Quantcast
Channel: Қазақ тілі әдебиет | и рус.кл - Қазақстан ұстаздарына арналған - Әдістемелік-ақпараттық сайт sabaqtar.kz
Viewing all articles
Browse latest Browse all 866

Қазақ тілі 5 сынып. Тіркес екпіні, дыбыс екпіні.

$
0
0

Сабақ жоспары

      1.Пән аты: Қазақ тілі

      2.Сыныбы: 5

      3.Күні, айы, жылы:

      4.Тоқсан: IV

      5.Мұғалім:

     Сабақтың тақырыбы:  Тіркес  екпіні,  дыбыс  екпіні.

     Сабақтың мақсаты:

 1.Білімділік: оқушылардың   тіркес   екпіні,  дыбыс   екпіні   туралы  білімдерін  кеңейту,   жаттығу жұмыстары мен қосымша тапсырмалар арқылы бекіту.  

 2.Тәрбиелік: оқушыларды адамгершілікке, елжандылыққа  тәрбиелеу.

3.Дамытушылық: оқушылардың   екпін  және  оның  түрлерін  түрлерін ажырата алу дағдыларын арттыру,деңгейлік  тапсырмалар беру  арқылы  логикалық  ойлау қабілеттерін арттыру,  талдау  дағдыларын арттыру.

     Сабақтың типі: жаңа сабақты түсіндіру 

     Сабақтың түрі: дәстүрлі

Сабақтың әдіс-тәсілі: түсіндіру, сұрақ-жауап, жаттығу, салыстыру.

     Сабақтың көрнекілігі: тақырыпқа байланысты кесте,үлестірмелер.

     Пәнаралық байланыс: қазақ әдебиеті

     Сабақтың барысы:

     I.Ұйымдастыру кезеңі: 1.Оқушылармен сәлемдесу

                                           2.Оқушылардың сабаққа қатысын тексеру

                                           3.Оқушылардың зейіндерін сабаққа аудару 

       II.Үй тапсырмасын тексеру:

 

 1.Тасымал   туралы  түсінік.  

  1. 334 -жаттығу

 

ІІІ Білім  тексеру:

  1. Екпін дегеніміз  не?
  2. Сөз екпіні  деген  не?
  3. Ой екпіні деген не?
  4. Қазақ тіліндегі  екпіннің  ерекшелігі  туралы  айт.

 

                       

 

IV Жаңа  сабаққа  дайындық

1.Оқушыларға сабақтың тақырыбы мен    мақсаты туралы хабарлау                 

     V Жаңа тақырыпты түсіндіру:

          

Кейде  тілімізде  бірнеше  сөз  тізбектеліп  барып  түгелімен бір  ғана  екпінге  ие болады. Екпіннің  мұндай   түрі  тіркес  екпіні  деп  аталады.   Мысалы: тәлім – тәрбие, ата – ана, оқу  үшін, сен  ғой, қырық  шақты, ән  сал, көк  ала, қыпша бел, Абай  көшесі, ат үсті, қас пен көздің  арасында, құлақ  сал, көп  сөйледі, тез  жазды, т.б.

Айтылуыда  тіркес  құрамына енген  сөздердің  ара  жігі  үзілмей, бірігіп  айтылады. 

       Сөйлеушінің  көтеріңкі  көңіл  күйін, абыржыған  ішкі  сезімін  тыңдаушыға жеке  бір дыбыс арқылы жеткізетін  сәттер  болады. Бір  сөздің  ішіндегі  бір дыбысты  көтеріп  не созып  айту  тәсілі  дыбыс  екпіні  деп  аталады. Қуанышты  көңіл күйді  дауысты  дыбыстарға  түскен екпін  білдіреді: т-тарт  қолыңды, тыныш  отыр-р-р, ж-жап  есікті, т.б.      

 

 VІ. Түсінік  тексеру

  • Оқулықпен  жұмыс

345 – жаттығу

  • Үлгі – сызбада көрсетілген  бір  тіркес  екпініне  бағынатын  сөздердің  тұсына  соған  тұлғалас  бірнеше  сөз  жазыңдар.

346 – жаттығу

  • Ауызша орындалады.

348 – жаттығу

  • Қарамен жазылған  сөздерді  буынға  бөліп  жазыңдар.

VІІ. Жаңа  сабақты  бекіту    

     1..Деңгейлік  тапсырмалар:

І деңгей

  1. Дыбыс екпіні  туралы  айт  және оған  мысал  келтір.

ІІ деңгей

  1. Төмендегі өлең  шумағынан  сөз  екпінін  тап.

Көк  майса  бетегелі  жерің  қайда?

Күмістей  толқындаған  көңіл  қайда?

Ың – жың  боп  жер  қайысқан  төрт  түлікпен

Жөңкіліп  көшіп  қонған  елің  кайда?     (М. Дулатов)

ІІІ деңгей

 1.Жаңылтпаш  жаз.

VIІІ. Сабақты  қорыту

  1. Бағалау
  2. Үйге тапсырма:

1Ой екпіні, тіркес  екпін  туралы  түсінік.  

  1. 349 -жаттығу

Viewing all articles
Browse latest Browse all 866

Trending Articles



<script src="https://jsc.adskeeper.com/r/s/rssing.com.1596347.js" async> </script>