Тіке жауап тест
Тіке жауап тестіде ауызша жауап беріп,өздеріне ұпай жинайды.
- Дауыссыздан басталып дауыстыға аяқталатын буынды не дейміз?
- Біркелкі дыбысталып айтылатын,бірақ мағынасы басқа-басқа сөздердің тобын не дейміз?
- Қолданыстан шығып қалған,тарихи шығармаларда ғана кездесетін,мағынасы көмескі сөздерді не дейміз?
- Бір тілде сөйлесетін адамдардың бәріне түсінікті ортақ сөздерді не дейміз?
- Ауа өкпеден кедергісіз шығып,үннен ғана тұратын дыбыстарды не дейміз?
- Сөз құрамындағы бір немесе бірнеше дыбыстардың тобынан жасалған фонетикалық бөлшектерді не дейміз?
- Көзге көрінбейтін адамның ойлауы нәтижесінде ғана танылатын құбылыс,ұғым атауларын не дейміз?
- Өзге сөз таптарынан жасалған сын есім қалай аталады?
- Жалғаудың неше түрі бар?
- Үстеудің мағыналық түрлерін ата
Анықтау тест
Анықтау тестіде жеке-жеке компьютерден тексереміз
Рет саны |
Тапсырмалар |
Жауаптары |
1. |
Өзі жалғанған сөзге меншік мағына беретін жалғаудың түрін анықта |
|
2. |
Зат есім,сын есім,сан есімнің орнына жүретін сөз табын анықта. |
|
3. |
Мифтік ескі наным бойынша атын тура атауға тиым салынған сөздерді не дейміз? |
|
4. |
Түрлі дыбыстарға елітеуден туындаған сөздерді анықта |
|
5. |
Сөйлемде белгілі бір мүшенің мағынасын басқа сөзбен түсіндіріп,нақтылап көрсететін сөйлем мүшесін анықта |
|
6. |
Сөйлемде іс-әрекеттің түрлі белгісін (мекен,мезгіл т.б.) анықтайтын сөйлем мүшесін анықта. |
|
7. |
Түбір сөзге қосымша жалғану арқылы жасалған сөзді анықта. |
|
8. |
Мағынасы дөрекі,тұрпайы сөздің орнына сол ұғымды жұмсартып қолданылатын сыпайы сөздерді анықта. |
|
9. |
Белгілі бір кәсіпке,шаруашылыққа,өнерге байланысты қолданылатын және сол кәсіппен айналысатындарға ғана түсінікті сөздерді анықта. |
|
10. |
Сөз және оның мағынасын зерттейтін саланы анықта. |
|
Сәйкестік тест
Сәйкестік тестіде ауызша жауап береді,түсіндіреді.
- 1) Зат есім шырақ,кенже қыз 2) есімдік кім,не 3) табу сілтеу,жіктеу
- 1) эвфемизм ашық,тұйық,бітеу 2) буын төбе шашы тік тұру,қоян жүрек 3) табу қолды болды,о дүниеге аттанды
3.1) сабақты етістік оңашаланған,қосарлы 2) есімдік табыс септігі 3) табу қандай,қай
4.1) көсемше атау,ілік септіктен өзге септіктер 2) реттік,жинақтық,болжалдық 3)-ып,-іп,-п,-қалы,-келі,-а,-е,-й
5.1) сарғыш жай шырай 2) аса қызыл салыстырмалы 3) суық асырмалы
6.1) жұрнақ –іміз,-ымыз,-лерің 2)ортақ тәуелдену сөз түрлендіруші,сөз тудырушы 3) біріккен сөз,қысқарған сөз,тіркескен сөз
7.1) жалпылауыш сөздер септеулік,демеулік,жалғаулық 2) сөз тіркесі есімді,етістікті 3) шылау сілтеу,жалпылау есімдігі,сан есім
Толықтыру тест
Толықтыру тестіде компьютерден жазып талдайды
Берілген көп нүктенің орнына керекті қосымшаны қойып талда.
- Ел жайлау... қайт..., күзек.. .бетте... кел... жат... (-дан,-ып,-ке,-п,-е,-ты)
- Киіз үй... төр... бір топ ауыл ақсақал... қымыз іш... отыр. (-дің,-інде,-дары,-іп)
- Мен қар... бірге домала... жер... түс... . (-мен,-п,-ге,-тім)