Дарынды оқушы-ұлт болашағы.
Дарынды балаларды айқындау және дамытудағы ғылыми-әдістемелік қызметті ұйымдастыру жолдары.
Бұлақ көрсең, көзін аш...
Әрбір мемлекеттің болашағы мектебінде шыңдалады.”Адам ұрпағымен мың жасайды” демекші, болашағы бар ел ғана тарих бетінде ұлт болып жазылмақ! Сонау ХІХ ғасырда ағартушылық-демократтық бағыттың негізін салған Шоқан,Ыбырай,Абайлардың, ұлттың ұстазы болған Ахметтің,жалыны мен жігері жанған Міржақып пен Мағжандардың ұлы мұратын жүзеге асыруға атсалысып жүрген СІЗДЕРГЕ, құрметті әріптестер, дарынды баланы ашуда, тәрбиелеуде Сәттілік тілейміз!
“Қашан бала ғылым-білімді махаббатпен көксерлік болса, сонда ғана оның аты Адам болады.” Абай.
- “”... Бізге керегі шын дарындар. Нарық қол-аяғымызды қалай қыспасын, мемлекет өзінің талантты ұлдары мен қыздарын,нағыз әдебиет пен өнерін жасайтын тарланбоз жүйріктерін қолдауға, қорғауға міндетті.” Н.Ә.Назарбаев.
- “Көп білген кісі кемеңгер кісі емес,білгені елге пайда келтірген кісі-кемеңгер.” Эсхил.
- “Неге біз алға үнемі ұмтыламыз? Өйткені өмірдің мәні-жаңалық ашу ғой...” Л.Н.Толстой
Дарындылыққа байланысты көкейкесті сан қилы сұрақтар:
- Дарындылық, данышпандық, қабілеттілік дегеніміз не?
- Дарындылықтың пайда болу негізінде қандай себеп жатыр: тұқымқуалаушылық па, әлде тәрбие ме?
- Оқушы дарындылығын, оның әлеуетті қабілетін қалай анықтауға болады?
- Дарындылықты анықтайтын психодиагностикалық әдістемелердің қайсысы нәтижелірек?
- Неліктен кейбір адамдардың (Паскаль, Моцарт, Гете,Гаус, Архимед т.б.) қабілеті ерте жасында байқалады, ал тағы басқа біреулердікі ( Ньютон, Гегель, Дарвин, Менделеев, Декарт т.б.) ересек жаста пайда болады?
ТОЛЫҚ ЖҮКТЕУ