Quantcast
Channel: Қазақ тілі әдебиет | и рус.кл - Қазақстан ұстаздарына арналған - Әдістемелік-ақпараттық сайт sabaqtar.kz
Viewing all articles
Browse latest Browse all 866

Қазақ тілі 5 сынып. Жалпылама лексика

$
0
0

 

                          Сабақ жоспары

 

      1.Пән аты: Қазақ тілі

      2.Сыныбы: 5

      3.Күні, айы, жылы:

      4.Тоқсан: ІІ

      5.Мұғалім:

     Сабақтың тақырыбы:  Жалпылама  лексика

     Сабақтың мақсаты:

1.Білімділік: оқушылардың   жалпылама  лексика  туралы түсініктерін   кеңейту.

2.Тәрбиелік: оқушыларды адамгершілікке, ізгілікке баулу, ұлтжандылыққа тәрбиелеу.

        3.Дамытушылық: оқушылардың лингвистикалық дүниетанымдарын кеңейту,     лексикалық  талдау дағдыларын дамыту.

     Сабақтың типі: жаңа  сабақ

     Сабақтың түрі: дәстүрлі

Сабақтың әдіс-тәсілі: түсіндіру, сұрақ-жауап, талдау,салыстыру.

     Сабақтың көрнекілігі: тақырыпқа байланысты үлестірмелер.

     Пәнаралық байланыс: қазақ әдебиеті

     Сабақтың барысы:

     I.Ұйымдастыру кезеңі: 1.Оқушылармен сәлемдесу

                                                     2.Оқушылардың сабаққа қатысын тексеру

                                                    3.Оқушылардың зейіндерін сабаққа аудару 

                                                               

         ІV  Жаңа  сабаққа  дайындық:

   1.Сабақ  тақырыбын  тақтаға  жазу

2.Сабақ  мақсатын  түсіндіру

 

 

 

  1. Жаңа тақырыпты түсіндіру:

Бір  тілде  сөйлейтін  адамдардың  бәріне  түсінікті ортақ  сөздерді  жалпылама  лексика  дейді.

Жалпылама  лексика  адам  баласының  күделікті  тіршілігіне  қажетті  заттар  мен  құбылыстарды,  әрекеттерді  және т.б.  ұғымдарды  атайды. Мысалы: су,  ауа,  тамақ,  үй,т.б.

Жалпылама  лексикаға  тән  сөздер  өздерінің  тура  мағынасында  жұмсалады.

 Жалпылама  лексикаға  жататын  сөздерді  бала  да, үлкен де,  малшы да,  ғалым  да – бәрі  бірдей  түсінеді  және  сөйлеу  мен  жазуда  қолданады. Мысалы: биыл  қар  аз  жауды  деген  сөйлемдегі  сөздер  өзінің  тура  мағынасында  ғана  қолданылып  тұр. Осы  сөйлемдердегі  сөздердің  барлығы  жалпылама  лексикаға  жатады.

 Жалпылама  лексикаға  жататын  сөздер  жалпы  халыққа  түсініктілігімен,  анықтылығымен,  қарапайымдылығымен  ерекшеленеді.        Олар әдеби  тілдің  негізгі  қоры  болып  табылады.

 

  VІ. Жаңа тақырып  бойынша  түсінік  тексеру:

       Сұрақ жауап

1.Жалпылама  лексика  деген  не?

2.Жалпылама  лексика  сөздік  қорға  жата  ма,  сөздік  құрамға  жата ма?

 

VІІ. Жаңа сабақты бекіту.

        1.Оқулықпен жұмыс

              168-жаттығу (жазбаша)

      * Қазақ  тілінің  түсіндірме  сөздігінен  жалпылама  лексикаға  жататын табиғат  құбылыстарының  атауларына  қатысты бірнеше  сөз  теріп  жазыңдар.

     * осы  сөздерді  қатыстырып  жыл  мезгілдерін  суреттеңдер.

 .

  1. Үлестірме қағаздар бойынша жұмыс.

  VІІІ. Сабақты  қорыту:

  1. Бағалау
  2. Үйге тапсырма беру:
  3. 169 -жаттығу.

      2 Жалпылама лексика  туралы  түсінік.

                                                   

 


Viewing all articles
Browse latest Browse all 866

Trending Articles



<script src="https://jsc.adskeeper.com/r/s/rssing.com.1596347.js" async> </script>