Quantcast
Channel: Қазақ тілі әдебиет | и рус.кл - Қазақстан ұстаздарына арналған - Әдістемелік-ақпараттық сайт sabaqtar.kz
Viewing all articles
Browse latest Browse all 866

Мәриям Хакімжанова «Бала Мәншүк»

$
0
0

Әдебиеттік оқу 4 – сынып

 

Сабақтың тақырыбы

Мәриям Хакімжанова «Бала Мәншүк»  

Сабақтың мақсаты

Мәншүк Мәметованың өмірі, ерлігі туралы оқушылардың түсініктерін тереңдету,  ерлік, батылдылық  сезімдерін қалыптастыру.

Сілтеме

4 сынып ана тілі оқулығы

Оқыту нәтижелері

Мәншүк Мәметова туралы  білімдері артады. Тапсырмалар бойынша мәтінмен жұмыс жасайды.  Есте сақтау қабілеті артады. Өзін  өзі реттей алады. Шығармашылыққа ұмтылады. Топта бірлескен ұжымдық жұмыс қалыптасады. Ұжымдық және жеке даралық қасиеттері артады.

Түйінді идея

7 модульді ықпалдастыра отырып, Мәншүктің балалықшағы туралы білімдерін қалыптастырып, өзіндік пікірін жеткізе білуге жетелеу.  

Сабақтың түрі

Сыни ойлау сабағы

Модульдер

Оқыту мен оқытудағы жаңа тәсілдер, сыни тұрғыдан ойлауға үйрету,  оқыту мен оқуда ақпараттық коммуникативті технологияны қолдану, талантты және дарынды балаларды оқыту, оқытудағы басқару және қөшбасшылық, оқыту үшін және оқытуды бағалау.

Әдіс тәсілдер

 «Өрмекшінің торы» әдісі, «Топтық  жұмыс»  әдісі, «Миға шабуыл» стратегиясы, «Төмен деңгейлі , жоғары деңгейлі сұрақтар» әдісі, «ББҮ»кестесі,  ДЖИГСО әдісі,  «Синквейн» әдісі, «Ассоциация құру» әдісі, смайликтер, эссе.

Ресурстар

Жіп бумасы, 3 түрлі геометриялық фигуралар, қима қағаз, ББҮ кестесі, слайдтар, бағалау парағы, смайликтер

Сабақ кезеңдері

Әдіс – тәсілдер

Мұғалімнің іс - әрекеті

Оқушылардың іс – әрекеті

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Қызығушылықты ояту

«Өрмекшінің торы» ойыны арқылы бір – бірлеріне сәттілік тілеу

Оқушыларды шеңбер бойына жинап алады да жіп бумасын беру арқылы тілек айтқызады, жақсы көңіл – күй сыйлайды.

Оқушылар шеңбер бойына тұрып бір – бірлеріне жіп бумасын лақтыру арқылы тілек айтады.

Топқа бөлу.

3 түрлі геометриялық фигураларды тарату арқылы сыныпты 3 топқа бөледі.

3 түрлі геометриялық фигураларды алып, 3 топқа өз орындарын тауып отырады.

«Миға шабуыл» әдісі

Үй тапсырмасын сұрау мақсатында   «Миға шабуыл» әдісі арқылы әр топтың алдарына сұрақтары бар карточка беріледі. 

 Карточка  сұрақтары :1 топқа:   Әңгіме неліктен «Шығыс шынары» деп аталған ?

2 топқа:  Әлия бала кезінде қандай болған?

3 топқа: Әлия қай сабақтан төрт болған? Неліктен? Осы сұрақтар бойынша топтардың жауапталы тыңдалады.

 

Оқушылар берілген сұрақтарға топта ақылдаса отырып жауап іздейді,  спикер жауап береді.

 

 

Мағынаны тану

 

 

 

 

 

Төмен деңгейлі, жоғары деңгейлі сұрақтар

Мұғалім оқушыларға төмен және жоғары деңгейлі сұрақтар қояды.

Төмен деңгейлі сұрақтар:

1.ҰОС қашан басталды?

2. Соғыс қашан аяқталды?

3. Биыл Жеңіске неше жыл толады?

Жоғары деңгейлі сұрақтар:

1.Әлиядан басқа Отан соғысында ерлік көрсеткен тағы қандай қазақ батырларын білесіңдер?

2. Әлиямен аты қатар айтылып жүрген қазақтың батыр қызы кім? Сонымен  сабақта біз не туралы айтамыз деп ойлайсыздар?

Осы сұрақтарға топтардың  түйінді жауаптары  тыңдалады.

Әр топ өз жауаптарын айтады.

ББҮ кестесі

Оқушылардың  Мәншүк туралы қаншалықты білетіндерін, не білгілері келетіндерін білу үшін ББҮ кестесін береді.

 

Білемін

Білгім келеді

Үйрендім

 

 

 

 

Әр топтан ББҮ кестесін сұрайды, соған сәйкес автор мен Мәншүк туралы қысқаша мағлұмат береді.

 

Әр топ ББҮ кестесін бірігіп, ойларымен бөлісе отырып толтырады, оқып береді.

Мәншүк туралы мағлұмат алады.

 

 

 

 

 

ДЖИГСО әдісі

«Бала Мәншүк» мәтінін үш бөлікке бөліп топтарға  таратады.

Топта мәтін бөліктерін оқиды, талдайды, әр топтан бір – бір спикер топқа барып түсіндіреді.

 

 

Ой толғаныс

«Синквейн» әдісі

Әр топқа Мәншүк туралы бес жолды өлең құрастыру ұсынылады.

Топтар Мәншүкке арнап бес жолды өлең құрастырады, оқып береді

Ассоциация құру

Топтарға «Мәншүк қандай?» тақырыбында ассоциация құру ұсынылады.

Топта мәтінде айтылған сипаттамалар арқылы ой бөлісе отырып ассоциация құрады, қорғайды.

Бағалау

Өзін – өзі бағалау. Топтардың бірін – бірі ауызша бағалау. Жиынтық бағалау

Өзін – өзі бағалау критерийлері жазылған бағалау парақтары таратылады.

Топтар бір – бірлеріне қолдау көрсетіп қол шапалақтап бағалайды. Өзін – өзі бағалау критерийлері жазылған бағалау парақтарына өз бағаларын қояды.

Кері байланыс

Смайликтер

 Топтар алдарына смайликтер тарату

Оқушылар сабақ соңында сабақ бойынша сабақтың ұнағаны, ұнамағанын, өз көңіл – күйлеріне сәйкес  смайликтерді таңдап алып, қолдарын көтеріп көрсетеді.

Үйге тапсырма

Эссе

«Мен соғысты жек көрем» тақырыбында эссе жазуға ұсынылады.

«Мен соғысты жек көрем» тақырыбында эссе жазып келеді.

 

 


Viewing all articles
Browse latest Browse all 866

Trending Articles



<script src="https://jsc.adskeeper.com/r/s/rssing.com.1596347.js" async> </script>