Quantcast
Channel: Қазақ тілі әдебиет | и рус.кл - Қазақстан ұстаздарына арналған - Әдістемелік-ақпараттық сайт sabaqtar.kz
Viewing all articles
Browse latest Browse all 866

Қазақ тілі 7 сынып. Сөз тіркесінің түрлері

$
0
0

Пәні: қазақ тілі

Сыныбы:  7-сынып

 

 Сабақтың тақырыбы:     Сөз тіркесінің түрлері

Сабақтың мақсаты: 1.Білімділігі: оқушыларға  сөз тіркесі туралы түсінік беру,теориялық білімдерін практикамен ұштастыру,оқушы білімін есепке алу.

                                      2.Дамытушылық: әдеби жанрлардың түрлерінен мысалдар келтіру арқылы әдебиетке деген қызығушылығын дамыту,ізденімпаздық қасиетін қалыптастыру,шығармашылыққа баулу,тіл байлығын жетілдру.

                                      3.Тәрбиелік: оқушыларды адамгершілікке.ізеттілікке,әдептіліке,шапшаңдыққа тәрбиелеу,ұлттық салт-дәстүрді қадірлеуге баулу,өз елін,тілін сүюді үйрету.

Сабақтың түрі:  аралас  сабақ

Сабақтың әдісі: сұрақ-жауап,топпен    жұмыс, іздендіру

Сабақтың көрнекілігі:   қима қағаз, сызба таблицалары,көркем әдебиет.

Сабақтың барысы:

                                              а)  Ұйымдастыру кезеңі :

                            Оқушылармен амандасу,түгелдеу,оқу құралдарын тексеру.Сыныптың тазалығына көңіл бөлу.Оқушылардың зейінін сабаққа аудару.

 

                                             ә)  Үй тапсырмасын пысықтау :

     Үйге берілген жаттығуды тексеремін.Оқушыларға бірнеше сұрақтар қоямын.

  1. Сөз тіркесі дегеніміз не?
  2. Сөз тіркесінің тіркесті сөзден айырмашылығы қандай?
  3. Есімді сөз тіркесіне қандай сөз тіркестері жатады?
  4. Етістікті сөз тіркесіне қандай сөз тіркестері жатады?

 

                                             б) Жаңа сабақты түсіндіру :

        Сөз тіркесінің түрлері басыңқы сөздің қай сөз табы болуына байланысты  анықталады.  Сөз тіркесінің басыңқы сыңары зат есім, сан есім, сын есім, есімдік болса, ол есімді сөз тіркесі деп аталады. Басыңқы сыңары етістік болса,етістікті сөз тіркесі деп аталады. Мысалы: Мынау хатты жаңа Абай ағам Әбішке жазып еді. Бұл сөйлемде мынадай сөз тіркестері бар: мынау хатты,хатты жазы,жаңа жазды,Әбішке жазды.   Мынау хатты деген есімді тіркес,өйткені оның басыңқы сыңары хатты –зат есім, қалғандары-етістікті сөз тіркестері,өйткені олардың басыңқы сыңарлары етістік.

 

Жаттығумен  жұмыс :  253-жаттығу.   Сөз тіркесін тауып,байланысу тәсілі мен түрлеріне қарай ажыратып талдаңдар.

 

Тақтамен жұмыс :  Тақтаға бірнеше сөйлем жазып синтаксистік, морфологиялық талдау жасайды.

                                                                                             

 Білімді бекіту : Оқушылардың түсінбеген сұрақтарына жауап беремін.Оқушыларға бірнеше сұрақтар қоямын.

 

Білімді бағалау : Оқушылардың жауаптарына қарай білімдері бағаланады.

 

Үйге тапсырма:  254- жаттығу.


Viewing all articles
Browse latest Browse all 866

Trending Articles



<script src="https://jsc.adskeeper.com/r/s/rssing.com.1596347.js" async> </script>