Системхан Бақытжан Системханқызы
Алматы қаласы №176 мектеп-гимназия
Тақырыбы: Акула Л. Толстой, аударған С. Омаров
Мақсаты:
Білімділік: Мәтіндегі оқиғаның желісіне қарай түсініп, өз ойларын талдауға қорытынды жасауға, бір - бірін бағалауға үйрету,мәтіндегі негізгі кейіпкерлерге мінездеме беру,суға шомылуға байланысты қауіпсіздік ережелерін меңгерту, акуланың қауіпті жыртқыш екендігін айту
Дамытушылық: Мәтіндегі оқиға желісіне қарай түсініп, өз бетінше талдауға, акуланың түрлерін білуге, авторлар өмірбаянымен танысуға үйрете дамыту.
Тәрбиелік: Жаз айларында суға шомылу ережесін еске түсіре отырып, шомылу кезіндегі батып бара жатқан адамға, алғашқы көмек көрсету жолдарын үйретіп, оқушыны қайырымдылыққа, бауырмашылдыққа тәрбиелеу.
Көрнекіліктер:суреттер.
Сабақ әдісі: Сұрақ жауап,талдау.
Сабақ түрі: Аралас сабақ.
Сабақтың барысы:
1 Ұйымдастыру
2 Үй тапсырмасы
1.Үшінші жігіттің әрекетін кітаптан тауып оқы.
2.1Іздеген жетер- мұратқа
2.2 Жан қиналмай, жұмыс бітпес,
Талап қылмай, мұратқа жетпес.
4 Жаңа сабақ «Ой қозғау»
Балалар, акула туралы не білесіңдер? (оқушылардың жауаптары тыңдалады).
Мұғалім суретін көрсетіп акула туралы мағлұмат береді: Сигаратәрізді, денесінің ұзындығы 14 - 15 м - ге дейін, ұзындығы 9 м дейінгінің салмағы 4 т - ға дейін. Желбезек саңылаулары үлкен, әр желбезек доғасында 1300 - ге дейін аталық қысаң қабықтары сүзгілі аппараттар құрайды. Жақ тістері ұсақ, ұзындықтары 5мм - ден артық емес, 4 - 7 қатарлы, үккішке ұқсайды. Екі жақ жарты шарлардың бір - келкі жылы сулардың пелагиалилерінде мекендейді, көктемде және жазда судың жоғары бетінде жүзеді. Акулалар мен скаттар барлық теңiздер мен мұхиттарда мекендейдi. Акулалар түрлерiнiң басым бөлiгi – жыртқыштар. Ұзарған сүйiр торпедатәрiздi денесi, күштi бұлшықеттерi оларға үлкен жылдамдықпен жүзуге мүмкiндiк бередi. Акулалар денесiнiң көлемi әр - түрлi. Iшiндегi ең алыбы - кит акуласының ұзындығы 20 м дейiн жетедi. Ол судан ұсақ планктонды организмдердi сүзiп, солармен қоректенедi.
Акулалардың көпшiлiгi — ашық мұхиттың екпiндi жыртқыштары. Бізге жақын Каспий теңiзiнде көлемi 120 см аспайтын және балықтармен қоректенетiн шағын катран акуласы немесе тiкендi акула мекендейдi. Мұхитта акулалардың көптеген түрлерi мекендейдi: көк, ақ, рифтiк, алты желбезектi, кариб қаражүзбеқанатты, теңiз түлкiсi, ала мысықты, полярлы және т. б. Аса қызығушылықты, басының алдыңғы ұшында аса үлкен балғаға ұқсас, әр жағында көздерi мен танаулары бар, рострумы өсетiн акула — балғалар туғызады. Акула - балғалар — өте қаһарлы және ашқарақ жыртқыштар. Осы акулалар ең жиi адамға шабуыл жасайды. Басының жалпақ бөлiгiнiң төменгi бетi жоғары сезiмталдық пен эхолокацияға ие, осыған байланысты олар топырақ астына көмiлiп жатса да қоректi оңай табады.
Ал неліктен біз бүгін акула туралы сөз қозғадық, қалай ойлайсыздар? (оқушылардың болжамдары)
Бүгін біз акула туралы бір оқиғамен танысамыз. Оқиғаны жазған орыстың ұлы жазушысы Лев Николаевич Толстой жазған. Жазушы әрі аудармашы Сейітжан Омаров осы Л. Н. Толстойдың әңгімесін аударған.
Сейітжан Омаров (22 маусым 1907, Ақмола облысы Атбасар ауданы. Керегетас ауылы, 1985, Алматы) – жазушы, аудармашы.
Қостанай қаласындағы халық ағарту институтын бітірген (1932). 1930 – 42 жылы мұғалім, аудандық, облыстық газеттерде редактор, жауапты хатшы, 1959 жылдан өмірінің соңына дейін Қазақстан Жазушылар одағындағы балалар мен жасөспірімдер әдебиеті кеңесінің төрағасы болды.
Лев Никола́евич Толсто́й (1828 - 1910) – орыстың ұлы жазушысы. Тек жазушылықпен ғана айналысып қоймай, ұстаздық іске де атсалысқан. Ясная Полянада шаруалардың балалары үшін мектеп ашып, педагогикалық журнал шығарды. Әліппе оқулықтарын жазды. Оның әлемге әйгілі «Соғыс және бейбітшілік» романы, балаларға арнап жазған әңгімелері, кітаптары бар.
Акула Л. Толстойдың орысша сюжеттік көрінісін видео арқылы тамашалау
ә)“Әдебиет үйірмесі” әдісімен ( «Баяндамашылар», «Зерттеушілер», «Сұрақ қоюшылар» )
Өздері баяндап, зерттеп, сұрақ қойып топ бойынша дайындалады.
Сергіту сәті :“Теңіздегі балықтар“
(оқушылар жұптасып еркін жүзіп жүріп, тоқтаңыз дегенде балықтардың аттарын түгел айтып шығады. )
“Тауып оқы”әдісімен парақша таратып, 3 топқа тапсырма беру.
1) Ауа райы туралы жазылған тұсты тауып оқы
Күн райы өте жақсы, теңізден салқын самал есіп тұрған-ды, бірақ кешке таман ауа райы өзгеріп кетті: қапырық бола бастады, сахара шөлінен ескен ыстық желдің лебі пештен шыққан леп тиді.
2) Әкесінің қобалжыған сәттерін суреттейтін тұсты тап
Артиллерист құп- қу болып тыр етпей балаларға қарап тұр.
3) Акуланың өлген сәтін бейнелейтін тұсты тауып оқы.
Өлген акуланың сары бауыры толқындардың арасында қалқып барады.
Сөздік жұмыс
Зәкір – кемені суда ұстап тұратын тетік
Білте - зеңбіректі тұтандырғыш зат
- Суға шомылуға байланысты қандай қауіпсіздік шараларын қолдану керек?
- тек жабдықталған жағажайлар мен басқа да шомылуға арналған орындарда, ресми рұқсаты және құтқару қызметі бар жерлерде шомылыңыздар;
- шомыла білмей белдеріңізден жоғары келетін суға кірмеңіздер;
- шомылу кезінде бір -біріңізді көзден таса қылмаңыздар;
- жағадан алыс, қойылған белгіден ары жүзіп кетпеңіздер;
- жүзе білмей, дөңгелекті, үрлемелі матрасты пайдаланбаңыздар;
- жүзіп келе жатқан катерлер мен қайықтарға жақындамаңыздар;
- қайықтан, көпірден және кеме аялдайтын орыннан суға секірмеңіздер;
- суға көп шомылмаңыздар, аса тоңып және шаршап қалуларыңыз мүмкін;
Алғашқы көмек — адам өміріне немесе денсаулығына кенеттен қауіп төнгенде оның өмірін сақтап қалу үшін немесе апаттың зиянды әсерін азайту үшін қолданылатын қарапайым шаралар. Апаттың қатарына әр түрлі жарақаттар, сынық, буынның шығуы, улану, суға бату, күю, үсу, электр тоғы соғу, т.б. жатады. Алғашқы көмектің негізгі шаралары: апатқа түскен адамды апат әсерінен құтқару (өрттен, судан шығару); апаттың зиянды әсерін тоқтату (адамды жылыту, иіс тисе таза ауа жұтқызу); қан тоқтату, жараны байлау, сынған аяқтың немесе қолдың қозғалысын тежеу; жасанды дем алдыру, жүрекке жабық массаж жасау, апатқа түскен адамды тезірек емдеу мекемесіне жеткізу немесе жедел медициналық көмек көрсететін дәрігерлер тобын шақыру
Қорытынды( Рефлексия) ББҮ
Білемін |
Білгім келеді |
Үйрендім |
Акуланың жыртқыш жануар екендігін |
Толстойдың басқа шығармаларымен танысқым келеді, С. Омаров ағамыз туралы көп мәліметтер білгім келеді т. б. |
Акула түрлерін, балықтар түрлерін, суға шомылу қауіпсіздік шараларын үйрендім. |
Үйге тапсырма
“ Акула“ мәтінін толық мазмұндау,
Акула туралы басқа деректер әкелу
Бағалау