Quantcast
Channel: Қазақ тілі әдебиет | и рус.кл - Қазақстан ұстаздарына арналған - Әдістемелік-ақпараттық сайт sabaqtar.kz
Viewing all articles
Browse latest Browse all 866

Қазақ тілі 5 сынып. Тіркесу жолмен жасалған туынды сөздер

$
0
0

 

                                      Сабақ жоспары

1.Пән аты: Қазақ тілі

      2.Сыныбы: 5

      3.Күні, айы, жылы:

      4.Тоқсан: IV

      5.Мұғалім:

     Сабақтың тақырыбы:   Тіркесу  жолмен  жасалған

                                                 туынды  сөздер

     Сабақтың мақсаты:

 1.Білімділік: оқушылардың    тіркесу  жолмен  жасалған  туынды  сөздер     туралы түсініктерін кеңейту, өз  бетінше  жұмыс  істеу  қабілетін  дамыту .

 2.Тәрбиелік: оқушыларды  ұқыптылыққа,  адамгершілік  қасиеттерге     тәрбиелеу.

3.Дамытушылық: оқушылардың тіркесу   жолмен  жасалған  туынды  сөздер     түрлерін ажырата алу дағдыларын арттыру, логикалық  ойлау  қабілеттерін, сөз  байлығын  дамыту , талдау  дағдыларын арттыру.

     Сабақтың типі: аралас  сабақ

     Сабақтың түрі: дәстүрлі

Сабақтың әдіс-тәсілі: түсіндіру, сұрақ-жауап, жаттығу, салыстыру.

     Сабақтың көрнекілігі: тақырыпқа байланысты кесте,үлестірмелер.

     Пәнаралық байланыс: қазақ әдебиеті, тарих

     Сабақтың барысы:

     I.Ұйымдастыру кезеңі: 1.Оқушылармен сәлемдесу

                                           2.Оқушылардың сабаққа қатысын тексеру

                                           3.Оқушылардың зейіндерін сабаққа аудару 

 ІІ Үй  тапсырмасын  сұрау

 

1.Қосарлану    жолмен  жасалған  туынды  сөздертуралы  түсінік.

2.384 - жаттығу

 

ІІІ Білім  тексеру

   Терме  диктант

  1. Деменқұдықтан Қызылауызға  жету  үшін,  елу  шақырым  шөл  даланы  басып  өту  керек. 2. Сарытауқұмынан  оқпақ  деп  аталатын  құс  табылыпты. 3. Есалаң  көкқұтан  семіз  денесін  жасырып,  жартасқа  тығылады.4.  Асқар  Кенжетайдан  бөлінген соң,  Бурабай  көлін  жағалап,  Оқжетпеске  қарай  тартты.

 ІVжаңа  сабаққа  дайындық

  1. Сабақ тақырыбын  тақтаға  жазу
  2. Сабақ мақсатын  түсіндіру

 

       V  Жаңа тақырыпты түсіндіру:

                   Тіркесу жолымен  жасалған сөздер екі не одан да көп   сөзден  құралып, бір  екпінмен айтылып, бір ғана  лексикалық  мағынаны  білдіреді. Мысалы: он алты, қызыл  ала, қол созым  жер, көз ілмеді,  темір жол, ғарыш  кемесі, келіп кет, көк ала, жер  жүзі, күн  сәулесі, т.б.  Мұндай  күрделі  сөздердің әрбір  сыңары  бөлек  жазылады.

 

 

 VІ Түсінік  тексеру

Өздік  жұмыс

  1. Екі зат  есімнен  біріккен  2  қала  атын  тауып  жазыңдар.
  2. Сын есіммен  зат  есімнен  біріккен 3  қала  атын  жазыңдар.
  3. Екі зат  есімнен  біріккен 5 адам  атын  жазыңдар.

  І. Сабақты  бекіту

385 – жаттығу

*  Төмендегі   күрделі  сөздер  нелердің  атауы  болып  тұрғанын  түсіндіріңдер

         386 – жаттығу

       *     Берілген   сөздерден  күрделі  сөз  құрап  жазыңдар

        387– жаттығу

       *   Мәтіннен  біріккен  сөздерді  табыңдар.

VIІІ  Сабақты  қорыту

  1. Бағалау

2.Үй  тапсырмасы:   

1.Тіркесу    жолмен  жасалған  туынды  сөздертуралы  түсінік.

2.388 - жаттығу

 

 

 


Viewing all articles
Browse latest Browse all 866

Trending Articles