Жанболатова Ынтагүл №1 Т.Әлиев атындағы орта мектеп
Пәні: Қазақ әдебиеті
Сыныбы :8 сынып
Сабақтың мақсаты:
1.Білімділік. Қорқыт ата туралы толық мәлімет беру. Оқушыларды жаңа білім беру талабына сай сусындатуға күш салу.Халқымыздың көне тарихын,өнегелі тағылымын ұғындыру. Көне мұраларымызды құрметтеуге үйрету.
2.Дамытушылық. Оқушылардың танымдық қасиетін арттыру. Сөйлеу мәдениетін қалыптастыру.Мәнерлеп оқу қабілетін шыңдау, ой-өрісін, тілдік қорын дамыту.
- Тәрбиелік. Даналық сөздердің мәнін ұғындыру. Адалдыққа, саналылыққа, парасаттылыққа, өнерді сүйе білуге тәрбиелеу.
Көрнекілігі: Қорқыт атаның портреті, плакатта жазылған нақыл сөздер, бүктемелер, аңыз-деректер.
Пайдаланылған әдебиеттер: Қазақ әдебиеті энциклопедиясы, «Қазақ тілі мен әдебиеті» журналы, оқулық хрестоматия, суреттер.
Сабақтың типі: дәстүрлі емес сабақ
Сабақтың түрі: Сахналық көрініс сабағы.
Сабақтың барысы: 1.Ұйымдастыру кезеңі.
2.Үй жұмысын тексеру. «Күлтегін жырының ерекшелігі.
3.Жаңа тақырып. Қорқыт ата кітабы
Қорқыт атаға қатысты оқиғалар шежіресі (хронологиялық кесте)
4.Сахналық көрініс. «Қам Бура-Бекұлы Бамсы әңгімесінің баяны»
- Теориялық білімнің игерілуі.
- Оқушылардың өз пайымдаулары.
- ВЕН диаграммасы.
- Мұғалімнің қорытынды сөзі.
- Оқушылардың білімдерін бағалау.
- Үй тапсырмасын беру. 105-108 бет сызба-кестені толтыру.
Сабақтың эпиграфы: «Атадан тағлым алмаған ұл жаман, Анадан өнеге алмаған қыз жаман»(Қорқыт ата кітабынан).
1.Ұйымдастыру кезеңінде сыныппен сұхбат жүргіземін.
2.Үй жұмысын тексеру барысында «Күлтегін» жырының ерекшелігі жөнінде оқушылардың пікірлерін тыңдау.
Қосымша пысықтау сұрақтары беріледі: 1.Ежелгі дәуір әдебиеті жайлы не түсіндің? 2.Күлтегін жырлары қай жерден табылған? 3.Ежелгі дәуір әдебиетіндегі ғалымдарымыз кімдер екен? 4. Ежелгі әдебиетке қатысты қандай тарихи шежіре-дастандарды білесіңдер? 5. Күлтегін, Білге қаған, Тонықұқ ескерткіштері жайлы не айтар едіңдер?
Сабақтың тақырыбы мен мақсатын түсіндіремін.
Кіріспе сөз. 8 ғасырда туған аңыздар жинағы. Дрезден қаласында 12 жырдан тұратын, Ватиканда 6 жырдан тұратын қолжазбасы сақталған. Қорқыт ата кітабы –оғыз -қыпшақ дәуірінің жазба мұрасы. 1986 жылы Ә.Қоңыратбаев тың аударуымен тұңғыш рет қазақ тілінде жазылып шықты. Қорқыт ата жайлы зерттеген ғалымдарымыз: Мұхтар Әуезов, Әлкей Марғұланның Мырзатай Жолдасбеков. Кітаптың 1300 жылдағы 1999 жылы ЮНЕСКО тарапынан халықаралық деңгейде атылып өтілді.1999 жылы «Қорқыт ата» энциклопедиялық жинағы басылып шықты. Қорқыт ата оғыз елінің батыры, ақылшысы, данасы, жырауы, ақыны, күйшісі, мәңгі өлмейтін өмір ідеушісі. «Қорқыт» сөзі түркілердің «хұр-кісі», «хыт-құт» сөзінен шыққан.Құт әкелуші кісі деген мағынаны білдіреді. «Қорқыт ата кітабы» мынадай жырлардан тұрады: «Қазан бектің ауылын жау шапқаны туралы жыр»; «Дерсе хан ұлы Бұқаш туралы жыр), «Оғыз қаған жыры» т.б. (Оқушылардың әдебиет дәптерлеріне жаздыру). Қорқыт атаға қатысты оқиғалар шежіресі (хронологиялық кесте)
1815- неміс ғалымы Х.Ф. Диц Дрезден кітапханасынан «Қорқыт ата кітабының 12 жырдан тұратын нұсқасын тапты.
1868- Ресей археология экспедиция мүшесі М.Приорев Қорқыт бейітін алғаш рет суретке түсірді.
1980- Қызылорда облысы, Қармақшы ауданында Қорқыт ескерткіш-кешені тұрғызылды.
1986- Ә. Қоңыратбаев пен М. Байұлдаевтың аударуымен «Қорқыт ата кітабы» тұңғыш рет қазақ тілінде жарық көрді.
1999 жылы Қорқыт ата атындағы Қызылорда мемлекеттік Университеті болып қайта құрылды.
2003 жылы – Түркі елдерінің театр фестивалінде ақын Иран-Ғайыптың «Қорқыттың көрі» атты әпсанасы қойылды. Қорқыт рөлінде: Балтабай Сейітмамытұлы ойнады.
2010- «Қорқыт» атты деректі фильм түсірілді. Режиссері: Берік Барысбеков.
- Жаңа тақырып:«Дерсе хан ұлы Бұқаш туралы жыр». Қысқаша мазмұнын түсіндіру. Тәрбиелік мәніне тоқталу, жырда түркі халықтарының анаға деген құрметі, ұрпақ жалғастыру мәселесі, ата-ана мен бала арасындағы парыз баяндалады.
- Сахналық көрініс. Оқушылардың қосымша ізденісі.
- Теориялық білімнің игерілуін тексеру. Оқушылар өздері білетін Қорқыт жайлы аңыздар, нақыл сөздері, өсиеті, күйлер жөнінде сыр шертеді. Қорқыт атаның сөздері:
- «Атадан тағылым алмаған ұл жаман, Анадан өнеге көрмеген қыз жаман»;
- «Мыңғырған мал жиғанмен, адам жомарт атанбас»;
- «Гүлденіп өскен бәйшешек күзге бармас»;
- «Ұлың өсіп жетілсе, ол-отбасының мерейі»;
- «Қар қанша қалың жауғанымен жазға бармас».
Өсиеттері :
1.Қонағы жоқ қараша үйден құлазыған түз артық;
- Адам ішпес ащы судың жылға қуып ақпағаны жақсы;
- Ат жемейтін ащы шөптің гүлденіп өспегені жақсы;
- Өтірік сөз өрге баспайды,
- Кімнің батыл, кімнің бақыл екенін жырау білер.
Күйлері: «Қорқыт күйі», «Қорқыт сарыны», «Қоңыр», «Тәңір күй», «Торғыл тана», «Ұшардың ұлуы», «Қорқыттың елмен қоштасуы», «Әппай», Сарын» .
Қорқыт –қобыз бен күйдің атасы. Ел шежіресінде мәңгілік өнер жыршысы, ұлы сазгер. Қорқыт атаның күйлерін тартқан атақты күйшілер: Ықылас пен Молқыбай, Жаппас Қалымбаев, Дәулет Мықтыбаев, Фатима Балғаева. Бұл күйшілер қобыздың қыл пернесінің үнін қазақ даласында боздата білген жандар.
Аңыздар: «Қорқыт пен ажал», «Қорқыттың1 өлімнен қашуы», «Қорқыт және қырық қыз», Мәңгілік өмірді аңсаған Қорқыт».
- Вен диаграммасы арқылы салыстыру. Әбу Насыр Әл- Фараби мен Қорқыт ата. Әбу Насыр Әл- Фараби- математик ғалым, 9 ғасырда өмір сүрген дана. Қорқыт –жыршы, күйші. 8 ғасырда өмір сүрген тұлға.
Ұқсастығы: Сыр бойында өмір сүрген қайратерлер, аңыз кейіпкерлері. (Оқушылар тақтада орындайды).
- Мұғалімнің қорытынды сөзі: Қорқыт ата тойы 1999 жылы ЮНЕСКО көлемінде тойланды. Келер ұрпаққа есімін мәңгі қалдыру үшін көптеген істер атқарылды. Қызылдорда қаласында университет бар. Ғылыми зерттеу орталығы бар. Қорқыт мәңгілік өмірді өнерден тапқан бабамыз. Дүниені қанша шарласа да жерұйық өзінің атамекені екеніне көзін женткізеді. «Қолына қобыз ұстаған абыз елден елге жетеді» -деп Қорқыт атаның өзі айтқандай, өнер мәңгілік, ол ұрпақтан-ұрпаққа тарайды.
Қорқыт ата кітабы- әртүрлі жырлардың жинағы болса да, онда ерлік жасау мен ізгілік көрсетуді қанатты сөздермен біртұтас алып отырған шығарма. Абыз өмірінің соңында «өлмейтін нәрсе жоқ» деген пікірге келеді. Мәңгілік өмірді қобыздың сарынынан іздейді. Толассыз күй тарта өмірден озады. Сабақты қорытындылай келе: Өзі өлсе де, артында өлмес мұралары қалған Қорқыт бабамыздың жолымен бүгінгі жас ұрпаққа тарих атамыз бата береді. Бата сөз:
Уа, құдайым, оңдасын.
Жаманшылық болмасын.
Аруақ біткен жар болып,
Қызыр бабам қолдасын.
Өркені шалқып тасысын,
Ертеңгі ұрпақ өздерің,
Халқымның салтын сақтасын,
Бабалардың ерлігін,
Көкіректе жаттасын.
Болашағым -жастарды,
Жамандықтан сақтасын!
- Оқушылардың білімдерін бағалау.
- Үй тапсырмасы:
Сызба-кесте толтыру.
Қорқыт ата жайлы не білдім? |
Өз пікірім |