Quantcast
Channel: Қазақ тілі әдебиет | и рус.кл - Қазақстан ұстаздарына арналған - Әдістемелік-ақпараттық сайт sabaqtar.kz
Viewing all articles
Browse latest Browse all 866

Қазақ тілі 7 сынып. Сөз тіркесі және күрделі сөздер мен тұрақты тіркестер

$
0
0

Пәні: қазақ тілі

Сыныбы:  7-сынып

Сабақтың тақырыбы:     Сөз тіркесі  және күрделі сөздер мен тұрақты тіркестер

Сабақтың мақсаты: 1.Білімділігі: оқушыларға  сөз тіркесі туралы түсінік беру,теориялық білімдерін практикамен ұштастыру,оқушы білімін есепке алу.

                                      2.Дамытушылық: әдеби жанрлардың түрлерінен мысалдар келтіру арқылы пәнге  деген қызығушылығын дамыту,ізденімпаздық қасиетін қалыптастыру,шығармашылыққа баулу,тіл байлығын жетілдру.

                                      3.Тәрбиелік: оқушыларды адамгершілікке.ізеттілікке,әдептіліке,шапшаңдыққа тәрбиелеу,ұлттық салт-дәстүрді қадірлеуге баулу,өз елін,тілін сүюді үйрету.

Сабақтың түрі:  аралас  сабақ

Сабақтың әдісі: сұрақ-жауап,топпен    жұмыс, іздендіру

Сабақтың көрнекілігі:   қима қағаз,перфокарта,сызба таблицалары,көркем әдебиет.

Сабақтың барысы:

                                              а)  Ұйымдастыру кезеңі :

                            Оқушылармен амандасу,түгелдеу,оқу құралдарын тексеру.Сыныптың тазалығына көңіл бөлу.Оқушылардың зейінін сабаққа аудару.

                                             ә)  Үй тапсырмасын пысықтау :

     Үйге берілген жаттығуды тексеремін.Оқушыларға бірнеше сұрақтар қоямын.

                                             б) Жаңа сабақты түсіндіру :

                 Сөз тіркесі кемдегенде екі сөзден құралатын болса,  күрделі сөздер мен тұрақты тіркестер де екі сөзден құралады.

      Күрделі сөздер де, тұрақты тіркестер де, біріншіден орындары тұрақты болады, екіншіден , бір ғана ұғымды білдіріп,бір сөздің орнына қолданылады,сондықтан бірінен екіншісіне сұрақ қоюға болмайды. 

        Күрделі сөздерге күрделі зат есіс, күрделі сан есім, күрделі сын есім, күрделі етістік, сондай-ақ негізгі сөздер мен көмекші сөздердің  тіркесі жатады. Күрделі сөздер мен тұрақты тіркестер сөз тіркесінің құрамына еніп,басыңқы да, бағыныңқы да  сыңары бола алады.  Ондай сөз тіркестері күрделі сөз тіркестері деп аталады.

Жаттығумен  жұмыс :  247-жаттығу.  Орфографиялық я түсіндірме сөздікті пайдалана отырып күрделі сөзге 5 мысал,сөз тіркесіне 5 мысал, тұрақты тіркеске  5 мысал келтіріп, өзіндік ерекшеліктерін талдап көрсетіңдер.      

 Топпен жұмыс:     248-жаттығу    І топ сөз тіркестерін теріп жазады.

                                                       ІІ  топ күрделі сөздерді теріп жазады.

                                                  ІІІ топ тұрақты тіркестерді теріп жазады.

                                                                                              

 Білімді бекіту : Оқушылардың түсінбеген сұрақтарына жауап беремін.Оқушыларға бірнеше сұрақтар қоямын.

  1. Сөз тіркесі дегеніміз не?
  2. Сөз тіркесінің тіркесті сөзден айырмашылығы қандай?
  3. Есімді сөз тіркесіне қандай сөз тіркестері жатады?
  4. Етістікті сөз тіркесіне қандай сөз тіркестері жатады?

 

Білімді бағалау : Оқушылардың жауаптарына қарай білімдері бағаланады.

Үйге тапсырма:  249- жаттығу.

 

 

 


Viewing all articles
Browse latest Browse all 866


<script src="https://jsc.adskeeper.com/r/s/rssing.com.1596347.js" async> </script>