Жанболатова Ынтагүл №1 Т.Әлиев атындағы орта мектеп
Пәні:Қазақ тілі
Сабақтың мақсаты:а)білімділік-Тұйық етістік туралы түсінік беру,оны меңгеру;ә)дамытушылық-оқушылардың лингвистикалық дүниетанымдарын қалыптастыра отырып,сөйлеуге жазуға дағдыландыру,ойлау қабілетін арттыру;б)тәрбиелік-ұлтжандылыққа,туған тілін сүюге,құрметтеуге тәрбиелеу;
Сабақтың көрнекілігі:оқулықпен жұмыс,тұйық етістіктің түрленуіне арналған кестелер,үлестірме қағаздар,интербелсенді тақта,электронды оқулықпен жұмыс,көркем әдебиет
Әдіс-тәсілдер:түсіндіру,сұрақ-жауап,салыстыру
Сабақ түрі:аралас сабақ
Сабақтың барысы:
I.Ұйымдастыру:оқушылармен амандасу,сынып бөлмесінің тазалығына көңіл бөлу,сабақта жоқ оқушыны белгілеу,оқу құралдарын түгелдеу,зейінін жинақтау;
II.Үй тапсырмасын сұрау үйге берілген тапсырманы сұрау,жаттығуды тексеру,өтілген тақырыпты,"Компьютер әлемінде" атты ойынмен пысықтау;Әр көбелекті ашқанда,артында үй тапсырмасы жазылған сұрақтар шығады.
1.Көсемшенің жұрнақтарын атаңыз
2.Көсемшенің қай жұрнағы жіктелмейді?
3.Көсемшенің сөйлемдегі қызметін айтыңыз
4.Адамды түсіне қарап таныма,ісіне қарап таны. сөйлемнен көсемшені табыңыз
5.Дұшпан күлдіріп айтады,дос жылатып айтады. сөйлемнен көсемшені табыңыз
6."Сұрай" етістігін жіктеңіз
III.Жаңа сабақ: "Миға шабуыл" стратегиясы
Есімше Көсемше
Рай Етістік Етіс
Шақ ?
(У) Тұйық етістік
Барша заттың бір өзімде қимылы,
Сөз табының күрделісі қиыны.
Сабақты,Салт,Есімше,Көсемше боп,
Шақ,Рай,Етіс те боп жиылдым.
-Балалар,осы бір шумақ арқылы қай сөз табын айтып тұрмын?
-Етістік
-Ендеше,бүгінгі сабағымыз етістіктің тағы да бір категориясына байланысты.
Тұйық етістік-етістіктің ерекше түрі |
|
Қимылдың,іс-әрекеттің атауы ретінде қолданылады да,етістік тұлғаларына тән шақтық мағынаны да,жақтық мағынаны да білдірмейді. |
Мағынасы жағынан ол қимылдың,іс-әрекеттің атын білдіреді де,шақпен де,жақпен де байланысты болмайды. |
Тұйық етістіктің жасалу жолы
Негізгі е. Туынды е. Етіс Болымсыз е. |
Көр,оқы,бекі,жаз Баға-ла,шеге-ле у жұрнағы Кір-гіз,өшір-гіз,ойна-т жалғану Бар-ма,түс-пе,сыз-ба арқылы |
Қимыл,іс-әрекеттерінің атын білдіріп,солардың атауы болып тұр. |
"Мағынаны тану" стратегиясы
Тұйық етістіктің кейбірі заттың құралдың атауын білдіріп,зат есім болып кеткен.
Көсеу Көсеу Қыстау Қыстау
Сабау Сабау Жабу Жабу
Егеу Егеу Тұсау Тұсау
Қашау Қашау Жасау Жасау
-Аталуы бірдей бірақ,мағынасы басқа сөздерді қалай атаушы едік?
-Омоним.
Тақтамен жұмыс:Тұйық етістікті түрлендіру
Тұйық етістікті септе: Тұйық етісті тәуелде:
А.Игеру... I жақ. Үйрену...
І.Игеру... IIжақ. Үйрену...
Б.Игеру... Үйрену...
Т.Игеру... IIIжақ. Үйрену...
Ж.Игеру...
Ш.Игеру...
К.Игеру...
Шығармашылық жұмыс:
1.Дауысты дыбыстарға біткен етістіктерден;
2.Дауыссыз дыбыстарға біткен етістіктерден;
3.Дауысты "ы,і" дыбыстарына біткен етістіктерден;
4.Дауысты "и"дыбыстарынан біткен етістіктерден;
5.Қысқа"й"дыбыстарынан біткен етістіктерден;
6.Дауысты"у"дыбысына біткен етістіктерден тұйық етістік жасау;
Оқулықпен жұмыс:Тапсырма 1.
Өлең жолдарындағы қарамен жазылған сөздерді қай сөз табына жатқызуға болады?
Кей құрбы бүгін тату,ертең бату,
Тілеулі,жақындығы –бәрі сату.
Көкірегінде қаяу жоқ,қианат жоқ,
Қажымас,қайта айнымас қайран тату. (Абай)
Тапсырма 2. Есімдерше тәуелденіп,септеледі,
Бірақ жіктелмейді,көптеледі,
Есім мағынасында қолданыла береді.
Мұны кім айтып,дәлелдеп береді?
Тапсырма 3. Жаю, тыю, түю,сүю деген сөздер қай сөз табына жатады?
Баламасын тап:Тұйық етістікті фразеологизмдердің антоним, синоним, омонимдік қатарларын табу.
Шаңын көрсетпеу Көз жіберу
Әліптің артын бағу Аузын қыздыру
Терісі тарылу Тілі шығу
Ала жібін аттамау Жұмырына жұқ болмау
Білімдерін бекіту:Берілген мақал-мәтелдерден тұйық етістіктерді табу марфологиялық талдау жасау.
Нені қайталадық? |
Нені білдім? |
Нені білгім келеді? |
|
|
|
Үйге тапсырма:Поэзиялық шығармалардан тұйық етістікті тауып,түрлену жолдарын атаңдар.
Бағалау.