Quantcast
Channel: Қазақ тілі әдебиет | и рус.кл - Қазақстан ұстаздарына арналған - Әдістемелік-ақпараттық сайт sabaqtar.kz
Viewing all articles
Browse latest Browse all 866

Қазақ тілі 5 сынып. Сөзжасамнан өткенді қайталау

$
0
0

Сабақ жоспары

      1.Пән аты: Қазақ тілі

      2.Сыныбы: 5

      3.Күні, айы, жылы:

      4.Тоқсан: IV

      5.Мұғалім: .

     Сабақтың тақырыбы:  Сөзжасамнан  өткенді   қайталау

     Сабақтың мақсаты:

 1.Білімділік: оқушыларға  сөзжасамнан  өткенді  қайталау  арқылы   түсініктерін кеңейту,  жаттығу жұмыстары мен қосымша тапсырмалар арқылы нығайту.  

 2.Тәрбиелік: оқушыларды адамгершілікке еңбекті дәріптеуге ана тілді    құрметтеуге тәрбиелеу.

3.Дамытушылық: оқушылардың  логикалық  ойлау,  өз  бетінше  жұмыс  істеу  дағдыларын арттыру,    талдау  дағдыларын арттыру.

     Сабақтың типі: қайталау

     Сабақтың түрі: дәстүрлі

Сабақтың әдіс-тәсілі:  сұрақ-жауап, жаттығу, салыстыру.

     Сабақтың көрнекілігі: тақырыпқа байланысты кесте,үлестірмелер.

     Пәнаралық байланыс: қазақ әдебиеті, тарих

     Сабақтың барысы:

     I.Ұйымдастыру кезеңі: 1.Оқушылармен сәлемдесу

                                           2.Оқушылардың сабаққа қатысын тексеру

                                           3.Оқушылардың зейіндерін сабаққа аудару

 

 

ІVжаңа  сабаққа  дайындық

  1. Сабақ тақырыбын  тақтаға  жазу
  2. Сабақ мақсатын  түсіндіру

 

ІІ Үй  тапсырмасын  сұрау

 1.Тіркесу    жолмен  жасалған  туынды  сөздертуралы  түсінік.

2.388 - жаттығу

 

  

 

IIІ.Өткен  материалдар  бойынша  білімін  тексеру

       І деңгей

  1. Біріккен сөздерге  мысал  жаз

 

   ІІ деңгей

  1. Антоним және  синоним  қос  сөздерді  жаз.

 

  ІІІ деңгей

  1. Күрделі сөзден  тұрақты  тіркестердің  айырмашылығын  айт  және  мысал  келтір.

Үлгі: Ала  қарға  көк  бауыр. (Күрделі  сөз)

          Көзі  ашылды,  жүрек  жұтқан (Тұрақты  тіркес)

Сөзжасамды  қайталауға  арналған  тапсырмалар

  1. Орыс тілінде  приставкалар  бар. Ал  қазақ  тілінде  сөздің  алдынан  қосымшалар  жалғана ма?
  2. Екі буыны  да  мағыналы  болатын  атауларды  табыңдар.
  3. Екі сөзден  бірігіп  жасалған  аң-құс  атауларын  жазыңдар.
  4. Түбір сөздегі  буын  дыбыс  ерекшеліктерін  талғамай  жалғанатын  қосымшаларды  атаңдар  және  оларды  қатыстырып  сөйлем  құраңдар.
  5. «Ой» сөзінен  туындайтын  сөздерді  жазыңдар.
  6. Сөздердің бірігуі  арқалы  жасалған  неологизм  сөздерді  тауып  атаңдар.
  7. Біл, кел,  бас,үй  сөздерінен  түбірлес  сөздер  жэасап,  олардың  мағыналық  бірлігі  мен  айырмашылығын  айтыңдар.
  8. Жұрнақ жалғану  арқылы  жаңа  мәнге  ие  болған  сөздерге  бірнеше  мысал  тауып  атаңдар.

 VІІ. Сабақты  бекіту

 

І топ

388– жаттығу

  • Мәтіндегі туынды  сөздерді  теріп  жазып,  олардың  қалай  жасалып  тұрғанын  айтыңдар.

 

 

 

ІІ топ  

     389 – жаттығу

* Мәтіндегі   қарамен  жазылған  сөздер тіркесу  жолымен  жасалған  сөздерге  жататын,  жатпайтынын  табыңдар.

      

390 - жаттығу

ІІІ топ   

 *  Мәтінен  тұрақты  тіркестерді  тауып,  олардың  білдіретін  мағынасын  анықтаңдар

 VIІІ  Сабақты  қорыту

  1. Бағалау
  2. Үй тапсырмасы:   «Қысқы  көрініс »  тақырыбында    мәтін  құрау.

                                 391 - жаттығу

 

 

 

 

 

 

 

                                                      

 


Viewing all articles
Browse latest Browse all 866

Trending Articles



<script src="https://jsc.adskeeper.com/r/s/rssing.com.1596347.js" async> </script>