Күні: Пәні: қазақ тілі Сыныбы: 11
Сабақтың тақырыбы: Белгілі бір тақырып бойынша сөйлеуге дайындық
Сабақтың мақсаты: а) пікірталастың түрлері туралы түсініктерін кеңейту. Оқушылардың сабаққа деген қызығушылығын арттыру;
ә) сөйлеу тілін,сөз мағынасын түсініп,шапшаң ой қорыта алуға,көркем ұқыпты жаза білуге дағдыландыру;
б) оқушылардың тілдерін бұрмаламай анық, таза сөйлеуге машықтыру;
Сабақтың түрі: аралас сабақ
Сабақтың әдісі: сұрақ-жауап,түсіндіру,пікірталас т.б.
Сабақтың көрнекілігі: кітаптар, газет-журналдар
Пәнаралық байланыс: тарих,әдебиет
Сабақтың барысы:
а) Ұйымдастыру кезеңі.
Оқушылармен амандасу,түгелдеу,оқу құралдарын тексеру.Сыныптың тазалығына көңіл бөлу,оқушылардың зейінін сабаққа аудару.
ә) Үй тапсырмасын пысықтау:
Үйге берілген жаттығуды тексеремін.Оқушыларға бірнеше сұрақтар қоямын.
- Пікірталас дегеніміз не?
- Пікірталастың қандай түрлері бар?
б) Жаңа сабақты түсіндіру:
Нақты бір тақырып бойынша сөйлеуді шешендік өнердің бір түрі деп те қарастырады. Оның төмендегі бөліктерін жетік түсініп,басты сипаттарын аша алғанда нәтижелі болары сөзсіз.
Дайындық түрлері:
-сөздің жазбаша мәтінін дайындау;
-мәтінді бірнеше рет дауыстап,мәнерлеп оқып дағдылану;
- қажетіне қарай кейбір тұстарын жаттап алу керек десе,келесі бір сөз шеберлері:
-тезис немесе жоспарын жасау;
-мәтіннің негізгі бөліктерін ғана жазу,яғни тірек бөліктерін әзірлеу;
Қалай болғанда да,ойды дәл жеткізе білу,тақырып мәнін ашу жоспар құрудың маңызы ерекше.
Жаттығумен жұмыс: 28-жаттығу. Кестені толтырыңдар.
№ |
Қорытынды түрі |
Қолданылатын сөздер мен тіркестер |
Тақырып |
1 |
Жалпылама қорытынды |
«Сонымен», «Ендеше» |
|
2 |
Тыңдаушыларды нақты бір іске жұмылдыру |
«Біріншіден», «Екіншіден» |
|
3 |
Тыңдаушыларға алғыс айту |
«Тыңдағандарыңызға», «Көңіл қойғандарыңызға» |
|
4 |
Юмормен аяқтау |
«Бірде Қожанасырдан сұрапты» |
|
5 |
Мадақтау, көңіл көтерумен аяқтау |
«Сіздерге үміт артуға болатынына сенемін» |
|
Білімді бекіту: . Оқушыларға бірнеше сұрақтар қоя отырып, түсінбеген сұрақтарына жауап беремін.
Білімді бағалау: Оқушылардың жауаптарына қарай білімдері бағаланады.
Үйге тапсырма: 29-жаттығу.