Quantcast
Channel: Қазақ тілі әдебиет | и рус.кл - Қазақстан ұстаздарына арналған - Әдістемелік-ақпараттық сайт sabaqtar.kz
Viewing all articles
Browse latest Browse all 866

Қазақ тілі 7 сынып. Қабысу

$
0
0

Пәні: қазақ тілі

Сыныбы:  7-сынып

Сабақтың тақырыбы:  Қабысу

Сабақтың мақсаты: білімділік – сөйлем құрылысынан сөздердің байланысу  құрылысын ажыратуға үйрету;

                                     дамытушылық – оқушылардың жеке өнімді қызметтерін дамытушылық тапсырмалар арқылы байқау,логикалық тапсырмалар арқылы жұмыстану, практикалық тапсырмалар арқылы оқушы қызметінің әрекетін арттыру;

                                  тәрбиелік – лексикалық тапсырмалар арқылы оқушының сезіміне әсер ету,жан дүниелерін байыту.

Әдісі: баяндау,түсіндіру,анализ ,синтез.

Көрнекілігі: сызбалар,үлестірме топшамалар,көркем шығармалар,портреттер.

Пәнаралық байланыс: әдебиет,математика.

Сабақтың  барысы.

                                            а)   Ұйымдастыру кезеңі:

                          Оқушылармен амандасу, түгелдеу,оқу құралдарын тексеру. Сыныптың тазалығына назар аудару

                                           ә)   Үй тапсырмасын пысықтау :    

                    Үйге берілген жаттығуды тексеремін. Өткен сабақтарды қалай меңгергенін білу үшін оқушыларға кеспе қағаздар үлестіріп,жауап талап етемін.

  1. Меңгерудің байланыс тәсілдері қандай?
  2. Сөздер интонация арқылы қалай байланысыды?
  3. Сөйлемде сөздер бір-бірімен қалай байланысады?
  4. Жалғаулар арқылы сөздердің байланысы қалай болады?
  5. Матасудың байланысу тәсілі қандай?

                                              б)  Жаңа сабақты түсіндіру :

         Орын тәртібі жағынан іргелес тұру арқылы байланысқан сөз тіркестерін  қабыса байланысқан сөз тіркестері немесе қабысу дейміз. Қабысу басыңқы  сыңарының  қандай сөз табынан болатынына қарай,мысалы, сын есім мен зат есімнің (жақсы бала),сан есім мен зат есімнің (он оқушы) ,зат есім мен зат есімнің  (алтын сағат),  есімдік пен зат есімнің (бұл кітап), есімше мен зат есімнің (оқыған кітап), тіркестері есімді қабысу да, үстеу мен етістіктің (жоғары шықты) ,еліктеуіш сөз бен етістіктің (бырт-бырт үзді) , көсемше мен етістіктің ( дауыстап сөйледі)  сын есім мен етістіктің (жақсы оқиды), сан есім мен етістіктің (екі келді) етістікті қабысу болады.

 

  Жаттығумен жұмыс:     267-жаттығу.      Қабыса  байланысқан сөз тіркескен  тауып, талдаңдар.              

Тақтамен жұмыс :  Тақтаға бірнеше сөйлем жазып синтаксистік, морфологиялық талдау жасайды.

Білімді бекіту : Оқушылардың түсінбеген сұрақтарына жауап беремін.Өткен тақырыпқа байланысты бірнеше сұрақтар қоямын.

  1. Грамматиканың синтаксис саласы нені қарастырады?
  2. Сөйлем құрауда сөздердің бір-бірімен грамматикалық байланысқа түсуінің орны неге ерекше?
  3. Тіл білімі неше салаға бөлінеді?
  4. Сөйлемде сөздер бір-бірімен қалай байланысады?
  5. Септеулік шылаулар сөздерді қалай байланыстырады?

Бағалау : Оқушылардың сабаққа жақсы қатысып отырғандарына қарай білімдері бағаланады.

Үйге тапсырма : 268-жаттығу.


Viewing all articles
Browse latest Browse all 866

Trending Articles



<script src="https://jsc.adskeeper.com/r/s/rssing.com.1596347.js" async> </script>