Хаметова Ақмарал Тоқтасынқызы
Қызылорда облысы
Шиелі ауданы
№148 қазақ орта мектебі
Сабақтың тақырыбы : Көсемше
Сабақтың мақсаты:
1.Білімділік:. Көсемше туралы түсініктерін қалыптастыру,көсемше мен есімшенің ерекшелігін ұғындыру
2.Дамытушылық: Оқушылардың танымдық қабілетін , ойлау қабілеттерін дамыту.Талдауға дағдыландыру.
Тәрбиелік.Оқушылардыңтапқырлық,ізденімпаздық қасиеттерін қалыптастыру,елжандылыққа баулу.
Сабақтың түрі: аралас
Сабақтың типі : жаңа білімді меңгерту
Сабақтың әдісі :сұрақ-жауап,баяндау,жаттығу,талдау,салыстыру
Сабақтың көрнекілігі :оқулық, электрондық оқулық,интербелсенді тақта,үлестірмелі қағаздар
Сабақтың барысы :
- Ұйымдастыру кезеңі
II Үй тапсырмасын сұрау
- 260-жаттығу
2.Үлгерімі төмен оқушыларға үлестірмелі қағаздар беру
3.Сұрақ-жауап арқылы үй тапсырмасын бекіту.
Шығармалардан үзінді. /үзінді қай шығармадан алынған ? Есімшені табыңыз/
III. Жаңа сабақ
Көсемше
1.Жаңа сабақты электронды оқулық арқылы түсіндіру
Көсемше
Көсемше де-етістіктің ерекше түрі.есімше сияқты көсемше де екі түрлі мәнде,екі түрлі қызметте қолданылады.Ол бірде жіктеліп іс-әрекетті белгілі бір шаққа байланысты білдіреді де,сөйлемнің баяндауыш қызметін атқарады.
Мысалы: Әркім өз ойын айтып жатыр.Айтып жатыр-көсемшенің –ып жұрнағы арқылы жіктеліп келіп ІІІ жақта ,осы шақта тұр.
Көсемше сонымен бірге қимыл,іс-әрекеттің тура өзін білдірмей,амалын,сынын,себебін,мезгілін білдіріп ,үстеу мәнінде жұмсалады.
Мысалы: Абай да,Жұмабай да қызыға тыңдасты. Қызыға тыңдасты-қимылдың өзін емес,оның амалын білдіріп,қалай? деген сұраққа жауап беріп тұр.
Яғни,бірде жіктеліп келіп іс-әререкетті білдіріп, бірде іс-әрекеттің өзін емес ,оның амалын,сынын,мезгілін,мақсатын білдіріп,ек түрлі мәнде қолданылып,екі түрлі қызмет атқаратын етістіктің түрін көсемше дейміз.
Көсемше етістікке,етіске,болымсыз етістікке мына жұрнақтар жалғану арқылы жасалады:
1) –а,-е,-й
2)-ып,-іп,-п
3)-ғалы,-гелі,-қалы,-келі
ІV. Сабақты бекіту
263,264,265- жаттығу
V.Сабақты қорытындылау
1.Елбасының жолдауынан үзінді оқу.
Үзіндіден есімше мен көсемшені табу.
2.Венн диаграммасы
Есімше мен көсемшені салыстыру
VІ. Үйге тапсырма
266-жаттығу
VІІ.Бағалау