Қызылорда облысы.Шиелі ауданы.
Бидайкөл ауылы№148 қазақ орта
мектебі.Қазақ тілі мен әдебиет
пән мұғалімі Көбегенова Ләззат
-Кезектес салалас құрмалас сөйлем/ашық сабақ/
-Қажымұқанның құпиялары/ашық сабақ/
-Дін –қастерлесең қасиетің,
Қастерлей алмасаң қасіретің./тәрбие сағаты/
Сабақ тақырыбы:Кезектес салалас құрмалас сөйлем
Сабақтың мақсаты: Білімділік: Кезектес салалас құрмалас сөйлем туралы мысалдармен
жан-жақты түсіндіру.Жалғаулық шылаулардың болу-болмауын
мысалдар арқылы ұғындыру.
Дамытушылық: Кезектес салалас құрмалас сөйлемнің жасалуын талдау арқылы оқушының өзіндік ізденушілік қабілетін қалыптастырып,жаттығу жұмыстары,кеспе сұрақтары арқылы білім-біліктілігін дамыту.
Тәрбиелік: Оқушыларды еңбексүйгіштікке,адамгершілікке,сауаттылыққа,ауызбіршілікке тәрбиелеу.
Сабақ түрі: Аралас сабақ
Сабақ типі: Жаңа білім беру сабағы
Сабақтың технологиясы:Дамыта оқыту
Сабақ әдісі:Түсіндіру,сұрақ-жауап,талдау,ойқозғау
Сабақ көрнекілігі: кесте,семантикалық карта, кеспе сұрақтар,оқулық
Пәнаралық байланыс:Әдебиет,тарих
Сабақ барысы: І.Ұйымдастыру кезеңі
1) Оқушылармен амандасу
2) Сынып тазалығын тексеру
3)Оқушыларды түгендеу
4)Оқушы назарын сабаққа аудару
ІІ.Үй тапсырмасын сұрау
Семантикалық картамен бала білімін тексеру(теория бойынша)
164-жаттығу.Күйлердің шығу тарихы туралы аңыз.Қорқыт «Башпай» күйі
ІІІ. Жаңа сабақ
Кезектес салалас құрмалас сөйлем
Кезектес салаластың құрамындағы жай сөйлемдер бір-бірімен кейде,бірде,біресе деген кезектес мәнді шылаулардың қайталанып қолданылуы арқылы құрмаласады.Мысалы: Бақтығұл он жасар інісі Тектіңұлды біресе қолынан жетектеді,біресе жас баладай арқалап алды.Құс қанатын жазып бірде көкке самғады,бірде төменге құлдилады.
Кезектес салалас құрмалас сөйлем –құрамындағы жай сөйлемдер білдіретін ойдың,істің,оқиғаның кезектесіп келуін көрсететін салаластың түрі.
1.Ойқозғау «Сөйлемді орналастыр»
ІV.Бекіту сұрақтары:
1.Құрмалас сөйлем дегеніміз не ?
- Құрмалас сөйлемнің құрылысы
3.Жай сөйлемнің түрлерінен құрмалас сөйлем жасауға бола ма ?
V.Оқулықпен жұмыс .
167-жаттығу
Мәтін мазмұнын байланыстыра отырып,кезектес салалас құрмалас сөйлемдер құрап,көшіріп жазу.
168-жаттығу (ауызша)
Мәтіндегі біресе,кейде бірде жалғаулық шылауларының кезектес салалас құрамындағы жай сөйлемдерді немесе бірыңғай мүшелерді байланыстырып тұрғанын анықтаңдар.
VІ.Сабақты қорытындылау.
«Көршіңмен татусың ба ?» ойыны
1.Кеспе сұрақтар арқылы оқушының жаңа сабақты қалай меңгергенін тексеру.
2.Кесте арқылы өтілген салалас құрмалас сөйлемнің түрлеріне тоқталу.
VІІ.Үйге тапсырма беру
- Кезектес салалас құрмалас сөйлемді,жалпы салалас құрмалас сөйлемнің түрлерін оқу.
- 166-жаттығу
VІІІ.Бағалау