Quantcast
Channel: Қазақ тілі әдебиет | и рус.кл - Қазақстан ұстаздарына арналған - Әдістемелік-ақпараттық сайт sabaqtar.kz
Viewing all articles
Browse latest Browse all 866

Шәкәрімнің «Еңлік – Кебек» поэмасы

$
0
0

Жанболатова Ынтагүл №1 Т.Әлиев атындағы орта мектеп

Сабақтың тақырыбы: Шәкәрімнің «Еңлік – Кебек» поэмасы

Сабақтың максаты: 1) Шәкәрім Құдайбердіұлының өмірі мен шығармашылығы бойынша алған білімдерін толықтыру, оның қазақ әдебиеті мен мәдениеті тарихында алатын орнын, маңызын таныту, «Еңлік – Кебек» поэмасына талдау жасау; 2) оқушыларды шығарманың эстетикалық, идеялық мәнін түсіне білуге дағдылану, өз ойын әдеби тілмен өрнектей білуге үйрету; 3) ақын мұрасына құрметпен қарауға, көркем әдебиетті, поэзияны сүйе білуге баулу.

Сабақтың әдісі: сұрақ – жауап, талдау, мәнерлеп оқу, пікірлесу.

Сабақтың түрі: қорытынды сабақ.

Сабақтың құрал-жабдығы: интерактивті тақтаға дайындалған көрнекіліктер мен сызба тапсырмалар.

Сабақтың барысы: Балалар, бүгінгі сабақта Шәкәрім Құдайбердіұлының «Еңлік – Кебек» поэмасын қорытындылаймыз. Ақын өміріне қатысты біршама деректермен, ақын шығармаларымен төменгі сыныптан таныспыз. Ендеше есімізге түсірелік.

Ақын өмірі, шығармашылығы туралы не білеміз?

( Балалардың жауабын тыңдаймын. Өзім толықтырамын.)

 

Бүгін біз ақын шығармаларының ішінен «Еңлік – Кебек»  поэмасына тоқталамыз.

 

«Еңлік – Кебек» поэмасының жариялануы

1890 жылы «Қазақ тұрмысынан хикая» «Дала уалаятынаң газеті»

1892 жылы «Қазақтардың естерінен кетпи жүрген бір сөз» «Дала уалаятынаң газетьі»

1912 жылы Семейде «Жәрдем» баспасы

 

  «Еңлік – Кебек»  поэмасын сұрақ – жауап арқылы мазмұндау.

(Шығарманың мазмұнымен балалар үйде танысып мазмұндауға дайындалып келеді)

Поэмада қай кезеңдегі тұрмыс – тіршілік суреттелген?

Балалар оқиғаны бірінен соң бірі жалғастырып, мазмұндар шығады.

( Балалардың жауабын толықтырып, түзеп отырамын)

Кейіпкерлер әлемі:

    (Кейіпкерлердің атын интерактивті тақтаға ұяшықтармен орналастырамын.)

 

Еңлік

Кебек

Кеңгірбай

Нысан абыз

 

 

 

 

Балалар өздері тыңдаған ұяшықтағы кейіпкерлерге мінездеме береді және дастаннан сол кейіпкерге қатысты өлен шумақтарын жатқа оқиды.

Мәселен, Кебектің аты жазылған ұяшықты таңдаса:

       Он бесінде Кебектің аты шықты,

       Атты, жаяу – бәріне бірдей мықты.

      Көзі өткір қара торы жігіт екен,

      Орта бойлы, тапалдау, кең иықты, - деген сияқты өлең жолдарын жатқа айтады.

    Кебек батырлығымен бірге ақылды. Уәдеге берік. Ол өздері қандай жаза күтіп тұрғанын сезсе де, қорқақтық танытпады, сүйгенін соңына дейін қорғай білді. 

     Еңлік. Жырда Еңлікті аса сұлу деп суреттемейді. Ол – бытыл қыз. Ол кезде әке-шеше ұйғарған, атастырған жеріне бармай, қалауымен жар іздеу бірінің қолынан келме бермейді.

 

Сематикалық карта:

 

Шығармадан үзінді

 

Еңлік

 

Кебек

 

Кеңгірбай

 

Барымта алмай бітімге көнсе елің,

Қанша мал алса аярым жоқ қой менің,

Қызды қайтар, әйтпесе бітпейміз деп,

Жатып алса табамыз қайтіп жөнін?

 

Бетіне тумай тұрып түскен әжім

Күңге де есіктегі қылды тәжім,

Кер кеткен кеселдіге душар болдым, Осыдан құтыларлық бар ма лажым?

 

Әнет бабаң емес пе менін атам,

Бірақ ондай қабыл ма менің батам?

Көшсем қоныс, отырсам көмегім жоқ, Көқрсетемі, қайтейін тыныш жатам.

 

 

 

 

Поэманы құрылысына қарай талдау:

                    ... Ту тіккен Тобықтының қос басшысы –

                    Жуантаяқ Тоқтамыс деген кісі.

                    Жамағайын жақыны сол кісінің

                    Бар екен Кебек деген бір інісі

 

Буын түрі: 11

Бунақ түрі: 3

Ұйқас түрі: қара өлең.

 

Венн диаграммасы:

                                        Кебек

                                        1 басы бос

      Ортақ                       2. сөзін бермей

1.байдың қызы                    біраз жүреді   

      2.махаббаты үшін              3. баласы жоқ

      курескен                                   4. Қалқаманның

3.ақылды, көрікті т,б                          туыстарымен

                                                           бірге тұрады

  Еңлік  

1.біреудің жесірі

2.өзі сөз салады

3.балалы болады

  1. тауға қашып

         кетеді

 

Көрініс: 7 мин. (Еңлік – Кебек пьессасынан көрініс)

Еңлік пен Кебектің жас нәрестелерімен тау мен тасты паналып жүрген кезі. Кеңгірбай өлім жазасына қиғаннан кейін артынан қуғыншы шығады. Үнтаспадан қобыз үні естіледі.

Автор: Құйрығы жоқ, жалы жоқ,

             Құлан қайтіп күн көрер?!

Аяғы жоқ, қолы жоқ,

Кәрің қайтіп күн көрер?!

Жарастық жоқ, жалған көп,

Жарым қалай күн көрер?!

 

Кебек: Аң болып қашып, тығылып көрер күні

Құрсын Жалғыз болсам бір сәрі еді-ау.

Қимасым-ай, Қанатым-ай!

Талды-ау, талдырды-ау сенген жұртым.

Қимасым-ай, Қанатым-ай!

Талды-ау, талдырды-ау сенген жұртым.

Еңлік:  Ей, азаматтар! Өлтірерде үш тілек айтылар еді ғой. Соңғы тілегімді айтуға рұқсат етіңдер.

Есмағамбет: Айт! Не тілегің бар?

Еңлік: Әуелі Кебекпен араздастыр. Екінші, өлтірген соң Кебек екеумізді бір жерге көміңдер. Үшінші, әкем ұрпақсыз еді. Мына шырылдаған сорлының не кінәсі бар? Соны әкеме тапсырыңдар.

Кебек: Есмағамбет, өлтірер болсаң қинамай өлтур. Осы кезде шырылдаған сәбидің даусы шығады. Қобыз даусы.

Автор: Барары жоқ, байлау жоқ,

 Ерім қайтіп күн көрер.

 Бәріңнің де нәрің жоқ,

                Елім қайтіп күн көрер.

 

Үйге тапсырма:

  Шығарма: «Шәкәрімнің шығармашылығы әлеуметтік өмір шындығы»

 


Viewing all articles
Browse latest Browse all 866

Trending Articles



<script src="https://jsc.adskeeper.com/r/s/rssing.com.1596347.js" async> </script>