Сабақтың тақырыбы: «Тоқылдақ- орман дәрігері» (Қазақ тілі 3-сынып)
Сабақтың мақсаты:
Білімділік: Оқушылардың жыл бойы алған білімдерін тиянақтау барысында сөз таптарын, сөйлем мүшелерін, сөйлемдегі сөздердің байланысы туралы алған білімдерін тжалпылау.
Дамытушылық: Қазақ тілінің байлығы арқылы оқушының тілін дамыту, сауатты көркем жазу дағдыларын қалыптастыру.
Тәрбиелілік: Оқушыларға экологиялық тәрбие беру, табиғат-ананы, ондағы өсімдіктер дүниесі, құстар тіршілігіне деген сүйіспеншілік сезімдерін қалыптастыру.
Сабақтың типі: Жалпылау және қорытындылау сабақ.
Сабақтың көрнекілігі: Табиғат көрінісіне бейнеленген тақырыптық сурет. Құстардың суреттері, үлестірмелі карточкалар.
Сабақтың барысы: 1. Ұйымдастыру кезеңі:
- Оқушыларды сабаққа дайындау.
- Ұй тапсырмасын тексеру:
-Балалар, бүгін қазақ тілі пәнінен дәстүрлі емес, экологиялық-ертегі сабағын өтеміз. Сендер ертегі тыңдағанды жақсы көресіңдер ме? Олай болса мені жақсылап тыңдаңдар. Ертегіде жануарлар да, құстар да, ағаштар да, айналамызды қоршап тұрған табиғаттың бәрі де сөйлеп кетеді. Ертегі кейіпкерлерімен бүгін біз де сөйлесеміз, пікірлесеміз, бір-бірімізге көмектесеміз. Олай болса ертегімді бастаймын.
Мұғалім: - Ерте-ерте-ертеде жапан түзде жалғыз терек өмір сүріпті. Ол 20 жасында ер жетіп, 30-ында бұғанасы бекіп, 40-да кемеліне келіпті де, 50 ден асқан соң қартая бастапты. Кейбір бұтақтары сынып, қотыр қабығының әр жеріне құрт түсіпті. Құрт көбейіп оның әр жерін тесіпті. Тұла бойы қақсап ауырған соң амал бар ма? -Ух, жаным-ай, жаным-ай! Енді не қыламын? Құрт ауруына шалдықтым. Тесіп жеп барады, бұтақтарым сырқырайды, жапырақтарым сыздайды, жәрдем ете көріңдер-деп, терек күні-түні зарлай береді. Оның дауысын естіп бір күні
-Ақ көгершін ұшып келеді.
-Терек ата, ауруыңыз жаман екен. Мен дәрігердің кім екенін білмеймін, дегенмен іздеп көрейін,- деп ұша жөнеледі.
-Балалар, көгершінмен бірге Теректің ауруын емдейтін дәрігер іздеп жолға шығайық. Ол үшін мына тапсырманы орындау керек.
1- тапсырма: Тірек сызбалар арқылы ережелерді еске түсірейік.
Зат
Аты |
сыны |
саны |
қимылы |
Кім?,не? Қандай?,қай? Қанша?неше?, не істеді?, не қылды?
Мысал келтіру, ережелерді қайталау)
- Мынау не?
- Зат.
- Бор.( т.б.)
Енді теректі емдейтін дәрігер іздеп жолға шығамыз. Көгершін ұшып келе жатып бір төбенің басында отырған сауысқанды көреді де, оған келіп болған жайды айтады. «Терекке жақсылық жасай көр,» деп өтінеді.
- Сауысқан- Әркімнің өз жұмысы бар ғой, менің көмектесуге уақытым жоқ,- дейді.
- Мұғалім - Сауысқанның уақыты жоқ болса, онда біз көмектесіп жіберейік.
2-тапсырма : Сөз бір затқа қатысты. Зат біреу болғанымен, оның сан түрлі қасиеттері, белгілері болады. «Бала, т.б» сөзіне сын есімді тіркеп жазу.
Бала- ақылды, мейірімді, жомарт, тәртіпті, әзілқой, жігерлі, зерек.
Ақ көгершін одан әрі ұшып кетіпті. Қалың тоғайдың маңына жақындағанда қарғаны кездестіреді. Оған да мән-жайды хабарлайды. Ол бірақ көгершіннің ұсынысына өзінің көмектесе алмайтынын айтады. Қарға үшін біз көмектесіп жіберейік.
3-тапсырма: «Ойланып жауап берейік» деп аталады.
Мысалы: 6,3,12,15,20,14,100. (сандарды сөзбен жазу ж/е екі таңбалы сандардың жазылуына мән беру)
Көгершін одан әрі ұшып кетіпті. Қалың тоғайдың ішінде ән салып жүрген Бұлбұлдың үнін естиді. Ол Бұлбұлға да Теректі емде дегенді айтады. –Кешір, көгершін! Маған ренжіме менің өз кәсібім бар ғой. Менің әнімді ормандағы аң құстар түгілі адамдар да жақсы көреді.Мен үшін балалардан көмек сұра дейді.
-Бұлбұлға көмектесіп жіберейік.
4-тапсырма: «Сөз қуаласпақ ойыны»
Қарлығаш-шалғы-ыдыс-сағат-таға-адам-машина-алаша........
Мұғалім: Көгершін ілгері қарай ұшып кетеді. Бір кезде балапандарына ұрсып жатқан бір құсты көреді.
«Көңілді санамақтар»
2-екі.
Баласына ж2-ріп,
Ұрсып жатыр к2-лік,
2-леніп, с-2ріп,
Алып қапсың 2-лік,
2-ншілей 2-ңді,
Көрсетпе деп ж2-ді.
Мұғалім:Балалар бұл қандай құс деп ойлайсыңдар?
-Бұл кекілік.
Балалар, құстар екеш құстар да балалары жаман баға алса, ренжиді екен ғой. Сендер де нашар баға алсаңдар аналарың ренжиді. Сондықтан жақсы баға алу керек. Кекіліктің балапандарына жақсы баға алуына көмектесейік.
5-тапсырма: «Оз орныңды тап! ойын
- тақтайды,кесті,Талғат.
- құйды,су, гүлдерге.
- қашады,қашаумен,ұста.
Мұғалім: Көгершін ілгері қарай ұшып кетеді. Айдын көлде сыланып жүзіп жүрген Аққуға келеді. Оған да Теректі емдей көр деп өтініш айтады. Сонда
Аққу: -Мен қасиетті де киелі құспын ғой. Мен бұл жерден кете алмаймын. Маған көп құстар келеді, ақыл-кеңес сұрайды, мен саған да ақыл айтайын.
Сен осы тоғайда үйсіз-күйсіз, жұмыссыз жүрген құстар бар, солардың бірін тапта өтініп көр. Мүмкін солардың біреуі саған ілесіп,Теректі емдеп қалар,-дейді. Аққу бізге де ақыл сөздер айтыпты. Енді соны орындап көрейік.
5-тапсырма: «Тыйым сөздер» (оқушылар айтады)
- Аққуды атпа.
- Құс ұясын бұзба, құмырысқа илеуін бұзба.
- Көк шөпті жұлма.
- Жалғыз ағашты шаппа.
Мұғалім: Көгершін Аққудың ақылын тыңдап, ормандағы сенделіп жүрген құстардың ішінен бір құсқа кез болады. Ол құс Көгершіннің тілегін орындап, онымен бірге Терекке келіп, оның құрт ауруын жазған екен.
Проблемалық сұрақ: Ол қандай құс деп ойлайсыңдар?
Балалар: Тоқылдақ.
Мұғалім: Олай болса бүгінгі ертегімізге қандай тақырып қоюға болады?
Балалар: Тоқылдақ- орман дәрігері.
Мұғалім: Содан бері әлгі Терек жайқалып өсіп тұр екен. Тоқылдақтар ағаштарды құрттардың шіруінен сақтайды екен. Ал жасыл өсімдіктерді,ағаштарды күтсек, біздің денсаулығымызға пайдалы екенін білесіңдер.
Мұғалім: Сонымен Терекке қандай құс көмектесті?. Тоқылдақ туралы не білесіңдер?(тоқылдақ туралы тақпақ айтады)
Үйге: Қайталау.
Сабақты бекіту:
Оқушылардың білімін бағалау.