Сабақ жоспары
1.Пән аты: Қазақ тілі
2.Сыныбы: 5
3.Күні, айы, жылы:
4.Тоқсан: ІІІ
5.Мұғалім:
Сабақтың тақырыбы: Лексикадан өткенді қайталау
Сабақтың мақсаты:
1.Білімділік: оқушылардың лексика тарауы бойынша алған білімдерін тереңдету, түсініктерін жаттығу жұмыстары мен қосымша тапсырмалар арқылы бекіту.
2.Тәрбиелік: оқушыларды адамгершілікке еңбекті дәріптеуге ана тілді құрметтеуге тәрбиелеу.
3.Дамытушылық: оқушылардың өз бетінше жұмыс істеу, логикалық ойлау қабілеттерін кеңейту, талдау жасау дағдыларын дамыту.
Сабақтың типі: қайталау
Сабақтың түрі: дәстүрлі
Сабақтың әдіс-тәсілі: түсіндіру, сұрақ-жауап, жаттығу, талдау.
Сабақтың көрнекілігі: тақырыпқа байланысты кесте,үлестірмелер.
Пәнаралық байланыс: қазақ әдебиеті
Сабақтың барысы:
I.Ұйымдастыру кезеңі: 1.Оқушылармен сәлемдесу
2.Оқушылардың сабаққа қатысын тексеру
3.Оқушылардың зейіндерін сабаққа аудару
ІV Жаңа сабаққа дайындық
1.Сабақ тақырыбын тақтаға жазу
2.Сабақ мақсатын түсіндіру
II.Үй тапсырмасын тексеру:
- Термин сөздер туралы түсінік.
192-жаттығу
2.Ата – аналарыңмен әңгімелесіп, олардың істейтін
кәсібіне қатысты термин сөздерді жазыңдар.
ІІІ Білім тексеру:
- Омоним дегеніміз не?
- Синоним дегеніміз не?
- Антоним дегеніміз не?
- Табу деген не?
- Десфемизм және эвфемизм дегеніміз не?
- Кірме сөздер дегеніміз не?
7.Диалект сөздер денген не?
8.Кәсіби сөздер деген не?
9.Термин сөздер деген не?
VІ. Жаңа тақырып бойынша түсінік тексеру:
210 – жаттығу
- Оқыған ертегілеріңнен бір – біріне қарама – қарсы сипаттағы кейіпкерлердің қасиеттерін жазыңдар. Олардың ішінен антоним болып тұрған сөздерді жұптаңдар.
215 – жаттығу
Синонимдік қатардағы сөздерді қамтитын сызбалар құраңдар.
224 – жаттығу
- Мақалдарды бір бөлек, мәтелдерді бір бөлек жаз.
VІІ. Жаңа сабақты бекіту.
1.Оқулықпен жұмыс І топ
200 – жаттығу
- Мәтінен қазіргі кезде қайта жаңғырған сөздерді теріп жазыңдар.
- Мәтін қай ғылым саласына тән деп ойлайсыңдар?
- Мәтін мазмұнына сүйеніп қобыздың суретін салыңдар.
202 – жаттығу ІІ топ
- Төл сөздерден жасалған терминдік атауларды теріп жазыңдар.
- Оларға әр түрлі қосымшалар жалғап, түбірмен қосымша аралығындағы дыбыстардың айтылу, жазылу ерекшелігін айтыңдар.
203 – жаттығу ІІІтоп
- Компьютерге қатысты термин сөздерге түсіннік беріңдер және сөздік жасаңдар.
- Компьютер сыныбы туралы термин сөздерді қатыстырып мәтін құраңдар.
2.Үлестірме қағаздармен жұмыс.
VІІІ. Сабақты бекіту:
- Бағалау
- Үйге тапсырма беру:
- 227,130 – жаттығу.
- Лексикадан өткенді қайталау