Батыс Қазақстан облысы
Жаңақала ауданы Жаңақала ауылы
№ 3 жалпы орта білім беретін
қазақ мектебінің бастауыш сынып мұғалімі
Сатыбалдиева Дания Ахметқалиқызы
Сабақтың тақырыбы: Сан есім
Сабақтың мақсаты: Білімділік: Сөз таптары туралы білімдерін шыңдау, сан есім туралы ұғымдарын жетілдіру , сөздерге дұрыс сұрақ қою арқылы сөз таптарын шатастырмай ажырата білуге үйрету, қатесіз, көркем жазуға баулу.
Дамытушылық: Тапсырмаларды орындау арқылы сөздік қорын арттырып, сауаттылығын, логикалық ойлау жүйесін дамыту.
Тәрбиелік: Әдемі сөйлеуге, тапқырлыққа, отансүйгіштікке тәрбиелеу.
Түрі: жаңа білімді игеру сабағы.
Көрнекілігі: кесте, топқа бөлуге қажетті қағаздар, түсті гүлдер, интербелсенді тақта.
Әдісі: сұрақ-жауап, ойын, топтастыру.
Пәнаралық байланыс: дүниетану, әдебиеттік оқу, математика,музыка.
Сабақтың барысы: І . Ұйымдастыру
Мұғалім Оқушы
- Екі көзің не үшін керек? – Жақсыларды көру үшін!
- Екі қолың не үшін керек? – Елге көмек беру үшін!
- Құлақ деген не үшін керек? - Ақыл-кеңес тыңдау үшін!
- Жүрек деген не үшін керек? – Жауларымнан қыңбау үшін!
Күн жылынып, қар ерісімен бүкіл тірі табиғат көктемгі тіршілігіне кіріседі. Табиғаттан алуан түрлі түстерді байқауға болады. Табиғатта жасыл түсті өсімдіктер бар. Осы өсімдіктер қандай топтарға бөлінеді? (Ағаштар, бұталар, шөптесін өсімдіктер) Сендер ағаштың қандай түрлерін білесіңдер? Ағаштың пайдасы, оны қорғау туралы айту.
Жасыл түс- Сары түс-
Қызыл түс - Көк түс - әр түс өз орнына отырады.
Өткен сөз таптарын,олардың ережелерін,сұрақтарын еске түсіру үшін «Ассоцация» құрайық.
Зат есім
Етістік Сын есім
ІІ . Өткен сабақ бойынша білімдерін пысықтау. "Құмырсқа" сөзінен сөз теру. Әр топ жазған сөздерінен сын есімдерді тауып астын сызады. Оларға сұрақ қояды, ережені еске түсіреді, сын есімнің зат есіммен байланысын табады. ( қысқа, сұр, сақ,қара,сары, ақ)
ІІІ. Жаңа сабақты оқып үйренуге дайындық.- Осы құмырсқалар қалай тіршілік етеді? Илеуде 1 құмырсқа болуы мүмкін бе ? Ал құстар ше?
-Жануарлар тобымен, былайша айтқанда "отбасымен " тіршілік етеді.
-Сендердің отбасыларыңда неше адам бар? ( алты адам, он, сегіз, тоғыз)
-Бүгінгі күн реті қандай? ( 17сәуір).
ІV. Жаңа сабақ.- Дәптерді ашып күн жадын жазамыз. (он жеті сөзінің жазылуына көңіл аудару)
- Кім бір таңбалы сандарды атап береді?
- Ж әрпінен басталатын қандай сан бар? ( 7)
-7 саны қандай сан? ( киелі)
- 7 санына байланысты не білесіңдер?( 7қазына, 7 шелпек, 7 ата, 7 керемет)
Дәптермен жұмыс. (дәптерімізге әдемілеп Жж бас, кіші әрпін және жапырақ сөзін жазамыз)
Біздің тақтамызда жапырақтар шашылып тұрған сияқты.Бұл жапырақтар мына көктем бейнесінің сендерге берген тапсырмасы екен.Әр топ жапырақ алып, өз тапсырмасын орындайды.
1- топ: Сыныптағы заттарды қатыстырып мәтін құра.
2- топ: " Менің тобым" тақырыбына әңгіме жаз.
3- топ: 70 санын сипатта.
4-топ: Ішінде санның атын білдіретін сөздері бар мақал- мәтелдерді жаз. Әр топ өз жұмысын қорғайды.
Көкектің тапсырмасы: Сөзжұмбақ шешу Тіл - қылыштан өткір.
Оқулықпен жұмыс. 1-жаттығу. Балалар санды білдіретін сөзді табады, оған сұрақ қояды, ережені шығарады.
-Әуеде қандай құс ұшып келеді?Адамға жақын құс. Жерге аз қонақтайды. Ұяларын үйдің шатырына, мал қораның төбесіне салады. Оған жүн, қауырсын, мамықтардан төсеніш төсейді. Ұяны 6-7 күн ішінде бітіріп, оған 3-8-ге дейін жұмыртқа салады.
"Қарлығаштың тапсырмасы: 2-жаттығу.Сан есімдерді теріп жаз.Сұрақ қою тапсырылады.
-Құстар немен қоректенеді? (Бунақденелілермен.)
- Гүлден-гүлге қонатын қандай әдемі бунақденеліні білесіңдер? ( Көбелек)
- Көбелек сендерге " сәл демалыңдар" дейді.
Сергіту сәті:
1- жаттығу (Ауызша)
1-топ: мәнерлеп оқиды; 2-топ: сан есімдерді байланысып тұрған сөздерімен айту;
3- топ: жаңылтпашты жатқа айту; 4-топ: торғай туралы тақпақ айту;
ІV. Жаңа сабақ бойынша білімдерін бекіту.
- Көбелек әдемі, өзі зиянсыз екен. Ал қандай зиянды бунақденеліні білесіңдер? Шыбын.
"Шыбынның" тапсырмасы:
4 -жаттығу. Үнтаспадан мәтінді тыңдап, сан есімдерді теріп жаз.
Ағаштардың ішінде суды көп қажет ететіні - терек . Ол күніне орта есеппен сексен бес литр су ішеді.Ал жөке осы мерзімде алпыс алты, қайың - алпыс, шырша - он үш , қарағай бар болғаны тоғыз литр су ішеді екен.
Әр топ сан есімдерді теріп жазады, тақтаға іледі.
- Келесі бунақденеліміз қарлығашпен бірге ертегі кейіпкері екен. Ол- маса.
Масаның тапсырмасы: «Сөздің әрбір дыбысынан сөз тудыру жұмысы». Парақтардағы сөздердің әрбір дыбысынан сан жазып шығу.
І жұп ІІ жұп ІІІ жұп ІV жұп
тоқсан жеті қырық тоғыз
Түс сегіз Жас сексен Қас сегіз Тоқ қырық
үш алты алпыс он
- Қорытындылау.Мына тапсырманы орындау арқылы жасырын сөзді табу.
1- топ: " Жауқазын"
7 |
6 |
у |
40 |
60 |
30 |
6 |
10 |
1 |
1 |
|
5 |
1 |
4 |
4 |
2 |
2- топ " Раушан"
40 |
6 |
у |
3 |
20 |
10 |
1 |
1 |
|
2 |
6 |
2 |
3-топ: " Бәйшешек"
1 |
ә |
й |
3 |
2 |
3 |
2 |
2 |
1 |
|
|
2 |
1 |
2 |
1 |
2 |
4-топ: " Қалампыр"
40 |
60 |
6 |
20 |
20 |
70 |
40 |
1 |
1 |
1 |
2 |
6 |
5 |
4 |
2 |
3 |
Бұл гүлдердің тапсырмасы. Сан есімнің сұрақтарын қайталау.
VІ. Бағалау . Гүлдерді тарату.
VІІ. Үйге тапсырма. 5- жаттығу. 66- бет