауап береді.

Ай аттарын ата

Апта күндерін ата

Жемістерді ата

Азық-түліктерді ата

Үй жануарларын ата

Аңдарды ата

Оқу құралдарын ата

Отбасы мүшелерін ата

Жыл мезгілдерін ата

Мемлекеттік мерекелерді ата

VI кезең- « Сөзден сөз туар» Тақтаға екі топқа бірдей сөз жазылады. Оқушылар сол сөзден не барынша көп сөз жасаулары керек. Сөздері қайталанбау керек.

«ҚАРЛЫҒАШТАРДЫҢ»

Сонымен балалар, әділ-қазылар өз ойларын түйіндесін. Шыққан ұпай сандарын санасын.

Қорытындылар шығарады. Жеңімпаз топты марапттаймыз, жеңілген топқа кішігірім сыйлықтар беріледі

Іс-шарамыз аяқталды.   Назарларыңа көптеген рақмет!

Саттар Ерубаев (1914-1973)

$
0
0

Саттар Ерубаев

(1914-1973)

 Қысқаша өмірбаяны: Саттар Ерубаев 1914 жылы Түркістан ауданыныда дүниеге келді. Балалар үйінде тәрбиеленген.

1927 жылы Түркістан ауданы, «Комсомол» колхозында қызмет істейді. ҚазКСР Оқу халық комиссариатының жоғары оқу орнында даярлау курсын,Ленинградтағы философия және тарих институтын бітіреді. «Лениншіл жас» және «Ленинская смена» газетінің әдебиет бөлімдерін басқарды. «Лениншіл жас» газеті редакторының орынбасары әрі Алматы жоғары ауылшаруашылық мектебі философия кафедрасының ассистенті болды.

1934-35 жылдары «Қарағанды поолетариаты» газеті редакторының орынбасары. 1935 жылы Ленинград университетінің аспирантурасына түсті. 1936 жылдың қыркүйегіннен ҚазПИ-дің қазақ әдебиеті кафедрасының доценті. 1932 жылы «Тракторшы Камалдың жыры», «Үш шахтер туралы баллада» деген жырлары жарық көрді.

Аудармада; К.Чуковскийдің «Сарыарқаның ерлері», Ю.Березиннің «Сексенбайдың қысқаша тарихы», А. Сурковтың «Бір қатарда» атты туындыларын, жапон жазушысы Си Китидің «Қол соқпаған адам», И.Еренбургтің «Австрия таулары» атты туындыларын қазақша сөйлетті. Өз шығармалары 1957 жылы орыс тілінде жарық көрді, ал 1966 жылы тұңғыш Ленин комсомолы сыйлығын алды.

С Ерубаев 1937 жылы Алматы қаласында қызмет бабында жүргенде ауыр науқастан қайтыс болды..

Жарқ еткен сәуле ғұмыр

 

        Құйрықты жұлдыздай ғана қысқа ғұмырында соңыны мол мұра қалдырып кеткен каламгер Саттар Ерубаев 1914 жылы Оңтүстік Қазақстан облысы Отырар ауданынның «Арыс» совхозының Ұзынқұдық жайлауында туған. 1923 жылы Түркістан жеті жылдық мектебінде оқыды. Осы мектепті үш жыл оқығаннан кейін, комсомол қатарына өттіп, аудандық комсомол біраз қызмет істеді. Зейінді жас екені ескірліп, ол жоғарғы оқу орындарына Алматыдағы дайындық курсаны жіберілді. Курсты озат аяқтағанан кейін 1930 жылы Қазақтың оқу комиссиариатының жолдамасымен Ленинградтың тарих – философия – лингвистика институтына түсті. Институтта оқып жүріп қоғамдық жұмыстырға белсене қатысты, институт газетінің алқа мүшесі болып, бірәз мақалалар жазды.

         Институтта жақсы оқығандығы үшін жыл сайын сыйлық алып отырды. 1933  жылы институтты бітірерде Саттар Ерубаев «Орыс неоромантизмі және қазақтың ұлтышлдық әдебиеті» деген диплом жұмысын профессор Медведевтің басқаруымен өте жақсы қорғап, аспирантурада қалдырылды. Бірақ өлкелік комсомол комитетінің талабымен Қазақстанға оралып, әуелі «Ленинская смена», соңынан «Лениншіл жас» газеттерінде әдебиет бөлімнің меңгерушісі болып тағайындалды.

        Мұнымен қатар 1934-1935 оқу жылында Алматыдағы жоғары ауылшаруашылық мектебінің философия кафедрасында ассистент болды, лекция оқып, семинар жұмысына басшылық етті. «Лениншіл жас» газетінің жауапты редакторының орынбасары болып жүргенде ашылайын деп жатқан (Қазіргі опера және балет) театрдың директоры болып істеді. Ал 1934 жылы Өлкелік партия комитеті «Қарағанды пролетариаты» газетінің редакторы етіп тағайындады.

       Саттар Ерубаев Қарағандыда істеген жылдары атақты «Менің құрдастарым» романы жазады. Ол қазақ жазушыларының тұнғыш съезіне делегат болып қатысып. Одақ мүшелігіне алғаш қабылданғандарың бірі еді. 1935 Ленинград университетінің аспирантурасына түсті, бірақ мендеп кеткен ауруы бірақ жыл оқуына мүмкіндік береді. Содан Алматыға оралып КазПи-дің қазақ әдебиеті кафедрасының доценті болып орналасып, әдебиет тарихы мен теориясынан лекция оқыды. Ол ауырып жүргеніне қарамастан жазуын тоқтатпады, ол да С. Сейфуллин, Б. Майлин т.б. жазушылар сияқты советтік құрылысты насихаттады. Оның өмір жолы, шығармалары – Қазақстан тарихының, қазақ әдебиетінің бір ұшқыны, бір ғана бөлшегі еді. Саттар Ерубаев «Тракторшы комсомолдың жыры», «Колхоз базарында», «Ақын жыры», «Үш шахтер туралы», «Меруерт алқа» т.б. балладарын «Бақыт», «Өмір көркемдігі», «Келесі соғыс туралы» новелларын , бірнеше сатиралық әңгімелер жазды. К. Чуковский, А. Сурков, Ю. Березин, И. Эренбург сынды жазушылардың бірқатар шығармаларын қазақ тіліне аударды. Оның үстіне қаншалықты қоғамдық қызмет атқарды десеңші. С. Ерубаев «Өмір дегенде өксігін баса алмай, өнерінің барлық гүлін аша алмай» өткен талант. Мейрімсіз ажал оны 23 жасында, 1937 жылы жас өмірін үзіп кетті. Бірақ Саттар Ерубаев сұм өлімді «Мәңгілік өмірмен» - шығармашылық еңбегімен женді.

 

 

Құйрықты жұлдыздай ағып өткен

 

Саттар Асқарұлы Ерубаев Қазақ әдебиетінің аспанына жарқ етіп көтеріліп, бірақ лезде жалт етіп ағып түскен жұлдыздарының бірі, өмір дегенде өксігін баса алмай, өнерінің барлық гүлін аша алмай арманда кеткен жас талант Саттар Асқарұлы Ерубаев қазіргі Шымкент облысы, Түркістан ауданында 1914 жылы дүниеге келген. Ауыл балалары сияқты молданың солқылдаған көк шыбығына көнбестен Саттар Түркістандағы бастауыш мектепке ашып кетеді. Мұны бітіргеннен соң жетіжылдық орыс мектебінде оқып, оны үздік аяқтап шығады.

1930-шы жылы Саттардың белсенді комсомол мүшесі және зейінді жас екені ескеріліп, жоғары оқу орындарына даярланатын Алматыдағы дайындық курсына жіберіледі. Сол жылы ол Қазақстан оқу Комиссариатының арнайы жолдамасымен Ленинград тарих, философия және лингвистика институтына түседі.

Институтты Саттар 1933 жылы үздік бағамен бітіріп шықты. Ол дипломдық жұмысын өте жақсы қорғайды және және осы еңбегі үшін бәйге алады. Сөйтіп, бұл жұмыс баспасөз бетінде жариялансын деген қаулы шығарылады. Ұстаздарының ұсыныстары бойынша С.Ерубаев аспирантураға қалдырылған екен. Бірақ Қазақстан өлкелік комсомол комитеті арнайы жеделхат жолдап, С.Ерубаевты шұғыл түрде Қазақстанға шақыртады. Осыған байланысты Саттар, оқуын қалдырып, елге оралады. Алматыда Саттар 1933-1934 жылдары "Ленинская смена” газеті әдебиет және өнер бөлімінің меңгерушісі, "Лениншіл жас” газеті редакторы; мәдениетте 1934 жылы бірер ай музыка театрының директоры; білім беру саласында 1933-1934 жылдары Жоғары ауыл шаруашылық мектебінде философия кафедрасының ұстазы қызметтер атқарды.

Қазақстан өлкелік партия комитетінің "Қарағанды полетариаты” газетінің жауапты редакторының орынбасары болып істейді. Қаламы ұшқыр, пікірі таза, дарынды қаламгер С.Ерубаев сол кезде Қазақстан Жазушылар одағының бірінші сьезіне қатысып, одақ мүшелігіне алғаш қабылданғандардың бірі болды.

1935 жылдың жазында С.Ерубаев Ленинград университетінің аспирантурасына түседі. Бірақ мендеп кеткен өкпе ауруы оған бар болғаны бір-ақ жыл оқуға мүмкіндік береді. Осыдан соң Саттар Алматыға қайтуға мәжбүр болады. Мұнда ол 1936-1937 жылдары Қазақстан педагогикалық институтына қазақ әдебиетінің тарихы мен теориясынан лекциялар окиды.

Бірақ бойын әбден мендеп алған ауыр дерт Саттарды 1937 жылдың екінші маусымында Алматы қаласындағы Турксиб ауруханасында көз жұмғызды. Онда ол бар болғаны 24 жаста еді.

С.Ерубаев әдеби ортаға тұлпар шабыспен екпіндеп, жарқырап кірді. Ол астанадағы зиялы қауымды жан-жақты біліммен, журналистика саласындағы білікті ізденістермен әдебиеттегі жаңашыл сыни ой-пікірмен, жаңаша жазылған өлең, баллада, пародиялырымен елең еткізді.

С.Ерубаев 1934 жылы Қарағандыға, қайнаған еңбек ортасына келгеніне қатты қуанған. Сол тұста жазған бір күнделігінде Саттар: "Мен Қарағандыға ризамын, ол мені жазушы етіп шығаратын болды!” депті. Қарағанды оны жазушы етіп шығарды. Саттар әдебиет сүйер қауымға мәлім "Менің құрдастарым” ромнын дәл осы кезде жаза бастаған еді. Бұл роман қазақ жұмысшы табының қалыптаса бастау тарихынан, 30-жылдарғы Қарағанды сынды ірі өнеркәсіп ошағының тыныс-тіршілігінен сыр шерткен, алғашқы ұлттық техникалық интеллигенция өкілдерінің бейнелерін сомдаған туынды.

Қарағандыда болған кезінде С.Ерубаев басқа да көптеген новеллалар, балладалар, өлеңдер, очерктер, сын мақалалар жазады. Оның қаламынан "Бақыт”, "Мәңгілік өмір”, "Өмір көркемдігі”, "Келесі соғыс туралы” новеллалары, "Өмір туралы рапорт”, "Үш шахтер туралы баллада”, "Меруерт алқа” тәрізді балладалары, алуан өлеңдері мен сын мақалалары, очерктері мен эпиграммалары өзіндік өзгеше үнімен, жүрек жарды лебімен, мөлдір сыршылдығымен. Қалтқысыз шыншылдығымен қазір де қайран қалдырады.

Аяқталмаған "Менің құрдастарым” романы бүгінгі күні де халқымыз сүйіп оқитын жаңашыл мәңгі жас шығарма.

Саттар шығармаларынан рухани нәр ғана емес, Саттардың өзі жайында да көп мағұлмат табуға болады.

Жарық жұлдыздай жарқырай ағып өткен қас-қағым тіршілігінде ол өзін халқының адал перзенті ретінде көрсетті. Артына көлемі шағын болса да салмақты, құнды әдеби мұра қалдырды. Оның қазақ кеңес әдебиетінде бірінші болып игерген жаңа жанрдағы шығармалары – балладалары, новеллалары, пародиялары мен эпиграммалары қазіргі әдебиеттің алтын қорына енді.

С.Ерубаев М.Жанғожинмен бірігіп мектеп оқушыларына арналған қазақ әдебиеті хрестоматиясын құрастырды. Сонымен қоса аудармашылықпен де шұғылданған. Ол К.Чуковскийдің, Ю.Березиннің, А.Суриковтың, И.Эренбургтің кейбір шығармаларын қазақ тіліне аударған.

1966 жылы Саттар Ерубаевқа Қазақстан Ленин комсомолы атындағы сыйлық берілді. Түркістан қаласында Саттар мұражайы бар. Қарағандыда Саттар Ерубаевтың аты мектепке, үлкен көшелердің біріне берілді

«Арманының ақ желкені асқақтап»

( еске алу кеші )

       Кеш өтенін залды безендіріп, Саттар Ерубаев туралы осы кеш аттас кітап көрмесін ұйымдастыруға болады.

       1–Жүргізуші:  Ұлы ақын Абай:

              «Бұл өмірдің қызығы махаббатпен,

              Көрге кірсең үлгілі жақсы атақпен.

             Артында сөзін менен ісің қалса,

             Өлсен де өлмегенге боларсың тең!»

Қандай тауып айытқан десеңізші! Әдебиет әлемінде талай қыршын жас ақын, жазушы «Құйрықты жұлдыздай» жалт етіп ағып өткені мәлім. Бірақ солардың ішінде қысқа өмірімен, өз халқы алдындағы перзенттік борышын ақтап кеткен сол асыл жастардың бірі-Саттар Ерубаев.

       2-Жүргізуші:   Біздің бүгінгі кештегі мақсатымыз Саттар Ерубаевтың өмірін бастан-аяқ баяндау емес, қазақ әдебиетін оқушыларға, әсіресе балаларға, оңың өмірін, адамшылық тұлғасын, ақындық талантының шеңберін дұрыс ұғындырып, ой салып, есте қалдырсақ демекпіз. Саттар өз шығармаларында «Мен Түркістанда, әлемге белгілі Қожа Ахмет Яссауидің түбінде тудым. Әкем де шешем де асқан ақын адамдар болған», - демекші ол он жасына дейін әкесі Асқар мен шешесі Бапаның тәрбиесінде болған. Ерлі-зайыпты екеуі де ақын, меймандос, сауыққой, бұл үйден қашанда өлең – жыр үзілмеген. Саттар оның көбін жаттап айтқан, ең алғашқы әріпті үйретіп, оқуға баулыған да өз әке-шешесі. Баласының зеректігі мен дарындылығын сезген ата-ана оны Түркістан қаласындағы Абай бастауыш мектебіне оқуға береді.

       1-Жүргізуші:  Саттар кітапты көп оқитын және тез оқитын.

       Оқушы:        «Ауылыма өлмеушілік мен әкеле жатыр ем,

                             Анау әне жәшіктегі кітаптарді оқып па ең?

                             Ол  кітаптар көсемдердің еңбегі,

                             Ол еңбектер мәңгі жасау, өлшеушілік өрнегі.

13        

                             Сол еңбеті өлмейтұғын, өшпейтұғын ағатай,

                             Мен ауылға алып келе жатыр едім шаршамай.

                             Жеткізбестен тап дұшпаны жол үстінде сұлатты,

                             Бірақ жауға мен бермедім өлмейтұғын кітапты.

                             Мен өлермін алтын күннің шығуына қарамай,

                             Ауылыма кітаптарды жеткізіп бер ағатай»-деп

 

Саттар Ерубаев өзінің «Мәнгілік өмір туралы жыр» атты өлеңінде жырлағандай, оның қазақ әдебиетінен оқымағаны қалмады. Айрықша баулап жүрген ешкімі болмаса да, жарып шыққан таланты оны дамыл таптырмаушы еді. Ол өлеңді 12-13 жасынан бастап жаза бастады. Сондағы өлеңдерінің аттары «Алақожа ата», «Жеті ата», «Шекшек ата», «Алақоржын», «Кірбазар» т.б. бұлар халықтың өмірін бейнелейтін өлеңдер болатын.

        2-Жүргізуші:  Саттар жеті жылдық біліммен орысшаны шалағана біліп, Ленинградтың орыс әдебиеті институтына түсіп, оны жиырмаға жетер-жетпесен бітіріп шықты, балалар байқадыңдарма «жиырмаға жетер-жетпестен», ол Ленинградтан қайтқаннаң кейін сұлу поэзияның жан тебірентерлік лириканың өкілі болуды көздеді.

                                     Өлке!

                                     Жиырма жылдың бойында,

                                     Өсіп ем-ау қойнында,

                                     Бірақ кетіп оқуға,

                                     Жырлар жырлап бермеп ем,

                                     Өзгерістер жайында, - деп жас

талант өзінің өлкесіне борыштар екенін сезіне, мойындай оралады. Өлеңдерінің тақырыбы сол кездегі Қазақстанның зор өзгерістері мен ұлы істерін жырлауға арналады. Ол «поэзияның зор қару» екендігін айта келіп:

                                     «Өлеңменен өлкеме

  Көметігімді бере алам, - деп қуанады»

       1-Жүргізуші:  Саттар Ерубаев ақындық әперген поэзиялық шығарма-баллада. Ал, ол кезде біздің қазақ әдебиетінде баллада жазу дәстүрі кенжелеу болатын. Осы баллада әдебиетімізге Саттар арқылы кірді. Баллада дегеніміз балалар, сюжетті лироэпикалық шағын көлемді шығарма, поэзияның бір саласы.

Ол «Өмір туралы рапорт», «Меруерт алқа», «Күзгі фрагмент», «Үш шахтер туралы баллада» жазды. Енді балалар, ақынның «Үш шахтер туралы» балладасын тындайық.

       1-оқушы:   (шахтер):

                                     Жер астында, жер бетінде атақты

                                     Қарағанды жалғыз менің атымменен атапты.

                                     10 минутте вагон көмір – қуанышты жөнелтем.

                                     Шахты күтед қараңғыда: «Маған қашан келмек» деп

                                     Гудок тағы айқайлайды жаса, жаса еңбек деп

       2-оқушы:  (2 шахтер):

                                     Мені Отан отыз өлшеп, отыз сынап байқады.

                                     Мен келгенде көп вагондар бәйге атындай жарысады,

                                     Вагончиктер су боп терлеп ауыздықпен алысад,

                Түскеннен соң ие болып атағына даланың,

                Жеті қабат жер астының билігін қолға аламын.

                Отан айтса: мынау жердің маған әпер тастарын,

                Құс сойғандай қопарамын жеті қабат астарын,

                Міне, шықтым Қарағанды қаласына аттап-ақ,

                Атағыммен астанаға құстай ұшып барғанмын. 

         3-оқушы:  (3 шахтер):                          

            -   Отанымның түкпірлері мені тегіс біледі.

                Мен түскенде шахта астына сындырғандай ырғайды,

                Мен түскенде сағат құсап жер өмірі тыңбайды,

                Бүкіл елім құлақ түріп қимылымды тыңдайды,

                Алпыс вагон, алты уысыма толмайды.

                Әрбір күні мен шыққанда талқан қылып таудайды,

                Жер бетінде әрбір күні көмір-қала орнайды,

                Ақын тұрып еңбек жырын, мен туралы жырлайды.

                Ұлы Отаным мен туралы күрес күйін толғайды.

 

Міне балалар, үш шахтердің еңбектерін Саттар осылай деп жырлаған. Өзінің аз ғана өмірінде 20 шақты поэзиялық шығармалырымен ақындық атаққа ие болған.

         2-Жүргізуші:  Саттар Ерубаев – саналы қысқа өмірін өте жемісті өткізген азамат. Абай аталарын айтқандай, дүниенің кетігін тауып, кірпіш боп қалануды көздеп, көп еңбек етіп, бір қатар публицистикалық шығармалар жазған нағыз журналист болған. Ол «Социалды Қазақстан» (қазіргі «Егемен Қазақстан»),  «Қазақ әдебиет», газеттерінің бетінде, «Ақындырға ашық хаттар», «Көркем өнер туралы хат», «Не айтар еді?» атты мақалалар жазды. Бұл шығармаларында поэзияны ойла да көркем ету, комедия жанрын тудыру, әсіресе жас жеткіншек балалар үшін шығармалар жазу мәселесін көтерді

        1-Жүргізуші:  Осы мақалаларының ішіндегі «Не айтар еді?» шығармасын балалардың орындауында тыңдап көрелік. (Театрлаған қойылым көрсетілетін жерді күні бұрын дайындап қою керек. Ол шағын бөлме ретінде, оның төр жағында 9 жасар қыз бала үлкен, қалың кітаптарды бірінен соң бірі алып ақтарады, әлденені іздейді, ал жанында үстелде жазу жазып әкесі отыр.)

          Әкесі: Неге күрсіңдің, қалқам?

          Қызы: Маған сүреті бар, қызық кітап керек.

          Әкесі: Кітаптардың бар еді ғой.

          Әкесі: Папау-ау, ескі кітаптарым жыртылып қалған, жаңа кітабім жоқ.

          Әкесі: Әнеукүні «Қарағанды», «Дүз» деген кітаптар әкеліп беріп едім ғой.

          Қызы: Олар қызық емес.

          Әкесі: Енді қандай кітап керек? Ә ... әлгі... «Орақ», - сонсың «Малта»...

          Қызы: Сондай кітап керек, Папа!         

         Әкесі: Қалқам, ондай кітап жазатын Асқар ағаң еді, соңғы кезде ол да  балаларды ұмытып барады. Сабит, Мұхтар, Ғабит ағаларын балаларға арнап кітап жазған емес, әлде балалар туралы жазу ұсақ, өнімсіз дей ме екен?

          Қызы: Папа-ау, оларға ешкім балаларға кітап жазбайсың деп ұрыспай ма?

       Әкесі: Ұрсады, қалқам ертең жазушылардың үлкен жиналысы болады. Онда әркім өз ісіне есеп береді, сұрақтар қойылады. Сонда олар балалар әдебиеті туралы не дер екен, тындармын-ау.

       Міне, балалар осындай сұрақтарынан Саттар Ерубаевтың қазақ әдебиетінің жетік білітіндігін, оның өзекті проблемалары мен даму бағдарын дұрыс аңғара алғандырын, әлі күнге дейін осы сұрақтардың өз мәнін жоғалтпағанын және оның білімі мол сыншы екендігін көреміз.

     

2-Жүргізуші: Саттар Ерубаев өрістеген ойды, қиялды, өмірді шынайы да қомақты көрсетуге мүмкіндік беретін прозаға ерекшк ден қойып, әдебиетіміздің алтын қазынасына өзінің бірнеше новеллалары мен атақты «Менің құрдастарым» романын қосты. Ол «Менің құрдастарымды» жазудан бұрын өзінің қаламын прозаның кіші түрлері арқылы ұштап алды. Оның «Өмір келбеті», «Төрт қыз» деген очерктерінде нақтылы өмір шындығының мәнді құбылыстары іріктелініп аланып тартымды суреттелген. Ал «Бақыт», «Өмір көркемдігі», «Мәңгілік өмір» новеллаларында жастарды өздеріңдей балаларды бақытты өмір сүру үшін күресу керектігін, Отанды суюге, адал еңбек етуге шақырады.

       1-Жүргізуші: Өмір шындығы – көркем әдебиеттің негізі екенің жете түсінген Саттар Ерубаев, қиялдан күшті шындықты шынайы қалпында қомақты етіп суреттеу үшін романға ден қойды «Менің құрдастарым» - оның көлемді тұнғыш та ақырғы шығармасы. Романда Қарағандының өткендегісі мен бүгінгісі нақтылы суреттеліп, қаланып жатқан алып комбинат – шахта құрлыстары арқылы көркемділік нанымдылықпен, ал жарқын болашағы ұшқыр қиял арқылы баяндалады. Байырғы шахтерлер мен жастардың еңбегі шынайы қалпында әсерлі бейнеленген. Саттар Ерубаевтың сонау 30-жылдары қиялдағандарының бүгінгі Қарағандыда жүзеге асқанын көрген уақытта, оған біз балалар өзіміз куәміз, жазушының өршіл романтикасының творчестволық мүмкіндігін анық танығандай боламыз.

        2-Жүргізуші:  Сонымен, балалар Саттар Ерубаев көркем прозамен қатар адам жанын тебірентетін поэзияның да өкілі бола білді. Өз заманының көкейкесті мәселелерін жаза біліуде ол қазақ публицистерінің алдыңғы қатарында болды. Осылайша, аз өмірінде көп еңбек етіп, артына жастық жалынға, шығармашылық шабықта, өршіл романтиқаға толы еңбектерін тастап, қазақ әдебиетінің қасиеті төрінен жазушы ретінде өзіне тиісті орнын алды. Ия, балалар, сендер үшін Саттар Ерубаев өмірінен, оның еңбеккерлігінен, табандылығынан үлгі алу – үлкен парыз.

       Саттар Ерубаев «Менің құрдастарым» романында көмір өндірісінің қайнаған өміріне терең үніліп, жас қазақ инженерлері мен жұмысшыларының өсу жолын, өмір шындығын, адамдар арасындағы адамгершілікті суреттеген. Бас кейіпкерлер Рақмет пен Лиза арқылы жаны таза, білімді, жігерлі жандардың бейнесін кейнгі ұрпаққа үлгі етіп ұсынады. Осы роман бойынша 9 сынып оқырмандарымен талдау ұйымдастыруға болады.

Мекен үстеу

$
0
0

БҚО. Бөрлі ауданы. Қызылтал ЖОББМ

Қазақ тілі 6 сынып

Дайындаған: Кузеева Лариса Бауыржанқызы

Сабақтың тақырыбы: Мекен үстеу

 

     Сабақтың мақсаты:

Білімділік -  жаңа білімді жете меңгерту, жан - жақты сапалы білім беру;

Дамытушылық - оқушылардың білімін, ойлау, еркін сөйлеу қабілетін,
шығармашылық қабілетін дамыту, қиялына қанат бітіру;
Тәрбиелік - білімді, сауатты, теорияны іс - тәжірибе жүзінде қолдана білетін
жеке тұлғаны қалыптастыру.

ТОЛЫҚ ЖҮКТЕУ

Внимание! У Вас нет прав для просмотра скрытого текста.

  


Мекен үстеу

$
0
0

БҚО. Бөрлі ауданы. Қызылтал ЖОББМ

Қазақ тілі 6 сынып

Дайындаған: Кузеева Лариса Бауыржанқызы

Сабақтың тақырыбы: Мекен үстеу

 

     Сабақтың мақсаты:

Білімділік -  жаңа білімді жете меңгерту, жан - жақты сапалы білім беру;

Дамытушылық - оқушылардың білімін, ойлау, еркін сөйлеу қабілетін,
шығармашылық қабілетін дамыту, қиялына қанат бітіру;
Тәрбиелік - білімді, сауатты, теорияны іс - тәжірибе жүзінде қолдана білетін
жеке тұлғаны қалыптастыру.

ТОЛЫҚ ЖҮКТЕУ

Внимание! У Вас нет прав для просмотра скрытого текста.

  

әкен Сейфуллин «Ақсақ киік» өлеңі

$
0
0

Айжамал Сактаганова Маңғыстау облысы, Бейнеу ауданы

Ж.  Қалдығараев атындағы орта мектептің мұғалімі

Сабақ тақырыбы: Сәкен Сейфуллин «Ақсақ киік» өлеңі

                                                                    (5-сынып)

Сабақ мақсаты:

 

Күтілетін нәтиже:

Қолданылатын әдіс-тәсілдер:

Қамтылатын модульдер:

Ақын жайлы мәліметтерді тыңдау, өлеңнің тақырыбы мен идеясын ашу; шығармашылық жұмыстар арқылы ойлау қабілетін дамыту; өзіндік пікір қалыптастыру, табиғатты қадірлей білу;                                                                                                                     

1.Берілген тақырыптың мағынасын түсінеді.                                                       2.Тақырыпты талқылауға белсенділікпен қатысуға үйрету.                                                                                        3.Бір-біріне кеңес береді және өзгенің пікірін тыңдау әдебін үйренеді.

СТО элементтері

Оқыту мен оқудағы жаңа тәсілдер /Диалогтік оқыту/, оқыту үшін бағалау және оқуды бағалау, оқытудағы  басқару және көшбасшылық, талантты және дарынды балаларды оқыту, АКТ пайдалану, сын тұрғысынан ойлауға үйрету;

Сабақ барысы:

Ұйымдастыру кезеңі:

А) кезекшімен сұхбат

Оқушыларды барлау.

Б) 3 топқа бөліну;

Бағалау парақшасы таратылады

Сыныпты сабаққа жұмылдыру.

І. Қызығушылықты ояту.

  Қ. Сағырбайұлының «Ақсақ киік» күйін тыңдатамын.

Балалар, бұл кімнің күйі? Оқушылар бірден жауап берді.

Олай болса, балалар, өткен сабағымызда С.Сейфуллиннің  «Ақсақ киік» өлеңін өтсек , бүгінгі сабағымызды да әрі қарай жалғастырамыз. Олай болса, үй тапсырмасына қандай тапсырма берілді.

    А) 1.С.Сейфуллиннің өмір жолы

    2.«Ақсақ киік» өлеңін мәнерлеп оқу

«Жуан және жіңішке сұрақтар» стратегиясы               

      1.С.Сейфулин қай жылы, қай өңірде дүниеге келді?

      2.Қай жерлерде оқып, білім алды

      Нілдідегі оры-қазақ мектебінде, Ақмоладағы бастауыш приход мектебінде, Омбыдағы мұғалімдер семинариясында оқыды.

      3.Қандай қызмет атқарды?

      1917 ж. Ақмола уезіндегі Сілеті-Бұғылы ауылындағы мектепте мұғалім, 1925-37 жылдары Жазушылар одағында қызмет етті , «Әдебиет майданы» журналында редактор қызметін атқарды.

      4.Алғашқы  өлеңдер жинағы қай жылы, қандай атпен жарыққа шықты?

     «Өткен күндер» 1914 ж.

      5. «Ақсақ киік» өлеңі қай жылы жарыққа шықты? 1924ж.

      6. Қандай поэмалары бар?

      «Көкшетау», «Аққудың айырылысуы», «Қызыл ат», «Альбатрос»

      7. Романының аты?  «Тар жол, тайғақ кешу»

      8. Оның айтылып жүрген әндері? «Тау ішінде», «Біздің жақта»

      9. Қандай қалаларда Сәкеннің аты берілді? Астанада С.Сейфуллин атындағы мұражай және ескерткіш бар, Қарағанда қаласында С.Сейфуллин атындағы театр бар.

        Б) Оқушылар өлеңді мәнерлеп оқиды.      

 Балалар оы өлең «Арқаның Бетпақ деген даласы бар, бетпақ шөл ойлы-қырлы панасы бар» деп басталады. (картадан Бетпақдаланы көрсету)   Бетпақдала-Сарыарқа деген үлкен аймақтың шөл даласы.Қарағанды, Жамбыл,Оң түстік Қазақстан облыстары аумағында орналасқан. Бетпақдала жазығында сор, тақыр және жазда құрғап қалатын тұзды көлдер кездеседі. Қысы қатты , жазы ыстық болады.  Мұнда кездесетін өсімдіктер:жауқазын, шытыр, жусан, ебелек т.б. Жануарлардан: ақбөкен,  аламан, жылан, кесіртке, дуадақ

  -Географиялық тұрғыдан мағлұмат алсақ, енді әдеби тұрғыдан өлеңнің көркемдігіне назар аударайық.

 

 

 

 

 

     

 

 

 

ІІ. Мағынаны тану

 «Ойлану баспалдағы» стратегиясы. Әр топқа сұрақтар беріледі.

І топ.1. Өлеңде қандай өсімдік атаулары кездеседі? Баялыш, қара жусан, бетеге

2. Табиғат қиындығын, онда өмір сүру ауыртпалығын айқындайтын сөздерді айт. Бетпақтың шөлді жер болған соң , ел болмайтындығы, қысы суық, өзен я көл жоқ.

ІІ топ. 1. Киіктің портреті қандай? Таңы аппақ, екі көзі мөлдір қара... көздері мөлдіреген ақ бөкенді... Қап-қара екі көзі мөлдіреген, Әдемі екі танау желбіреген

2.Киікті неге теңейді?

Жас балаға теңейді. Әрбір кішкентай бала сұлу болады. Бөкен бала сияқты сұлу

ІІІ топ. 1.Киікті көп атуды бейнелейтін сөзді тап.

Бұл күнде келе жатқан жолаушыға

Кез келеді анда-санда саяқ-некен

2. «Азайды соңғы кезде байғұс бөкен», «Мүйізін пайда қылып шетке сатып» деген жолдардан нені түсіңдік? Адамдардың өз табиғатына зиянкестік іс-әрекет жасап, зияны жоқ аңдардың саны қазіргі кезде сиреп кеткені туралы айтса, киік мүйізінен пайда тапқысы келген пайдакүнем, ақшаға құнығып, табиғатқа кесел келтірген адамдарды ашық айыптап отыр.

IY топ. 1. Киік қиналуын, қанның көп ағуын неден көреміз?

Бетпақта келе жатты ақсақ киік, Сандалып қаңғырақтап басын иіп.

Пана іздеп шыбын жанға сүйретіліп,

Мергеннің кеудесіне оғы тиіп.

Тамады қара жерге аққан қаны,

Қиналып ентігеді шыбын жаны.

Боялып ақ денесі қызыл қанға,

Келеді әлі ктіп жығылғалы.

Ақ бөкен сахараның ботакөзі

2. Лирикалық қаһарман киік қиналысына, өліміне аяныш білдіріп отыр ма?

Ақ бөкен сахараның ботакөзі,

Атты екен қандай мерген көзі қиып

Жапанда басын сүйер тірі жан жоқ,

Әлі кетіп сорлы киік жығылғанда

( Экраннан әдемі киіктің суреті көрсетіледі.)

Интертақтадан киіктер туралы мағлұмат беру.

Киік-аталық, бөкен-аналық жануар.Төлі-Құралай.

 Мүйізінен ,,Пантокрин” дәрісі жасалады.

Еті-деликотес саналады.

Терісінен-аса бағалы былғары жасалады.

Жауы – қасқыр,түлкі,шибөрілер,бүркіт,қыран.

Адамдар еті,мүйізі үшін аяусыз атады.

1921жылы киікті аулауға тыйым салынды.

1957-1958 жылы олардың саны 2 млн.асты.Көбеюі ауыл,егін шаруашылығына көп шығын әкелді.Сонда ғалым-биологтар олардын санын реттеу үшін кәсіптік жолмен аулауға рұқсат берілді.

Текелерінің дене тұрқы 126-150см салмағы 37-60кг,ал ешкілері кішірек,дене тұрқы 109-130см,салмағы 25-40кг болады.Киік жүгіргенде жылдамдығы 70км\сағ.дейін жеткізеді. Қазіргі саны-47-48 мың ғана

Сергіту сәті.

Постер қорғау. Оқушыларға көмек ретінде суреттер, тірек сөздер беріледі.

І топ. Киік деген қандай аң? Сендер ол туралы не білесіңдер?

ІІ топ. Қызыл кітап туралы не білесің? Киік қызыл кітапқа не үшін енді?

ІІІ топ. «Табиғатты қорғау-баршамызға ортақ міндет»

ІY топ. Өлең қалай аяқталады деп ойлайсыңдар?

Оқушылар өз ойларын ортаға салды.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

ІІІ. Ой толғаныс

«Бес жолды өлең» стратегиясы

Зат есім Киік

Сын есім Жүйрік,әдемі

Етістік Шабады, ойнақтайды, қоректенеді

Сөз тіркесі Киік-киелі жануардың бірі

Синоним Бөкен

Кері байланыс

ББҮ әдісі

Бағалау

Бағалау парақшасы арқылы бағаланады

 

Үйге тапсырма:

1.«Біз- табиғат сақшысымыз» ойтолғау жазу  2.Оқиға желісіне байланысты сурет салу

 

 

         

                                Сабақ басталған сәттен-ақ топқа бөліндік

                    

Оқушылардың қызығушылығын арттыру. Интербелсенді тақтадан

Құрманғазы күйшінің «Ақсақ киік күйін тыңдау сәті

                    

 Үй тапсырмасын сұрау. Раушан мен Ақниет т.б оқушылар жауап беруде

 Оқушы білімін шыңдау.Картамен жұмыс

 Топтық жұмыс.    Оқушылар бір-бірінің ойларын ортаға салып,

бр-біріне кеңес беру үстінде

  

Еліктеу сөздер

$
0
0

Игалиева Бақытгүл Айдынғалиқызы

Жаңаөзен қаласының

«Дарын» мектеп-лицейінің

қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі

 

«Табиғат — тал бесігің, аяла,

қорғай біл, тазалығын сақта!

/Қанатты сөз/

Күні

28.02.2017ж.

Сыныбы

6

Тақырыбы

Еліктеу сөздер

Мақсаты

 

Еліктеу сөздер  жайында түсінік  қалыптастыру, тапсырмалар  арқылы  білімдерін  кеңейту.

Оқушыларды табиғат тазалығын сақтауға, табиғатпен үндестік таба білуге үйрету, бағыт беру.

Күтілетін нәтиже

 

1. Еліктеу сөз жайында алғашқы түсінік қалыптасады;

2. Еліктеу деп аталатын атаудың мәнін түсінеді;

3. Еліктеу сөздердің басқа сөз таптарынан ерекшеліктерін ажырата білуге үйренеді;

4. Күнделікті өмірден нақты мысалдар келтіре алады;

5. Көру, есту, ойлау, аңғарымпаздық қабілеттері артады.

Сабақ құрылымы

Блум таксономиясы бойынша

Ресурстар

Интербелсенді тақта, «Фишбоун», асықтар, семантикалық карта, глобус, бағалау бетшесі.

Сабақ кезең-дері      

Тапсырма

Мұғалімнің іс-әрекеті

Оқушылардың іс-әрекеті

 

Кіріспе бөлім

 

Ұйымдастыру

 

 

Психологиялық дайындық.

Оқушылар асықтар арқылы топқа бөлінеді.

Әр топқа ат қоймастан бұрын сұрақ қойылады.

-Қазақ тілінің қай салаларымен таныстық.

-Лексика, фонетика, морфология.

1-топ -Лексика.

2-топ-Фонетика. 

3-топ-Морфология.

Топ басшыларын тағайындайды. Бағалау критерийлері түсіндіріледі  және оқушының аты-жөні жазылған кесте беріледі.

Үш түрлі асықтар арқылы топқа бөлініп,өздерінің топ басшыларын сайлайды.

Сұраққа жауап береді

Білу

 

Өткен тақырып- тарды  қорытын- дылау

Миға шабуыл. Семантикалық карта арқылы оқушылардың білімдерін жинақтау

Семантикалық картаны түсіндіреді.

Интербелсенді тақтадан үстеулерді мағынасына қарай анықтау.

Үстеулерді мағынасына қарай ажыратады.

 

 

 

Түсіну

 

Жаңа сабақ

 

Қызығушылық-ты ояту.

Бейнекөрініс арқылы жаңа тақырыпты ашу.

Еліктеу сөздер туралы түсінік беру.

Лексика тобы. Постер қорғау. «Еліктеу сөздер»

Фонетика тобы. Еліктеу сөздерді басқа сөз таптарымен салыстыру.

Морфология тобы.  Еліктеу сөздердің жасалу жолдарын түсіндіру.

Суреттерді тамашалайды.

Ойларын ортаға салады.

Топтық тапсырмаларды орындайды.

 

Оқулықпен жұмыс.        230-жаттығу.

 

Сөйлемдерді үш топқа бөліп беру.

Тапсырмалардың орындалысын қадағалайды.

 

Мәтінді оқиды. Еліктеу сөздерді тауып, қандай сөздермен тіркесіп тұрғанын айтады.

Қолдану

 

«Ыстық орындық»

Жұмбақтардың  жауабын  шешіп, еліктеу сөздерді табыңыз.

1. Қабат-қабат қаттама,

    Ақылың болса аттама. /кітап/

2. Аяғы біреу, қолы жоқ.

    Шиыр-шиыр жолы көп./қалам/

3. Жай ғана сарт етіп жабылады
   Іздегенің ішінен табылады (сандық)

4. Қорбаң – қорбаң еткен
   Өмірі орманда өткен (аю)
5. Сырт – сырт еткен дыбысы
    Ояту оның жұмысы (сағат)
6. Жалт – жұлт етеді
   Жерге сіңіп кетеді (қар)
7. Тоқ – тоқ етіп тамағын
   Ағаштан іздеп табатын /тоқылдақ/

 8. Бұл не деген көп киім, 

    Жетпіс қабат көп киім.
   Жаңбыр одан өтпейді, 

   Қабат-қабат тоны бар, 

   Түймелеуге жетпейді./орамжапырақ/

Жұмбақтар шешу

Талдау

Топтық жұмыс

Үш топқа тапсырмалар беру.

Лексика тобы.    Лексикалық талдау.

Фонетика тобы. Фонетикалық талдау.

Морфология тобы. Морфологиялық талдау.

Тапсырмаларды орындайды,түсін-діреді.

Сергіту сәті

 

«Жаңбырдың кереметі» бейнекөрінісі

Оқушылармен  бірге  тыңдау.

 Тыңдау.

Жинақтау

«Фишбоун»

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

   

Еліктеу сөздерінің басқа сөз таптарынан айырмашылығы қандай?

Еліктеу сөздерден  басқа сөз таптары қалай жасалады?

«Еліктеу сөзінің» мағынасын түсіндір.

Еліктеу сөзді тіркеске мысал келтір.

Дыбысқа еліктеуден пайда болатын сөздерді ата.

Бейнелік мағынаны  білдіретін сөздерге мысал келтір.

Еліктеу сөздер құрамына қарай нешеге бөлінеді?

Еліктеу сөздердің екі түрге бөлінуі неге байланысты?

Еліктеу сөздер тұлғасына қарай нешеге бөлінеді?

Сұрақтарға жауап береді.

Шығармашы-лық жұмыс

Үш топқа тапсырма беріледі.

Лексика тобы.    Еліктеу сөздері бар жұмбақтар жазу.

Фонетика тобы. Еліктеу сөздері бар өлең  құрастыру.

Морфология тобы. «Туған  жердің  табиғаты» тақырыбына  мәтін  құрау.

Әр топ мүшелері тиісті тапсырмаларды орындайды.

Рефлексия

  Стикерлер таратылады.

Оқушыларға стикер толтыруды ұсыну.

1. Не білдім?

2. Нені білгім келеді?

3. Қаламыздың  табиғатын көркейту үшін не істер едіңіз?

Ұсынылған стикерді толтыру.

Бағалау

 

Оқушылардың білімдерін бағалау.

Бағалау бетшесі бойынша жиынтық баға шығару.

Әр топ мүшелері өздерінің бағалау парақтарын жариялайды.

Үйге тапсырма

1 - топ: еліктеу сөздерді қатыстыра отырып, табиғат туралы эссе жазу.
2 - топ: еліктеу сөздері бар мақал - мәтелдер жазып, жаттап келу.
3 - топ: еліктеу сөздері бар өлең шумақтарын жазып, жаттап келу.

 

                                   

 

 

 

 

Қазақстанның ежелгі қалалары. Түркістан қаласы. Пысықтауыш.

$
0
0

Қысқа мерзімді жоспар 

Пәні: Қазақ әдебиеті

Күні:

Сыныбы: 8 (орыс тілді мектеп үшін)

Сабақтың

тақырыбы

Қазақстанның ежелгі қалалары. Түркістан қаласы. Пысықтауыш.

Сілтеме   

Қазақ әдебиеті. Орыс тілінде білім беретені мектептің 8- сыныбына арналған оқулық/ Әбдезұлы Қ., Тұрсынғалиева С.Ч. Астана: «Арман –ПВ», 2012. – 208 бет.

Мақсаты

 

Мақсаты:

білімділік: Қазақстанның ежелгі қалаларымен танысады. білімдерін жан-жақтылы кеңейтеді, сөз байлығы кеңейеді, сын тұрғысынан ойлауға үйренеді, өз ойын толық жеткізіп, мәтіннің негізгі идеясын таба білуге дағдыланады.

дамытушылық:  Оқушылардың қоғамға деген өзіндік көзқарастарының қалыптасуына ықпал ету, өз ойларын еркін, нақты жеткізе білуге баулу, тіл байлықтарын дамыту, өз бетімен ізденуге, ой қорытуға дағдыландыру.

тәрбиелік: Тарихи ескерткіштерді, ежелгі орындарды құрметтей білуге, Отанына, туған жерге деген сүйіспеншілік сезімдерін оятуға тәрбиелеу.

Күтілетін

нәтижелер

 

Топтық, диалогтік жұмыс арқылы білім алмасып, оқушылар бір-бірінен үлгі алады, нені қалай оқу керектігіне өзіндік тиімділігі артады, диалогтік қарым-қатынаста тыңдау және сөйлеу әдебіне көңіл аударады, дарынды оқушыны үлгі етеді, көркем әдеби тілде сөйлеуге, меңгеруге құмарлығы артады, сыни көзқарасын білдіру арқылы сөз байлығы молаяды, өз бетінше ізденіп оқуға талпынады.

Сабақтың  түрі

Жаңа білімді меңгерту

Пәнаралық байланыс

 Тарих, география

Қолданылатын әдістер

Сын тұрғысынан ойлау стратегияларын қолданамын: қызығушылығын ояту, мағынаны ашу, « Жоба қорғау технологиясы», ойтолғаныс, РАФТ стратегиясы, БЛУМ таксономиясы, АКТ, жас ерекшеліктеріне сай оқыту, талантты және дарынды балалардың сабақты терең меңгерулеріне ықпал жасаймын. Білім беру үшін және оқуды бағалау тәсілдері бойынша жиынтық бағалау, көшбасшы.

Керекті  жабдықтар

 

Оқулық,  интербелсенді  тақта, семантикалық карта, кеспеқағаздар, ватман, стикер, маркер т.б.

ТОЛЫҚ ЖҮКТЕУ

Внимание! У Вас нет прав для просмотра скрытого текста.

Сөз , оның құрамы

$
0
0

БҚО, Жаңақала ауданы, Жуалыой ауылы,

Х.Нұрымғалиев атындағы негізгі орта білім беретін мектебі

бастауыш сынып мұғалімі Сарсенғалиева Ақмаржан Сағынқызы

Ашық сабақ                

сыныбы: 4

Сабақтың тақырыбы:  Сөз , оның құрамы

а)Білімділігі: Оқушылардың тоерия мен практиканы ұштастыра отырып, сөздік қорларын дамыту, ауызша логикалық ойлауға тәрбиелеу.

ә)Дамытушылығы: Оқушыларды ң ой- өрісін, тілін дамыту,  ойын тез әрі жүйелі жеткізуге дағдыландыру.

б)Тәрбиелілігі : Оқушыларды адамгершілікке,ұқыптылыққа тәрбиелеу

Көрнекілігі: Семантикалық карта,с уреттер, сызбалар

Әдісі: Түсіндіру, әңгімелеу, көрнекіліктер көрсету арқылы сұхбат, сұрақ-жауап.

Пәнаралық байланыс : Дүниетану, әдебиеттік оқу

1 - кезең
Ұйымдастыру.
 Біз білімді баламыз,                            1-керегі жоқ...

Күнде «бестік» аламыз.                        2-керегі жоқ...

Жалқаулықты тастаймыз,                    3-керегі жоқ.            

Жаңа сабақ бастаймыз!                        4-жақсы

Біз 8 баламыз                                       5-тамаша!

Бүгін неше аламыз?

 

ІІ. Жаңа сабақ

Сөз оның құрамы

Сөздің одан әрі бөлінбейтін мағынасы бар бөлігін түбір дейміз.

Түбірге қосылған бөлшекті қосымшалар дейміз.

Түбір сөзге жұрнақ қосылу арқылы жасалған сөзді туынды сөз дейміз.

Сөз бен сөзді байланыстыратын қосымшаларды жалғау дейміз.

 

ТОЛЫҚ ЖҮКТЕУ

Внимание! У Вас нет прав для просмотра скрытого текста.

Тыныс белгілер. Тыныс белгілердің атқаратын рөлі және қолданылатынорны

$
0
0
Тыныс белгілер. Тыныс белгілердің атқаратын рөлі және қолданылатынорны
Жалпы мақсат: Білімділігі: оқушыларға   тыныс белгілері туралы түсінік беру,теориялық білімдерін практикамен ұштастыру,оқушы білімін есепке алу.Дамытушылық: әдеби жанрлардың түрлерінен мысалдар келтіру арқылы пәнге  деген қызығушылығын дамыту,ізденімпаздық қасиетін қалыптастыру,шығармашылыққа баулу,тіл байлығын жетілдру.

 

Тәрбиелік: оқушыларды адамгершілікке, ізеттілікке,әдептіліке,шапшаңдыққа тәрбиелеу,ұлттық салт-дәстүрді қадірлеуге баулу,өз елін,тілін сүюді үйрету.

Оқыту нәтижесі: ü  Пунктуация тақырыбын қаншалықты меңгергендігін байқай отырып, білім сапасын бағалаймыз
Түйінді идея: Тыныс белгілерін жетік меңгеру оқушылардың білім деңгейінің артуына тигізер әсері мол.
Әдісі Топпен жұмыс
Ресурсы Интерактивтік тақта, ТСО. 
Уақыты Сабақтың мазмұны
Мұғалімнің әрекеті  Оқушының әрекеті 
3 минут Қызығушылығын оятуҰйымдастыру кезеңі

 

а) амандасу;

б)топты 3-ке бөлу. Оқушыларға

? белгісі, ! белгісі, . белгісі бар қағаздар таратылады. оқушылар әр тыныс белгісін таңдай отырып, үш топқа бөлу.

Психологиялық анықтама:

ü  Сұрау белгісін таңдаған оқушылар алдына мақсат қоймас бұрын бұл әрекетімнің нәтижесі қаншалықты жетістікті болады деген сұрақты өзіне жиі қояды. Бастаған ісінің нәтижелі болған, болмағанына қарамастан соңына дейін жеткізуге тырысады.

ü  Леп белгісін таңдаған оқушылар өз істеріне мейлінше сенімді, қызуқанды, сонымен қатар, алдына қойған мақсатқа қол жеткізе білетін жандар.

ü  Нүктені таңдаған оқушылар сабырлы, өзгенің ойын тыңдай отырып, өзін де тыңдата біледі. Бастаған жұмысы көбіне жетістікті болады.

Оқушылар алдымен бір-бірімен амандасады.Оқушылар үш топқа бөлінеді.

 

 

3 минут

 

 

 

 

 

 

 

13 минут

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

2 минут

Мағынаны тануІ кезең. «Ой шақыру»

 

Сіздердің қолдарыңыздағы белгілер қалай аталады?

Ал, біздің бүгінгі сабағымыздың тақырыбы да осы тыныс белгісіне қатысты болады.

 

Бүгінгі сабағымыздың мақсаты не?

 

 

 

ІІ кезең. «Ой қозғау»

І топ

Презентация жасау

«Тыныс белгілерінің қойылатын орындары»

ІІ топ

Тыныс белгілерінің атқаратын рөлін ауызша баяндау

ІІІ топ

Сұраулы сөйлемдерден тұратын шағын әңгіме құрастырыңдар.

 

 

Сергіту сәті

 

 

Оқушылар сауалдарға жауап береді

 

 

 

 

 

 

Сабағымыздың мақсаты тыныс белгілерінің атқаратын рөлі, қолданылатын орны

 

Оқушылар берілген тапсырмалар бойынша шығармашылық жұмыс жасайды. Презентацияларын қорғайды.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Оқушылар «Қызыл өрік» әуенімен бірге жаттығуды қайталайды.

8 минут 

 

 

 

 

Ой толғаныс133-жаттығу

 

Балалық шақ көріністері

  • Мәтінді мәнерлеп, тізбекпен оқу
  • Мәтінге қатысты бірнеше сұрақтар қою.
  • Мәтінді мазмұндау
Топ берілген сауалдарға өз беттерімен жауап береді.
5 минут 

 

 

 

 

 

 

6 минут

Сабақты талдауБерілген сөйлемге сатылай кешенді талдау жасау

 

  • Тәкежанның қанжығасында бір сары ала қаз, екі үйрек бар екен.
  • Тәкежан Оспан мен Смағұлды жалындырып алды да, екі үйректі қанжығасынан шешіп берді.

Берілген сөзге сатылай фонетикалық талдау жасау.

  • Ғажап, ертегі

Сабақты саралау

Берілген сөйлемдерден соң, қажетті тыныс белгілерді қой.

  • Көкек айы.
  • Мал төлдеп, жер көгеріп, құс ұялаған кез.
  • Шөже ақын емес пе?
  • Бүлдірген пісті ме, жоқ па?
  • Неткен сұлу, сүйкімді құстар еді!
  • Туған жер-ай!

 

Тест сұрақтары

  1. 1.      Пунктуация латынныңpunctum-«нүкте» деген сөзінен шыққан.

Иә. Жоқ.

  1. 2.      Пунктуация жазу тіліне қызмет етпейді.

Иә. Жоқ.

  1. 3.      Егер тыныс белгілері дұрыс қойылмаса, мәтінді оқу қиын.

Иә. Жоқ.

  1. 4.      Нүкте, сұрау белгісі, леп белгісі сөйлемнің ішіне қойылады.

Иә. Жоқ.

  1. 5.      Үтір, қос нүкте, жақша, тырнақша, сызықша ерекшелеуші қызмет атқарады

Иә. Жоқ.

 

Оқушылар өз ойларын еркін түрде жеткізеді. Тақтамен жұмыс жасалынады.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Оқушылар бір-бірінің тест тапсырмаларын тексеріп,балын қояды.

 

 

 

1 минут 

 

Үйге тапсырма:Тыныс белгілері туралы ережелерді жаттау, 136- жаттығу
2 минут Бағалау:Оқушыларды ең жоғарғы бал жинаған оқушылардан бастап, деңгейлеріне қарап бағалаймын.

Қазақ тілі – қазақ халқының ұлттық тілі

$
0
0

Қазақ  тілі – қазақ халқының ұлттық  тілі

Сабақтың  мақсаты: а) Тілдің  ұлттық  құндылықтарын анықтап, кеңінен, жан-жақты  ашып,  дәлелдеу
ә) Сұрақ-жауап, дәлелдеу, кеңейту, эссе, мысал  арқылы  дамыту.
б) Ана  тілін қадірлеп, қастерлеуге,терең  ұға  білуге, таза, мәдениетті  сөйлеуге  тәрбиелеу.
Сабақтың барысы: І Ұйымдастыру (қызығушылығын ояту)
ІІ Мағынаны  ашу.
ІІІ Ой  толғаныс.
Сабақтың  көрнекілігі: Оқулық, суреттер, қима-қағаздар,электронды оқулық.
Сабақтың  түрі:   Дәстүрлі  сабақ.
Пәнаралық  байланыс:  Әдебиет, табиғаттану, адам  және  қоғам.
Жаңа  сабақ:  Қызығушылығын оятуға арналған логикалық жұмыс.
Үй тапсырмасын еске түсіру сұрақтары
1. Дамыған  тілдің  негізгі  белгілері  не? (сөз  байлығы)
2. Үшендік (триадалық) жүйе құрамы? (бейтарап, кітаби, сөйлеу)
3. Сөздің  алуан  түрлілігі  сөз  несін  көрсетеді?
4. Әдеби  тіл (кітаби  тіл, сөз сөйлеу  тілі)  стиль  түрлері.
Ұлттық  ерекшелігімізді  айқындайтын  таңбалар  нелер?
Елтаңба, Әнұран, Ту
Ұлт  боп  жаратылу  үшін  басты  қажет құрал?
Тіл, дін, дәстүр
Қазақ  тілі  қандай  тіл?
 
1. Дәлелдеу. Сұлу, көркем, келбетті,кескінді, реңді, арайлы, шырайлы, жүзді.
2. Қазақтың уақыт белгілері:
Алагеуім, алагөбе, алаң-ғұлаң, алаң-елең, таң, таңертең, құланиек, құлан сәрі, таң сәрі, сәске, сәске түс, ұлы сәске, түс, тал түс, бесін, кіші бесін, құлама бесін, намаздыгер, ақшам, ымырт, кеугім, намазшам, кеш, түн, іңір, қызыл іңір, жарым түн, таңға жақын.
3. Уақыт өлшемдері:
Ат шаптырым, сүт пісірім, шай қайнатым.
4. Қашықтық өлшемдері: 
Таяқ тастам, қозы көш, ат шаптырым, ит өлген жер.
 
                                        
                          Жалпыхалықтық  қазақ  тілінің  түрлері:
 
 Байырғы  әдеби тіл (жыраулар  әдебиеті) Шағатай тілі, ескі  кітаби  тіл.
    Қазақ  тілі  “өз буына  өзі  семіріп, өз қазанында  ғана  қайнаған  тіл  емес”. Оның  өзге де ұлт тілдерімен  алыс- берісі  бар.
     Қазақ  тілінің  қолданысына  кірген  сөздер  немесе  сөз  құрамы.
Жеке-жеке мысал келтіру
 
  1. Әдеби  тіл мен жалпыхалықтық  тілдің  дамуы  үшін  тіл  қандай  болу  керек? (шұрайлы,түсінікті,икемді,өткір,ішкі қуаты мықты).
2. “Тұғыр” деген сөзді түсіндір. (орныққан жер немесе тұғырына тігілді)
3. Үш тұғырлы тілге қандай тілдер кіреді? (қазақ, орыс, ағылшын).
Кім айтты?
Ана  тілің арың бұл                                           Әр заманда бағасы жойылмайтын,
Ұятың боп тұр бетте.                                        бір үлкен қымбат қазына боп табы-
Өзге тілдің бәрін біл,                                        латын ғылыми әдебиет жаныры 
Өз тіліңді құрметте.                                           жасалады.
 
  Аудару: 
  қазақша                                            орысша                                                ағылшынша
        тіл                                                    язык                                                       language
      Отан                                                 Родина                                                 Motherland
       жер         земля                                                        Earth
      білім        знание                                                   knowledge
     арман         мечта                                                       dream
     мақсат          цель                                                       purpose
        ту          флаг                                                          flag
Шекер сөзінің  тарихына үңілу.
Тарихы: Үнді, Қытайда  пайда болған.
Қазақ  тіліндегі  синонимі: шекер, қант, тәтті, шақпақ шекер.
Сіздердің қолданыстарыңыздағы (кірме, жаргон, қыстырма) сөздерді ата, мағынасын түсіндір.
Тілге  қатысты аңыздар:
Басқа пәле  неден? (Сырымның жауабы).
Дүниеде  не тәтті?
Пысықтау сұрақтары:
1. Тілді  жасаушы кімдер? 
2. Үш тұғырлы тіл неге  қажет?
3. Қазақ тілі – қазақ халқының ұлттық тілі. Қазақстан Республикасының мелекеттік тілі.
Үйге тапсырма: 36,37 жаттығу.
“Тілін жоғалтқан  ұлт (этнос) тағдыры”  атты  эссе жазу.

Қазақ тілі – қазақ халқының ұлттық тілі

$
0
0

Қазақ  тілі – қазақ халқының ұлттық  тілі

Сабақтың  мақсаты: а) Тілдің  ұлттық  құндылықтарын анықтап, кеңінен, жан-жақты  ашып,  дәлелдеу
ә) Сұрақ-жауап, дәлелдеу, кеңейту, эссе, мысал  арқылы  дамыту.
б) Ана  тілін қадірлеп, қастерлеуге,терең  ұға  білуге, таза, мәдениетті  сөйлеуге  тәрбиелеу.
Сабақтың барысы: І Ұйымдастыру (қызығушылығын ояту)
ІІ Мағынаны  ашу.
ІІІ Ой  толғаныс.
Сабақтың  көрнекілігі: Оқулық, суреттер, қима-қағаздар,электронды оқулық.
Сабақтың  түрі:   Дәстүрлі  сабақ.
Пәнаралық  байланыс:  Әдебиет, табиғаттану, адам  және  қоғам.
Жаңа  сабақ:  Қызығушылығын оятуға арналған логикалық жұмыс.
Үй тапсырмасын еске түсіру сұрақтары
1. Дамыған  тілдің  негізгі  белгілері  не? (сөз  байлығы)
2. Үшендік (триадалық) жүйе құрамы? (бейтарап, кітаби, сөйлеу)
3. Сөздің  алуан  түрлілігі  сөз  несін  көрсетеді?
4. Әдеби  тіл (кітаби  тіл, сөз сөйлеу  тілі)  стиль  түрлері.
Ұлттық  ерекшелігімізді  айқындайтын  таңбалар  нелер?
Елтаңба, Әнұран, Ту
Ұлт  боп  жаратылу  үшін  басты  қажет құрал?
Тіл, дін, дәстүр
Қазақ  тілі  қандай  тіл?
 
1. Дәлелдеу. Сұлу, көркем, келбетті,кескінді, реңді, арайлы, шырайлы, жүзді.
2. Қазақтың уақыт белгілері:
Алагеуім, алагөбе, алаң-ғұлаң, алаң-елең, таң, таңертең, құланиек, құлан сәрі, таң сәрі, сәске, сәске түс, ұлы сәске, түс, тал түс, бесін, кіші бесін, құлама бесін, намаздыгер, ақшам, ымырт, кеугім, намазшам, кеш, түн, іңір, қызыл іңір, жарым түн, таңға жақын.
3. Уақыт өлшемдері:
Ат шаптырым, сүт пісірім, шай қайнатым.
4. Қашықтық өлшемдері: 
Таяқ тастам, қозы көш, ат шаптырым, ит өлген жер.
 
                                        
                          Жалпыхалықтық  қазақ  тілінің  түрлері:
 
 Байырғы  әдеби тіл (жыраулар  әдебиеті) Шағатай тілі, ескі  кітаби  тіл.
    Қазақ  тілі  “өз буына  өзі  семіріп, өз қазанында  ғана  қайнаған  тіл  емес”. Оның  өзге де ұлт тілдерімен  алыс- берісі  бар.
     Қазақ  тілінің  қолданысына  кірген  сөздер  немесе  сөз  құрамы.
Жеке-жеке мысал келтіру
 
  1. Әдеби  тіл мен жалпыхалықтық  тілдің  дамуы  үшін  тіл  қандай  болу  керек? (шұрайлы,түсінікті,икемді,өткір,ішкі қуаты мықты).
2. “Тұғыр” деген сөзді түсіндір. (орныққан жер немесе тұғырына тігілді)
3. Үш тұғырлы тілге қандай тілдер кіреді? (қазақ, орыс, ағылшын).
Кім айтты?
Ана  тілің арың бұл                                           Әр заманда бағасы жойылмайтын,
Ұятың боп тұр бетте.                                        бір үлкен қымбат қазына боп табы-
Өзге тілдің бәрін біл,                                        латын ғылыми әдебиет жаныры 
Өз тіліңді құрметте.                                           жасалады.
 
  Аудару: 
  қазақша                                            орысша                                                ағылшынша
        тіл                                                    язык                                                       language
      Отан                                                 Родина                                                 Motherland
       жер         земля                                                        Earth
      білім        знание                                                   knowledge
     арман         мечта                                                       dream
     мақсат          цель                                                       purpose
        ту          флаг                                                          flag
Шекер сөзінің  тарихына үңілу.
Тарихы: Үнді, Қытайда  пайда болған.
Қазақ  тіліндегі  синонимі: шекер, қант, тәтті, шақпақ шекер.
Сіздердің қолданыстарыңыздағы (кірме, жаргон, қыстырма) сөздерді ата, мағынасын түсіндір.
Тілге  қатысты аңыздар:
Басқа пәле  неден? (Сырымның жауабы).
Дүниеде  не тәтті?
Пысықтау сұрақтары:
1. Тілді  жасаушы кімдер? 
2. Үш тұғырлы тіл неге  қажет?
3. Қазақ тілі – қазақ халқының ұлттық тілі. Қазақстан Республикасының мелекеттік тілі.
Үйге тапсырма: 36,37 жаттығу.
“Тілін жоғалтқан  ұлт (этнос) тағдыры”  атты  эссе жазу.

Жыраулар поэзиясы

$
0
0

ОҚО , Шымкент қаласы №107 Ю.Сареми атындағы мектеп-гимназиясының

қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі  Далиева Қарлығаш

 

     Сабақтыңтақырыбы: Жыраулар поэзиясы

Сабақтыңмақсаты:

а)Білімділік. Оқушыларға жыраулар поэзиясынан білімді қалыптастыру, жыраулар әлемін меңгерту, сөз өнерінің ғылыми негізін аңғарту;

ә)Дамытушылық.Танымдық қабілетті ояту, аманат жайлы өзекті ой дамыту, дана, даратұлғанықалыптастыру;

б)Тәрбиелік. Ұлттық құндылықтарды бағалау

Сабақтыңтүрі: дәстүрліемес, семинарсабақ.

Сабақтыңәдісі: сұрақ-жауап, баяндау, топтық жұмыс, СТО элементтері

Сабақтыңкөрнекілігі: «Қазақтың ақын-жыраулары» буклет, сызба кестелер,  жыраулар туралы суреттер,интерактивті тақта, плакаттар, жұлдызшалар,қима қағаздар т.б

Сабақтың барысы:

І.Ұйымдастыру кезеңі.

Мұғалім сөзі: Оқушылармен сәлемдесу, жаңа сабаққа дайындау, сәттілік тілеу. Құрметті оқушылар, мен бүгінгі сабақты Асанқайғының бір ауыз өлеңімен бастағым келіп отыр.

Арғымаққа міндім деп

Артқы топтан адаспа!

Күнінде өзім болдым деп

Кеңпейілге таласпа!

Артық үшін айтысып,

Достарыңмен санаспа!

Ғылымым жұрттан асты деп

Кеңессіз сөз бастама!

Жеңемін деп біреуді

Өтірік сөзбен қостама!.- өмір тәжірибесінен түйген парасатты толғам-танымы терең ойлары сіздерге үлгі-өнеге.

Жыраулар әлемі- ұлттың уызы, биік санасы мен көркем ойдың, елдігіміздің көрінісі. Оқушылар біздер өткен сабақта  ежелгі дәуір әдебиетін қорытындыладық, үйден  жыраулар поэзиясы туралы ізденіп келуге тапсырма берілді. Ендеше бүгін жыраулардың өмірі мен шығармашылығына толығымен тоқталамыз.

 

Бүгінгі сабақтың жоспарымен таныстырып өтейін:

  I «Кім көп білді» сұрақ-жауап кезеңі

 II Үй тапсырмасын тексеру (Оқушылар өздік жұмыстарын қорғау)

III  «Жыраулар поэзиясындағы ұлттық идея, рухани үндестік» баяндама оқу

  IV  «Үн таспадан жырау толғауларын тыңдау»

V Сабақты бекіту тапсырмалары

 VI Үйге тапсырма, әсерлерін жеткізу.

VII Бағалау

                             І кезең. Ой қозғау. «Кім көп білді?» ойыны. 

ХҮ-ХҮІІІ ғасыр дүниесіне көз шалмас бұрын өткенімізді еске алып, бір түгендеп алайық.

Сұрақтар беріледі:

1.Ежелгі дәуір әдебиеті өкілдеріне тоқталайық.

2.Күлтегін жырлары туралы не білеміз?

3.Орхон ескерткішін не себепті ерлік жыры дейміз?

4.«Қорқыт ата кітабының» тәрбиелік мәні туралы не білеміз?

5.Шығармаларында имандылық  тақырыбына көп тоқталған кім?

                            Әр оқушыдан өз ойларын тыңдау.

II Үй тапсырмасын тексеру

Өздік жұмыстар. Оқушылар өздері дайындалып келген жырау туралы қосымша материалдармен айтып шығады. Әр оқушы жыраулардың өмірі мен шығармашылығы туралы, әр жыраудан өлеңдерінен үзіндіні жатқа оқу.

ІІІ Жаңа сабақ кезеңі

1.«Жыраулар поэзиясы»  тақырыбында баяндама тыңдау.

          Жыраулар поэзиясының өзекті тақырыбы – туған елі,оған деген сүйіспеншілігі,  елдің бірлігі, бүтіндігі. Халқына жайлы қоныс, ырысты жер іздеген Асан Қайғының “Желмая мініп жер шалсам, тапқан жерге ел көшір” деген ақылгөй сөзі сол елінің қамын ойлаған жүрек сөзі. Сол сияқты Қазтуған жырау да “Қайран менің Еділім!” деп еңіреп өткен, “Еділдің бойын ел жайлап, шалғынына бие біз байлап” деп Доспамбет жырау армандаған, “Ауылдан топыр үзілмей, ошақтың оты өшпесе, май жемесе қонағым он кісіге жараса,бір кісіге асқан тамағым” деп Ақтамберді жырау еліне ырыс, молшылық тілеген.  
     Жыраулық поэзияның алғашқы өкілдері, кезінде бүкіл Дешті Қыпшаққа 
даңқы кеткен Сыпыра жырау, Асан Қайғы, Қазтуған, Бұқар, Шалкиіз жыраулар жаңа әдебиеттің ізашарлары ғана емес, көне мұраны жалғастырушылар деп саналады. Елге, ер – азаматқа ақылгөй болған жыраулар қазақ поэзиясының болашақта ұмтылар бағыт – бағдарын, идеялық тұғыры мен көркемдік биігін айқындап кетті. Халқымыздың тарихи тағдырын қамтыған, оның беймаза дүрбелең кезеңдерін тек басынан өткізіп қана қоймай, бүкіл адамзаттың дұшпаны - зұлымдықпен белдесуде шыныққан ХҮ-ХҮІІІ ғғ. қазақ өлеңінің эстетикалық қуаты мәңгіліктің өзімен тіл табысқандай еді. Ол өткен ғасырларда нұрлана түсіп, жаңа кезеңде қайта түлеп, ерекше ажармен бүгінгі біздің саңлақ санамыз бен инабатты жүрегіміздің қақпасын қағады. ХҮІ ғасыр түлегі Доспамбет те, ХҮІІІ ғасырдың Ақтамбердісі де, ХІХ ғасырдың қақ ортасында кемеліне жеткен Махамбет те «өлі» дүниемен «сұхбатқа» түсіп отырады. Мәселен, осы ақындардың барлығы Жайық пен Еділ өзеніне адамша арыз айтады:       

Айналайын, Ақ Жайық!

Ат салмай өтер күн қайда?

Еңісі биік боз орда

Еңкейе кірер күн қайда?  (Доспамбет )

Қайран менің, Еділім,

Мен салмадым, сен салдың... (Қазтуған)

Еділді көріп емсеген,

Жайықты көріп жемсеген

Таудағы тарлан шұбар біз едік. (Махамбет).

Махамбеттің «Жалған дүние» өлеңі Шәлгездің «Қоғалы көлдер, қом сулар» толғауымен, «Тайманның ұлы Исатай» толғауының бірқатар жолдары Шәлгездің «Айырдан туған жампоз бар» шумағымен, Ақтамбердінің «Күмбір-күмбір кісінетіп» толғауымен Махамбеттің «Күн қайда» толғауларынан іштей де, сырттай да ұқсастықты байқау қиын емес.

ІҮ Сабақты бекіту

1-тапсырма (Кітаппен   жұмыс)  Осы баяндамадан не алдыңдар. (Бұрынғы топтарға бөліне қалып, үлкен ақ параққа   не түсіндіңдер жазып шығыңдар)  

  1. Жыраулар поэзиясының өкілдері кім болып табылады?
  2. Жыраулар поэзиясының негізгі тақырыптары?
  3. Жыраулар поэзиясының өкілдері мен кейінгі тұлғалар арасындағы байланыстар қандай?

2-тапсырма: Қима қағаздармен жұмыс: Жыраулардың өлеңдерінен үзінді берілген. Сол берілген жырдың көркемдік ерекшелігін табыңдар.

1-Жабағылы жас тайлақ, 
Жардай атан болған жер. 
Жатып қалған бір тоқты, 
Жайылып мың қой болған жер. (Қазтуған)

Жауабы: Жырау "ж" дыбысын тамаша сөйлете білген. Дауысты дыбыстарды да шебер қолдана отырып, жыраулар өлеңнің музыкалық сазын күшейткен. Шын көркемдік тәсіл арқылы олар оқушысын шығарманың ішкі иірімдеріне ендірумен қатар, эмоциялық әсерін үстей түскен.

2-Уа, қарт Бөгембай! 
Құяр жалын аспаннан 
Қара бұлт торласа, 
Пәлекет елде көбейер 
Жігітті жігіт қорласа.
Ақбөкен келіп жығылар, 
Алдын қазып орласа, 
Пеңденің бағы ашылмас, 
Маңдайы қалың сорласа... – (Ақтамберді)

Жауабы: Жырау табиғат пен адам тағдырын жарыстыра, салыстыра бейнелей отырып, өлеңнің мән-мазмұнын терендеткен, әсерлі еткен. Мұнан жыраулар поэзиясының көркемдік сапасын айқын аңғаруға болады.
    3- Алп, алп басқан, алп басқан 
      Арабы торым өзіңсің” 
     “Ор, ор қоян, ор қоян, 
  Ор қоян атлы бір қоян”  (Шалкиіз).

Жауабы: Көне жыраулық поэзияның өзіндік ерекшеліктерінің бірі — өлең жолдарында алғашқы сөздердің, кейде тіпті сол алғашкы сөздердің басқы буындарының қайталануы. Бұл қайталаулар — толғаудың құлақ күйі іспеттес.
 

  • «Құйрығы жоқ жалы жоқ», «Еділ бол да, Жайық бол», «Ай, хан», «Таза мінсіз асыл тас», «Бұл заманда не ғаріп» (Асан қайғы)
  • «Мадақ жыры», «Алаң да,алаң, алаң жұрт», «Қайран менің Еділім». (Қазтуған)
  • «Тілек», «Жиырма деген», «Ай, Абылай,Абылай», «Кәрілік туралы», «Жар басына қонбаңыз» (Бұқар жырау)

6-жұлдызша: «Рухани жалғастық»тапсырмасы.  Шарты: Жыраулар поэзиямен таныса отырып, қазіргі заман ақыны , былтыр өмірден өткен ақын апамыз Фариза Оңғарсыновамен байланыстыру.

Жауабы: Иә, біздің жырауларымыз елінің азаттығын ойлады, ұрпақтарының ештеңеден тарлық көрмей бейбітшілікте өмір сүруін тілеп өтті. Біздерге көп мұралар қалдыруымен қатар, мол өнеге өшпес іздерін салып кетті. Фариза апамыз да қазіргі заман ақыны бола тұра, жыраулардың мұңын түсінді, поэзияны жанымен сүйді, жырын ұқты, ұрпаққа насихаттады, өзі де еңбектер жазды. Соның ішінде айтар болсам, «Толғау»,  «Бұқар жыраудың Абылайға айтқаны»,  «Абылайдың Бұқарға айтқан жауабы»,  «Абылайдың жауабы»,  «Жігіттерге», «Ақкенженің өсиеті»,  «Өмір» т.б өлеңдерін атауға болады.

 

 

VСабақты қорытындылау

Ұлы адамдардың стратегиясы:


  • Асан қайғы Желмаясын мініп, кең байтақ қазақ жерін түгел аралаған. «Жерұйық» жерді іздеген, ну орман мен шалғынды жерге халықты қоныстандырсам деп армандаған. Сондықтан Шоқан Уәлиханов оны «Көшпенділер философы» деп атаған.

  • 2.Қазтуған өз жырларында халықты ерлікке, бірлікке, адамгершілікке шақырып, ақыл айтқан, батыр, ел басқарған би болған. Адамгершілігі күшті үлкендердің айтқанын тыңдасақ, бізден батыр да, би де шығады деп сенемін.

  • 3.«Ұрпақтарым, атаң мен әжеңді сыйла! Өзіңе дейінгіні құрметтесең, өзіңнен кейінгілер сені құрметтейді» деп Бұқар жырау айтқандай ата-ананы, сыйлаңдар, үлкендерді құрметтеп, кішіге қамқор болайық
    ҮI. Үйге тапсырма

                    «Жырауларым-мәңгілік жасай бергін» тақырыбында ойтолғау жазу

VI Тақтадағы үлкен  ағаштың бейнесіне сабақтан алған әсерлерін жеткізеді.

VII. Бағалау

 

Жыраулар поэзиясы

$
0
0

ОҚО , Шымкент қаласы №107 Ю.Сареми атындағы мектеп-гимназиясының

қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі  Далиева Қарлығаш

 

     Сабақтыңтақырыбы: Жыраулар поэзиясы

Сабақтыңмақсаты:

а)Білімділік. Оқушыларға жыраулар поэзиясынан білімді қалыптастыру, жыраулар әлемін меңгерту, сөз өнерінің ғылыми негізін аңғарту;

ә)Дамытушылық.Танымдық қабілетті ояту, аманат жайлы өзекті ой дамыту, дана, даратұлғанықалыптастыру;

б)Тәрбиелік. Ұлттық құндылықтарды бағалау

Сабақтыңтүрі: дәстүрліемес, семинарсабақ.

Сабақтыңәдісі: сұрақ-жауап, баяндау, топтық жұмыс, СТО элементтері

Сабақтыңкөрнекілігі: «Қазақтың ақын-жыраулары» буклет, сызба кестелер,  жыраулар туралы суреттер,интерактивті тақта, плакаттар, жұлдызшалар,қима қағаздар т.б

Сабақтың барысы:

І.Ұйымдастыру кезеңі.

Мұғалім сөзі: Оқушылармен сәлемдесу, жаңа сабаққа дайындау, сәттілік тілеу. Құрметті оқушылар, мен бүгінгі сабақты Асанқайғының бір ауыз өлеңімен бастағым келіп отыр.

Арғымаққа міндім деп

Артқы топтан адаспа!

Күнінде өзім болдым деп

Кеңпейілге таласпа!

Артық үшін айтысып,

Достарыңмен санаспа!

Ғылымым жұрттан асты деп

Кеңессіз сөз бастама!

Жеңемін деп біреуді

Өтірік сөзбен қостама!.- өмір тәжірибесінен түйген парасатты толғам-танымы терең ойлары сіздерге үлгі-өнеге.

Жыраулар әлемі- ұлттың уызы, биік санасы мен көркем ойдың, елдігіміздің көрінісі. Оқушылар біздер өткен сабақта  ежелгі дәуір әдебиетін қорытындыладық, үйден  жыраулар поэзиясы туралы ізденіп келуге тапсырма берілді. Ендеше бүгін жыраулардың өмірі мен шығармашылығына толығымен тоқталамыз.

 

Бүгінгі сабақтың жоспарымен таныстырып өтейін:

  I «Кім көп білді» сұрақ-жауап кезеңі

 II Үй тапсырмасын тексеру (Оқушылар өздік жұмыстарын қорғау)

III  «Жыраулар поэзиясындағы ұлттық идея, рухани үндестік» баяндама оқу

  IV  «Үн таспадан жырау толғауларын тыңдау»

V Сабақты бекіту тапсырмалары

 VI Үйге тапсырма, әсерлерін жеткізу.

VII Бағалау

                             І кезең. Ой қозғау. «Кім көп білді?» ойыны. 

ХҮ-ХҮІІІ ғасыр дүниесіне көз шалмас бұрын өткенімізді еске алып, бір түгендеп алайық.

Сұрақтар беріледі:

1.Ежелгі дәуір әдебиеті өкілдеріне тоқталайық.

2.Күлтегін жырлары туралы не білеміз?

3.Орхон ескерткішін не себепті ерлік жыры дейміз?

4.«Қорқыт ата кітабының» тәрбиелік мәні туралы не білеміз?

5.Шығармаларында имандылық  тақырыбына көп тоқталған кім?

                            Әр оқушыдан өз ойларын тыңдау.

II Үй тапсырмасын тексеру

Өздік жұмыстар. Оқушылар өздері дайындалып келген жырау туралы қосымша материалдармен айтып шығады. Әр оқушы жыраулардың өмірі мен шығармашылығы туралы, әр жыраудан өлеңдерінен үзіндіні жатқа оқу.

ІІІ Жаңа сабақ кезеңі

1.«Жыраулар поэзиясы»  тақырыбында баяндама тыңдау.

          Жыраулар поэзиясының өзекті тақырыбы – туған елі,оған деген сүйіспеншілігі,  елдің бірлігі, бүтіндігі. Халқына жайлы қоныс, ырысты жер іздеген Асан Қайғының “Желмая мініп жер шалсам, тапқан жерге ел көшір” деген ақылгөй сөзі сол елінің қамын ойлаған жүрек сөзі. Сол сияқты Қазтуған жырау да “Қайран менің Еділім!” деп еңіреп өткен, “Еділдің бойын ел жайлап, шалғынына бие біз байлап” деп Доспамбет жырау армандаған, “Ауылдан топыр үзілмей, ошақтың оты өшпесе, май жемесе қонағым он кісіге жараса,бір кісіге асқан тамағым” деп Ақтамберді жырау еліне ырыс, молшылық тілеген.  
     Жыраулық поэзияның алғашқы өкілдері, кезінде бүкіл Дешті Қыпшаққа 
даңқы кеткен Сыпыра жырау, Асан Қайғы, Қазтуған, Бұқар, Шалкиіз жыраулар жаңа әдебиеттің ізашарлары ғана емес, көне мұраны жалғастырушылар деп саналады. Елге, ер – азаматқа ақылгөй болған жыраулар қазақ поэзиясының болашақта ұмтылар бағыт – бағдарын, идеялық тұғыры мен көркемдік биігін айқындап кетті. Халқымыздың тарихи тағдырын қамтыған, оның беймаза дүрбелең кезеңдерін тек басынан өткізіп қана қоймай, бүкіл адамзаттың дұшпаны - зұлымдықпен белдесуде шыныққан ХҮ-ХҮІІІ ғғ. қазақ өлеңінің эстетикалық қуаты мәңгіліктің өзімен тіл табысқандай еді. Ол өткен ғасырларда нұрлана түсіп, жаңа кезеңде қайта түлеп, ерекше ажармен бүгінгі біздің саңлақ санамыз бен инабатты жүрегіміздің қақпасын қағады. ХҮІ ғасыр түлегі Доспамбет те, ХҮІІІ ғасырдың Ақтамбердісі де, ХІХ ғасырдың қақ ортасында кемеліне жеткен Махамбет те «өлі» дүниемен «сұхбатқа» түсіп отырады. Мәселен, осы ақындардың барлығы Жайық пен Еділ өзеніне адамша арыз айтады:       

Айналайын, Ақ Жайық!

Ат салмай өтер күн қайда?

Еңісі биік боз орда

Еңкейе кірер күн қайда?  (Доспамбет )

Қайран менің, Еділім,

Мен салмадым, сен салдың... (Қазтуған)

Еділді көріп емсеген,

Жайықты көріп жемсеген

Таудағы тарлан шұбар біз едік. (Махамбет).

Махамбеттің «Жалған дүние» өлеңі Шәлгездің «Қоғалы көлдер, қом сулар» толғауымен, «Тайманның ұлы Исатай» толғауының бірқатар жолдары Шәлгездің «Айырдан туған жампоз бар» шумағымен, Ақтамбердінің «Күмбір-күмбір кісінетіп» толғауымен Махамбеттің «Күн қайда» толғауларынан іштей де, сырттай да ұқсастықты байқау қиын емес.

ІҮ Сабақты бекіту

1-тапсырма (Кітаппен   жұмыс)  Осы баяндамадан не алдыңдар. (Бұрынғы топтарға бөліне қалып, үлкен ақ параққа   не түсіндіңдер жазып шығыңдар)  

  1. Жыраулар поэзиясының өкілдері кім болып табылады?
  2. Жыраулар поэзиясының негізгі тақырыптары?
  3. Жыраулар поэзиясының өкілдері мен кейінгі тұлғалар арасындағы байланыстар қандай?

2-тапсырма: Қима қағаздармен жұмыс: Жыраулардың өлеңдерінен үзінді берілген. Сол берілген жырдың көркемдік ерекшелігін табыңдар.

1-Жабағылы жас тайлақ, 
Жардай атан болған жер. 
Жатып қалған бір тоқты, 
Жайылып мың қой болған жер. (Қазтуған)

Жауабы: Жырау "ж" дыбысын тамаша сөйлете білген. Дауысты дыбыстарды да шебер қолдана отырып, жыраулар өлеңнің музыкалық сазын күшейткен. Шын көркемдік тәсіл арқылы олар оқушысын шығарманың ішкі иірімдеріне ендірумен қатар, эмоциялық әсерін үстей түскен.

2-Уа, қарт Бөгембай! 
Құяр жалын аспаннан 
Қара бұлт торласа, 
Пәлекет елде көбейер 
Жігітті жігіт қорласа.
Ақбөкен келіп жығылар, 
Алдын қазып орласа, 
Пеңденің бағы ашылмас, 
Маңдайы қалың сорласа... – (Ақтамберді)

Жауабы: Жырау табиғат пен адам тағдырын жарыстыра, салыстыра бейнелей отырып, өлеңнің мән-мазмұнын терендеткен, әсерлі еткен. Мұнан жыраулар поэзиясының көркемдік сапасын айқын аңғаруға болады.
    3- Алп, алп басқан, алп басқан 
      Арабы торым өзіңсің” 
     “Ор, ор қоян, ор қоян, 
  Ор қоян атлы бір қоян”  (Шалкиіз).

Жауабы: Көне жыраулық поэзияның өзіндік ерекшеліктерінің бірі — өлең жолдарында алғашқы сөздердің, кейде тіпті сол алғашкы сөздердің басқы буындарының қайталануы. Бұл қайталаулар — толғаудың құлақ күйі іспеттес.
 

  • «Құйрығы жоқ жалы жоқ», «Еділ бол да, Жайық бол», «Ай, хан», «Таза мінсіз асыл тас», «Бұл заманда не ғаріп» (Асан қайғы)
  • «Мадақ жыры», «Алаң да,алаң, алаң жұрт», «Қайран менің Еділім». (Қазтуған)
  • «Тілек», «Жиырма деген», «Ай, Абылай,Абылай», «Кәрілік туралы», «Жар басына қонбаңыз» (Бұқар жырау)

6-жұлдызша: «Рухани жалғастық»тапсырмасы.  Шарты: Жыраулар поэзиямен таныса отырып, қазіргі заман ақыны , былтыр өмірден өткен ақын апамыз Фариза Оңғарсыновамен байланыстыру.

Жауабы: Иә, біздің жырауларымыз елінің азаттығын ойлады, ұрпақтарының ештеңеден тарлық көрмей бейбітшілікте өмір сүруін тілеп өтті. Біздерге көп мұралар қалдыруымен қатар, мол өнеге өшпес іздерін салып кетті. Фариза апамыз да қазіргі заман ақыны бола тұра, жыраулардың мұңын түсінді, поэзияны жанымен сүйді, жырын ұқты, ұрпаққа насихаттады, өзі де еңбектер жазды. Соның ішінде айтар болсам, «Толғау»,  «Бұқар жыраудың Абылайға айтқаны»,  «Абылайдың Бұқарға айтқан жауабы»,  «Абылайдың жауабы»,  «Жігіттерге», «Ақкенженің өсиеті»,  «Өмір» т.б өлеңдерін атауға болады.

 

 

VСабақты қорытындылау

Ұлы адамдардың стратегиясы:


  • Асан қайғы Желмаясын мініп, кең байтақ қазақ жерін түгел аралаған. «Жерұйық» жерді іздеген, ну орман мен шалғынды жерге халықты қоныстандырсам деп армандаған. Сондықтан Шоқан Уәлиханов оны «Көшпенділер философы» деп атаған.

  • 2.Қазтуған өз жырларында халықты ерлікке, бірлікке, адамгершілікке шақырып, ақыл айтқан, батыр, ел басқарған би болған. Адамгершілігі күшті үлкендердің айтқанын тыңдасақ, бізден батыр да, би де шығады деп сенемін.

  • 3.«Ұрпақтарым, атаң мен әжеңді сыйла! Өзіңе дейінгіні құрметтесең, өзіңнен кейінгілер сені құрметтейді» деп Бұқар жырау айтқандай ата-ананы, сыйлаңдар, үлкендерді құрметтеп, кішіге қамқор болайық
    ҮI. Үйге тапсырма

                    «Жырауларым-мәңгілік жасай бергін» тақырыбында ойтолғау жазу

VI Тақтадағы үлкен  ағаштың бейнесіне сабақтан алған әсерлерін жеткізеді.

VII. Бағалау

 

Етістікті табу

$
0
0

2-сынып

Қазақ тілі

Сабақтың тақырыбы: Етістікті табу

Сабақтың мақсаты:

  1. Жаттығулар мен тапсырамалар орындау арқылы етістік туралы алған білімдерін толықтыра түсу.
  2. Тапсырмаларды орындау арқылы сөздік қорын арттырып, сауаттылығын, ойлау жүйесін дамыту.
  3. Адамгершілік және ақыл-ой тәрбиесін беру, ұйымшылдыққа, ізденімпаздыққа, жолдастық қарым-қатынасқа үйрету.

Типі: Қайталау сабақ.

Әдісі: Сұрақ-жауап, түсіндіру, ой шақыру, қызығушылығын арттыру.

Көрнекіліктер: Сызбалар, суреттер.

Сабақтың барысы:

І.Ұйымдастыру кезеңі.

Балалардың сабаққа дайындығын тексеру.

Назарларын сабаққа аударуды ұйымдастыру

  • Бүгін қай күн?
  • Наурыз айы жылдың қай мезгіліне жатады?

Олай болса балалар, тілге деген құрметімізді білдіріп, сабағымызды бастайық.                              

Қазақ тілім – өз тілім ана тілім

Абай, Мұхтар сөйлеген дана тілім

Қастерлейді ұл қызың мәңгі сені

Болашағым, бақытым дана тілім.

ІІ. Үй тапсырмасын тексеру.

Ребус шешу 384-жаттығу.

  • Етістік дегеніміз не?
  • Оның түрлерін ата, мысалдар келтір.
  • Берілген суреттерге қарап сөйлем құра.

Етістіктерді тауып неше күрделі етістік екенін айт.

Топтастыру.

ІІІ. Жаңа сабақ.

Сергіту сәті. Жалқаулықты тастаймыз

Жаттығуды бастаймыз

Қиынсынып қашпаймыз

Жаңа сабақ бастаймыз

Суретті және сөздерді пайдаланып, мәтін құрау, етістіктерді тапқызу.

Мәтінді жалғастыру.

                        Көктем қандай көңілді        

                        Күміс жаңбыр төгілді

                        Мөлдір аспан ашылып

                        Күннің көзі көрінді.

ІҮ. Оқулықпен жұмыс.

385-жаттығу. Мәтінді оқып, етістіктерді тап. Етістіктердің дара немесе күрделі екенін табу, айту.

386-жаттығу. Жаңылтпашты бір-біріңе қайталап айтып, жатқа жаз.

                        Қазанда шұжық жүр,

                        Үш шұжық жүзіп жүр,

                        Шұжықшыл Жүсіп жүр,

                        Шұжықты сүзіп жүр.

Венн диаграммасы.

385 – жаттығу                                              

386-жаттығу

387-жаттығу. Күркіреді, сіркіреді, жарқылдайды сөздерін қатыстырып сөйлемдер құра.

389-жаттығу. Соңғы сөздердің мағынасына қарай өлең құрастыр.

...торғайды

...қорғайды

...ойнаймыз,

...ойлаймыз.

Ү. Логикалық тапсырмалар

  1. Көпірде талдар өсіп тұр,

    Адам қалай өтеді?

 

  1. Үстелде 3 стакан сүт бар.

    Алмаз бір стакан сүтті ішіп қойды.

    Үстелде неше стакан қалды?

 

3.Нанды үш бөлікке бөлу үшін,

   Нанды неше рет кесу керек?

 

ҮІ. Қорытынды.

  • Сурет бойынша сөйлем құрап, етістікті табу.
  • Үйге тапсырма: 388-жаттығу.
  • Етістіктердің Не істейді? Қайтеді? Сұрақтарына жауап беруіне қарап топтап жазу.
  • Оқушылардың білімін бағалау.

 

Жалаң және жайылма сөйлем

$
0
0

Атырау облысы Индер ауданы М.Әуезов атындағы орта

мектептің  бастауыш сынып  мұғалімі 

Дайындаған:  Махметова Б.Ж.

Тақырыбы: Жалаң және жайылма сөйлем

Сабақтың мақсаты: Жалаң және жайылма сөйлем туралы түсінік беру.
Сабақтың міндеті:1) Сөйлемнің жалаң, жайылма болып бөлінуі тұрлаулы, тұрлаусыз мүшелерге байланысты екенін меңгерту. Оқушылардың сауатты, көркем жазу дағдыларын жетілдіру; Сөйлем мүшелеріне талдау дағдыларын қалыптастыру.
2) Іздемпаз, тапқыр, еңбекқор, өз ойын, пікірін еркін жеткізе алатын шығармашыл тұлға тәрбиелеу.
3) Сөз қорын байытып, ауызекі және жазба сөйлеу тілін, логикалық ойлау қабілетін, шығармашылық қабілетін дамыту.

ТОЛЫҚ ЖҮКТЕУ

Внимание! У Вас нет прав для просмотра скрытого текста.

 

Viewing all 866 articles
Browse latest View live


<script src="https://jsc.adskeeper.com/r/s/rssing.com.1596347.js" async> </script>