Қазақ тілі пәні бойынша тыңдалым, айтылым, оқылым, жазылым дағдыларын қалыптастыруда қолданылатын
белсенді әдіс-тәсілдер
Дағдылар
|
Белсенді оқыту әдіс - тәсілдері |
Сипаттамасы |
||||||||||||||||||||||||
Тыңдалым |
«Сөздік» жұмысы.
|
Оқушылар мәтінді тыңдайды және таныс емес сөздерді жазып алады. Сол сөздермен жеке немесе жұптасып жұмыс істейді.
|
||||||||||||||||||||||||
|
«Төрт сөйлем» тәсілі. 1. Пікір. Тыңдаған мәтін бойынша өзіндік пікірін бір сөйлеммен жазады. 2. Дәлел. Өз пікірін бір сөйлеммен дәлелдейді. 3. Мысал. Пікірін өмірмен байланыстырып, мысал келтіреді. 4. Қорытынды. Тақырып бойынша қорытынды шығарады.
|
Тыңдаған материалдан қажетті ақпаратты іріктеп алуға дағдыландырады. |
||||||||||||||||||||||||
|
«Үш қадамды сұхбат» стратегиясы. Әр топ тақырыпқа байланысты бір-біріне тыңдалған мәтін бойынша 3 түрлі сұрақ, пікір айтып талқылайды. Негізгі ақпаратты анықтайды.
|
Тыңдай отыра оқушы өз пікірін айтуға, ойын дәлелдеп сөйлеуге дағдыланады. |
||||||||||||||||||||||||
|
«Болжау» кестесі.
|
Оқушы мәтіннің бір бөлімін тыңдап, болжау жасайды. Болжау аяқталған соң, сынып қабырғасына жазылған мәтін түпқұсқасымен салыстырып, ақпаратты анықтайды. Мұғалім негізгі мәселе мен ақпаратты түсінуге , болжай білуге бағыттайды |
||||||||||||||||||||||||
|
«Әдеби шеңбер» стратегиясы.
|
Тыңдалған материал бойынша топтық жұмыста қолдану өте тиімді . Әр оқушыда жауапкершілік пайда болады. |
||||||||||||||||||||||||
Айтылым. |
«Ақылдың алты қалпағы» әдісі.
«Ақ қалпақ» киген оқушы қажетті ақпаратты анықтап сөйлейді. «Сары қалпақ» киген оқушы тақырыптың тиімділігін сендіре айтады. «Қара қалпақ» киген оқушы тақырып бойынша кемшіліктерді анықтайды. «Қызыл қалпақ» киген оқушы тақырып бойынша болжам жасайды. «Жасыл қалпақ» киген оқушы тақырып бйынша креативті, жаңа идеялар айтады. «Көк қалпақ» киген оқушы тақырыпқа сараптама жасап сөйлейді. |
Тақырып бойынша әр оқушы ақпаратты анықтап, болжам жасауға, өз ойын айтып,сараптама жасауға дағдыланады. |
||||||||||||||||||||||||
|
Дәстүрлі әңгіме Оқушылар қысқа әңгімеден кейіпкерлер мен олардың іс – әрекеттерін анықтайды. Олар кейіпкерлердің іс- әрекетін саралап, бағалайды. Олар сондай-ақ басқа топқа әңгіменің мазмұны бойынша 5 сұрақ құрулары керек. Әр топ әңгіме мазмұны мен кейіпкерлер туралы идеяларымен алмасады. |
Кейіпкердің іс- әрекетіне баға беруде, әңгіме мазмұнын тексергенде тиімді. |
||||||||||||||||||||||||
|
«ПОПС» формуласы. · Бірінші сөйлем «Менің ойымша,... » · Екінші сөйлем «Себебі, мен оны былай түсіндіремін … » · Үшінші сөйлем «Оны мен мына фактілермен, мысалдармен дәлелдей аламын … » · Соңғы сөйлем «Осыған байланысты мен мынадай қорытынды шешімге келдім .... ». |
Айтылған пікір қайталанбауы керек, дәлелмен сөйлей білу керек. Ойын тұжырымдап, нақты жеткізуге бағыттайды. |
Дағдылар |
Белсенді оқыту әдіс-тәсілдері |
Сипаттама |
||||||||||||||||||||
Оқылым |
«Дәйексөз » Қажетті жабдықтар: Флип-чарт, түрлі-түсті қарындаштар, стикерлер. Тапсырманы орындау барысы: Флип-чартқа өтілген шығармадан бірнеше дәйексөз жазылады. Дәйексөз жазылған флип-чарт қабырғаға ілінеді. Ø Әр топ бір дәйексөз таңдайды. Ø Топтар берілген үлгі бойынша шығарманы талқылайды: |
A. Сюжет: Әңгімелеуші кім? Осы сәтте не болып жатыр? (1 ұпай) B. Интерпретация: Үзіндінің немесе дәйексөздің маңызы неде? Кейіпкер туралы не айтылады? Тақырып. Тартыс. Өңдеңіз. (1-3 ұпай) C. Анализ: Жоғарыдағы сұраққа жауапты автор қолданған әдеби құралдармен байланыстыру. Дикция, детальдар, суреттеу, диалог. (1-3 ұпай) Ø Топтарға дәйексөзді талқылауға 4 минут беріледі. Дайын болған топ бастайды. Жұмысын қорғауға 2 минут беріледі. Ø Топ өз жұмысын таныстырып болғаннан кейін, қалған топтардың жұмысын толықтыра алады. Ø Әр топқа өз жұмысын таныстыруға 1 минут беріледі. Көп ұпай жинаған топ жеңіске жетеді.
|
||||||||||||||||||||
|
«Пирамидалық талқылау» стратегиясы.
|
Топ мүшелері өз пікірін жеке жазып, ортада талқылап ортақ пікір қалыптастырады. Топ мүшелерінің саны 4 оқушыдан болуы керек. Әр топ таратылған флипчарт қағазға тапсырмаға байланысты жеке өз ойларын жазады. Қағазды бұру арқылы бір - бірінің жауабымен танысады. Жауаптарымен танысып ортақ пікірді қағаз ортасына жазып, ойларын қорғайды.
|
||||||||||||||||||||
|
Сұрақ қоя білу тәсілі
|
Мысалы кедейлі туралы мәтінді оқыған соң, мұғалім төмендегідей сұрақ түрлерін бере алады. Жауап ауызша да, жазбаша да түрде болуы мүмкін. Негізгі сұрақ Әлемдегі кедейлік пен теңсіздік мәселесенің шешімі бар ма? Жанама сұрақ Оқушылар құрастырған сұрақтарын басқа топтарға айтады және идеалды әлем туралы талдайды. Анықтауыш сұрақтар Алдыңғы сұрақтардың жауаптарын жазып одан тағы да сұрақ туындатады. одан көп сұрақтар қояды.
Жауаптағы детальдар негізгі сұраққа жауап бере ала ма? Сұрақтар мен жауаптар шынайы ма? Әлде шындыққа жанаспай ма? |
||||||||||||||||||||
|
Стикерлермен жұмыс
|
Жаңа сөздерді жаттаудың бірнеше жолы бар. Яғни жазылған сөздерді бір рет оқып, 1 сағаттан кейін қайта қарау. Бір тәуліктен кейін қайталап оқып, мағынасын еске түсіру.Бір аптадан кейін тағы бір оқып шығу және бір айдан соң тағы қарау. Бұл әдісті жүйелі орындау, сөздерді ұзақ есте сақтауға мүмкіндік береді. |
||||||||||||||||||||
Жазылым |
«Фишбоун» белсенді оқыту әдісі.
|
Пайдаланатын мақсаты: Мәселені/тақырыпты талқылауға арналған жаттығу Орындалу барысы: басы – тақырыптың мәселесі, үстіңгі сүйектері – тақырыптың негізгі түсініктері, астыңғы сүйектері – себептері, құйрығы – мәселенің шешімі. Қаңқадағы жазулар қысқа болу керек, олар тірек сөздерден немесе тақырыптың негізгі ойын ашатын фразалар болуы мүмкін.
|
||||||||||||||||||||
|
«Қарлы кесек» тәсілі Мысалы мақал-мәтелдер туралы мәтін оқыған соң мұғалім немесе оқушылардың өздері мақал-мәтел жазылған қағазды умаждап, бір-біріне лақтырады. Тосып алған оқушы сол мақалдың мағынасын ашып, түсіндіруі керек. |
Көпшілік білетін мақалдардың тізімін жасайды. Ең көп мақал жазған оқушылар өз тізімдерін сыныпқа оқиды, ал басқалары кейбір мақалдарды немесе сол мақалдарға қатысты сұрақтарды өз тізімдеріне қоса алады.
|
||||||||||||||||||||
|
«Қақпа» Ойынға қажетті құралдар: түсіндірмелі сөздік, қақпаның суреті ауыстырып отырған дұрыс . Мақсаты – жаңа сөздерді оқу. Көргенін жылдам жазу арқылы мағынасын еске сақтау
|
Орындалу барысы: · тақтада қақпаның суреті тұрады; · сынып топқа бөлінеді; · мұғалім бір сөзді немесе терминді айтады; · топ сол сөзді кестеге толтырады; · 1 оқушы кестені толтырады; · 1оқушы сөздікпен жұмыс істейді; · 1оқушы гол салады. Жұмыс барысында оқушылардың рөлдерін
|
||||||||||||||||||||
|
«Негативтен позитивке» тәсілі |
Оқушыларға негатив жаңалықтар жазылған
|