Тест тарсырмалары
Әрбір оқушының алдына «Бағалау парағын» үлестіремін.
Рет саны |
Тапсырманың түрлері |
Балл |
1. 2. 3. 4. 5. |
Жабық тест Тіке жауап тест Анықтау тест Сәйкестік тест Толықтыру тест |
23 балл 10 балл 10 балл 7 балл 3 балл |
Жалпы 53 балл
48-53 балл: «5»
44-47 балл: «4»
Одан төмен: «3»
Жабық тест
- Салдырдан жасалған дауыссыз дыбыс түрін көрсетіңіз.
а) қысаң ә) еріндік б) үнді в) жуан г) қатаң
2.Қазақ тіліне тән әріптер жазылған қатарды табыңыз.
а) ү,ұ,у ә) ғ,қ,ш б) ф,х,һ в) ы,і,и г) ө,і,ү
3.Буынға бөлінбейтін сөзді көрсетіңіз.
а) әке ә) қиын б) отан в) кие г) тарс
- Сөз тіркесі арасындағы ілгерінді ықпалды табыңыз
а) Рахманқұл ә) көзбе-көз б) сәнқой в) ала ешкі г) ең қызық
- Сөз бен қосымша аралығындағы кейінді ықпалды табыңыз.
а) есікті ә) жазғайсың б) қаздар в) сызықсыз г)орманға
6.Бәрі буын үндестігіне бағынбайтын қосымшаларды көрсетіңіз.
а) -бей,-паз,-ға,-лар,-лер ә) -дар,-дер,-тар,-тер б)-ны,-ні,-ды,-ді в) -нан,-не,-ға,-дің г)-нікі,-тай,-мен,-хана
- Естілуі бойынша жазылған сөзді табыңыз.
а) жұлдызша ә) жиналыс б) кәдімгі в) үзіліс г)үскірік
- Тоғыспалы ықпалды табыңыз.
а) ала ат ә) Оразжан б) көк ала в) Жанғали г) Жанқожа
- «Тұрақты тіркес» сөзінің баламасын табыңыз.
а) семасиология ә) лексикография б) лексикология в) ономосиология г) фразеология
- «Тамырына балта шабу» тұрақты тіркесіне синонимді табыңыз.
а) от жағу ә) ұсталық б) жылыну в) алдау г) жою
- Омоним бола алмайтын сөзді табыңыз
а) қой ә) қала б) қол в) қара г) қате
- Кіріккен сөзді табыңыз.
а) биік-биік ә) кез-келген б) сары уайым в) шекара г) әпер
- Бастауышы сын есімнен жасалған сөйлемді көрсетіңіз.
а) Жақсыдан қашпа,жаманға баспа ә) Жанар әнді жақсы айтады б) Әдептіге елікте,әдепсізден жирен в) Сыпайының сыры ішінде г) Жомарт жоқтығын,жүйрік тоқтығын білдірмес.
- Сан есім сөйлемде қандай қызмет атқарып тұр? Олар үштерде келеді.
а) анықтауыш ә) толықтауыш б) баяндауыш в) бастауыш г) пысықтауыш
- Қай етістік табыс септігіндегі сөз арқылы анықталады.
а) салт ә) құрамды б) көмекші в) болымсыз г) сабақты
- Одағайдан жасалған туынды етістікті табыңыз.
а) абайлау ә) ысқыру б) желбіреу в) ілгерілеу г) аухаулау
- Пысықтауыш қатынасты табыңыз.
а) түлкі тымақты ә) жылқыны бағу б) қатты қағаз в) жаман әдет г) жақтырмай қарау
- Матасуды табыңыз
а) ашынған әйел ә) күн сайын күтті б) жайын айтты в) өзі келді г) Төребек үйі
19.Берілген ретіне қарай сөз тіркестерінің байланысу түрін анықтаңыз. Ағаштың бұтағы,хат алу,қалың орман
а) матасу,қабысу,жанасу ә) меңгеру,қиысу,қабысу б) қабысу,меңгеру,жанасу в) қиысу,матасу,меңгеру г) матасу,меңгеру,қабысу
- Есімшеден жасалған бастауышты табыңыз.
а) Қайнар қыстауды әлі таба алмай келеді ә) Жақсы – ісімен жақсы б) Басында құндыздаған қара пұшпақ бөрік в) жаңа ғана жаққан сабанның иісі мұрынды жарып барады г) Жығылған күреске тоймайды
- Айқындауыш қай сөйлем мүшесінің қызметін атқарып тұр?
Оның кіші қызының,Жамалдың,ақындығы елге танымал.
а) бастауыш ә) толықтауыш б) пысықтауыш в) баяндауыш г) анықтауыш
- Қай салаластың бірінші жай сөйлемінің баяндауышы «Сол,сонша,сондай» есімдіктерінен жасалады?
а) ыңғайлас ә) қарсылықты б) себеп-салдар в) талғаулы г) түсіндірмелі
- Жұрнақ арқылы жасалған сөзді табыңыз.
а) өздерін ә) ұшырып б) жүрегіңмен в) әркім-ақ г) ұшқыш