Сабақтың тақырыбы: К.Оразалин. Абай шаңырағы.
Сабақтың мақсаты: Оқушыларға «Абай шаңырағы» әңгімесіндегі мәтінді оқыту арқылы қазақтың салт-дәстүрі мен әдет-ғұрыптарынан мәліметтер беру, қазақтың киіз үй жабдықтары туралы түсіндіру
Сабақтың міндеттері.1 Білімділік:Саналы, дұрыс түсініп оқуға машықтандыру.
Топтаса отырып, бірін-бірі оқытуға, мазмұнын әңгімелей білуге үйрету
- Дамытушылық: Оқушылардың ой-өрісін, сөйлеу тілін дамыту
- Тәрбиелік:Адамгершілікке, ұлттық салт- дәстүрді сақтай білуге тәрбиелеу.
Сабақтың түрі: Аралас сабақ.
Сабақтың әдісі: түсіндіру, жигсо әдісі
Сабақтың көрнекілігі: А. Құнанбаевтың портреті,интерактивті тақта,презентация слайдтар
Сабақтың барысы:
І. Ұйымдастыру кезеңі.
1.Оқушыларды түгелдеу, назарын сабаққа аудару.1 мин
2.Психологиялық дайындық «Ақ тілек, әсем күлкі» 1мин
-Көңіл-күйлеріңіз қалай?
-Керемет!(қолдарын көтереді)
-Сабаққа дайындықтарың қалай?
-Тамаша! (алақандарын шапалақтайды)
-Ынталарыңыз қалай?
-Ғажап! (қолдарын көтереді)
-Ендеше сабағымызды бастайық!
-О, о, о(бас бармағын көтереді)
-Міне, жүрегіміздегі осындай жылумен сабағымызды бастаймыз.
ІІІ Топқа бөліну 2мин
Топқа бөлу. Абай өлеңдерінен қиындылар жасап келіп, сол өлеңдер бойынша топқа бөлу .
І топ «Жазғытұрым» , ІІ топ «Күз» , ІІІ топ «Қыс»
Әр топ өз топ басшысы мен спикер сайлап алу және тобына қатысты Абай өлеңін хормен айту
«Алтын ережені» сақтауды еске салу
1.Ұйымшыл болу
2.Бір-бірімізді тыңдау
3.Бірлесіп жұмыс жасау
- Бір- бірімізді қолдау
5.Уақытты үнемдеу
ІІ. Үй тапсырмасын сұрау. 10 мин
Үйге берілген грузин ертегісі «Еңбекпен тапқан тиын» .
І топ- ертегіні рөлге бөліп сахналау , ІІ топ-ертегіні әрі қарай жалғастыру , ІІІ топ-мәтін бойынша сурет салу.
Гүл өсірсең терлеп, Кесте тіксең зерлеп,
Мұның аты – еңбек. Мұның аты – еңбек.
Сабағыңа жөндеп Қиындықтың бәрін
Әзірленсең-еңбек Еңбек қана жеңбек.
Біздің еліміз 25жыл ішінде еңбек пен білімнің арқасында мемлекетіміз ірі деңгейге жете алды.Сендер Отанымыздың болашағысындар.Сондықтан да адал еңбек ету,жақсы білім алу,адамгершілік қасиеттерге ие болу сендердің міндеттерің.
ІV Ойға шақыру БҮҮ кестесі 2 мин
Көрсең,
Алып тор жолды парақтай,
Жайсаң,
Қатарлап сызған жолақтай.
/Кереге/
Қабырғасы тор көз,
Төбесінде зор көз.
/Кереге; Шаңырақ/
Бір басы имек,
Бір басы үшкір сырық,
Қатар - қатар тұрып,
Күмбез сынды шеңберді,
Көкке тіктеп көтерді.
/Уық/
Ұқсайтын шеңберге,
Қабырғасы жиылып, керіледі.
Жиһазы мол кең бөлме,
Төбесінен жұлдыздар көрінеді.
(киіз үй)
Тіреусіз күмбез,
Сылақсыз қабырға.
(киіз үй)
Бір нәрсе өзі биік, іші қуыс,
Ол заттың сүйегі көп айқыш - ұйқыш.
Көзі бар жабырқаған төбесінде,
Жайса үлкен, жиналғанда бір - ақ уыс.
(киіз үй)
Шаңырақ сөзін естігенде қандай ой ассоциясы келетінін сұрау
Шаңырақ сөзіне бірнеше сын есім қосып айтайықшы
Балалар бүгін кімнің өлең қиындыларын оқып, топқа бөліндік? Демек бүгін біз Абай Құнанбаевтың шаңырағы жайлы танысамыз
V Жаңа сабақ 4 мин
1.Ендеше, балалар, Абай Құнанбаев туралы не білеміз? Абай кім?
Абай – ұлы ақын, ойшыл, жазушы, аудармашы, сазгер
Дүниеге келген жері: Семей облысы, Семей ауданы, Шыңғыс тауында 1845 жылы дүниеге келген.
Шығармалары: «Жаз», «Күз», «Қыс», «45 қара сөзі», «Сегіз аяқ», «Көзімнің қарасы» т. б.
- «Абай- дана, Абай- дара қазақта» бейнебаян
3.Әңгіменің авторы Кәмен Оразалин 1920 жылы 16 маусымда Семей облысы, Абай ауданы, Құндызды ауылын жайлы мағлұмат беру. Белгілі абайтанушы,майдангер жазушы, қазақ әдебиетінің қадірменді ақсақалы. Әскер қатарына алынып,Ұлы Отан соғысы майданында 365 атқыштар полкінде болған. Оқушылардан Ұлы отан соғысы қай жылы болғанын сұрау. Биыл қанша жылдығын тойлағалы отырмыз деген сияқты жан-жақты сұрақтар қойып отыру
4.-Абайдың үйін көзі тірі кезіндегі қалпынан өзгертпей ұстау міндеті ауылдағы ең ісмер , шебер, ақылды қолынан іс келетін келін – Күнжанға тапсырылды. Міне , бүгінгі сабақта осы туралы білетін боламыз. Әңгіме 3 бөлімнен тұрады
5.Сөздік жұмыс.
• Шымши – өрнектеп тоқылған ши.
• Ызу – тігістің түрі
• Алаша – қой жүнінен тоқылған төсеніш
• Сүйек төсек – сүйекпен өрнектеп жасалған төсек
VІ Кітаппен жұмыс 10мин
1.Әңгіме үш бөліктен тұрады үш топ үш бөлікті оқиды ЖИГСО әдісін қолданады
Постер таратылады. Оқушылар берілген әңгімені кезектесіп оқиды, талдайды.Әр спикер келесі топқа түсіндіреді.
2.Постермен жұмыс
Ітоп:визуалды айғақтар
ІІ топ:Абай Құнанбаев.
ІІІ топ:Абай шаңырағын.
3.Оқушылар өз постерлерін қорғайды.
VІІ Сергіту сәті 1-2мин
«Желсіз түнде жарық ай» әні Интерактивті тақтадан суретке қарап жаттығуын жасайды
VІІІ Дәптермен жұмыс 3 мин
- «Синквейн» әдісі (шығармашылық жұмыс)
І топ «Абай » ІІтоп «шаңырақ», ІІІ топ «жайлау»
Зат есім бір сөз
Сын есім екі сөз
Етістік үш сөз
Сөйлем төрт сөз
Балама сөз
2.Т- кестесі (ұжымдық жұмыс)
қызыл күрең сыр
ақ жүннен киіз
Қандай? ----- төсек
----- қонысы
------домбыра
------- кілем
------ көрпелер
------ үстел
- Балалар, «Абай шаңырағы» мәтіні үш бөлімнен тұрады. Әр бөлімді мұқият тыңдап, түсініп оқимыз. Әр бөлімнің кейіпкерлеріне мән беріңдер. Бөлімдерге қалай ат қояр едіңдер?
І бөлім Күнжанның еңбегі
Бұл бөлімде Күнжанның киіз үйдің уық, керегесінің кеткенін қайта жөндеткені және шебер әйелдерге шымшилерді тоқыттырып, бауларын, таңғыштарын бітіруді тапсырғаны айтылған. Жаңадан жасалатын бұйымдар да Абайдың ұнататын өрнек – бауларымен көркемделген.
ІІ бөлім Қонақтардың Абай ауылына келуі
Бұл бөлімде Әуез, Кәрім, Кәкітай, Мекайіл, Закен секілді кейіпкерлер бар. Кәкітайдың Абай шаңырағын көріп таңғалып, разы болған сәттері осы бөлімде анық айтылған.
ІІІ бөлім Қонақтардың ризашылығы
Үшінші бөлімде Әуез бен Кәрімнің үй ішіндегі сәттері бейнеленген. Әуездің киіз үйдегі Абайдың қаттап жиналған сүйек төсек, кітап шкабы мен үш ішекті домбырасын көріп көңілі босап кеткен сәті бейнеленген. Әуез Абайдың «Нағашы, төрлетіңіз!» деген қоңыр даусын естігендей болып қатты толқиды. «Абай шаңырағы» бұл мәтінде Абайды қайта тірілткендей.
ІХ Қорыту. Үш қадамнан тұратын сұхбат 5 мин
І топ - сұхбат алушы, ІІ топ-жауап беруші, ІІІ топ - жинақтаушы
1.Абайдың үйін әдемі етіп ұстаған кім?
2.Киіз үйді көрген қарт қандай күйде болды?
3.Киіз үйге Кәрім мен Кәкітай қандай баға берді?
- Күнжанның еңбегіне сен қандай баға берер едің?
Х Үйге тапсырма 1мин
1.170-172бет оқу, мазмұнын айту.
2.Абай шаңырағының суретін салып келу
3.Шаңырақ, отбасы туралы мақал –мәтелдер
ХІ Бағалау 2 мин
( Топ жетекшісі өз тобындағы оқушыларды бағалау- формативті бағалау)
ХІІ Рефлексия 2 мин
Бүгін не үйрендік? Оқушылар стикерді жапсырады.
Смайлик арқылы
Көңілді смайлик- мен бүгін көп үйрендім.
Жай смайлик – жартылай түсіндім
Көңілсіз смайлик - менде әлі сұрақтар бар