Көбегенова Ләззат Қызылорда облысы
Шиелі ауданы№148 қазақ орта мектебі
Тақырыбы:Қажымұқанның құпиялары
Мақсаты:білімділік – тарихи тұлға,халықтың сүйікті ұлы болған палуан атамыз Қажымұқан Мұңайтпасұлының өмірінің оқушыларға беймәлім тұстарын зерделеп,мағлұмат беру;
тәрбиелік –халқымыздың біртуар ұлдарының нар тұлғасын келешек ұрпаққа үлгі ете отырып, оларды отансүйгіштікке,намысты болуға,ұлтжандылыққа тәрбиелеу;
Көрнекілігі: Қажымұқан Мұңайтпасұлыныңәр кезеңдегі зиялы қауым өкілдерімен түскен суреттері,БАҚ материалдары, «Айқын» газеті, «Егеменді Қазақстан» газеті,слайдтар.
Сабақтың түрі:пікіралмасу сабағы
Әдісі: зерттек-талдау,Венн диаграммасы,ассоциация әдісі,тірек сызбалар
Сабақ барысы:
Жоспары:
І.Кіріспе
ІІ.Оқушылардың зерттеу барысындағы жинаған дереккөздер бойынша пікірлері
ІІІ. Қажымұқан Мұңайтпасұлына арналған өлең шумақтары мәнерлеп оқылады
ІV.Көрмемен таныстыру
Қорытындылау.
Мұғалімнің кіріспе сөзі:
-Құрметті оқушылар,қонақтар! Біз бүгінгі сабағымызды Қажымұқан Мұңайтпасұлының өмірі мен отбасы жайлы зерттеп,зерделенген тың мәліметтерден ақпарат бере отырып,ой өрбітеміз.
Сладй №1 оқушы : «Сүйек жаңғырту»
Бір заманда Ернақ пен Лук есімді екі батыр дос болыпты.Екеуі: «Біздің достығымызды қара жер ғана айырсын»,- деп серттескен екен.Күнлердің күнінде Ернақ батыр дүниеден өтіпті. Көңіл айта келген Лук өздерінің бір кездегі серті жайлы айтады: «Міне,бізді қара жер айырды.Енді сол достығымызды құдалықпен алмастырып,сүйек жаңғыртайық»,- депті.
Шежіре: Ернақ батыр Лук батыр
↓ ↓
Ұлы Мұңайтпас Ұлы Қали
↓
1.Асан,Үсен ← Қызы Кәбира
2.Мұқан
2-оқушы : «Адам ұрпағымен мың жасайды»
Сөйтіп,келер айдың басында Ернақтың ұлы Мұңайтпас Луктың немересі Кәбираны келін етіп,шаңырағына түсіреді.4 жылдан соң егіз ұл табады.Бірақ сол кездегі медицинаның қауқарсыздығынан екеу бірдей қорасаннан көз жұмады. 3 жасқа келіп қалған екі бірдей немересінен айырылу Айсары әжеге ауыр соққы болды.Қайғыдан бүк түсіп жатып қалады.Бірақ Алланың ісіне шүбә келтіру пенденің қолында емес екенін ұғып,өзін-өзі қолға алады. Арада 2 жыл өтеді.
3-оқушы: «Жоғалған әже...» «Дәрілік қоба жотасы»
Күнде таңертең Кәбира мен Мұңайтпса малдарын жайлап келгенде ,бес уақыт намазын қаза қылмай оқып отыратын Айсары әже үйде болмай шығады.Күтеді.Келмеген соң көршілерді құлақтандырады.Кешке дейін Есілдің суын сүзгендей көпшілік Айсары әжені іздейді.Төртінші күн дегенде көрші ауылдағы малшы жігіт атына мінгізіп алыр келеді.Әженің қолында бір уыс шөп болады.
4-оқушы : «Қайғы мен қуаныш»
Айсары әже жақсы көрген келінінен айырылып қалады.Босанған соң ащы уызын екі-ақ күн емізіп,көз алдынды дүниеден өтті.Келінінің көз жанары әженің жүрегінде қалып қойды.Анасының уызын екі-ақ күн емген немересі күшті,мығым болсын деген ниетпен атын Мұқан қойды.Үш кісіні асырап отырған сиырдың сүті бір Мұқанға жетпеді.Әже төркініннен тағы бір сиыр сұратты.Мұқан дені сау,мықты болып өсті.
5-оқушы : «Жетімді жылатқан жеті тозақтың отына күйеді»
Мұқанды әжесі молдаға оқуға береді.Ойы өзіндей балалармен діни сауатты болсын дегені еді.Біра Мұқанныі тілін сындыра алмаған молда шыр-пыры шығып,тұзды судағы шыбықпен арқасын жосадай етіп сабайды.Мұқан жыламайды.Біраз күн өткен соң тағы да молда оқытатын қараш үйдің босағасына келіп тұрады. Бір кезде молда келеді.Молданың желкесінен таяқпен ұрып,етпеттей құлатады.Өзі қашып кетеді.Шағым айта келген молдаға әжесі: «Неге ұрасың? Жетімді жылатқан жеті тозақтың отына күйетінін білесің бе?!»,-деп кемсеңдеп жылайды.
6-оқушы: «Өгіз арқалаған бала»
Өзімен қатар балалардан денесі едәуір үлкен болғандықтан Мұқан көбіне қозы-лақ бағып,далада жүреді.Қасында ауылдың тайынша торпағын бағатын балаң жігіт бар еді.Бір күні бір өгіз жардан құлап мертігеді.Жігіт бауыздап үлгереді.Енді оны ауылға егесіне жеткізу керек еді.Осы тығырықтан 14 жасар Мұқан құтқарады.Өгізді арқалап келе жатқан баланы көрген ауылдастары аң-таң болып қарасады.
Слайд № 7 оқушы : «Жаяу сүйреген шана»
Мұқанның ата-бабасы бай болмаған. Ол 17-18-ше келгенде орыс саудагері Масликовқа жалданады.Бір күні қыстың аязында малдың шөбі таусылып қалады.Шөпке шанамен барған Мұқанның аты өліп қалады.Шөптің үстіне атты салып,шананы өзі жаяу сүйреп келеді.Масликов атының өлгенін Мұқаннан көреді.Абақтыға жатқызам дегенде,қасындағы жалшы жұмысшылар ақша жинап беріп Мұқанды құтқарып қалады.
Слайд №8 оқушы : «Ұлы Петрдің қаласында»
Масликовтың қасапшысы Мұқанға «Жазда Петербургтан ойын көрсететін палуандар келеді»,- деді.Жазда Мұқанға ақша жинап беріп оқуға жібереді.Өз естелігінде палуан атамыз осындай жалшы-жұмысшылардың
Өзіне деген сенімін ақтау үшін күн-түн дайындалғанын айтады.
9-оқушы : «Тіл-көз...нәрестеге түкіру»
Тіл-көз тиген нәрестеге түкіру – ежелден келе жатқан халықтың наным-сенімі.Атамыз өзіне нәрестесін алып келе жатқан ана мен баланы сезіп отырады екен.Бірде көпшіліктің ортасында отырып күледі.Неге күлдіңіз ?-дегендерге : «Маған баласыналып бір кемпір мен келіні келе жатыр.Осы жұрт мені бақсы немесе балгер дей ме екен?!»,-деп отырады.Сәлден кейін бір кемпір мен қолына бала ұстаған келіншек кіріп келеді.Оған палуан түкіреді де,шапанының жеіңнен нәрестені өткізіп береді.
10-оқушы : «Қажымұқанға жасалған қастандық»
Тәжікстанның Сталинабад қаласында кезекті өнер көрсетуде Қажымұқанға қастандық жасалады.Үстіне қойған тақтайдың тіреуіштері қойылмаған болып шығады.Үстінен 20 адамды мінгізген жүк қоймасы өте шыққанда,палуан орнынан әзер тұрады.Оны зембілге салып ауруханаға алып кетеді.Ол жергілікті НКВД адамдарының ісі болып шығады. Қажымұқанды жапон тыңшысы деп көзін жойып,біреулерге жағынғылары келген болса керек.Алайда,арам ойлары іске аспай қалады.Тілеулес халық оны үйлеріне кезек жасырып,Қазақстанға жібереді.НКВД жансыздарына : «Амудария арқылы өз қолымызбен Ауғанстанға шығарып салдық»,-деп палуанның аман жүруіне тілеулестікпен жалған айтады.
11-оқушы : «Қажымұқанның соғыс кезінде өнер көрсетіп,ұшақ сыйлауы...»
« Тек екі кісіге қызығуға болады.Біреуі-Алла оған дәулет беріп,соны хақ жолында жұмсаған кісі,екіншісі-Алла оған білім берген және сол білімін басқаларға үйреткен кісі» (Әл-Бұхари,Муслим сүресі)
«Менің сарқылмайтын қазынам-халық»,-деп атамыз 70 жасында Оңтүстік Қазақстан өңірінде өнер көрсетіп,100 000 сомды: «Соғыстағы жауынгерлерге мінгізген тұлпарым болсын»,- деп ұшақ жасауға апарып банкке өткізген.
ІІІ. Қажымұқан Мұңайтпасұлына арналған өлең шумақтары мәнерлеп оқылады.
1.Сәкен Сейфуллиннің «Қажымұқан» өлеңі
2.М.Шаханов «Күш атасы-Қажымұқан» өлеңі
3.Бақыткерей Ысқақ «Күш атасы-Қажымұқан» өлеңі
ІV.Көрмемен таныстыру
- Күш атасы-Қажымұқанның әр кезеңдердегі бейнелері
2.Палуанның отбасы жайлы деректер
- Қажымұқан Мұңайтпасұлының өмірін зерттеп,зерделеп жазылған шығармалар
4.БАҚ материалдары
5.Әлемнің 24 елін аралап,48 медаль алғанда бірге жүрген достары жайлы мағлұматтар
Қорытынды
«Менің өмірімді жазғанда,апам Айсарыны қалдырма.Менің өрбіген өмірімді,тасыған қайратымды берген сол апам.Мен оның Кавказдың алып тауындай биік,күннің шуағындай жылы,мейірбандық еңбегінің тозаңын да өтегенім жоқ.Мені білген кісі,менен бұрын апам Айсарыны білсін.Басқа кісі мені асырап,кемкліне келтіре алмас еді»,- дейді Қажымұқан атамыз жазушыларға.
Қажымұқанның құпиялары
Алланың өзі өмірден аян берген...
Атамызға жасалған қастандық
Жас нәрестеге түкірк қасиеті
Көріпкелдік қасиеті
Некелі төрт әйелі болғаны...
Алғашқы атастырылған қызының қайтыс болуы
Поляк қызы-Бәтима
Сондықтан Қажымұқан менің атым,
Көрмедім маған деген елдің жатын.
Оқыған ұлы Петр қаласынан
Палуандық әлі есімде алған атым.
Қажымұқанмын қазақта асқан күшім,
Палуандықтан айтайын біраз дастан.
«Орыс палуан» атанып он екі жыл,
24 патшалықтың жерін басқан.
24 патшалықты араладым,
Палуанды неше таудай жараладым.
Жүрегімді жылытқан қызуы мол,
Туған жердей ыстық жер таба алмадым,-деп туған жерде жер болмайтынын әркез балалары мен немерелеріне айтып отырады екен.
Палуан атамыздың салмағы-174 кг,бойы-185 см болған.Өзі жайында немересі Абдоллаұлы Шабданға : «Мына тұрған төбеде бір кезде Бұзық деген көп қабатты үй болған.Қазір үйіндеге айналып жатысы мынау.Мен де бір кезде әлемді шарлаған палуан едім.Қазір қауқарсыз қарияға айналдым.Бірақ күшімнің барында елімді әлемге паш еттім.Сендер де леге пайдасы тиер азамат болып қалыптасыңдар.Мен жайлы келешек ұрпаққа айта жүріңдер.»,-деген екен.
Қазәір түрлі әдіс-тәсілдерді қолданып қазақтың атын әлемге танытып жүрген спротшыларымыз баршылық.Айталық: Ә.Айқанов,Ж.Үшкемпіров.т.б .Бұл кісілер қазір келешек спротшыларды дайындайтын бапкерлер.Ал күш атасы Қажымұқанның ерлігін қайталаған жерлесіміз-И.Ильин.