Quantcast
Channel: Қазақ тілі әдебиет | и рус.кл - Қазақстан ұстаздарына арналған - Әдістемелік-ақпараттық сайт sabaqtar.kz
Viewing all articles
Browse latest Browse all 866

Жалаң және жайылма сөйлем

$
0
0

Күні:

Сынып  8  қазақ тілі

Сабақтыңтақырыбы: Жалаң және  жайылма сөйлем

Сабақ мақсаты: білімділік – жалаң және жайылма сөйлем туралы түсінік беру, ерекшеліктерін түсіндіру, тапсырмалар арқылы жалаң және жайылма сөйлемдерді таба білуге үйрету;  тәрбиелік–өз бетімен еңбек етуге тәрбиелеу, топпен жұмыс жасау арқылы ұжымшылдыққа тәрбиелеу; дамытушылық– оқушылардың ізденімпаздығын, байқампаздық қасиеттерін дамыту, шапшаңдыққа дағдыландыру. Типі: жаңа білім меңгерту сабағы. Түрі:дәстүрлі сабақ. Әдісі:тест, іздендіру, түсіндіру, сұрақ-жауап, ой қозғау. Оқыту формасы: бірлескен ұжымдық іс-әрекет. Көрнеккілік: интерактивті тақта, тапсырма салынған конверттер.

Сабақтың барысы.

  I.Ұйымдастыру. А, Ә, Б, В топтарына бөлу. Топ жетекшілерін сайлау. Топ жетекшілеріне бағалау қағаздарын беру.

  II.Өткен материалды қайталау (деңгейлік тапсырмалар бойынша).

- күрделі деңгей                       - қалыпты деңгей                       төменгі деңгей.      

- зат есім                        - сын есім                        - сан есім                      -септік жалғ

    - тәуелдік жалғау.                               – жіктік жалғау                          - көптік жалғау

   - есімше                                     - көсемше

    - қызыл конверт тапсырмасы

 

Өз білмегеніңді кісіден сұра, Үлкен болмаса кішіден сұра. Мен өзімнің қазақ екенімді мақтан етемін. Ұрпағы өз тілінде сөйлеген ұлттың рухы бйік. Мен ешкімді жатсынбайтын, дініне, нәсіліне бөлмейтін халқыма сенемін. Еліміздің болашағы жарқын.

Берілген сөйлемдерге синтаксистік талдау жасау, тірек сигналдарымен айшықтау.

Үлгі: Т+Т+б

- қалыпты деңгейдің тапсырмалары

Перфоккартаны толтыр.

          Мысалдар

 Жақты

Жақсыз

      Атаулы

Ұлыған боран.

 

 

+

Олар жастардан сыр тартуға  ұмтылыпты.

 

 

 

 

Мысалдар

 Жақты

Жақсыз

      Атаулы

Шоқан әңгімесін қайта жалғастырды.

+

 

 

Досанның тауға қайта барғысы келді.

+

 

 

Ышқынған долы дауыл.

 

 

+

 

Мысалдар

 Жақты

Жақсыз

      Атаулы

Бурабайдың табиғатын ауызбен айтып болмайды.

 

+

 

Кеш болғанын білмей қалыппын.

+

 

 

Ауыл. Топтанған адамдар.

 

 

+

 - төмендегі деңгейдің тапсырмалары

Оқшау сөздерді тауып астан сыз. Тиісті жерге тыныс белгісін қой.

  1. Ер қадірін, әрине, халық ұмытпас.
  2. Сірә , дәл осы бұлақ бүл аймақтың нәрі болса керек.
  3. Ау, қызғыш құс, қызғыш құс,

  Қанатың қатты, мойның бос.

4.Саржан аға, мен сізді бір көрсем де ұмытқан жоқпын. 

III. Жаңа сабақ. «Жалаң және жайылма сөйлем» деп тақырып жазылады. Оқушылар жаңа сабақты өз беттерімен меңгереді.

  Интерактивті тақтадан сөйлемдер жазылған екі сызба беріледі, сол сөйлемдер бойынша оқушылар жалаң және жайылма сөйлемнің ережесін шығарып, ерекшеліктерін тауып түсінік береді.

 Жалаң сөйлем

 Жайылма сөйлем

Партизандар ұйықтап кетті.

Сөйлемді сауатты құрастыруға дағдылан.

Қар кетіпті.

Үлкенді сен сыйласаң,

Кіші сені сыйлайды.

Жер түлеген.

Мазмұнына өрнегі жарасқан тәуелсіздіктің қасиетті Туы мәңгі желбіресін.

  Оқушылар орындарында отырып сөйлемдерді сөйлем мүшелеріне талдайды. Әр топ оқушы тақтадағы сөйлемдердің астын сызып, ережесін айтады. Жалаң және жайылма сөйлемнің айырмашылықтарын табады. Оқушылардың  ережелері оқулықпен салыстырылып, дұрыс – бұрыстығы анықталады.

  1. Жаңа сабақты бекіту.Төрт үстелге төрт түрлі тапсырма салынған конверт қойылады. Оқушылар топпен үстелдерге ауысып жүріп тапсырмаларды орындайды.

А үстелінің тапсырмасы. Берілген өлең жолдарын қара сөзге айналдырып жаз. Ішінде жалаң және жайылма сөйлемдер болсын.

   Жасымнан жетік білдім түрік тілін,

   Сол тілге аударылған барлық білім.

   Ерінбей еңбек еттім, еңбек жанды,

   Жарқырап қараңғыдан туып күнім.

  Ә. Үстелінің тапсырмасы.Сигналдық кәртішке – «Бұйрықты бұлжытпай орындаймыз».

  «Менің мектебім» тақырыбына сызбадағы үлгібойынша шағын мәтін құрастыру керек.

Бастауыш + баяндауыш.

Күрделі бастауыш + сын есімнен бірыңғай баяндауыш.

Бастауыш + анықтауыш – баяндауыш.

Пысықтауыш + анықтауыш + баяндауыш.

Пысықтауыш + анықтауыш + бастауыш + баяндауыш.

Бастауыш + толықтауыш + пысықтауыш + баяндауыш.

Бастауыш + толықтауыш+баяндауыш.

  Мектебім көп қабатты. Сынып бөлмелері кең, жарық. Мен 8-сыныпта оқимын. Сыныпта 26 оқушы бар. Мектепте әр түрлі мерекелер өтеді. Біз мерекелерге белсене араласамыз. Мен мектебімді мақтан тұтамын.

Б үстелінің тапсырмасы.Тест тапсырмалары.

  Сәйкестендіру тесті.

  1. Атаулы сөйлем 1. Бүгін аспан бүлтсыз.
  2. Жалаң сөйлем 2. Мені танимысың?
  3. Жайылма сөйлем 3. Оған таңдануға болмайды.
  4. Жақты сөйлем 4. Жаңбыр сіркіреп тұр.
  5. Жақсыз сөйлем 5. Түн орталаған шақ.

1

2

3

4

5

5

4

1

2

3

 

Баламалы тест.

                                                       Сұрағы

      Жауабы

1

Атаулы сөйлем зат – құбылыстың, мезгілдің, мекеннің атауын ғана білдіреді.

Иа

Жоқ

2

Жалаң сөйлем тек тұрлаулы мүшелерден тұрады.

Иа

Жоқ

3

Жайылма сөйлем – тұрлаулы мүшелер қатысқан сөйлем.

Иа

Жоқ

4

Жақсыз сөйлем  - бастауышы бар сөйлем.

Иа

Жоқ

5

Жақты сөйлем-баяндауышы сөйлемге ұйытқы болатын сөйлем.

Иа

Жоқ

 

1

2

3

4

5

Иа

Иа

Иа

Жоқ

Жоқ

 

V.Сұрақ-жауап тәсілі арқылы жаңа сабақты бекіту. Мен  бүгінгі сабақта нені білдім?

  1. Қортындылау. Топ басшыларының бағалау парағы бойынша қорытынды бағасын шығару.

VII. Үйге тапсырма: 78-жаттығу.


Viewing all articles
Browse latest Browse all 866

Trending Articles



<script src="https://jsc.adskeeper.com/r/s/rssing.com.1596347.js" async> </script>