Quantcast
Channel: Қазақ тілі әдебиет | и рус.кл - Қазақстан ұстаздарына арналған - Әдістемелік-ақпараттық сайт sabaqtar.kz
Viewing all articles
Browse latest Browse all 866

Баяндауыш

$
0
0

Сабақтың тақырыбы: Баяндауыш

Сабақтың мақсаты: Білімділік: Баяндауыш, оның сөйлемде атқаратын қызметі туралы түсінік беру және бастауыш пен баяндауыштың байланысын меңгерту.

Дамытушылық: Ауызша және жазбаша тілдерін дамыту, сөздік қорын арттыру.Топпен шығармашылық жұмыс істеуге баулу.

Тәрбиелік: Оқушыларды, ұқыптылыққа, тиянақтылыққа тәрбиелеу.

Сабақтың әдіс-тәсілі: Ой қозғау,СТО т.б

Сабақтың көрнекілігі: Сайыстың шарттары, сөзжұмбақ, суреттер, үлестірме қағаз.

Сабақтың түрі: Жарыс сабақ.

Сабақтың жүру барысы:

I Ұйымдастыру бөлімі

-Балалар, сендер қазақтың ұлттық ойындарын білесіңдер ме?

  1. «Бәйге» жарысы
  2. «Теңге ілу» ойыны
  3. «Аударыспақ» ойыны.
  4. «Көкпар» ойыны
  5. «Жорға» ойыны
  6. «Қыз қуу» ойыны

     Сыныпты үш топқа бөлеміз.

1-топ: «Боз ат»

Топтың аты «Боз ат» бұл,

Келдік біздер жарысқа.

Сөз табының срларын,

Баяндаймыз сайыста.

2-топ: «Шұбар ат»

«Шұбар ааты» тобымыз

Көп нәрседен хабармыз.

Біз Құлагер тобымен,

Сайысуға даярмыз.

3-топ: «Құлагер ат »

Топтың аты «Құлагер»

Қазақ тілін мақтаймыз.

Ереженің барлығын,

Есімізде сақтаймыз.

II.Үй тапсырмасын сұрау.

  1. Бәйге жарысы (ұпай) Жеке жұмыс.

159-жаттығу.Сурет бойынша сөйлем құрау.

  1. Теңге алу ойыны. Парақшамен жұмыс.

1-парақша: Сөйлемнің қандай түрлерін білесің?

2-парақша: Сөйлем мүшесі деген не?

3-парақша: Бастауыш туралы айт.

  Осы парақшалар арқылы үй тапсырмасын бекіту.

III. Жаңа сабақ.

  1. Аударыспақ ойыны. (ұпай) Осы ойында сөзжұмбақ арқылы жаңа тақырыпты шешу.

Бүгінгі өтетін тақырыбымыз «Баяндауыш» .

-Оқушылар ешкі қандай жануар?

-Үй жануары

-Үй жануарларына тағы қандай жануар жатады?
-Түйе, сиыр, қой, жылқы.

Үш топтан бір оқушыдан шығарып, асхналық көрініс көрсетіп, сөйлем құрату. Үй жануарлары қалай дыбыстайтынын оқушылар көрсету. Мысалдарды талдай отырып, ереже шығару.

Бастауыштың іс-әрекетін, қимылын білдіретін сөздерді баяндауыш дейміз. Баяндауышқа не істеді? Не қылды? Қайтты? Сұрақтары қойылады.

  1. IV. Оқулықпен жұмыс.
  2. Көкпар ойыны. Дәптермен жұмыс. 160-жаттығу. Өлеңді көшіріп жазу, мәнерлеп оқу.

Маусымдар

Қыс құнар береді,

Көктем дән себеді.

Жаз баптап өсірсе,

Күз жинап-тереді.

1-топқа мәнерлеп оқыту.

2-топқа қарамен жазылған сөздерге сұрақтар қойдыру.

3-топқа сөйлемнің ішінен бастауышты табу.

  1. Сергіту сәті.

Әр топ мақал-мәтел айтып жарысады.

  1. VI. Оқулықпен жұмыс.
  2. Жорға жарысы

161-жаттығу. Сөйлемдегі бастауыштың астын бір, баяндауыштың астын екі сыз.

1-топ: От жанады. Құстар ұшады.

2-топ: Тігінші тігеді. Бұзау сүзеді.

3-топ: Оқушы оқиды. Марат көмектеседі.

VII. Шығармашылық жұмыс. Орны ауысқан сөздерден сөйлем құрап жаз.

1-Жақсы, уәде, оқуға, берді Әбу.

2- Иса, әзірледі, сыйлық, анасына.

3- Оюды, Әсия, үйренді, ою, әіжесінен.

VIII. Оқулықпен жұмыс.

  1. Қыз қуу ойыны.

162-жаттығу. Өлеңді мәнерлеп оқу.

Үй тапсырмасы 163- жаттығу

Қорыту.

 


Viewing all articles
Browse latest Browse all 866

Trending Articles



<script src="https://jsc.adskeeper.com/r/s/rssing.com.1596347.js" async> </script>