С А Б А Қ № 24,25
Тақырып: «Өлімді женген ана».
1- ші сабақ.
Сабақтың мақсаты:
1.Біліміділік: мәтінді сын тұрғысынан ойланту ароқылы меңгерте отырып,ана туралы түсініктерін кеңейту,өз ойларын ортаға салу.
2.Дамытушылық: еріктілікті дамыту,қабілеттілігін,таным мүмкіншілігін арттыру,топта,жекелеп жұмыс істеуге үйрету;
3.Тәрбиелік: ата-анасын құрметтеуге тәрбиелеу.
Сабақтың типі: аралас сабақ
Сабақта қолданатын әдіс-тәсілдер: әңгімелесу,сұрақ-жауап,ән тыңдау, сын тұрғысынан оқу
және жазу технологиясының стратегиялары.
Көрнекілік құралдар:ана туралы нақыл сөздер,мақал-мәтелер, ардақты,есімдері кеңшілік елге
танымал аналардың суреттері, М.Горькийдің «Мать» романы, ана туралы
әңгімелері.
Пәнаралық байланыс: ән-күй,тарих,бейнелеу өнері сабағы, орыс әдебиеті.
Сабақ барысы:
1.Ұйымдастыру кезеңі: амандасу, оқушылардың сабаққа даярлығын тексеріп,орындарына
отырғызу, оқушыларды түгендеу,сабақ тақырыбы мен мақсатын айту.
Үнтаспадан «Ана туралы жыр» әні баяу шырқап тұрады
- Сабақ тақырыбына қызығушылық туғызу – побуждение.
«Ана» деген сөзді айтқанда ойға қандай ассоуиациялар келеді ? Ассоциация құрастыру.
- Сабақ тақырыбының мазмұнын ашу – осмысление.
Мәтіннің 1 бөлімімен жұмыс жасау. Алдын ала берілген тапсырма бойынша:
1 топ – « Ақсақ Темірдің бейнесін суреттеген жерді мәтіннен тауып, дауыстап оқу керек.
Дәптерге Ақсақ Темірге мінездеме жазу.
2 топ – әйел-ананың құдреті туралы айтылған бөліктерді тауып,дәптерлерге жазу.
3 топ – мәтіннің мазмұнын айтуға дайындалу.
III. Оқушылардың ой-паікірін білу – рефлексия.
Оқушылар топ – топ болып берілген өз беттерімен жасаған жұмыстары туралы
әңгімелейді. Дәптерге жазылған мінездеме мен ана туралы сөздерді
оқиды. Мәтіннің мазмұнын айтады.
2-3 оқушы кітап көрмесі туралы әңгімелеп береді.
1-2 оқушы «Ана тақырыбы бейнелеу өнерде» деген тақырып бойынша баяндайды.
2-3 оқушы ана туралы мақал-мәтелдерді оқып мазмұнын түсіндіреді.
- Сабақты қорытындау.
- Бағалау.
4.Үйге тапсырма: «Өлімді женген ана» мәтінің 2-ші бөлігін оқып келу.
* * * * * * * * * * * * * * * * * * * * * *
2 – ші сабақ.
- Оқушылардың сабақ тақырыбына деген қызығушылығын ояту – побуждение.
«Бес жол өлең» стратегиясы. Оқушылар екі топқа бөлініп,
«Ана» және «Темір» деген сөздер бойынша бес жол өлең жазады.
1зат есім
2 сын есім
3 етістік
4 сөзден тұратын сөйлем
5 зат есім-синоним (1-ші сөзге сәйкес)
II.Сабақ тақырыбының мазмұнын ашу – осмысление.
Ұжымдық жұмыс: 79 б. берілген 1-11 сұрақтарға жауап беру.
Топпен жұмыс.Тапсырмалар:
1 топ – мәтінді М.Горькийдің шығармасымен салыстырып оқу.
2 топ – мәтін бойынша жоспар құрастыру
3 топ – жоспарға сүйеніп, мазмұнын айту.
III. Оқушылардың ой-пікірін білу – рефлексия.
Оқушылар берілген тапсырмалар бойынш өз пікірлері мен ойларын ортаға салады.
* Мұғалімнің қорытынды сөзі:
Ғабит Мүсірепов өзінің қоғамдық,публицистік,журналистік,сыншылдық қызметімен де туған халлқының мәдениетінің дамуына зор қызмет сіңірген адам. Алайда қазақ халқы оны үлкен суреткер жазушы деп таниды,көркем сөздің хас шебері деп біледі,құрмет тұтады.
Ол бірнеше мәрте Қазақ КСР Жоғары Кеңесінің, бір рет КСРО Жоғары Кеңесінің депутаты және Қазақ КСР Жоғары Кеңесінің төрағасы болып сайланды. Екі мәрте Ленин орденімен және Еңбек Қызыл Ту ордендерімен марапатталған . Қазақ даналары айтқандай,- жақсының аты өлмейді,ғалымның хаты өлмейді. Қазақ әдебиетінің іргетасын қалаушылардың бірі болған Ғ.Мүсіреповтың есімі өшпейді.
* Бағалау.
* Үйге тапсырма: М.Мақатаевтың «Менің анкетам» деген өлеңін жаттап келу.
Бақылау тест тапсыру үшін өткен тақырыптарды қайталап келу.