Тақырыбы: Бір өлеңі – бір елдің мұрасындай
Мақсаты: а) ғасырлар тоғысында М.Мақатаевтің ақындық талантын оқушы жүрегіне ұялату, олардың өнерге дегенсүйіспеншілігін қалыптастыру.
б) оқушыларды поэзияны сүюге, ақын жырларын , әндерін айта отырып, Отанын, елін, ұлтын сүюге тәрбиелеу.
в) жыршы өлеңдері арқылы қазақ әдебиетіндегі поэзиялық туындылардың тақырыбы мен ой тереңдігін кеңейте білуге, мәнерлеп оқу қабәлеті мен рухани танымдарын дамыту.
Көрнекі құралдар: ақынның суреті, ұлағатты сөздер , плаккаттар, слайд-шоу.
Тәрбие сағатының ашылуы
1-жүргізуші:
Сәлеметсіздер ме, құрметті ұстаздар, ата-аналар, оқушылар! «Бір өлеңі – бір елдің мұрасындай» атты ақиық ақын Мұқағали Мақатаев атамызға арналған 2 «а» сыныбының тәрбие сағатына қош келіпсіздер!
Дархан:
Сен қазақтың қазақтығын жырладың,
Ашып айттың қазағымның мұң-зарын.
Сол даңқыңды ұрпағыңа жеткізген
Қара өлеңнің – жалындаған жырларың.
Зулап күндер, жылдар аунап барады,
Жырларыңнан қазақ бақыт табады.
Қадіріңді сәл кешірек білсек те,
Мәңігі есімің жадымызда қалады.
Қуаныш, Жанар: Менің анкетам.
2-жүргізуші: Ақынның өлеңдеріне ән жазылып, қазіргі эстрадада қалықтаған әндері жұртының жүрегін жаулап алған. Ендеше сондай әндерінің бірі «Есіңе мені алғайсың» (Хор) әнін қабыл алыңыздар!
1-жүргізуші: Өмірім, сірә да, әріден басталған,
Әріден басталып, мәңігіге тасталған.
Осы мен өлмейтін, өлмейтін шығармын,
Сәл ғана мызғып ап қайтадан тұрармын.
Батима: Пай, пай, Өмір!..
Темірлан, Мерей: Ей, өмір. 29
2-жүргізуші: Ақындардың көмейінен жыр ақса,
Кейбіреулер жыр бәйгеде жүр ақсап.
Бақыт деген – асыл болса, бір мысқал,
Бақыт деген – уақыт болса, бір-ақ сәт.
Перизат, Құрмет, Алтынай: Үшбақытым
1-жүргізуші: Түс көрдім. Шешем басында ақ жаулығы бар абай атамыздың қасынан қуана басып маған қарап күліп келе жатыр. Ояна келсем түсім екен. Анам бақытты болады екен деп ұзақ толғаныстан соң «Шеше сен бақыттысың» деген өлең жолдары дүниеге келді.
Әлібек: Шеше сен бақыттысың.
2-жүргізуші: саф алтындай поэзиясынбір елдің мұрасындай етіп қалдыра білген ақынның өлеңдері өзі айтқандай талай болашақтарға көшеді.
Перизат: Поэзия
(оқушылардың жатқа айтқан өлеңдерін айтады.)
1-жүргізуші: Мұқағалидың «Аққулар ұйықтағанда», «Қырандастар, қош болыңдар», «Шекарада», «Райымбек, Райымбек!», «Қашқын» т.б поэма-толғаулары бар.650-ден астам лирикалық өлеңдерінде адам өмірінің мәні, әсемдік пен сұлулық, тазалық, ерлік, елдік, туған жер турасында терең толғаған.
2-жүргізуші: «Райымбек, Райымбек!» поэмасынан көрініс.
Авторы: Назым
Райымбек: Руслан
Қабай жырау: Хамид
Әлмерек би: Ақжол
Ата: Дамир
1-жүргізуші: Мен туған жер Қарасаз баурайдағы,
Жалғанда жер біткеннің бал-қаймағы.
Есім кетіп жүргенде ес білдірген,
Жаралған жұлдызым ғой маңдайдағы
2-жүргізуші: Айналайын, атамекен, ақ мекен!
Қандай қазақ іздеп сені тапты екен?!
Туған өлке тәтті екен ғой, тәтті екен! – туған жер, Отан, атамекен жүрекке жылылық ұялатып, көңілге сағыныш сезімін тарту ететін қасиетті де, құдіретті сөздер. Туған өлке М.Мақатаевтың ең зор мақтанышына айналды.
Әлібек: Қазақ жері
Хамид: Отан туралы
1-жүргізуші: «Қарасаздың шыбығын жел тербеген» хор. 30
2-жүргізуші: Мұқағали Мақатаевтің өз айтуындағы өлеңдерін назарларыңызға ұсынамыз.
1-жүргізуші: Мұқағали біздің замандағы ғажайып ақындардың бірі. Ақынның өзі «Егер сіздер шынымен менің өмірбаянымды, шығармашылығымды зерттемек болсаңыздар, онда мен не жазсам, соның бәрін оқып шығуды ұмытпаңыздар. Мені өз өлеңімнен бөліп қарамауларыңызды өтінемін» деген екен. Енді келесі кезекті ақын туралы тамаша естеліктерге кезек берейік.
Айша: «Өлең өлмейді. Оны жазған адамда өлмейді. Олай болса Мұқағали да өлген жоқ. Қасымызда, ол қыранша дүр сілкініп, бүкіл залды өзі толтырып, жазық маңдайы жарқырап жыр оқып тұр.» Ә.Тәжібаев
Алтынай: «Мұқағалидай ақыны бар халық – бақытты халық». Ф.Оңғарсынова
Жанар: «Мұқағали мөлдірліктен, тазалықтан, биік адамгершіліктен тұратын». Л.Әзімжанова
1-жүргізуші: Көп адам дүниеге бой алдырған,
Бой алдырып, аяғын көп шалдырған.
Өлді деуге бола ма, ойлаңдаршы,
Өлмейтұғын артына із қалдырған.
М–Мұқағалидың
Ұ–ұрпаққа
Қ–қалдырған
А–аманатын
Ғ–ғасырлар
А–арнасына
Л–лайық деп
И–иіліп , бас иеміз.
2-жүргізуші: Ақын мұрасы, маржан поэзиясы – мәңгілік, болашақ ұрпақтың еншісі, қастерлеп қадірлейтін қазынасы. Құрметті тыңдарман қауым! Қазіргі жас ұрпақтың бойын жақсылыққа , ізгілікке, өз ұлтын сүйе білуге баулысақ, сол арқылы мына күрмеуі көп қиын заманда бүкіл саналы өмірінде елінің болашағын жырлап өткен, халқына деген махаббатын тек поэзияда ғана емес, өмірде де, күесте де үлкен азаматтықпен қорғай білген М.Мақатаев мұралары ешқашан өлмек емес 31
1-жүргізуші: осымен «Бір өлеңі – бір елдің мұрасындай» атты тәрбие сағатымыз аяқталды. Келіп тыңдағандарыңыз үшін көп рахмет. Қош, сау болыңыздар!