Quantcast
Channel: Қазақ тілі әдебиет | и рус.кл - Қазақстан ұстаздарына арналған - Әдістемелік-ақпараттық сайт sabaqtar.kz
Viewing all articles
Browse latest Browse all 866

Етістіктен өткенді қайталау.

$
0
0

Қазақ тілінен ашық сабақ

Пәні:қазақ тілі

Пән мұғалімі. Мұқаш Б.

Сыныбы:6

Сабақтың тақырыбы: Етістіктен өткенді қайталау.
Сабақтың мақсаты:
1.Етістіктен алған білімдерін пысықтау, тақырып бойынша алған теориялық білімдерін практикамен ұштастыру.
2.Оқушыларды шығармашылыққа баулу, ойлау қабілеттерін жетілдіру.
3. Тапқырлыққа, ұйымшылдыққа, адамгершілікке тәрбиелеу.
Сабақтың түрі: қайталау
Сабақтың әдіс - тәсілдері: сұрақ - жауап, талдау
Сабақтың көрнекілігі: интербелсенді тақта, суреттер

Пәнаралық  байланыс:әдебиет, бейнелеу  өнері, ағылшын тілі

Сабақтың барысы: І Ұйымдастыру кезеңі.
Оқушылармен амандасу. Сыныптағы оқушыларды түгендеу.

Оқушылар шеңбер жасап, бір-біріне жылы  лебіздер  айтады.
Оқушылар түрлі түсті стикерлер арқылы 3топқа  бөлінеді.

ІІ.Үй тапсырмасын  тексеру
І. « Миға  шабуыл» 1 – тапсырма.
Әр топқа интербелсенді тақтадан сұрақтар беріледі.
Сұрақтар:

1-топқа

1.Етістік дегеніміз не?  Қандай  сұрақтарға  жауап  береді?

       2.Есімше  дегеніміз не?  Жұрнақтарын  атаңдар.

      3.Етістік  тұлғасына қарай неше түрге бөлінеді?

2-топқа

1.Етістік дегеніміз не?  Қандай  сұрақтарға  жауап  береді?

       2.Есімше  дегеніміз не?  Жұрнақтарын  атаңдар.

      3.Етістік  тұлғасына қарай неше түрге бөлінеді?

3-топқа

    1.Етістік  құрамына  қарай  нешеге  бөлінеді?

    2.Сабақты  және  салт  етістік   дегеніміз  не?

    3.Тұйық  етістік  дегеніміз не?

      Жұрнағын  ата.

 

ІІІ.Оқушы  білімін тексеру
2 – тапсырма. «Түртіп алу» стратегиясы.
а) Мақал – мәтелдер оқығанда етістіктерді тауып етістіктерді жазып отырып, етістіктің түрлеріне ажыратып, талдау жасайды.

1.Батыр  мың  қол  бастайды,

     Шешен  тар  жерде  сөз  бастайды.

   2.Ел  шарасыз  болмас,

      Ер  жарасыз  болмас.

1.Ер  жаңылып  қолға  түсер,

   Құс  жаңылып  торға  түсер.

2.Атаның  баласы  болма,

   Адамның  баласы  бол.

1.Адам  құлақтан  азады,

   Көңілден  семіреді.

2.Білекті  бірді  жығар,

   Білімді  мыңды  жығар.

Ә) Жұмбақтардың  шешуін тап, етістікті  түрлеріне қарай ажырат.3тілде жауабын айт.

 

Кіруге  адам  батпайды,

Затыңды  аман  сақтайды.

                                         (сандық,сундук,  chest)

Судан  шығады,

Судан  қорқады.

                               ( тұз, соль,  salt)

Ерте  тұрдым,

Алып  ұрдым.

                           (есік,дверь,door)

 Күндіз  бәрі  қашады,

Түнде  аспанды  басады.

                       (жұлдыз,  звезда, star)

3– тапсырма. Шығармашылық жұмыс.
Үш топқа сюжетті суреттер беріледі. Әр топ сурет бойынша күрделі етістіктерді қатыстырып әңгіме құрайды. Әңгімеден етістіктерді тауып, түрлеріне талдау жасайды.
4 – тапсырма. «Жоғалған сөз, шешімін тап»
Оқушыларға поэзиялық шығармалардан үзінді етістіктері түсіріліп оқылады. Сол етістіктерді айтып, өлеңнің тақырыбын авторын тауып, етістіктің түрлеріне талдау.

Жасымда  ғылым  бар  ескермедім,

Пайдасын  көре  тұра  тексермедім.

Ер  жеткен  соң  түспеді  уысыма,

Қолымды  мезгілінен  кеш  сермедім.

                                                     Абай

Ана  тілім  ғажап  деп  айта  аламын,

Жаннатай  жан  балқыта  жай  табарым.

Шырқатып  ғұмыр  бойы  айтар  әнім,

Келеді   толас  таппай  қайталағым.

                                                 Мұзафар.Әлімбаев

Мен-қазақ, қазақпын  деп  мақтанамын,

Ұранға  “Алаш”  деген  атты  аламын.

Сүйгенім-қазақ  өмірі,  өзім-қазақ,

Мен  неге  қазақтықтан  сақтанамын.

                           Сұлтанмахмұт  Торайғыров

ІҮ.Сабақты бекіту:
5 – тапсырма. Үш топқа тест тапсырмалары таратылады.
Интербелсенді  тақтадан дұрыс жауаптары беріледі. Үш топ бір - бірінің жауаптарын тексеріп бағалайды.
Ү.Оқушыларды бағалау.Оқушылар бағалау парағы бойынша өздерін бағалайды.
ҮІ.Үйге тапсырма.
    Етістіктері бар  жаңылтпаштар,  жұмбақтар жазу.

 

 


Viewing all articles
Browse latest Browse all 866

Trending Articles



<script src="https://jsc.adskeeper.com/r/s/rssing.com.1596347.js" async> </script>