А.Құнанбаев «Жазғытуры» өлеңі, Қарасөздері
Батыс Қазақстан облысы Жаңақала ауданы №3 жалпы орта білім беретін қазақ мектебінің қазақ тілі әдебиеті пәні мұғалімі Жаманкулова Аягул Орынгалиевна
Сабақтың тақырыбы: А.Құнанбаев «Жазғытуры» өлеңі, Қарасөздері
Сабақтың мақсаты: Ұлы ақын Абайдың шығармашылығы бойынша өткен сабақты пысықтау.
Дамытушылық: Ақын шығармаларының кез-келгенін талдай білу дағдысын одан әрі қалыптастыру,өз пікірі эстетикалық талғамы бар, сауатты оқырман даярлау.
Тәрбиелік: Оқушыларды адамгершілікке,еңбекке,имандылыққа,ата-ананы қадірлеуге,жауапкершілікке тәрбиелеу.
Көрнекілігі: Ақын портреті,слайд,қарасөздер кітабы, бейне ролик.
Сабақтың эпиграф: « Асыл сөзді іздесең,
Абайды оқы, ерінбе!» С.Торайғыров
Сабақтың түрі: Жаңа сабақ
Сабақтың әдісі: 1. сұрақтарға жауап
- реферат қорғау
- топтастыру әдісі
4.инсерт әдісі
Сабақтың барысы: Ұйымдастыру бөлімі
а. амандасу
ә. кезекшімен сұхбат
Үй тапсырмасы: Ұяшықтарға жасырылған сұрақтар арқылы тексеру
- Абай қай жылдары өмір сүрді?
- «Абай жолы» романының авторы кім?
- Ұлжан Абайға кім болып келеді?
- Абайдың шын аты кім?
- Абай кай жерде дүниеге келді?
- Абайдың аяқталмаған поэмасы қалай аталады?
- Абай «Приходская школында» қанша уақыт оқыды?
Жаңа сабақ
Жаңа сабақтың тақырыбын ашу үшін интербелсенді тақта арқылы жазғытұры мезгілі бейнеленген сурет корсетілді.
Абайдың қарасөздерін бейне ролик арқылы бесінші қарасөзін тыңдады.Осы көрнекіліктер арқылы оқушылар өз пікірлерін ортаға салып, сабақ тақырыбын ашты.
Абайда дыбысты топ-тобымен қайталаушылықта жиі кездеседі. Мысалы: Жазғытұры олеңіндегі :
Түйе боздап, қой қоздап, қорада шу
Көбелекпен құстарда сайда ду-ду,-
Деген үзіндіде боздау,қоздау,шу,ду,құстар,көбелек деген ұқсас ұйқас дыбыстарды қайталау арқылы өлеңнің әсерлілігін күшейтіп берген.
Қарасөз дегеніміз- ғылым туралы,философия туралы,дін туралы қарасөзбен жазылған еңбек. А.Құнанбайұлының 1890-1898 ж арасында жазылған 45 қарасөзі бар.
Топтастыру әдісі: « Абай кім?»
ұлы ақын
аудармашы АБАЙ сазгер
күйші ел билеуші
философ
Оқушылар 3 топқа бөлініп әр түрлі тапсырмалар беріледі.
1 топ- Ибрахим
Абай өмірімен шығармашылығы
2 топ-Телғара
Абайдың қарасөздері туралы түсінік беріп,кейбір қарасөздеріне тоқталып кету
3 топ-Абай
Жазғытұрым өлеңін мәнерлеп оқып,жылдың қай мезгілі бейнеленгенін айту
Сабақты бекіту Инсерт әдісі:
Білемін Үйрендім Білгім келеді
Оқушылар өз ойларын ортаға салып, бөлісті.
Сабаққа белсене қатысқан оқушыларды бағалау
Үйге тапсырма : Абайдың қарасөздерінен өздеріңе ұнағанын жаттау
«Менің сүйікті ақыным » тақырыбында эссе жазу
Қорытынды
«Асыл сөзді іздесең,
Абайды оқы, ерінбе.
Адамдықты көздесең,
Жаттап тоқы,көңілге,-деп ақын Сұлтанмахмұт жырлағандай, Абай өлеңдерін, сырлы да,сұлу сөздерін оқып, көңілімізге тоқиық.. «Абай –таусылмайтын жыр, таусылмайтын ән».
Сондықтан да одан ғибрат, өнеге алудан жалықпайық..