08.12.2017ж
Пән мұғалімі: З. Джумадуллаев Тексерілді
Директордың оқу ісі жөніндегі
орынбасары Р. Ермаханова
Қысқа мерзімді жоспар
Пәні: Қазақ тілі
Сыныбы: 7 «В»
Сабақтың тақырыбы |
Ұлттық команда |
Оқу мақсаттары |
7.Т2 Тыңдалған мәтіннің негізгі мазмұнын түсіну,ақпараттың өзектілігін анықтау. |
|
7. А3 Ауызша мәтіндер құрауда екпін түрлерін сөз және сөйлем ішінде орынды қолданып айту. |
|
7.О1 Кесте, диаграмма, сызба, шартты белгілер түрінде берілген ақпаратты түсіну, қолдана білу. |
|
7. Ж4 Тақырып бойынша мәліметтерді жинақтап, презентация түрінде ұсыну. |
Сілтеме |
Оқу бағдарламасы, «Қазақ тілі» оқулығы |
Жетістік критерийлері: |
Оқушының төменгі жетістігі: тақырыпқа қатысты мәтіндерді мәнерлеп оқиды, мәтіндерден тақырыпқа қатысты негізгі ақпаратты таба алады. |
|
Оқушының орта жетістігі: сабақ барысында мәтіндерді талдау, сипаттау арқылы ұ ұлттық команда киімі жайлы толық ақпарат бере алады. |
|
Оқушының жоғары жетістігі: тақырып көлемінде шағын сөйлемдерді құрау арқылы сөйлесімге түседі, ұлттық команда киімі туралы тың ақпараттар бере алады. |
Жаңа сөздер |
Ұлттық нақыш, жанкүйер, өлшем, шақ келді / шақ емес, жарасу / жараспау. |
Сабақта қолданылатын материалдар: |
Интербелсенді тақта, ноутбук, слайдтар, А 4 парағы, маркерлер, плакат, желімқағаздар, кесте. |
Оқыту әдістері |
Сипаттау, талдау, әңгімелеу, сұрақ-жауап, «Ыстық алақан» тренингі, коллаж, диалог, «Ішкі және сыртқы шеңбер» техникасы. |
Дереккөздер |
Әдістемелік құрал, дидактикалық материалдар, сөздік. |
Тапсырмалар:
Сабақ барысындағы мұғалім мен оқушының іс-әрекеті:
Тапсырма |
Мұғалімнің іс- әрекеті |
Оқушының іс- әрекеті |
|||||||||
Оқушыларға психологиялық ахуал туғызу |
«Ыстық алақан» тренингі. Оқушылармен сәлемдеседі, түгендейді. |
Оқушылар бір-бірімен қол алып, амандасады. Бір-біріне жақсы тілектер айтады. |
|||||||||
Өткен сабақты тексеру |
Үй тапсырмасын тексереді. Кемшіліктерді анықтайды, түзетеді, бағалайды. |
Тапсырманы айтады, тақырып бойынша сұрақтарға жауап береді. |
|||||||||
І Қызығушылықты ояту |
Оқушылардың жаңа сабаққа деген қызы-ғушылығын ояту мақсатында дайындаған слайдтарын көрсетеді, ой шақыру сұрақта-рын қояды: - Балалар, сендердің ұнататын ұлттық командаларың бар ма? Олар қандай киім киеді? Ұлттық команда киімін сипат- тап беріңдерші. |
Оқушылар сұрақтарға жауап береді. Ұлттық команда киімін сипаттайды. |
|||||||||
ІІ Мағынаны тану. |
1.Сөздікпен жұмыс. А) Мұғалім интербел-сенді тақтадан тақырыпқа қатысты жаңа сөздермен таныстырады, аудармасын айтады. Оларды оқиды, оқушыларға қайталатады. |
Тыңдалым. Оқылым. Жаңа сөздерді тыңдайды, қайталайды. Айтылым. Дұрыс айтылуымен ауызша жаттығу жүргізеді. |
|||||||||
|
2. Мәтіналды жұмыс А) Айтылым. Оқулықтағы 1- тапсырманы орындатады. |
Айтылым. Сұрақтарға жауап береді. |
|||||||||
|
Ә) Жазылым. Оқулықтағы 2- тапсырманы орындатады. |
Жазылым. Суретке қарап, мәтін құрайды. |
|||||||||
|
3. Мәтінмен жұмыс. А) Тыңдалым. Оқылым. Оқулықтағы 3 - тапсырманы орындатады. |
Тыңдалым. Оқылым. Мәтінді тыңдайды, тақырып қояды, жоспар құрады, сұрақтарға жауап береді. |
|||||||||
|
Ә) Айтылым. Оқулықтағы 4 - тапсырманы орындатады.
|
Айтылым. Көршісімен сұхбат құрады. |
|||||||||
|
4. Сергіту сәті. 9- тапсырманы орындатады. Коллаж дайындатады |
«Қазақстан спортшылары» тақырыбында коллаж дайындайды. |
|||||||||
|
5. Мәтінсоңы жұмыс. А) Айтылым. Оқулықтағы 6 - тапсырманы орындатады.
|
Айтылым.Досымен диалог құрады. |
|||||||||
|
Ә) Оқылым. Оқулықтағы 7 - тапсырманы орындатады. |
Оқылым.Сұхбатты рөлге бөліп оқиды. |
|||||||||
ІІІ Ойтолғаныс |
Оқулықтағы 8 - тапсырманы орындатады. |
Айтылым. Жағдаяттық тапсырманың шартын орындайды. |
|||||||||
ІV Бекіту |
« Есте сақта!» айдарымен берілген сөздер мен сөз тіркестерін оқытады, талдатады. |
Сөздер мен сөз тіркестерін оқиды, талдайды. |
|||||||||
V Бағалау |
Формативті бағалау. Мұғалім оқушылар- дың бағалауы бойынша өз ойларын айтқызып, қорытынды бағаны өзі қояды. |
Оқушыларға аты-жөні жазылған өзара бағалау парағын береді. Әр аттың тұсына өз бағаларын қояды.
|
|||||||||
VІ Үйге тапсырма |
Оқулықтағы 5 - тапсырманы орындау. |
Күнделікке жазып алады.
|
|||||||||
VІІ Рефлексия |
Күн шапақтары салынған А 4 парағын таратады. |
Оқушылар сабақтан алған әсерлерін күн шапақтарына жазып, тақтаға іледі. |