Күні: Пәні: қазақ тілі Сыныбы: 11
Сабақтың тақырыбы: Ойталқы
Сабақтың мақсаты: білімділік – ойталқының сөз таласы екенін және оның мақсатын түсіндіру;
тәрбиелік – жастарды елжандылыққа,ұжымшылдыққа тәрбиелеу;
дамытушылығы – іскерлік белсенділіктерін,ойлау қабілетін ауызша және жазбаша талдаулар арқылы дамыту,сөйлеу мәдениетін қалыптыстыру.
Сабақтың түрі: дебат сабақ
Сабақтың әдісі: сұрақ-жауап,түсіндіру, топтастыру т.б.
Сабақтың көрнекілігі: кітаптар,деңгейлік тапсырма
Пәнаралық байланыс: тарих,әдебиет
Сабақтың барысы:
а) Ұйымдастыру кезеңі.
Оқушылармен амандасу,түгелдеу,оқу құралдарын тексеру.Сыныптың тазалығына көңіл бөлу,оқушылардың зейінін сабаққа аудару.
ә) Үй тапсырмасын пысықтау:
Үйге берілген жаттығуды тексеремін.Оқушыларға бірнеше сұрақтар қоямын.
б) Жаңа сабақты түсіндіру:.
Ойталқы-қоғамдық маңызды мәселені талқылау. Ойталқының басқа пікірталастардан ерекшелігі талқылауға түскен мәселенің қойылысы,мақсаты түпкі нәтижесі, т.б сипаттарынан танылады.
Ойталқы жиылған топқа талқылауға ұсынылар сөз таласы |
||||||
Ұсынылар тақырып алдын ала белгіленеді |
Түрлі көзқарастарды талдай отырып,оң шешім мүмкіндіктерін табу |
Ортақ шешімге келу міндетті емес |
Ғылыми және қоғамдық тақырып талданады |
Бірнеше адам баяндама, хабарлама да жасауына болады. |
Ғылыми тақырыпты, көркем шығарманы талқылау, «Дөңгелек үстел», т.б |
Қатысушылар саны үш-төрттен он бес жиырмаға дейін болу мүмкін. |
Жаттығумен жұмыс: 32-жаттығу «Әрқашан шындықты ғана айту қажет пе?» тақырыбына дебат ұйымдастырыңдар. Үш топқа бөлінеді. Екі топ тақырыптар бойынша сөйлейді. Үшінші топ талдау жасай отыра, оларды әділ бағалайды.
Білімді бекіту: . Оқушыларға бірнеше сұрақтар қоя отырып, түсінбеген сұрақтарына жауап беремін.
- Пікірталастың пікіралмасудан қандай айырмашылығы бар?
- Ойталқы дегеніміз не?
- Дебат дегеніміз не?
- Жарыссөз дегеніміз не?
Білімді бағалау: Оқушылардың жауаптарына қарай білімдері бағаланады.
Үйге тапсырма: қайталау