Сабақтың тақырыбы: Сан есім
Мақсаты:
Білімділік: Оқушыларды сан есім және оның сұрақтарымен таныстыру. Сұрақтарды дұрыс қоя білуге, оларды бір-бірінен ажырата отырып сан есімге байланысты жаттығуларды дұрыс орындауға үйрету.
Дамытушылық: Сөздік қорларын молайтып, білімдерін толықтыру. Сауатты жазуға қалыптастыру.
Тәрбиелік: Мейірімділікке, халқымыздың ұмыт болған салт-дәстүрлерін құрметтеуге, ұқыптылыққа, өз Отанын сүюге тәрбиелеу.
Көрнекілігі: сөзжұмбақ, плакат, кластер, маркер, түсті қағаздар.
Түрі:аралас сабақ
Әдісі: сұрақ-жауап, топпен жұмыс.
Сабақтың барысы:
- Ұйымдастыру кезеңі:
А) Оқушының назарын аудару,
Ә) Біздің ұранымыз.
Ұлт тілім – өз тілім , ана тілім,
Абай, Мұхтар сөйлеген дана тілім.
Қастерлейді ұл-қызың мәңгі сені,
Болашағым, бақытым, дара тілім.
-Міне балалар, кемеңгер ғұлама ақын жазушыларымыздың тілі – туған тіліміз - Қазақ тілі сабағын бастаймыз.
(Осы кезде сыртқы есік ашылып, пошташы кіріп келіп Аяз атаның сәлемдемесін табыстайды. Интерактивті тақтадан Аяз атаның тапсырмалары түсіндіріледі.)
- Үй тапсырмасын сұрау.
Сұрақ-жауап әдісі арқылы үй тапсырмасын бекітілді.
- Жаңа сабақ.
Жаңа сабақ түсіндірілмес бұрын сөзжұмбақты шешіп аламыз.
1.Морфология нені зерттейді? (сөз табы)
- Зат есімнің түрі? (жалқы)
- Заттың сынын білдіретін сөз табы? (сын есім)
- Нақтылы тануға , ұстап көре алатын зат есім түрі? (деректі )
- Сын есімнің мағыналық түрі ? (сапалық)
- Зат есім жасалуына қарай нешеге бөлінеді? (екі)
- Заттың атын білдіретін сөз табы? (зат есім)
Сөзжұмбақтың шешуі Сан есім болып шығады.Сонымен, бүгінгі өтетін сабағымыздың тақырыбы - Сан есім.
Заттың санын мөлшерін, ретін білдіріп , қанша? неше? нешінші? нешеу? деген сұрақтарға жауап беретін сөз табын сан есім деп атаймыз.
Мысалы: Атадан алтау, анадан төртеу, Жалғыздық көрер жерім жоқ.
Осы мысалдарда сан есімдер- алтау, төртеу.
Сан есімдер мағыналық түріне қарай 6 түрге бөлінеді.
Есептік (алты, он бір)
Реттік ( екінші, бесінші)
Жинақтық (жетеу, үшеу)
Болжалдық (100-ге жуық)
Топтау ( бес-бестен)
Бөлшектік ( сегізден бір)
Олай болса, 156- жаттығуды орындайық.
Мәтін мазмұнынан сан есімдерді тауып, оларды тіркескен сөзімен бірге цифрмен жазу.
Үлгі: 3 адам, 45 шамасында, 2 адам, 1-і жалаңбас, 30-дың ішіндегі әйел,940000 халық, 44 пайызы өзбек, 30-ға тарта ұлт, 15 аудан , 3- ші орын,
6-7 есе.
Сергіту сәті.
«Оң қол, сол қол» ойыны.
Сан есімдерді атағанда, оң қолды, басқа сөз табын атағанда сол қолды көтеру керек.
157-жаттығу.
Ауызша жаңылтпашты жатқа айту.
158- жаттығу.
Берілген тірек сөздерді қатыстырып, сан есімі бар сөйлемдерден тұратын мәтін құрау.
- Киелі сандардың сыры.
Оқушылардан қазақ халқында қандай киелі сандар бар деп сол жайлы сұрап, киелі сандарға тоқталып кету.
- Жаңа сабақты бекіту.
Әр қатарға плакат таратылып , жаңа сабақтан алған білімдерін плакатқа түсіріп, кластер арқылы бектіледі.
- Бағалау.
Сабаққа белсене қатысқан оқушылар бағаланады.
- Үйге тапсырма беру.
Ойдан сан есімі бар жаңылтпаш құрап келу.