Сабақ жоспары
1.Пән аты: Қазақ тілі
2.Сыныбы: 5
3.Күні, айы, жылы:
4.Тоқсан: IV
5.Мұғалім:
Сабақтың тақырыбы: Қосарлану жолмен жасалған
туынды сөздер
Сабақтың мақсаты:
1.Білімділік: оқушылардың қосарлану жолмен жасалған туынды сөздер туралы түсініктерін кеңейту, өз бетінше жұмыс істеу қабілетін дамыту .
2.Тәрбиелік: оқушыларды ұқыптылыққа, адамгершілік қасиеттерге тәрбиелеу.
3.Дамытушылық: оқушылардың қосарлану жолмен жасалған туынды сөздер түрлерін ажырата алу дағдыларын арттыру, логикалық ойлау қабілеттерін, сөз байлығын дамыту , талдау дағдыларын арттыру.
Сабақтың типі: аралас сабақ
Сабақтың түрі: дәстүрлі
Сабақтың әдіс-тәсілі: түсіндіру, сұрақ-жауап, жаттығу, салыстыру.
Сабақтың көрнекілігі: тақырыпқа байланысты кесте,үлестірмелер.
Пәнаралық байланыс: қазақ әдебиеті, тарих
Сабақтың барысы:
I.Ұйымдастыру кезеңі: 1.Оқушылармен сәлемдесу
2.Оқушылардың сабаққа қатысын тексеру
3.Оқушылардың зейіндерін сабаққа аудару
ІІ Үй тапсырмасын сұрау
1.Бірігу жолмен жасалған туынды сөздертуралы түсінік.
2.380 - жаттығу
ІІІ Білім тексеру
Өздік жұмыс
- Төмендегі біріккен сөздердің қандай түбірлердің бірігуінен жасалғанын айтыңдар
Итжуа, жетіқарақшы, кемпірқосақ, көкжиек, әлдекім, күншығыс,Жанбота, Алатау,Тазқара, Қолғанат,Жұмаділ.
ІVжаңа сабаққа дайындық
- Сабақ тақырыбын тақтаға жазу
- Сабақ мақсатын түсіндіру
V Жаңа тақырыпты түсіндіру:
Кейде екі сөз қосарланып, бір тексикалық мағына береді. Мұндай сөздерді қос сөздер деп атайды. Қос сөздің сыңарлары мағыналық жағынан байланысы бар, бір тектес заттардың аттарынан, синоним сөздерден, кейде антоним сөздерден жасалады. Мысалы: сауыт-сайман, көрпе-жастық, ыдыс-аяқ, үлкен-кіші, жақсы-жаман, алыс-жақын, туған-туысқан, ығы-жығы.
VІ Түсінік тексеру
- Екі сыңары да мағыналы сөздерге мысалдар жазу
- Бір сыңары мағыналы, бір сыңары мағынасыз қос сөздерге мысалдар жаз.
- Екі сыңары да мағынасыз қос сөздерге мысалдар жаз.
- Күшейткіш буын арқылы жасалған қос сөздерге мысалдар жаз.
VІ І. Сабақты бекіту
382– жаттығу
* Төмендегі қос сөздердің қайсысында жаңа лексикалық мағына бар екенін, қайсысынгда ондай мағына жоқ екенін анықтаңдар.
381– жаттығу
* Мына сөздерден қос сөз жасап жазыңдар
383– жаттығу
* Қосарлану арқылы жасалып тұрған сөздердің мағынасын ашып түсіндіріңдер.
VIІІ Сабақты қорыту
- Бағалау
2.Үй тапсырмасы:
1.Қосарлану жолмен жасалған туынды сөздертуралы түсінік.
2.384 - жаттығу