Қазақ халқына тән тәрбие құралдарының бірі – ырым-тыйымдар
Қазақ халқына тән тәрбие құралдарының бірі:
Ырым – халқымыздың тәлім, тәрбиелік қызметі бар салт-дәстүрлерінің ішіндегі қызық әрі ойланарлық ғұрыптарының бірі. Ырымның ұлттық салт-дәстүрлермен, әдет-ғұрыптарды қалыптастырудағы орны зор. Жас ұрпақтың өзін-өзі ұстау, тіл әдебімен адамдар арасында қатынас түзе білуінде ерекше орынға ие. Ырым-тәрбиелік мәні бар сенім – наным, жосын жоралғылар көп. Ырым – ешқандай ерсілігі, оғаштығы жоқ ұлттық тәрбиенің құрамдас бөлігі. Ырым сөздер – белгілі бір наным салдарынан адамдардың санасында қалыптасып қалған алда болуы мүмкін, істерге психологиялық-эмоциялық сезім күйлерін, иланымдарын білдіретін сөздер.
Тыйым – халықтың тәлім-тәрбие, үлгі-өнеге, ақыл-кеңес берудегі тәрбие құралдарының бірі. Бұл балаларды жаман әдет, жат пиғыл, ерсі қимыл, әдепсіз істерден сақтандыруда маңызды қызмет атқарады. «Ұлға отыз үйден тыю, қызға қырық үйден тыю» - деген мақал осыған байланысты шыққан. Тыйым – жаман істеуден жиреніп, жақсылыққа елінтеу, бейімдеу мақсатында шыққан халықтық педагогикалық ұғым. Тыйым сөздер – белгілі бір іс-әрекеттерді тыю мақсатында ырымдармен байланысты айтылатын сөздер. Тыйым үлгілері мен сөздері ел ішінде өте көп.
1. Ырымдар
Адам. Халықтың тарихи дамуының барысында қарым-қатынас пен қоғамдық қатынасқа түсе отырып, ырым-тыйым сөздері арқылы рухани мәдениет пен этиканы қалыптастырды. Адамдарға қатысты ырым-тыйым сөздер:
Кісіге қарап есінеме
Есеп бер әр ісіңе, білу керек түсіне.
Есінеме, қарағым, аузыңды ашып кісіге.
Ондай-ондай баланы, ақыл-есі шамалы -
• Ұртын не тілін тістеп алған адамның үйіне ашыққан кісі келеді.
• Адамның оң көзі тартса – қуанады, сол қөзі тартса – ренжиді.
• Адамның алақаны қышыса – ақша ұстайды, табаны қышыса – жол жүреді.
• Адамның иегі қышса , бір жерден дәм татады.
• Адам түшкірсе «әлһәмдулә» дейді.
• Мойын құянның салдарынан қарысып қалғанда, кербез кісінің сыртынан сәлем жасаса, жазылады.
• Қолынан іс келмейтін адам бір шаруа жасаса, жерден шөп алып сындырады.
• Тамақ ішіп отырған адамның ыдысына шыбын, көбелек т.б. жәндік түсіп кетсе, оның несібесі көп болады.
• Адам құлағы шуылдағанда жанындағы кісі дәл тапса, оны біреудің мақтағаны, ал таба алмаса, жамандағаны болып шығады.
• Мақтап жүретін адам тамақ үстіне келеді, ал жамандап жүретін адам дастарқан жиналғанда келеді деп санайды.
• Көзге теріскен шықса, саусақ арасынан қол шығарады.
• Ойынға ашуланған адамның басы таз болады.
• Адамға немесе малға біреу сұқтанып қараса, көз тиеді деп түкіртеді.
• Жиенін ұрған адамның қолы қалтырайды деп саналады.
• Қазақ басымыз көбеймей қалады деп адам санамайды.
• Қазақ жек көрген немесе енді көрмесем деген адамның артынан бір уыс топырақ шашады.
• Жас адамдар «басым ауырды» десе, «басына бас қосылады екен» дейді.
• Біреу қайтыс болды деп естіп, кейін бұл хабар жалған болып шықса, ол адам «көп жасайды екен» деп ырымдайды.
• Жас адам ожаумен су ішсе жарының мұрны үлкен болады.
• Қазақ «сәтті күн» деп істі сәрсенбі күні бастайды. Сейсенбі «сәтсіз күн» деп, іс бастамайды.
• Түнде үрейлі түс көрсе, қазақ таңертең жерге үш рет түкіріп, «Түс – түлкінің боғы» деп, үш қайтара айтып түкірікті оң аяғының табанымен үш рет басып таптайды. Мұнысы – тоймас қара жер жаман түсімді жалмап қойсын дегені.
• Қазақ мүшел жасын жасырады, оны басқаларға айтпайды. Себебі, мүшел жас – қатерлі жас. Тіл мен көз сұғынан сақтасын деген оймен жасын айтуға тура келсе, не асырып, не кемітіп айтады.
• Қазақ шашты далаға тастамайды, оны жерге көмеді. Құс шашты ұясына салса, адамның басы айналғыш болады.
• Қазақта қыл арқанды ұрламайды. Ұрлаған адам аспаққа асылады, оның мойнына қыл арқан түседі деп сенеді.
Сәби, бала. Қазақ халқы ұрпақ қамын ойлайтын, бала өсіріп тәрбиелеуге аса назар бөлетін ұлт. Балалы болуды қалайтын халық. Баласыз болуды үлкен кемістік, кемшілік деп көреді. Қазақ халықта «Балалы үй базар, баласыз үй қу мазар» деп атайды. Қазақ бала туралы «Балаңды бес жасқа дейін хандай көр, он бес жасқа дейін жүмса, он бестен ары онымен досыңдай ақылдас» дейді.Баланы дұрыс тәрбиелеу үлкен ұлағатты іс болмақ. Қазақ халқында балаға қатысты ырым сөздер көп. Олардың бала тәрбиесіне, оның өсіп-өнуіне зор ықпал бар деп көріледі.
Бос бесікті шайқама
Құран сөзін қайтала, білмесе жұрт айта ма?
Әлі бала жатпаған, бос бесікті шайқама.
Ғибрат сөз ұққанға, үйге кіріп, шыққанда.
Өліп-өшіп таңданып, нәрестеге сұқтанба.
• Дүниеге келген нәрестенің кіндігін ақ балтамен кесіп, таза жіппен байлайды да, түбіне күл себеді. Ақ балтаны өзге нәрсеге пайдаланбай, сақтап қояды. Ер баланың кіндігін «үй күшік болмасын» деп қырдан асырып лақтырады. Ал қыз баланың кіндігін «үйдің құты болсын» деген ырыммен ошақ түбіне көмеді.
• Жаңа туган сәбиді емізбестен бұрын таза суға малыңған қасқырдың жүнімен ауыздандырады. Ерте кезде қасқыр киелі саналған, сондықтан да бұл ырым бала қасқырдай қайратты да қажырлы болсын деген ниеттен туындаған.
• Нәрестенің ұйқысы тыныш болуы үшін және жын-шайтанды қуу мақсатымен адыраспанды отқа жағып түтетіп, баланы бөлерден бұрын бесікті айналдырып, аластап шығарады.
• Бала бөленген бесіктің үстіне жеті нәрсе (шапан, кебенек, тон, жабу, жүген, қамшы және бесік көрпе) жабады. Кебенек пен қамшы – ел қорғайтын ер болсын деген тілекті білдіреді.
• Ұл баланы қырық күнге жеткізбей, 37-39 күнде, ал қыз баланы қырық күннен асырып, 42-44 күнге қырқынан шығарады. Бұл – ұл баланың қалындығына төлейтін қалың малы аз болсын, қыздың қалың малы көп болсын деген ырым.
• Сәби шалқасынан жатып алаңсыз ұйықтаса, елге белгілі азамат болып өседі, бүк түсіп жатса – уайымшыл, жігерсіз болып шығады, етпетінен жатып ұйықтаса ойшыл болады. Егер аяқ-қолын еркін созып ұйықтаса – болашақ батыр, кемеңгер болады.
• Қыз балаға шашы өссін деп желке жегізеді.
• Баланың желкесі шұқыр болса немесе желкесінен сүйсе, қырсық, кесір болып өседі.
• Баланың орайы екеу болса, екі рет үйленеді, немесе екінші рет тұрмысқа шығады.
• Шөбересінің алақанынан су құйып ішкен қарт жұмаққа барады.
• Балаға шешен болсын деп таңдай жегізеді.
• Батырдың, ақынның, палуанның сарқытын жегізсе немесе олар сәбидің аузына түкірсе, жақсы қасиеті мен өнері балаға қонады.
• Балаға қарсы өтпеу үшін кемпірдің бұтынан өткізіп алады.
• Сәбиге көз тимес үшін бетіне күйе жағып, үстіне киім кигізеді.
• Бойына бала бітпей жүрген әйел баланың ит көйлегін ырым етіп қалап алады.
• Баланың қарын шашын адам аяғы баспайтын жерге көміп тастайды. Өйтпесе, бала бақытсыздыққа ұшырайды.
• Сәбидің аяғын басып тез жүріп кетуі үшін тұсау кесіледі.
• Нәрестені тіл көзден сақтау үшін оның бесігіне, киіміне тұмар ретінде жыланбас, үкі, тоғыз моншақ, күміс тиындарды іліп қояды. Сәбиге «көз тиді» деп секем алған жағдайда сол адамның үйінен бір нәрсесін әкеліп түтетеді.
• Баланы асырап алған ер балаға – асықты жілік, қыз балаға тоқпан жілік ұстатып, көпшілікті бұған куә етеді.
• Үйге кіріп келе жатқан бала есік алдына құлап қалса, үйге береке, ырыс, байлық келді деп қуанады.
• Сәби тоңқайып, екі аяғының астынан қараса, күткен жолаушы немесе қонақ келеді.
• Бала тумай, шетіней берген жағдайда оны басқа адам өтірік сатып алады.
• Әйелдің кезінде жерігі қанбаса, баланың аузынан су ағып жүреді.
• Әйел, не еркек жұмыс істеп жатқан үйге келгенде , қолғабыс жасамаса, баласының белі бүкір болады.
• Бала алғаш жолға шыққанды тоқымқағар жасап тойлайды.
• Сәби анасынан ұстап отырып емсе – сараң, еркін отырып емсе мырза, жомарт болады.
• Сәби көзін ашып ұйықтаса, жары сұлу болады.
• Есіктің тұтқасын жуғаг сумен көз тиген баланың бетін, екі алақаны мен табанын жуса, тәуір болып кетеді.
• Көзіне жара шыққан балаға сойған малдың немесе кұстың көзінің суын жақса, жазылып кетеді.
• Бала тілін шығарса, яғни, хабар келеді деп жориды. Сәбидің тілі мезгілінде шықпаса, нағашысының үйіне апарып бір қойды сойып, соның ішегімен буындырады.
• Сәби алақанын шапалақтаса, куанышты хабар келеді.
• Перзентсіз ерлі-зайыптылар мойнына көгеннің бұршағын салып, бала тілейді.
• Бала қаспақ жесе, үйлену тойында жаңбыр жауады.
• Баланың мойны тез және беку үшін оның шілдеханасына сойған қойдың мойын омыртқасын тұтасымен асып, тесігінен шыбық өткізіп, кептіріп қояды.
• Шала туған баланы тымаққа салып, неше күні кем болса, сонша күн кереге басына іліп қояды.
• Қалы, меңі үлкейіп кетпесін деп, қалымен туған балаға «Қалдыбай, Қалдыгүл, Меңдігүл, Анарбай, Анаргүл» деп ат қояды.
• Сәби өз үйіне «ассалаумағалейкүм» деп кірсе, ол үйге кешікпей қонақ келеді.
• Сәби қолындағы заттарын «шашу» деп шашса, ол үйде той болады.
• Жіліктің майын жеген бала боқмұрын болады.
• Бастың миын жеген бала өскенде мидай былжырайды.
• Табалдырыққа шыққан баланың бойы өспейді.
• Ойнағанда жылаған баланың басы таз болады.
• Жасында нәжісін жеген бала өскенде жоқ тапқыш болады.
• Тарғақтың жұмырқасын жеген баланың бетіне дақ түседі.
• Құлықты езіп табанына жыққан бала жүйрік болады.
• Тігілген көйлектің етегі бүгілмесе сәбидің тілі тез шығады.
• Баланың жыңы бас киімінің байғазысына үкі қадау – ақ тілек.
• 4-5 жасар баланы шідерге сигізсе ол малжанды, еңбекқор болым өседі.
• Үйге келген адам бос бесікті тербету арқылы өзінің ұрпақсыз қалғанын үндемей-ақ білдірген.
• Бесікті сатуға, кез келген адамға беруге, саудаласуға, аяқ астына тастауға болмайды. Қазақ халқында бесік ұрпақ жалғастыратын қасиетті бұйым саналады. Баласы көп үйдің бесігін жақсы ырымға жорып, тек жақын туыстары қалап алып, жаңа түскен келіннің отауының төріне қойған. Бесікті ашық қалдырмайды, орап қояды. Бос бесіктің өзін анда-санда отпен аластап, жын+шайтаннан қорғаған.
Қыз-келіншек. Қай ата-ананны алсақ та, қызының ертең барған жерінде «балдай татып, судай сіңіп» кетуіне, жақсы жар, әдепті келін, аяулы ана болуын армандайды. Қасиетті ана қызының тәрбиелі жан болып өсуі үшін жасынан ақ шашты қарияның алдынан аттатпай өсіреді.
Ауыр сөз айтпа
Егескенді ер деме, есіктен кіріп төр деме.
Қайтып көрер досыңды, қатты сөзбен жерлеме.
Досың қалар мұңайып, кәне , кіріп шығайық.
Қайта ашатын есікті , қатты жаппау лайық.
• Қыздың басына ақ, қара орамал тартпайды. Ақ – жаулықтың, қара – қайғының белгісі.
• Әйелге бүйірін таянып тұруға болмайды, өйткені күйуеуін жоқтаған әйелдер ғана солай істейді.
• Әйелге түнде суға баруға болмайды, өткені қорқып, шошыма ауруына ұшырауы мүмкін.
• Жүкті әйелге түйе етін жеуге болмайды, әйтпесе ол баланы 12 ай көтереді. Егер ол 12 айда да тумайтын болса, бураның мойынына ақ мата салып, содан аттап өтуі керек.
• Бала шымыр болсын деп жүкті әйелге сағыз шайнатады.
• Түсік тастамасын деп жүкті жас әйелдің көйлегінің етегін бүріп қояды.
• Аяғы ауыр әйелге пышақ, ара, қайшы сияқты өткір нәрселерді ұстатпайды.Ұстаса, мезгілінен бұрын босанады деген ырым бар.
• Баласы кіндігіне оралып қалады деп, жүкті әйелге ине–жіп ұстатпайды.
• Жүкті әйелдің күні жақындаған кезде «жер – ана, қуат бер!» деп оны жалаң аяқ жүргізеді.
• Жүкті әйел арқан аттамайды, аттаса баланың кіндігі мойнына оралып қалады деген ырым бар.
• Адамның келіншек отырған жағындағы аяғы ұйып қалса, ол жүкті екен дейді.
• Жас келіншек бір үйден дметсе, сол үйден дәм әкеліп беру керек. Өйтпесе, көкірегі ісіп кетеді.
• Әйел босанар кезде үйдегі сандықты босатып қойса, ол қиналмай тез босанады деп айтады.
• Аяғы ауыр әйел қоян етін жесе, баласы қоянжырық болады деген ырым бар.
• Қонақ қыз босағаға емес, қарттар отыратын құрметті орынға отырады. Әйтпесе үй иесі бақытсыздыққа ұшырайды.
• Әйел аттылы ер адамның жолын, үлкендердің алдын кесіп өтсе, бақытсыз жағдайға душар болады.
• Әйелге шашын отқа тастауына болмайды, О дүниеде құдай, әйелдер мен қыздардан «саған берген шашымды қайда тастадың» деп сұрайды. Әйел тарақ жүзіндегі шашты жинап, аяқ баспайтын жерге қоюы керек.
• Әйелге шашын жайып жүруіне болмайды. Өйткені қаралы әйел ғана шашын жайып жіберетін болған.
Жол. Қазақтың кең-байтақ жерінде жолға шығу, жол жүру аса көп дайындықты қажет еткен. Себебі тұрғын елді мекендердің, батыспен шығыстың, оңтүстік пен солтүстік аймақтарының алып жатқан аумағы ұланғайыр. Алыс жолға аттану, діттеген жеріне аман-есен жету үшін халық бүкіл жан дүниесімен беріліп, тілеу тілеген. Ұзақ жол жүру, оңай шаруа емес. «Табиғаттың дүлей апатынан сақта, жақсы жол бере гөр, өзімнің, көлігімнің денсаулығын бере гөр» – деп жаратқанға жалынған.
Басып кетпе кір суын, тигізер ол қырсығын.
Жарылады табаның, сырқырайды ұршығың.
Таза жерде он аунап, ойнасаң да алаулап.
Лас, кірден, қоқыстан, айналайын бол аулақ!
• Жол үстінде көлік доғармайды, жол үстіне қонбайды, дәретке отырмайды.
• Сейсенбі күні алыс жолға шықпайды. Сәрсенбі күні жолға шыққан жолаушының жолы болады.
• Жолда кездескен адамнан «кайда барасың?» деп сұрамайды, «жол оң болсын» деу керек.
• Жүкпен жолға шыққанда, үйден тұз алмайды.
• Жүрер жолдың уақытын кесіп айтуға болмайды. Ол құдайға астамшылық, күпірлік болады. Жол жүретін ада «Алла жазса», «Алла жол берсе», «Құдай қаласа», «Барар жердің дәмі тартса» деп тілек тілегенде, жол бойындағы кедергілердің бәрі аластатылады.
• Жұма күні көшуге болмайды.Жұма – қасиетті күн. Бұл күні ата-баба әруақтары шаңыраққа келіп, дұға дәметеді.
• Егер жолаушы жол бойында тұмсығы өзіне қарап жатқан аттың немесе түйенң басын кездестірсе, бұл жақсы ырым, ал керісінше болса, онда жолы болмайды.
• Жолаушының алдынан қара мысық кесіп өтсе, жолы болмайды. Егер ит кесіп өтсе, жолы болады.
• Алыс жолға шыққан адамдар қара шаңырақтан немесе үлкен кісінің үйінен дәм татып аттанады.
• Жолаушыға түзге отырған әйел кездессе, жолы болады.
• Сапарға шыққан адам тұз алып шықса, жолы ауыр болады.
• Сапарға шығып бара жатқанда артынан су шашу керек.
Үй тұрмысы. Ұлттық ұғымда үй тұрмысы және оның әрбір құрамдас бөлшегі қасиетті деп саналады.Соған орай ата – бабаларымыз әрбір затқа лайық ұлықтау, теңеу сияқты қанатты сөздер шығарған. Әркім өз үйін алтын босағам деп дәріптейді.
Үйді айналма
Үйді айналып жүгірме, бас айналар түбінде.
Жұрт тынышта – ел аман, срінерсің түбірге.
Халық берер бағасын,сен әзірге баласың.
Үйді айналсаң, өскенде үйкүшік боп қаласың.
• Жаңа үйге көшіп келген отбасына «қонақ жайлы болсын!» дейді.
• Егер үйге байғыз қонып, бақыратын болса, бұл үйдің иесі үлкен бақытсыздыққа ұшырайды. Егер, керісінше, қарға қарқылдаса, онда бақытты болады.
• Үйге кіріп келе жатқан адам сүрініп кетіп кұласа, үй иесі кенеттен малмүлікке ие болады, дәулет артады.
• Үйге жүгіріп кірмейді.
• Қыстаудан жайлауға алғаш рет көшкен кезде, бірінші күгі қыстаудың маңына, жол бойына аялдайды. Одан соң әрі қарай қозғалғанда жолдың екі жағынан үлкен екі от жағады, содан кейін оттың арасынан жүк тиелген түйелерді қоқыстан өткізеді. Бұл қасқүнем рухтар мен жын-шайтаннан сақтану үшін жасалады, өткені олар көшті аңди алмай, от ішінде қалып қояды.
• Үйде құмырсқа көбейіп кетсе, жылқының екі тезегін уыққа іліп қояды.
• Ит ұлыса, шаңырақта жаманшылық болады.
• Көрпенің тұйығын ірге жаққа қаратып төсейді.
• Үй сыртына ит сарып кетсе, құт болады деп жақсылыққа жориды.
• Жаңадан қайнатқан сабынды жоғары қойса, ол үйге түскен келін өркөкірек болады.
• Несібесі көп, дастарқаны мол болсын деп жаңа үйдің босағасын маймен майлайды.
• Пәле-жаладан аулақ деп жаңа үйленген жастардың төсегін арша түтінімен ыстайды.
• Үйге жылан кіріп кетсе, оның басына ақ (сүт тағамы) құйып шығарып барып өлтіреді. «Жыланға да ақ құйып шығарады».
• Бір үйге шаруасы болып келген адам отыруы, асығыс болса, бір тізесін бүгуі керек. Өйтпесе келген үйдің сиыры түрегеп бұзаулайды дейді.
• Түнде үй сыпырмайды, тырнақ алмайды.
• Сыпырғышты тік қоймайды және жоғары қоймайды.
• Жазда үйге құйын келе жатса үлкен-кішілер қолына таяқ алып оны «таздың үйіне бар, пәленше таздың үйіне бар!» деп қуалайды.
• Үйдің шаңырағына қарлығаш ұя салса, ол үй балапан ұшып кеткенше көшпейді, ұясын бұзбайды.
• Біруедің үйі өртенсе оның арты жақсылық болады деп ырымдайды.
Ас – тағам. Қазақ халқы үшін дастарқаннан үлкен, дәмнен үлкен нәрсе жоқ. «Ас – адамның арқауы», «Жаман ауруға – жақсы ас», «Ас қадірін білмеген аштан өледі». Қазақтың ұлттық дастарқанында ертеде пайдаланылған ырым сөздері көп.
Нан қоқымын шашпаңдар
Жерде жатса баспандар
Теріп алып қастерлеп
Торғайларға тастаңдар
• Нанды шашуға, жерге тастауға, басуға, рәсуа етуге болмайды. Нан – дәм басы, онсыз өмір жоқ. Дастарханға алдымен нан қойылады. Жерде жатқан нан болса, алып, адам баспайтын жерге қою керек.
• Тойға немесе асқа қымыз әкелген сабаны біржолата сарқып босатпайды, түбінде міндетті түрде бір ожау болса да қымыз қалуы керек.
• Жерге төгілген ақты (сүт, айран) басуға болмайды. Сүт төгілген жерге тұз себеді. Іркітті ашық далада піспейді, құты кетіп қалады. Сауылған сүттің бетін ашып қоюға болмайды. Беті ашық қалса, шаң-тозаң немесе улы жәндіктер түсіп кетіп, сүтті бүлдіріді.
• Сүтті үрлеп ішпейді, майлылығы азаяды.
• Сүттен жасалған тағамдарды жерге түкіріп тастауға болмайды. Сүт тағамдарын жерге түкіріп тастау күнә болып саналады.
• Сүт сауатын шелекті су басына апармайды, кұты кетіп қалады.
• Ақтың жуындысына адам жүретін жергетөгуге болмайды.
• Малдың бірінші сауымынан алынған майды асқа қолданбайды. Онымен босағаны, табалдырықтың жоғарғы бөлігін майлайды.
• Қазанжарыс. Әйел босанар сәтте басқа әйелдер қазаңға жеңіл-желпі тамақ істеп оны босанатын әйелден бұрын пісірмек болып «жарысады». Халық ұғымы бойынша туатын бала «қазан жарысқа» қатысып, одан бұрын өмірге келуге тырысады деп түсінген.
• Таңертен нан ауыз тимей үйден шығуға болмайды. «Асығысып, нан ауыз тиейін», «Ең құраса, нан ауыз ти» деген.
• Нанды төңкеріп қоюға болмайды. Нан – қасиетті дәм.Онымен ойнауға болмайды.Нанды бір қолмен сындыруға болмайды. Кемтар адам ғана нанды бір қолмен сындырады.
• Нанды басып Құранды алуға болмайды, ал аяқтың астына Құранды қойып нанды алуға болады.
• Қолды жумай тамақ жеуге болмайды. Тамақ жеудің алдында және соңында қонақтардың қолына жылы су құйылады. Қолға су құю оң жақтан солға қарай әрбір сауағын жеке-жеке жуады.
• Дастарқан басында адамдар жасына қарай отырады. Тамақ әуелі үлкен кісінің алдынана бастап қойылады.
• Тамақты асықпай ішеді. Тамақ ішер алдында «Бисмиллиһи рахмани рахим» деп нанды сындырып, ауыз тигеннен кейін басқа тағамды жейді.
• Тамақты оң қолдың үш саусағымен алады және әркім өз алдынан жейді.
• Ыстық тамақты, шайды үрлеп суытпайды.Тамақтың құты кетеді.
• Тамақты және шайды өте ыстық немесе салқын қүйінде ішуге болмайды. Тамақты аз-аздан алып, асықпай шайнап жейді.
• «Нан қатты екен», «шала піскен», «күйіп кеткен», «езіліп кеткен» т.б. сөздерді айтып нанды, тамақты сынамайды. Нанды, тамақты сынау – ашаршылықты шақыратын жаман ырым.
• Тамақты шыньақтап жатып, түрегеп тұрып немесе еңкейіп отырып жеуге болмайды. Тамақты отырып жеген дұрыс.
• Тамақ жеп отырған адамды орнынан қозғаған әдепсіздік болып саналады.
• Қонақ адам тамақты тәбетіне орай, өз қалауынша жеген дұрыс. Оған тамақты зорлықпен алдыру әдепсіздік болып саналады.
• Тамақты, нанды қалдырмай, тауысып жеп қою керек. «Жаманнан жарты аяқ ас қалар» деген.
• Тамақ ішіп болғаннан соң тұрып кетуге болмайды. Өйткені тамақтану соңында ас қайырылып, бата беріледі.
• Ас ішіп болған соң, «тойдым» демейді, «қанағат» деген жөн.
• Дастарқан аттаған әдепсіздік болып саналады.
• Тамаққа қарай түшкіру ге болмайды. Тамақ пісірген асқа шаш түсіп кетпес үшін шашты орамалмен байлап алу керек.
• Қызға кәрі жілік ұстатпайды. Кәрі жілік ұстаса, күйеуге шықпай, оң жақта көп отырып қалады.
• Ішіп отырған шәйға сәме түссе қонақ келеді.
Ыдыс-аяқ. Қазақ халқында ыдыс-аяқ, қап жабдықтарға қатысты салт-дәстүр, әдет-ғұрап, сенім-наным, ырымдар көп. Қазақ халқы ыдыс-аяқты ас ішетін жабдық-бұйымдар деп қастерлеп, құрметтейді.
Пышақ шалқасынан жатпасын
Шаңырақты – отбасын, алла аман сақтасын.
Пышақ жүзі жоғары, шалқасынан жатпасын.
«Қасапшының қолында, көрінсін де соғымға...»
Қағидасын халықтың, қалт жібермей орында.
• Ыдысқа ашық қалған тағамды жаратуға болмайды. Халық ұғымында ашық қалған тағамды жын-шайтан жалап кетеді деп санайды.
• Су құйылған немесе тағам салынған ыдыстың бетін ашық қалдыруға болмайды.
• Ыдыстың беті ашық қалса, улы жәндіктер түсіп кетіп, суды немесе тағамды бүлдірелі.
• Егер көршілер тамақ әкелсе, ыдысын бос қайтармайды. Бос қайтару көргенсіздік болып саналады.
• Бие сауатын көнекті төңкермейді және түбін таяқпен немесе қолмен ұруға болмайды. Ырыс-несібе кетеді.
• Қазанды ашық қалдыруға, төңкеруге болмайды. Халық ұғымында ашық қалған қазанды жын-шайтан жалап кетеді деп саналады.
• Қазанды төңкеріп қойса, ырыс-несібе кетеді.
• Ас ішкен ыдысты төңкеріп қоймайды. Ол ырысыңның таусылғанын білдіреді.
• Қонаққа кетік кесеге шай құюға болмайды. Бұл қонақты құрметтемеу болып саналады.
• Ішінде не бары білінбейтін ыдыстан ішуге болмайды. Ақ шыныдан жасалған ыдыстан ғана ішеді.
• Ыдыстан су ішерде азырақ төгіп жіберу қажет.
• Мыс және қола ыдыстарды тамаққа пайдалануға болмайды. Мұндай ыдыстарда тағам бүлінеді.
• Пышақтың жүзі шалқасынан жатса, сол үйдің малы пышаққа ілінеді.
• Жақын адамға пышақ сыйламайды. Егер жақын адамның пышағы өте ұнаса, оны ұрлап алады. Немесе пышақтасып қалады дейді.
• Ошақты, ыдысты аттамайды.
• Ыдыс түбіндегі тамақ біреудің кесе не аяғына құйылғанда тура толатын болса, сол адамның жары сұлу болады.
Киім – кешек. Қазақ халқы адамның денесіне, бас-аяғына киетін киім-кешекті қастерлеп, құрметтейді. Оған байланысты салт-дәстүр, сенім-наным, ырым көп. Қазақ киім-кешекті мұқият таза сақтап, киіп қажетке жаратады.
Теріс киме
Теріс киме бөркіңді, бұзып кетер көркіңді.
Ырым, сенім талайды, тәубесіне келтірді.
- Теріс кисе не етеді? Оған дәлел жетеді.
Алға басқан аяғың, кейін қарай кетеді.
• Киімді оң қолдан бастап киіп, сол қолдан бастап шешеді. Оң қолдан бастап киім кию жақсы ырым саналады.
• Киімді желбегей жамылмайды, өйткені екі қолы жоқ адам ғана киімді желбегей жамылып жүреді.
• Тозбаған киімді тастауға болмайды. Қазақ халқында тозбаған киімді тастау – жаман ырым. Егер оны адам кигісі келмесе, біреуге сыйлау керек.
• Көпшіліктің алдында жалаңаш-жалпы жүруге болмайды. Бұл әдепсіздік болып саналады.
• Өте ұзын немесе қысқа киім киюге болмайды. Бұлай киіну адам жұмыс істеген кезде қолайсыздық тудырады.
• Киімді сілкіп киген жөн, өйткені киімге жабысқан ұлы жәндіктер болса ұшып түседі.
• Қыздарға ер баланың киімін киюге болмайды. Ер баланың киімін кию жаман ырым саналады.
• Шалбар мен етікті тұрып киюге болмайды. Оларды соғыс кезінде ғана тұрып киетін болған.
• Киімнің жағасын басуға болмайды. Киім жағасын басу жаман ырым саналады.
• Жастық орнына шалбарды жастамайды. Шалбарды жастану настықтың белгісі болып саналады.
• Бас киімді тебуге, лақтыруға, теріс киюге болмайды. Жақсылықтың бәрі адамның маңдайына жазылады, сондықтан да бас киімнің орны ерекше. Бас киімді әрқашан таза, ұқыпты ұстап, босағаға емес, төрге ілу керек.
• Аяқ киімді төңкеріп қоюға, теріс киюге болмайды. Өйтсе, адамның жолы болмайды, жаманшылыққа ұшырайды.
• Бөтен адамға бас киім бермейді және айырбастамайды. Адам басы кемиді деп санайды.
• Садақаға киім берсе, оның түймесін қиып алады.
• Қос тымақ кигізбейді. Бұлай етсе екі қатын алады деп ырымдалады.
• Аяқ киімді тұрып киюге болмайды. Тек басына іс түскен кісі ғана аяқ киімді тұрып кимек.
• Ит көлекті балаға жаны иттей берік болсын деп кигізеді.
• Көп жасаған немесе жақсы адам қайтыс болса, оның киімдері мен тұтынған заттарын ырым етіп бөліп алады.
Денсаулық. Қазақ халқы «Денсаулық – зор байлық» - деп тегін айтпаған «Дені саудың – жаны сау» - демекші адамның дұрыс өмір сүруі үшін жұмыс жасауы мен ұрпаққа тәлім-тәрбие беру үшін, алдымен оның денсаулығы мықты болуы керек. Дені сау ата-анадан, дені сау ұрпақ тарайды. Дені сау адамның тіршілікте алдына қойған мақсатына жетуіне, жемісті еңбек етуіне, қоғамға пайдасын тигізуіне мол мүмкіншілігі бар. Әсіресе, қазіргі таңда ұрпақ денсаулығының алаңдататын тұстары көп, сондықтан, тәрбие мәселесінде ырым-тыйым сөздерді қолданудың мәні зор – деп есептеймін.
Дұшпаныңа жарылма, достарыңа тарылма.
Мүгедекті мұқатпа, денсаулығың барында.
Тіл тигізбе анаңа, қамшы үйірме балаңа.
Атыңа ауыр жүк артпа, қап қоярсың далада.
• Күйікке шалынған адамы бар үй сирақ үйітп пейді, өйткені күйік ішке түсіп кетеді дейді.
• Кешке ауру адамның көңілін сұрамайды: ауруы қатты шаншиды. Көпіртіп кір жумайды: жарасы жазылмай, көпіршіктене береді.
• Судан шошынған адамды қырық үйдің қырық қазанының құлағын тістесе, жазылады дейді.
• Ауруы асқынған адамды қара қойдың өкпесімен қағады.
• Ескі жұртты, қабірді басқан адамдардың аяғы сырқырайды. Аурудың көзінше өлім, мола, қаза деген сөзді айтпайды.
• Аттан құлап не жаяу келе жатқан адам жығылатын болса, тұрғаннан кейін оны сол жерде ұшықтайды.
• Буыны, сүйегі сырқырап ауыратын адамға әр ауылдан қырық сирақ жинап әкеліп, қайнатып, майын ішкізсе, жазылады.
• Шамды үрлеп сөндірген адам ұмытшақ болады.
• Өлітірі кәдесі бірілмесе, келін ауру болып қалады.
• Кемтарға, ауруға күлмейді.
• Ауру адамға қайғылы хабарды айтпайды.
• Кемтар алдында дене мүшесінің кемдігі туралы әңгіме айтпайды.
• Денесінде ұсақ қалы бар адамның қызы көп болады.
Табиғат. Біздің ата-бабаларымыз өздері тұрған өлкенің табиғи ерекшелігі мен табиғат тылсыман бақылай отырып, оларды өз өмірлерімен байланыстырып отырды. Олар уақытты айқындап, әр күннің, әр жылдың ерекшеліктерін терең білді. Жан-жануарлардың іс-әрекеттеріне, айға, жұлдыздарға қарап ауа райын болжады. Осылай көптеген ырымдар пайда болды.
Отпен ойнама тыйым
Салып шектеге, ырымдар бар көптеген.
Соның бірі - ойнамау, жанып жатқан отпене ,
Тамыздықты кеппеген, үрлеп жандыр еппенен.
Өміріңді өшірмес, киелі ғой от деген.
• Отты шашуға, аттауға және басуға болмайды. Отты шашса, аттаса немесе басса, отбасының берекесі кетеді.
• Отқа түкірмейді. Қазақ халқында от қасиетті нәрсе болып саналады.
• Отты су құйып өшірмейді, өйткені оны қайта тұтату қиын болады.
• Түнде үйден күл шығармайды. Себебі күл төгілген жерді басуға тура келеді.
• Күл төгілген жерді басуға болмайды. Барлық жаманшылық күлмен кетеді, оны басу сол жаманшылықты үйіңе әкелгенмен бірдей.
• Жұлдызды қолмен көрсетсе, қолға сүйел шығады деген ырым бар.
• Күннің күркірегенін алғаш естіген адам бір темірді алып, ауырған жеріне тигізсе, ауру жазылады немесе арқасын қабырғаға үйкесе, ауру+сырқау жоламайды.
• Найзағай ойнап, жауын жауғаннан кейін жаңбыр суына жалаң аяқ жүрсе, адам ауырмайды немесе ауруынан айығады.
• Жаңа ай туғанда түскен келіншек баланы көп туады.
• Екі жас үйленген түні жұлдыз көп болса, олардың ұрпақтары да көп болады.
• Күн алғаш күркірегенде тілеген тілек қабыл болады.
• Өреден жас құрт алып жесе, жаңбыр жауады.
• Далада, жолда тұрған жалғыз ағашты кеспейді. Ол қыста белгі, жазда пана ретінде сақталған.
• Күн күркіремей суға түспейді, дала жуасын жемейді.
• Құмырсқаның илеуін бұзбайды. Оны басқан әйел бала көтермейді.
• Бақаны өлтіруге болмайды , жыңбыр жауады.
• Өсіп тұрған ағашқа балта тигізуге болмайды. От жағуға қураған ағашты, малдың тезегін қиын пайдаланады.
• Күнге, айға қарап дәрет сындыруға болмайды. Бұл – өлім-жетім шақыратын жаман ырым.
• Аспаннан ағып түскен жұлдызды көрген адам «Менің жұлдызым жоғары» дейді.
• Жаңа айды көргенде «жаңа айда жарылқа, ескі айда есірке» деп бата жасап,ырымдайды.
Төрт түлік. Қазақ – ежелден мал шаруашылығымен айналысқан халық. Ғасырлар бойы қалыптасқан бай тәжірибесі бар олар мал өрісін әбден танып білген.Мал өсіруге аса қолайлы Қазақстан жерін малсыз елестету мүмкін емес. Мал шаруашылығы еліміз үшін аса маңызды шаруашылық болып қала бермек. Жастарымыз қасиетті төрт түлікке қатысты ұлтымыздың ұғымдарымен бай тәжірибесін ұмытпауға тиіс.
Малды теппе құлындайды биесі,
Тәубе қылар үй иесі, малдың бар ғой киесі.
Пенделердің сөккенін, мал жібермес теп-тегін.
Айуанды тепкенің – ырысыңды төккенің.
• Мал айдап бара жатқан адам кездекен «айдар көбейсін!» дейді, ал малшыға «бағар көбейсін!» деген ырмдаған.
• Жас ботаны бірден көзге түсірмейді. Оны бір ай шымылдықтың не ши қоршаудың ішінде ұстайды. Жас бота тұрған үйдің белдеуіне бөтен адамның атын байлатпайды. Егер бөтен адам ботаны көріп қалса, өған жалма-жан « тіл – көзім тасқа» дегізіп , ботаға түкіртеді немесе отқа тұз тастатады.
• Мал иесі малдың сүттілігіне, немесе семіздігіне ризалығын білдіреді, әйтпесе көзі тиюі мүмкін.
• Қазанда қайнап жатқан сүт төгілсе, малдың желініне жара шығады. Сүт отқа күйсе, малдың емшегінде сүт азаяды.
• Мал сойған төс шеміршігін кесіп алып, жарға не босағаға лақтырғанда жабысып қалса – ол аты жүйрік болады.
• Сиырдың желіні іссе, таңертең ерте кебіспен ұшықтайды.
• Мал әбзелдерін лас жерге, аяқ астына тастамайды. Оларды арнайы орынға іліп қояды.
• Мал ұстайтын құралдарды (құрық, бұғалық т.б.) аттамайды. Мал ұстайтын құралдар киелі болып саналады.
• Мал ұстайтын құралдарды тік көтеріп жүруге болмайды, олардың ілгегін қолға іліп, жерге сүйретіп жүреді.
• Атты немесе басқа малды сатқанда, яки біреуге сыйлағанда ноқта-жүген, бас жібі берілмейді, ырыс-несібе олармен бірге кетеді.
• Мал байлайтын арқанды, жіпті, көгенді аттамайды.
• Қой қырқатын қайшыны иесіне «мұны мен емес, жер беріп отыр» деп ойлап, жүнге орап қайтарады. Қайшыны қолға бермейді, жерге қою керек. Екінші адам оны сол жерінен алады, әйтпесе қайшы қойдың терісін кесіп кетеді.
• Ер-тұрман үй ішіндегі арнайы жерге қойылады.
• Түнде мал санамайды, ол жаман ырым.
• Ит ұлыса, жамандық болады.
• Ат жер тарпыса, жолға шығады деген сөз.
• Ат жолға шығарда тезек тастаса, жол болады дейді.
• Ат сүрінсе, олжаға жолығады дейді. Кендірмен байлаған, жыңғылмен айдаған малдың саны өспейді деп ырымдайды.
• Жақын адамға ит сыйламайды.
• Малдың сүйегін далаға тастамайды, жерге көміп тастайды.
• Қойдың жүнін, мүйізін отқа жақпайды.
• Малдың уызын алдымен үйдің иесі ішуі керек.
• Мал төлдеп жатқанда ешкімге бермейді, сатпайды және айырбастамайды.
• Мал үш не төрт төл туса, олардың біреуін бауыздап, босағаға көмеді.
• Тышқан нанның батін қажап жее, астық мол болады, астына жақын жесе, астық аз шығады.
• Әтештің мезгілсіз шақырғаны – жаман ырым, ол әтештің басын шауып тастайды.
• Әтештер төбелессе , үйге қонақ келеді.
• Адам келе жатқанда көкек даусы оң жағынан естілсе, бай болады.
• Мысыққа тамақ бергенде «ертең ұмытып кетесің» деп маңдайынан шертіп береді.
• Атып алған аңды, құсты сыйлыққа тартпайды, егер бергісі келсе: «Байладым» - дейді.
• Аңға шыққанға «Қанжығаң майлансын» деген тілек айтылады.
• Атып алған құланның немесе сауырын міндетті түрде аңды атқан аңшының өзі пайдаланады, ал қалған етті серіктес аңшыларымен бірдей етіп бөледі.
• Ит – жеті қазынаның бірі. Сондықтан оны өлтіруге, азаптауға, қанғыртып жіберуге болмайды. Олай етсе, иесінің басына жаманшылық келеді.
• Бүркіттің тұяғы қасиетті саналады, оның үйдің төріне не бесікке іліп қояды.
• Аңдар мен құстарды рұқсат етілген мерзімінде ғана аулау керек.
• Балықтың құйрығын ұстаса, қармаққа балық түспейді.
Емес сенің еркіңде,бүлдірем деп желпінбе.
Жұмыртқаны шайқама , өсімдікті өлтірме.
Айтуға ауызым бармайды, құста сені қарғайды.
Зәбірлесең торғайды, ол былайша зарлайды.
«Торғай деген атым бар, бір жапырақ етім бар.
Ұя бұзған балалар ,мен сияқты жетім қал».
• Қарғалар тобымен шуылдасып ұшса, қыста күн суытады, ал жазда жамандық белгісін білдіреді.
• Құстар өзендегі, арықтағы суға түссе, ауа райы өзгеріп, жаңбыр жауады; жер бауырлап ұшса, күн бұзылады.
• Көкектің дауысы сол жағынан естілсе, сәтсіздікке ұшырайсың; алдыңнан естілсе, көп жыл ауырмайсың, денсаулығың жақсы болады.
• Тырналар дыбыс шығармай тым жоғары ұшса, күн жылы болады.
Су, егіншілік. Су – өмір тірегі. Су бар жерде – ну бар. Бұлақты жер – құрақты жер, деген даналық сөздер бекер айтылмаса керек. Тіршіліктің өзі алғаш суда пайда болған десек, су барлық тірінің бастау қөзі. Су жағасында қоныстаған қазақ халқы біртіндеп егіншілікке үйренді. Қазіргі кезде бүкіл қазақ халқының көптеген алқаптары, Әсіресе, менің тұған жерім оңтүстік өңірінде егіншілік – мақта өсіру, көкөніс, дәмді- дақылдары, жеміс-жидектерді өсіру шаруашылықтары кең жолға қойылған. Сондықтан егіншіліктің басты көзі су болғандықтан, судың қадірін, маңызын халық жақсы біледі. Суға байланысты, суды қастерлеп, қадірлейтін ырым-тыйым сөздері халық арасында көптеп кездеседі.
Құдыққа түкірме
Қойныңа тас тығып, өсек құма бас бұғып.
Жасаған жөн әрқашан, жақсылыққа – жақсылық.
Ақыл – есің бүтінде, бол ұнамды пікірде.
Суын ішкен құдыққа, қайтып келіп түкірме.
• Егін егіп жатқан диқанға өтіп бара жатқан жүргінші: «Бір дәнің мың дән берсін» - деп амандасады.
• Егер диқаннан біреу-міреу егістік үшін дән сұраса, ол сұраушыға мүмкіндігіне қарай береді.
• Диқан өз қырманының астығын алып, пайдалануға кіріседі «Диқан атаның» атына бағыштап, Құраннан аят оқиды. Содан соң алғашқы өлшем қайыр – садақаға, «аққұлаға» бөлінеді. Бұл күндіз емес, міндетті түрде кешкісін оттың жарығымен жаласады.
• Жаңа өсіп кележатқан көкті жұлмайды. «Көктей солғыр» деген қарғыс осындайдан шыққан.
• Құдыққа түкірмейді, маңайын ластамайды, жанына дәретке отырмайды.
• Жар басына, суға өте жақын жерге үй тікпейді.
• Ағашты, өсімдікті сәрсенбі күні отырғызады.
• Түнде су алуға бармайды. Егер бара қалса: «Су иесі Сүлеймен, су алуға рұқсат бер» , деп сүға үш рет кесек лақтырып барып алу керек.
• Шелектегі суға ауыз батыруға болмайды.
2. Тыйым сөздердің маңызы
Адамның іс-әрекетіне қатысты тыйымдар
Белді таянбайды. Себебі жақын адамы қайтыс болғанда жоқтау айтып жылаған әйел ғана белін таянады;
Жақты таянбайды. Қайғы-қасіреттен әбден қажыған адам ғана жағын демеу етіп, таянады.
Жер таянып отырмайды. Жақынынан айырылған адам ғана жер таянады.
Бетті басуға болмайды. Қайғы-қасіреттен қажыған адам ғана бетін басады.
Қолды тарақтауға, артқа қусырып жүруге болмайды. Бұл – қолы байланған тұтқынды еске салатын жаман ырым.
Белді босқа буынбайды. Өмірінде перзент көрмеген адам ғана белін босқа буынады.
Тізені, табанды тартуға болмайды. Ауруға шалдыққанда ғана тізе мен табанды тартады.
Тізені құшақтамайды. Бұл – «Ұрпақсыз қалдым», «Қу тіземнен басқа құшақтар қалмады» деген жаман ырымды білдіреді.
Жуған қолды сілкітуге болмайды. Ырыс-несібе кетеді.
Адамға қарап қолды шошайтуға болмайды. Әдепсіздік болып саналады.
Саусақты, қолды орынсыз ауызға салуға болмайды. Бұл да әдепсіздіктің белгісі.
Екі қолды төбеге қойып отыруға болмайды. Басына қайғы-қасірет түскен адам ғана екі қолын төбесіне қойып отырады.
Аяқ-қолды жіппен байлауға болмайды. Себебі бұл қол-аяғы байланған тұтқынды еске салады.
Басты шайқауға, тісті қайрай беруге болмайды. Жүйке ауруына шалдыққан адам ғана осылай істейді.
Таңдай қағуға болмайды. Үй ішінде таңдай қаға беру – жаманшылық (өлім-жітім) шақыру белгісі.
Біреуге қарап ерін шығаруға, үлкен адам алдында аяқты созып отыруға, адамға қарай түшкіруге, түкіруге, үлкен кісінің жолын кесіп өтуге болмайды. Бұл қылықтардың барлығы әдепсіздік болып саналады.
Құран оқығанда күлуге болмайды.
Құранды жерге тастауға болмайды. Өйткені ол киелі нәрсе.
Кісіге қарап бейберекет күлуге болмайды. Жүйке ауруына шалдыққан адам ғана бейберекет күле береді.
Адамға қарап керілмейді. Әдепсіздік болып саналады.
Жатқан кісінің үстінен аттамайды.
Кемтар адамға күлуге болмайды. Кемтар адамға күлсең, өз басыңа келеді.
Екі езуді керуге болмайды. Себебі бұл әдепсіздік болып саналады.
Ішекті тартуға болмайды. Жаманшылық шақыру белгісі болып саналады.
Құдайға тіл тигізуге болмайды.
Тырнақты тістеуге болмайды. Ырыс-несібе кетеді. Тырнақ пен бастың шашын бейсенбі мен жұмадан басқа күндері алады.
Сейсенбі күні үлкен іске кіріспейді, түнгі қонаққан мал сойылмайды,
жаңа мекенге көшпейді, тіпті малды да санамайды. Қазақ халқында сәрсенбі сәтті күн болып есептеледі. Сондықтан барлық істі сәрсенбі күні бастайды.
Түнде айнаға қарамайды. Адам түнде айнаға қарағанда қатты шошынуы мүмкін.
Итті, мысықты тебуге болмайды. Өйткені әрбір жан-жануардың киесі болады.
Ер адам төрге қарап жүрелеп отырмайды. Өйткені ол қырық адамның жолын бөгейді. Егер әйел адам жүрелеп отырса, онда қырық адамның жолын оңғарады.
Ауылға атпен шауып келуге, үйге жүгіріп кіруге болмайды. Бұл қауіп-қатер не адам шығынының хабары деген жаман ырымға саналады. Бірақ «Сүйінші, сүйінші» деп айқайлап келу керек.
Қайғылы, қазалы хабарды естірткенде немесе жаназаға шақырғанда атпен шауып келіп, шеткі үйге ғана хабарлайды. Ол үйдің иесі басқаларға хабарлауға тиіс.
Кісі ақысын жеуге болмайды. Кісі ақысын жеген адам о дүниеде тозаққа барады.
Жақын адамға мысық беруге болмайды. Аралары суысып кетеді.
Құлаған үйдің, мал қораның ішінде адам дәретке отырмайды. Оның киесі ұрады.
Жақын адамға пышақ, мылтық сыйламайды.
Күн батар алдында ұйықтауға болмайды. Батар күнмен жарысып ұйықтаған жаман ырымға саналадаы.
Түн ішінде тырнақ алмайды. Бұлай еткенде қол кесіліп кетуі, тамаққа тырнақ ұшып түсуі мүмкін.
Тырнақ пен шашты баспайды, отқа тастамайды. Оларды адам баспайтын жерге көмеді.
Кірдің суын басуға болмайды. Барлық жаманшылық кірдің суымен кетеді, оны басу сол жаманшылықты үйіңе әкелгенмен бірдей.
Басты маңдайдан бастап жуады. Өйткені жақсылықтың бәрі адамның маңдайына жазылады.
Таяққа сүйенуге болмайды. Себебі жақыны қайтыс болған ер адамдар ғана таяққа сүйенген.
Бейіт үстінен шауып өтуге, бейітке қарап қолды шошайтуға, оған қарап түзге отыруға болмайды. Өйткені бейіт – киелі жер.
Өтірік жылауға болмайды. Бұл – қайғы-қасірет шақыратынжаман ырым.
Дәретханаға кіргенде сөйлеуге, күлуге болмайды. Дәретханаға сол аяқпен кіріп, оң аяқпен шығу керек. Бойымдағы ауыртпалық дәретханада қалсын деп, сол аяқпен кіріп, жақсылықтың бәрі алдымнан жолықсын деп, оң аяқпен шығу жақсы ырым саналады.
Түнде су алуға бармайды. Ал бара қалған жағдайда «Су иесі Сүлеймен, су алуға рұқсат бер» деп, суға үш рет кесек лақтырып барып алған жөн.
Адамға мылтық оқтануға болмайды.
Шелектегі суға ауызды батыруға болмайды.
Әйелге қатысты тыйымдар
Әйелге бүйірін таянып тұруға болмайды. Өйткені күйеуін жоқтаған әйелдер ғана солай істейді.
Әйелге түнде суға баруға болмайды. Өйткені қорқып, шошыма ауруына ұшырауы мүмкін.
Екіқабат әйелге түйе етін жеуге болмайды. Әйтпесе ол баланы 12 ай көтереді. Егер ол 12 айда да тумайтын болса, бураның мойнына ақ мата салып, содан аттап өтуі керек.
Жаңа босанған әйел киіз үйге кірген итті қумайды. Егер қуса, тістері түсіп қалады.
Әйел отынды ошақтың үш бұтының үстінен асырып жинап қойса, күйеуі басқа әйелге үйленеді.
Қонақ қыз босағаға емес, қарттар отыратын құрметті орынға отырады. Әйтпесе үй иесі бақытсыздыққа ұшырайды.
Екі қабат әйел керілген арқаннан аттап өтпейді. Өйткені босанған кезде баланың кіндігі мойнына оратылып, тұншығуы мүмкін.
Әйел аттылы ер адамның жолын, үлкендердің алдын кесіп өтпейді. Бақытсыз жағдайға душар болады.
Әйелге шашын отқа тастауына болмайды. О дүниеде құдай әйелдер мен қыздардан «саған берген шашымды қайда тастадың» деп сұрайды. Әйел тарақ жүзіндегі шашты жинап, аяқ баспайтын жерге қоюы керек.
Кір жуғанда кірдің суын жолға, аяқ астына төгуге болмайды. Кірдің суын басқан адам жаманшылыққа ұшырайды.
Түн ішінде кір жаймайды. Өйткені әйел қорқып, шошыма ауруына шалдығуы мүмкін.
Әйелге шашын жайып жүруіне болмайды. Өйткені қаралы әйел ғана шашын жайып жіберетін болған.
Жұма күні кір жууға болмайды. Жұма күні кір жуылса – аруақтар риза болмайды.
Айт мейрамы кезінде кір жууға болмайды. Өйткені айт – қазақ халқының діни мейрамы, қасиетті мерекесі.
Қызға құйымшақ жегізбейді. Құйымшақ жесе, жеңілтек болады деп санайды.
Түсік тастамасын деп жас әйелдің етегін бүріп қояды.
Екіқабат әйелге ара, қайшы ұстатпайды.
Екіқабат әйел қоян етін жесе, баласы қоянжырық болып туады.
Жас келіннің емшегі, малдың желіні іссе, қайтыс болған адамды жуған қолғаппен аптайды.
Балаға қатысты тыйымдар
Нәрестенің бетіне ай сәулесін түсірмейді. Ай сәулесі бетіне түссе, ол ауруға шалдығады.
Жаңа туған баланың кіндігі қатқанша, күн батқаннан кейін үйден күл шығармайды. Егер күл шығарылса, нәрестенің денсаулығы нашарлайды.
Бала қырқынан шыққанша, түнде алып жүрмейді. Нәрестенің бетіне ай сәулесі түсуі мүмкін.
Бейуақытта баланың киімін далаға жаймайды.
Баланы ожаумен ұрса, ырыс-несібе кетеді.
Баланы сыпырғышпен ұрмайды. Сыпырғы тиген бала жаманшылыққа ұшырайды.
Балаға үлкен адамның алдын кесіп өтуге, үлкендердің сөзіне араласуға болмайды. Бұл әдепсіздік болып саналады.
Қызы балаларға дөрекі сөз айтуға болмайды. Бұл – әдепсіздік белгісі.
Қыздардың ұлдарды тебуіне болмайды. Бұл көргенсіздік болып саналады.
Үлкен кісіге бірінші сәлем беру керек.
Үйге келген кісінің аяқ киімін тазалап, ол кетерде алдына қою керек.
Үйге келген кісіге төрден орын беру керек.
Бесікке қатысты тыйымдар
Бос бесікті тербетуге болмайды. Бос бесікті тербеткен жаман ырым саналады. Үйге келген адам бос бесікті тербету арқылы өзінің ұрпақсыз қалғанын үндемей-ақ білдірген.
Бесікті сатуға, кез келген адамға беруге, аяқ астына тастауға болмайды. Қазақ халқында бесік ұрпақ жалғастыратын қасиетті бұйым саналады. Баласы көп үйдің бесігін жақсы ырымға жорып, тек жақын туыстары қалап алып, жаңа түскен келіннің отауының төріне қойған. Бесікті ашық қалдырмайды, орап қояды. Бос бесіктің өзін анда-санда отпен аластап, жын-шайтаннан қорғаған.
Жол жүруге қатысты тыйымдар
Сейсенбі күні алыс жолға шықпайды. Сәрсенбі күні жолға шыққан жолаушының жолы болады.
Жолда кездескен адамнан «қайда барасың?» деп сұрамайды, «жол оң болсын!» деу керек.
Аттылы жолаушы келсе, атын қазыққа байлап, содан соң ғана киіз үйдің алдына келіп, үй иелерімен сөйлеседі. Егер асыққан жолаушы болса, аттан түспестен, киіз үйдің сыртынан сөйлеседі.
Жүкпен жолға шыққанда, үйден тұз алмайды.
Жүрер жолдың уақытын кесіп айтуға болмайды. Ол құдайға астамшылық, күпірлік болады. Жол жүретін адам «Алла жазса», «Алла жол берсе», «Құдай қаласа», «Барар жердің дәмі тартса», «Жол бойындағы әруақтар қолдап, Алла оңдаса» деп тілек тілегенде, жол бойындағы кедергілердің бәрі аластатылады.
Жұма күні көшуге болмайды. Жұма – қасиетті күн. Бұл күні ата-баба әруақтары шаңыраққа келіп, дұға дәметеді.
3. Тыйым сөздердің қазақ, орыс, ағылшын тілдерінде
Тыйымдардың түрлері/ Виды запретных слов/ The types of forbidden words:
Қазақ тілінде Орыс тілінде Ағылшын тілінде
1. Малға қатысты тыйымдар/
Запретные слова касательно домашнего скота/
The forbidden words about cattle:
Бөтен адамға таңертең мал шығартуға болмайды. Нельзя утром выводить скот чужим людям (незнакомые люди). Strangers are not allowed to lead the cattle for grazing in the morning.
Буаз малды қуаламайды. Нельзя гоняться за скотиной которая вынашивает детёныша. It is impossible to chase cattle which bears a cub.
Малшыларға беті-қолын жумай мал шығаруға болмайды. Нельзя выходить пасти скот не вымыв руки, ноги. It is impossible to leave to graze the cattle without having washed hands and feet.
Сүт сауатын шелекті су басына апаруға болмайды. Нельзя использовать подойник для колодезной воды. It is not allowed to use a milk bucket for a well water.
Қой бағып отырып, киім тігуге, жыртқыш құстардың атын атауға, мал ауруларының атын ататуға болмайды. При выпасе баранов, нельзя упоминать болезни скота, названия диких птиц и шить одежду. It is forbidden to keep in mind the cattle diseases and the names of birds. It is also forbidden to sew.
Малды басқа ұрма. Нельзя бить по голове скотину. It is forbidden to beat cattle on the head.
Малды теппе. Нельзя пинать скотину. It is forbidden to kick cattle.
Малға теріс қарап мінбе. Нельзя садиться на скотину задом на перёд. It is forbidden to sit backwards on the cattle back.
Сатылған яки сыйланған малды еске алып, қайғыруға болмайды. Нельзя горевать, упоминать скотину, которую продали, либо подарили. It is not allowed to mourn for the sold or presented cattle.
Мал туралы сөз болғанда “не бағып жүрсің“, “не айдап жүрсің“ деп сұрауға болмайды. Когда речь идёт о скотине, нельзя спрашивать "что ты пасешь," "что ты гонишь". It is not allowed to ask questions like “What cattle are you grazing?” or “What cattle are you leading?” while talking about it.
Мал қораның үстіне шығуға болмайды. Нельзя подниматься на крышу скотного двора. It is impossible to go up a farmyard roof.
Малшы мал бағып жүрген таяғын бөтен біреуге беруіне болмайды. Шопан таяғы киелі болып саналады. Нельзя дарить чужому человеку свой хлыст которым пасёшь скот. It is forbidden to present horsewhips to strangers.
Күн батқаннан кейін қорадан мал шығаруға болмайды. После захода солнца нельзя выгонять скотину на улицу. It is forbidden to lead the cattle for grazing after the sunset.
Жаңа ай туғанда қойға қошқар жібермейді. На новолуние, нельзя подпускать барана к овце. It is forbidden for rams to be let to the ewe during the new – moon.
Қойға қошқар жіберіп жатқанда, ұрсысуға, камшы өруге болмайды. Когда посылаешь барана самца к овце, нельзя ругаться и плести кнут. While sending rams to ewes you mustn`t swear or twine knouts.
Он екі мүшесінің бірі кем адам койға қошқар жіберуіне болмайды. Нельзя инвалиду (у которого отсутствует одна из частей тела) пускать барана к овце. The disabled are not allowed to let the ram to the ewe.
Малдың уызын алдымен үй иесі ішуі керек. Уыз ішкен соң іле су ішуге болмайды. Молозиву (первое молоко скотины) должен выпить хозяин дома. И после выпитого молозива нельзя пить воду. The first milk should be drunk by the master. It is not allowed to drink water after that.
Сүтті үрлеп ішпейді, майлылығы азаяды. Когда пьешь парное молоко нельзя дуть на него, потому что испоряется жирность. While drinking the new milk you shouldn`t blow on it because its fatness disappears.
Сүттен жасалған тағамды жерге түкіріп тастамайды. Приготовленную из молока пищу нельзя выплёвывать на землю. Milk food mustn`t be split on the ground.
Малдың сүйегін аяққа баспай, жерге көмеді, немесе аяққа баспайтын жерге тастайды. Кость умершей скотины надо закопать, либо выкинуть на землю на которую не наступают. The bone of the died cattle should be dug, or to throw out the earth on which don't attack.
Малды ысқырып жүріп айдамайды. Жылан келеді. Нельзя гонять скотину свистя, потому что придет змея. It is impossible to drive cattle whistling because the snake will come
Жас мал төлдегенде, үйге қарыз сұрап келмейді. Когда оплодотварилась молодая скотина, нельзя спрашивать у хозяина в долг что либо. When the young cattle was impregnated, it is impossible to ask the owner on credit something .
Қой қоздағанда, оның шуын жерден көтермей, сүйретіп алып тастайды. Әйтпесе, қозы қашаған болады. Когда оплодотварилася овца, нельзя поднимать с земли остаток слизости, надо её перетащить в другое место. Потому что ягнёнок будет убегать. When the sheep was impregnated, it is impossible to lift the slizost rest from the earth, it is necessary to drag it in other place. Because the lamb will escape.
Қой қырқатын қайшыны иесіне қайтарғанда, бос қайтармай, жүн орап беру керек. Ножницы которыми стигёшь барана, нельзя возвращять хозяину пустыми, надо их обмотать шерстью. Scissors with which стигёшь a ram, it is impossible to return to the owner empty, it is necessary to wind them with wool.
Тұмса малдың алғашқы сүтін ешкімге бермейді, сүтті болса айтып мақтанбайды. Нельзя чужим людям давать первое молоко молодой коровы и нельзя хвалить корову о том что она даёт много молока. It is impossible to give to foreign people the first milk of a young cow and it is impossible to praise a cow about that that it gives a lot of milk.
Мал иесі немесе сол отбасында адам қайтыс болса, сауын малдың төлін
ағытып жібереді. Если хозяин дома либо человек проживающий в этом доме умер, то надо распустить отелившуюся корову от детёныша. If the host or the person living in this house died, it is necessary to dismiss the calved cow from a cub
Мал қораға түн ішінде шала жанған от алып кіруге болмайды. Нельзя заходить ночью в скотный сарай со слабо горящим огнём. It is impossible to come at night into a cattle shed with burning low fire.
Қайнап жатқан сүт отқа төгілсе, малдың желіні қайтады. Если кипящее молоко прольётся в огонь, то у скотины пропадёт молоко. If boiling milk spills in fire, at cattle milk will be gone.
Жерге төгілген сүтті баспайды. Нельзя наступать на место где пролилось молоко. It is impossible to step on a place where milk spilled.
Сойылған малдың қанын түлік көзінше (әсіресе сиыр малы үшін) төгуге болмайды. Нельзя выливать кровь зарезанной скотины перед глазами других домашних животных(особенно перед коровами). It is impossible to pour out blood of the killed cattle before eyes of other pets (especially before cows).
Малдың алдынан бос ыдыспен шығуға болмайды. Нельзя выходить перед скотиной с пустой пасудой. It is impossible to leave before cattle with empty ware.
Малды қу ағашпен, болмаса, кабығы алынған ағашпен айдауға болмайды. Нельзя гонять скотину вычещенной от коры палкой, либо высохшой палкой. It is impossible to drive cattle the stick cleaned from bark, or the dried stick
Малды сыпырғышпен ұруға болмайды. Нельзя бить скотину веником. It is impossible to beat cattle a broom.
Итті теппе. Нельзя пинать собаку. It is forbidden to kick the dog.
Әкесі бар балаға бас ұстауға болмайды. Человеку, у которого есть отец, нельзя трогать голову (скота, зверя, птицы). The man who has a farther is forbidden to hold a boiled hat (cattle, animal, bird).
Әйелге (қыз балаға) малды (құсты, аңды) союға болмайды. Женщине (девушке) нельзя резать скот (птицу). The woman (girl) is forbidden to cut cattle (bird).
2. Бала тәрбиесіне қатысты тыйымдар/ Запретные слова касательно воспитание детей/
Forbidden words concerning up-brining children:
Бөркіңді теріс қаратып киме. Нельзя надевать головной убор наоборот. It is forbidden to put on a hat back to front.
Бүйіріңді таянба. Не ставь руки в боки. Don’t put hands on sides.
Бейуақытта жылама. В неположенное время не плачь. Don’t cry in improper time.
Басынды шайқама. Не крути головой. Don’t spin your head.
Бейуақытта ұйықтама. В неположенное время нельзя спать. It is forbidden to sleep in improper time.
Бетінді баспа. Не поддерживай голову рукой (ладонью). Don’t support your head with your hand (palm).
Қыз бала босағаға отырмайды. Девушка не должна сидеть на пороге. A girl must not sit on the threshold.
Босағаға сүйенбе. Нельзя опираться на дверные рамы. It is forbidden to lean against door frames.
Босағада тұрма. Нельзя стоять на пороге. It is forbidden to stand on the threshold.
Бос бесікті тербетпе. Нельзя качать пустую колыбель. It is forbidden to swing an empty cradle.
Екі езуінді керме. Нельзя растягивать рот. It is forbidden to stretch a mouth.
Кірдің суын баспа. Нельзя наступать на воду,вылитую после стирки белья. It is forbidden to step on the water poured after the washing.
Кірдің суын аяқ басатын жерге төкпе. Нужно выливать воду после стирки белья в отведенное для нее место. It is necessary to pour the water after washing in the leaded for it place.
Нанды баспа. Нельзя наступать на хлеб. It is forbidden to step on bread.
Нанды лақтырма. Нельзя выкидывать хлеб. It is forbidden to throw away bread.
Нанды тастама. Нельзя оставлять хлеб недоеденным. It is forbidden to leave bread uneaten.
Нанды төңкерме. Хлеб нельзя переворачивать. It is forbidden to turn over bread.
Нанның үстіне басқа зат қойма. На хлеб нельзя ставить другие вещи. It is forbidden to put other things on bread.
Көкті жұлма. Нельзя срывать растение. It is forbidden to pick plants.
Көгалды таптама. Нельзя топтать траву (зелень). It is forbidden to trample on grass (verdure).
Кесені төңкерме. Нельзя переворачивать пиалу (кесешку). It is forbidden to turn over a cup.
Киімнің жағасын баспа. Нельзя наступать на ворот одежды. It is forbidden to step on collar of clothe.
Отқа түкірме. Нельзя плевать на огонь. It is forbidden to spit on fire.
Құдыққа, суға түкірме. Нельзя плевать на воду либо в колодец. It is forbidden to spit on water or in the well.
Түнде шаш, тырнақ алма. Нельзя ночью подстригать ногти либо волосы. It is forbidden to cut nails or hare at night.
Кісіге қарап түшкірме. Нельзя чихать на человека. It is forbidden to sneeze on a man.
Ас ішкенде мұрнынды шұқыма. Когда кушаешь, нельзя ковырятся в носу. It is forbidden to pick in the nose when you eat.
Көзінді қитарлама (алайтпа). Нельзя специально косить глаза. It is forbidden to squint eyes without reason.
Ернінді шығарма. Нельзя играть с губами. It is forbidden to play with lips.
Ақсақ болмасаң, таяқ таянба. Если не хромой, то нельзя опираться на палку. It is forbidden to lean against stick if you are not lame.
Су жағасына түнеме. Нельзя ночевать возле воды. It is forbidden to night near the water.
Болмашы нәрсеге жылама. Нельзя попусту плакать. It is forbidden to cry to no purpose.
Асты жамандама. Нельзя говорить плохое о еде. It is forbidden to speak bad about meal.
Отқа тесіле қарама. Нельзя смотреть на огонь пристально. It is forbidden to look at fire fixedly.
Қолыңды қалтаңа салып жүрме. Нельзя ходить сложа руки. It is forbidden to go with your hands formed.
Қол жуғанда қолыңды сілкіме. Нельзя стряхивать воду после мытья рук. It is forbidden to shake off water after you wash hands.
Жерді бей-берекет қазба. Нельзя копать землю беспорядочно (в разных местах). It is forbidden to dig land in different places.
3. Әдептілік пен ізеттіліке қатысты тыйымдар/ Запретные слова касательно учтивости и любезности/ Forbidden words concerning politeness and civility:
Аузынды қолыңмен жаппа. Нельзя руками прикрывать рот. It is forbidden to cover mouth with hands.
Аяқ киімінді төрге шығарма. Нельзя оставлять обувь в неположенном для нее месте. It is forbidden to leave foot in improper for it place.
Аяғынды жоғары көтерме. Нельзя задирать ноги. It is forbidden to lift up legs.
Бейуақытта кісіге көңіл айтпа. Нельзя выражать соболезнование человеку не в свое время (преждевременно). It is forbidden to pray condolence to men in forehead.
Бір қолынмен нан үзбе. Нельзя одной рукой отламывать хлеб. It is forbidden to break off bread with one hand.
Баланы қарғама. Нельзя проклинать ребенка. It is forbidden to curse a child.
Жетімді жәбірлеме. Нельзя притеснять сироту. It is forbidden to oppress orphan.
Жаңа байығаннан қарыз сұрама. У только разбоготевшего нельзя просить в долг. It is forbidden to land money by that person who gets rich.
Жақын адамға пышақ сыйлама. Нельзя дарить нож близкому человеку. It is forbidden to present a knife to a close man.
Жас жұбайлардың төсегіне жатпа. Нельзя ложиться в постель молодоженов. It is forbidden to lay into the bed of newlyweds.
Жер-ошақтан аттама. Нельзя перешагивать через земляной очаг (углубление для разведения огня). It is forbidden to step across land hearth.
Жер таянып отырма. Нельзя опираться рукой на землю, когда сидишь. It is forbidden to lean against land with a hand when you sit.
Тізенді құшақтап отырма. Запрещается обнимать колени. It is forbidden to clasp knees.
Өтірік жылама. Нельзя притворно плакать. It is forbidden to cry affectedly.
Қараңғыда киіз кақпа. Нельзя отряхивать ковер в темноте.
It is forbidden to shake off carpet in the darkness.
Қарғанба. Нельзя проклинать. It is forbidden to curse.
Қонаққа берер затты сол колыңмен берме. Нельзя давать гостям подарки левой рукой. It is forbidden to give presents to guests with left hand.
Кісі мініне күлме. Нельзя смеятся над недостатками человека. It is forbidden to laugh at drawbacks of a man.
Кемтарға күлме. Нельзя смеятся над слабоумным человеком. It is forbidden to laugh at weak-minded man.
Күйеуіңнен бұрын жатпа. Нельзя ложиться спать раньше мужа. It is forbidden to go to sleep before husband.
Күйеуіңнен қайда барасың деп сұрама. Нельзя спрашивать у мужа куда он идет. It is forbidden to ask a husband where he goes.
Есіктен сәлем беріп, оң аяқпен кіру керек. Надо здароваться и заходить правой ногой. It is necessary to greet and come in with right leg.
Түнде терезеден қарамау керек. Нельзя ночью смотреть в окно. It is forbidden to look at the window at night.
Түнде айнаға карама. Нельзя ночью смотреть в зеркало. It is forbidden to look at mirror at night.
Үлкенге бұрын сәлем беру керек. Надо сперва здароваться со взрослыми людьми. It is necessary to greet grown – up persons.
Киімді желбегей жамылма. Нельзя укрываться верхней одеждой. It is forbidden to cover oneself by upper cloth.
Үлкеннен бұрын дастарханға қол созба. Нельзя протягивать руку за столом раньше взрослых людей. It is forbidden to stretch out hand by the table before grown – up persons.
Отырғанда аяқты айқастырмайды. Нельзя класть ногу на ногу, когда сидишь. It is forbidden to put leg on leg when you sit.
Киімді аяқ жақтан емес, бас жақтан шешеді. Одежду надо снимать через голову, а не через ноги. It is necessary to put off cloth per head not per legs.
Аузынды қатты ашып есінеме. Нельзя зевать широко с раскрытым ртом. It is forbidden to yawn with your mouth wide open.
Есікті теппе. Нельзя пинать дверь. It is forbidden to kick door.
Піскен тамақ салынған табақтарды төңкерме. Нельзя переворачивать посуду, где готовят еду. It is forbidden to turn over dish where food is prepared.
Көп алдында керілме. Нельзя подтягиваться перед людьми. It is forbidden to pull up in front of people.
Әйелге тіл тигізбе. Нельзя оскорблять женщин (девушек). It is forbidden to insult women (girls).
Басынды түнде жума. Нельзя мыть голову ночью. It is forbidden to wash head at night.
Әйелге үй арасында жүгіріп жүруге болмайды. Нельзя женщине ходить по чужим домам. It is forbidden to women to go to foreign houses.
Отты су сеуіп өшірме. Нельзя гасить огонь водой. It is forbidden to extinguish fire with water.
Қайын атасына арқасын беріп отырмайды. Нельзя сидеть спиной к отцу мужа либо жены. It is forbidden to sit with back to the farther of husband or of wife.
Түнде жас әйел жалаңбас далаға шықпайды. Нельзя выходить молодой жене ночью с непокрытой головой (без головного убора). It is forbidden to young wife to go at night without headache dress.
Кесірленіп сөйлеме. Нельзя настаивать на разговоре. It is forbidden to insist on a talk.
Мал сойғанда оған қызықтап карама. Нельзя смотреть с интересом, когда забивают (режут) скот. It is forbidden to look with interest when cattle are cut.
Мал сойған жерге отырма. Нельзя сидеть на месте, где резали скот. It is forbidden to sit on a place where cattle were cut.
Шашынды жайып жүрме. Нельзя ходить с распущенными волосами. It is forbidden to go with dissolute hare.
Ыдыс-аяқты теппе. Нельзя пинать посуду. It is forbidden to kick dish.
4. Тұрмыс заттарына байланысты тыйымдар/ Запретные слова касательно бытовых вещей/
Forbidden words concerning everyday things:
Дастарханның бұрышына отырма. Нельзя сидеть в углу стола. It is forbidden to sit at the corner of table.
Дастархан басында түрегеп тұрма. Нельзя стоять возле стола. It is forbidden to stand near table.
Дастарханды баспа, аттама. Нельзя наступать, перешагивать через стол. It is forbidden to step, to step across table.
Дастарханды кез келген жерге қойма. Нельзя ставить стол в неположенном месте. It is forbidden to put table in improper place.
Дастарханды теппе. Нельзя пинать стол. It is forbidden to kick table.
Дастарханға түкірме. Нельзя плевать на стол. It is forbidden to spit on table.
Дастарханды пышақпен қырма. Нельзя ножом сгребать со стола. It is forbidden to shovel together form table with a knife.
Дастархан үстіне келген адамға дәм ауыз тигіз. Надо угостить человека, когда накрыт стол. It is necessary to taste person when a table is laid.
Ошақты теппе. Нельзя пинать очаг. It is forbidden to kick hearth.
Пышақты сұрап не қалап алуға болмайды. Нельзя просить или желать заполучить нож. It is forbidden to ask or want to get a knife.
Біреуге пышақ сыйлауға болмайды. Нельзя дарить другому человеку нож. It is forbidden to present a knife to another man.
Тамақты пышақтың ұшымен жеуге болмайды. Нельзя есть с ножа. It is forbidden to eat from knife.
Пышақпен ойнамайды. Нельзя играть с ножом. It is forbidden to play with knife.
Пышақтың жүзін жаламайды. Нельзя лизать нож. It is forbidden to lick knife.
Ақшамда пышақ қайрамайды. Нельзя под вечер точить нож. It is forbidden to sharpen knife in the evening.
Біреудің пышағымен ет кескен кісі оны қайтарарда ұшына ет шаншып береді. Человек, который резал чужим ножом, должен вернуть нож с колотым мясом. A man who cut with a foreign knife must return knife with cutter meat.
5. Жас әйелге байланысты тыйымдар/ Запретные слова касательно молодых женщин/ Forbidden words concerning young women:
Аяғы ауыр әйелге балық жеуге болмайды. Нельзя беременной женщине есть рыбу. It is forbidden to pregnant women to eat fish.
Жүкті әйелге қоянға қарауға болмайды. Баласы жырық болып қалады. Нельзя беременной женщине смотреть на зайца. Ребенок может быть с дефектами. It is forbidden to pregnant women to look at hare. A child may be with defects.
Жүкті әйел шашын кеспейді. Нельзя беременной женщине стричь волосы. It is forbidden to pregnant women to cut hair.
Жүкті әйелге түйеге қарауға, етін жеуге болмайды. Нельзя беременной женщине смотреть на верблюда и есть его мясо. It is forbidden to pregnant women to look at a camel and to eat it meat.
Жүкті әйел кембағал не ұсқынсыз адамдарға қарамағаны дұрыс. Нельзя смотреть беременной женщине на инвалида либо на неприятного ей человека. It is forbidden to pregnant women to look at a disabled worker or at an unpleasant man to her.
Жүкті әйелге қайтыс болған адамның жанына баруға, өлікті алып бара жатқандардың жолын кесуге т.б. болмайды. Нельзя беременной женщине подходить к умершему человеку, переходить дорогу несущим умершего. It is forbidden to pregnant women to come up to a dead man, to cross a road to those who carry a dead man.
Әйелге жылан өлтіруге болмайды. Нельзя женщине убивать змею. It is forbidden to women to kill a snake.
Әйел бала жолаушының жолын кеспейді. Нельзя женщине переходить дорогу путника. It is forbidden to women to cross a road to traveller.
Қыз баланы қырық үйден тыю керек. Надо молодой девушке запрещать ходить по чужим домам. It is necessary to forbidden to a young girl to go to foreign houses.
6. Бесікке байланысты ырым-тыйымдар/ Запретные слова касательно колыбели/
Forbidden words concerning cradle:
Бос бесікті тербетпейді. Нельзя качать пустую колыбель. It is forbidden to swing an empty cradle.
Бос бесікті еш уақытта жабусыз қалдырмау керек. Үстіне ақ мата жауып, ең болмағанда ұршығына орамал байлап қою қажет. Никогда нельзя оставлять колыбель открытой. Надо наверх укрыть белым материалом либо завязать платком. It is forbidden to leave a cradle open. It is necessary to put on the top with a white material or to stick with kerchief.
Бесіктің теріс жағына отырмайды. Нельзя сидеть отвернувшись от колыбели. It is forbidden to sit turning away from cradle.
Бесікті саудаламайды. Айтқан бағасына сатып алу керек. При покупки колыбели нельзя торговаться. Надо брать за ту сумму, которая было сказана. It is forbidden to bargain when you buy cradle. It is necessary to take for the sum which was said.
Бесік жасайтын шеберлер ынсапты болуы тиіс. Киелі дүниенің бағасын аспандатпауы керек. Человек, который делает колыбель, должен быть совестливым (скромным). И нельзя продавать колыбель по дорогой цене. A man who makes cradle must be shy. It is forbidden to sell cradle by expensive price.
Бесікті теппе. Нельзя пинать колыбель. It is forbidden to kick cradle.
Бесікті аяқ-асты қойма. Нельзя ставить колыбель в неположенном месте. It is forbidden to put cradle in improper place.
Бесікті көрінгенге берме. Нельзя отдавать колыбель незнакомцам. It is forbidden to give cradle to unknown people.
Бесікті сатпа. Нельзя продовать колыбель. It is forbidden to sell cradle.
Баланы алғаш жуындырған суды үш күнге дейін төкпе. Нельзя три дня выливать воду, в которой купали младенца. It is forbidden to pour water where to bathe baby.
7. Табиғат құбылыстарына байланысты тыйымдар/
Запретные слова касательно явление природы/
Forbidden words concerning phenomenon of nature:
Айға қарап қол шошайтпа. Нельзя указывать пальцем на луну. It is forbidden to point with a finger at Moon.
Айға қарап дәрет сындырма. Нельзя справлять нужды, смотря на луну. It is forbidden to do one’s needs looking at Moon.
Жеті түңде жүрме. Нельзя ходить ночью. It is forbidden to go at night.
Жұлдызды санама. Нельзя считать звезды. It is forbidden to count stars.
Күн бата жатпа. Нельзя ложиться спать, когда восходит солнце. It is forbidden to go to sleep when sun rises.
Күн батқанда сыпырындыны далаға шығарма. Когда взошло солнце, нельзя выносить мусор. It is forbidden to carry out rubbish when sun rises.
Күн шықпай күл төкпе. Нельзя выносить золу прежде чем не взошло солнце. It is forbidden to carry ashes out before sun rise.
Отқа қарап дәрет алма. Нельзя справлять нужды, смотря на огонь. It is forbidden to do one’s needs looking at fire.
Отты аттама. Нельзя перешагивать через огонь. It is forbidden to step across fire.
Отпен ойнама. Нельзя играться с огнем. It is forbidden to play with fire.
Отқа түкірме. Нельзя плевать на огонь. It is forbidden to spit at fire.
Отты үрлеме. Нельзя дуть на огонь. It is forbidden to blow at fire.
Жұлдыз аққанда қарама. Нельзя смотреть на звезды, которые падают. It is forbidden to look at stars which falling.
Аяқты құбылаға қаратып жатуға болмайды. Нельзя ложиться спать ногами к стороне, где восходит солнце. It is forbidden to go to sleep with feet to the side where sun rises.
↧
Қазақ халқының ырым-тыйым сөздері
↧