Қысқа мерзімді жоспар
Ұзақ мерзімді жоспардың тарауы: Компьютердің тілін табу – өнер Күні: |
Мектеп: №12 Масанчи орта мектеп Мұғалімнің аты-жөні: Естемесов Қ.А |
||
Сынып: 5 |
Қатысқандар: |
Қатыспағандар: |
|
Сабақтың тақырыбы |
Компьютердің пайдасы мен зияны |
||
Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары (оқу бағдарламасына сілтеме) |
5.Т6. Тыңдалым материалдарының мазмұны негізінде сұрақтарға жауап беру |
||
Сабақтың мақсаты |
Барлық оқушылар орындай алады: «Компьютердің пайдасы мен зияны» мәтінін тыңдап, мазмұнын түсінеді. Оқушылардың көпшілігі орындай алады: Компьютердің пайдасы мен зиянын салыстырып, сұрақтарға жауап береді. Кейбір оқушылар орындай алады: Қазіргі таңда компьютердің пайдасы туралы өз пікірлерін айтады. |
||
Бағалау критерийі |
1. Компьютердің пайдасы мен зияны туралы біледі. 2. Тақырыпқа сай сұрақтарға жауап береді. |
||
Тілдік мақсаттар |
|
||
Құндылықтарға баулу
|
«Мәңгілік ел» жалпыұлттық идеясының құндылықтары: индустрияландыру мен инновацияларға негізделген экономикалық өсу. |
||
Пәнаралық байланыс |
Информатика |
||
Алдыңғы білім |
Компьютер туралы қосымша мәлімет тауып келу |
||
Сабақ барысы |
||||||||
Сабақтың жоспарланған кезеңдері |
Сабақтағы жоспарланған жаттығу түрлері
|
Ресурстар |
||||||
Сабақтың басы 10 минут |
1. Психологиялық ахуал қалыптастыру. «Мінезіңді сәйкестендір» ойыны. (Әр оқушы компьютердің құрылғыларының суретін таңдап алып, өзінің мінезімен ұқсастығын тауып айтады.) 2. Топқа бөлу. (Оқушылар табиғат құбылыстары мен техникаларды таңдау арқылы 2 топқа бөлінеді.) 3. «Жүзімнің шоқтары» әдісі. (Оқушылар компьютер сөзіне қатысты суреттер ілу арқылы сабақтың тақырыбы мен мақсатын анықтайды.) |
Суреттер
Суреттер
Суреттер, кесте |
||||||
Сабақтың ортасы 30 минут |
1-тапсырма «Компьютердің пайдасы мен зияны» бейнетаспасын тыңдап, «Ойлан-жұптас-бөліс» әдісі арқылы мазмұнын түсінеді. «Бағдаршам» әдісі бойынша бағалайды
2-тапсырма Компьютердің пайдасы мен зиянын бейнетаспаға қарай отырып, салыстырады. «Торлы диаграмма» әдісі арқылы жүзеге асады. «Өрмекші торы» әдісі арқылы бір-біріне жіп бере отырып, ауызша сұрақтар қояды. «Бас бармақ» әдісі бойынша бағалайды
|
Бейнетаспа
Бағдаршам
Кесте
Жіп
|
||||||
3-тапсырма Оқушылар қазіргі таңда компьютердің пайдасы туралы «Қабырғадағы рөл» әдісі арқылы білетінін ішіне, өз пікірін сыртына жазып, топпен талқылайды. «Әдемі сөздер» әдісі бойынша бағалайды |
Кесте
Сөздер жазылған белгілер |
|||||||
Сабақтың соңы 5 минут |
Кері байланыс
|
Кесте |
||||||
Саралау – Сіз қандай тәсілмен көбірек қолдау көрсетпексіз? Сіз басқаларға қарағанда қабілетті оқушыларға қандай тапсырмалар бересіз? |
Бағалау – Сіз оқушылардың материалды игеру деңгейін қалай тексеруді жоспарлап отырсыз? |
Денсаулық және қауіпсіздік техникасын сақтау |
||||||
Тапсырма: Компьютердің пайдасы мен зиянын бейнетаспаға қарай отырып, диаграммаларға салып, салыстырады. Барынша қолдау көрсету: Компьютердің пайдасы мен зиянын дара диаграмма кестесіне салып, салыстырады. Орташа қолдау: Компьютердің пайдасы мен зиянын торлы диаграмма кестесіне салып, бөлімдерге бөліп, салыстырады. Қолдау көрсету аз: Компьютердің пайдасы мен зиянын қос диаграмма кестесіне арқылы салыстырып, ұқсастықтарын анықтайды. |
«Бағдаршам» әдісі бойынша бағалайды
«Бас бармақ» әдісі бойынша бағалайды
«Әдемі сөздер» әдісі бойынша бағалайды
|
Сабақ барысында қауіпсіздік ережесі сақталады |
||||||
Сабақ бойынша рефлексия
Сабақ мақсаттары немесе оқу мақсаттары шынайы, қолжетімді болды ма? Барлық оқушылар оқу мақсатына қол жеткізді ме? Егер оқушылар оқу мақсатына жетпеген болса, неліктен деп ойлайсыз? Сабақта саралау дұрыс жүргізілді ме? Сабақ кезеңдерінде уақытты тиімді пайдаландыңыз ба? Сабақ жоспарынан ауытқулар болды ма және неліктен? |
|
|||||||
Жалпы бағалау Сабақта ең жақсы өткен екі нәрсе (оқыту мен оқуға қатысты)? 1: 2: Сабақтың бұдан да жақсы өтуіне не оң ықпал етер еді (оқыту мен оқуға қатысты)? 1: 2: Осы сабақтың барысында мен сынып туралы немесе жекелеген оқушылардың жетістіктері/ қиыншылықтары туралы нені анықтадым, келесі сабақтарда не нәрсеге назар аудару қажет? |