Пәні: қазақ тілі
Сыныбы: 7-сынып
Сабақтың тақырыбы: Тест тапсырмалары
Сабақтың мақсаты:
а) оқушылардың қазақ тілі пәнінен алған білімдерін тиянақтау;
ә) тәрбиелік мәні бар мысалдар келтіре отырып оқушыларды елін,жерін,Отанын сүюге тәрбиелеу;
б) оқушылардың білімін бақылау арқылы сауатты жазуға дағдыландыру;
Сабақтың түрі: қайталау
Сабақтың әдісі: сұрақ-жауап, т.б
Сабақтың көрнекілігі: тест парақшалары т.б
Пәнаралық байланыс: тарих
Сабақтың барысы: а) Ұйымдастыру кезеңі:
Оқушылармен амандасу,түгелдеу, оқу құралдарын тексеру, сыныптың тазалығына көңіл бөлу. Оқушылардың зейінін сабаққа аудару.
б) Жаңа сабақты түсіндіру:
- Етістіктің райы неше түрге бөлінеді?
А) 2 В) 4 С) 3
- Үш жақтың бірінде қолданылып,сөйлеушінің шындыққа қатысын баяндайтын рай түрі
А) қалау рай В) шартты рай С) ашық рай
- Көбіне ІІ жаққа қаратылып, қимылдың орындалуын талап ету мағынасын білдіретін рай түрі.
А) шартты рай В) бұйрық рай С) ашық рай
- Іс-әрекеттің іске асу,аспау мүмкіндігінің шартын білдіріп,-са,-се жұрнағы арқылы жасалатын рай түрі.
А) шартты рай В) бұйрық рай С) ашық рай
- Оқуға түскім келеді рай түрі
А) қалау рай В) шартты рай С) ашық рай
- Есімшенің жұрнағы
А)-ғалы,-гелі,-қалы,-келі В) –а,-е,-й С) –атын,-етін
- Есімшенің тәуелденуі
А) берермін В) берерім С) берерден
- Адасқанның айыбы жоқ. Есімшенің сөйлемдегі қызметі.
А) толықтауыш В) пысықтауыш С) анықтауыш
- Көп сөйлегенді ұнатпаймын. Есімшенің сөйлемдегі қызметі
А) толықтауыш В) пысықтауыш С) анықтауыш
10.Есімшенің көпше түрде жіктелуі
А) Келгенмін В) келгенбіз С) келгенде
- Есімшенің септелуі
А) көрмесім В) көрмеспіз С) көрместен
- Менің ұстаз болғым келеді. Рай түрі
А) қалау рай В) шартты рай С) ашық рай
- Атаның баласы болма, Адамның баласы бол. Рай түрі
А) шартты рай В) бұйрық рай С) ашық рай
Білімді бекіту: Өтілген тақырыпқа байланысты бірнеше сұрақтар қоямын. Түсінбеген сұрақтарына жауап беремін.
Білімді бағалау: Оқушылырдың жауаптарына қарай білімдері бағаланады.
Үйге тапсырма: Қайталау