Quantcast
Channel: Қазақ тілі әдебиет | и рус.кл - Қазақстан ұстаздарына арналған - Әдістемелік-ақпараттық сайт sabaqtar.kz
Viewing all articles
Browse latest Browse all 866

Біз тебеміз сырғанақ.

$
0
0

№187 Мұстафа Шоқай атындағы қазақ орта

мектебінің мектепалды даярлық тобының

мұғалімі Бакирова Сәулеш

 

Көркем әдебиет.

Сабақтың тақырыбы: Біз тебеміз сырғанақ.

Оқу іс-әрекетінің мақсаты: Қыс мезгілі туралы балалардың түсінігін кеңейту. Қыс мезгілінің ерекшеліктерін бақылау. Балалардың табиғатқа деген қызығушылығын арттыру.

Әдіс-тәсілдер: Сұрақ-жауап, әңгімелеу, көрсету.

Сөздік жұмыс: шыңдайды, құйындатып, мығым.

Оқу іс-әрекетінің көрнекіліктері: Сырғанап жүрген бала­лар суреті.

Оқу іс-әрекетінің барысы:

Ұйымдастыру кезеңі.

Балалар шаттық шеңберіне тұрады. Бәрі бірге төмендегі өлең жолдарын қайталайды.

Қыс келді, қыс келді,

Ақтарды ақ қарды.

 Ақ қарды шимайлап,

Шаңғымен сызалық.

Педагог:

— Қыс мезгілінің басқа жыл мезгілдерінен ерекшелігі қандай?

- Қыс мезгілі сендерге несімен ұнайды?

Суда мұз бар,

Жерде қар бар,

Боран борап соғады.

Бөбектерім, айтыңдаршы,

Бұл  қай кезде болады? (Қыс)

Қимылды ойын: «Қандай қимыл екенін тап». Ойын шарты: Балалар шеңберге тұрады, әр бала кезекпен ортаға шығып, қимылды қозғалыс жасайды, қалған балалар шешуін табуы керек. Бірнеше (шаңғы, коньки тебу, шанамен сырғанау, т.б.) қимылдар көрсетіледі.

Дәптермен жұмыс: Б. Жақыптың «Сырғанақ» өлеңін жаттау.

Сырғанакқа мығымбыз,

Шыныққанбыз, шымырмыз.

Таудан төмен сырғанап,

Біз тебеміз сырғанақ.

- Сырғанақ тебу сендерге ұнай ма?

- Сырғанақ тебу үшін қандай болуың керек?

- Достарыңмен бірге сырғанаққа барасың ба?

Сергіту сәті:       Ішік, пима, қолғаптар,

Арада жоқ тоңғақтар.

Баста қалың малақай,

Біз тоңбаймыз, алақай.

(Қимылмен көрсетеді).

Дәптермен жұмыс: Қыс мезгілінің ұнаған сәттерін, өз ойларын қағаз бетіне түсіреді. Ребус шешеді.

Тыныштық сәті: Балалар денелерін еркін ұстап, көздерін жұмады. Көз алдарына қыс мезгілін елестетеді. Терең тыныс алады. Ауа неткен таза, айнала аппақ қар, жылт-жылт етеді. Қарды алақанымызға салдық, сұп-суық.

Аққала соқтық. Аққаламыз қандай әдемі болып шықты. Көзімізді ашамыз.

Қорытынды:

- Қыста сырғанаған сендерге ұнай ма?

- Сырғанақта немен сырғанайсыңдар?

- Сырғанаққа бару үшін қалай киіну керек?

- Қардан не жасауға болады?


Viewing all articles
Browse latest Browse all 866

Trending Articles



<script src="https://jsc.adskeeper.com/r/s/rssing.com.1596347.js" async> </script>