Quantcast
Channel: Қазақ тілі әдебиет | и рус.кл - Қазақстан ұстаздарына арналған - Әдістемелік-ақпараттық сайт sabaqtar.kz
Viewing all articles
Browse latest Browse all 866

Қазақ тілі 7 сынып. Сөз тіркесі туралы түсінік

$
0
0

Пәні: қазақ тілі

Сыныбы:  7-сынып

Сабақтың тақырыбы:           Сөз тіркесі туралы түсінік

Сабақтың мақсаты: 1.Білімділігі: оқушыларға  сөз тіркесі туралы түсінік беру,теориялық білімдерін практикамен ұштастыру,оқушы білімін есепке алу.

                                      2.Дамытушылық: әдеби жанрлардың түрлерінен мысалдар келтіру арқылы әдебиетке деген қызығушылығын дамыту,ізденімпаздық қасиетін қалыптастыру,шығармашылыққа баулу,тіл байлығын жетілдру.

                                      3.Тәрбиелік: оқушыларды адамгершілікке.ізеттілікке,әдептіліке,шапшаңдыққа тәрбиелеу,ұлттық салт-дәстүрді қадірлеуге баулу,өз елін,тілін сүюді үйрету.

Сабақтың түрі:  аралас  сабақ

Сабақтың әдісі: сұрақ-жауап,топпен    жұмыс,СТО стратегиялары,

Сабақтың көрнекілігі:  кубик,қима қағаз,перфокарта,сызба таблицалары,көркем әдебиет.

Сабақтың барысы:

                                              а)  Ұйымдастыру кезеңі :

                            Оқушылармен амандасу,түгелдеу,оқу құралдарын тексеру.Сыныптың тазалығына көңіл бөлу.Оқушылардың зейінін сабаққа аудару.

                                             ә)  Үй тапсырмасын пысықтау :

     Үйге берілген жаттығуды тексеремін.Оқушыларға бірнеше сұрақтар қоямын.

                                             б) Жаңа сабақты түсіндіру :

                 Сөйлемде кем дегенде екі толық мағыналы  мағыналы сөздің бірі екіншісіне сабақтаса байланысқан сөздер тізбегін сөз тіркесі  дейміз.

 

Жаттығумен  жұмыс :  224-жаттығу. Сөздердің байланысын тауып,басыңқы сөзден бағыныңқы сөзге  сұрақ қойыңдар.      

Бағыныңқы сөз                                                Басыңқы сөз

  1. Асқардың кімнің? тірі қалғанын
  2. Тірі қалғанына неге? куанған
  3. Қуанған қай? Ботагөз

4.Баланың                            кімнің?               атын

  1. Атын нені? Амантай қойды

                                                                                              

 Білімді бекіту : Оқушылардың түсінбеген сұрақтарына жауап беремін.Оқушыларға бірнеше сұрақтар қоямын.

  1. Сөз тіркесі дегеніміз не?
  2. Сөз тіркесінің тіркесті сөзден айырмашылығы  қандай?
  3. Есімді сөз тіркесіне қандай сөз тіркестері жатады?
  4. Етістікті сөз тіркесіне қандай сөз тіркестері жатады?

 

Білімді бағалау : Оқушылардың жауаптарына қарай білімдері бағаланады.

Үйге тапсырма:  226 жаттығу.

 


Viewing all articles
Browse latest Browse all 866


<script src="https://jsc.adskeeper.com/r/s/rssing.com.1596347.js" async> </script>