Quantcast
Channel: Қазақ тілі әдебиет | и рус.кл - Қазақстан ұстаздарына арналған - Әдістемелік-ақпараттық сайт sabaqtar.kz
Viewing all articles
Browse latest Browse all 866

Қазақ тілі 5 сынып. Фонетика туралы түсінік. Тіл туралы түсінік.

$
0
0

                            Сабақ жоспары

      1.Пән аты: Қазақ тілі

      2.Сыныбы: 5

      3.Күні, айы, жылы:

      4.Тоқсан: IІІ

      5.Мұғалім:

     Сабақтың тақырыбы: Фонетика туралы  түсінік.  Тіл  туралы түсінік.

     Сабақтың мақсаты:

 1.Білімділік: оқушыларға   фонетика  туралы  түсінік беру ,тіл  дыбыстарының адам  өміріндегі маңызы, құрамдары  туралы  ұғым  беру, жаттығу жұмыстары мен қосымша тапсырмалар арқылы бекіту.  

 2.Тәрбиелік: оқушыларды адамгершілікке еңбекті дәріптеуге ана тілді    құрметтеуге тәрбиелеу.

3.Дамытушылық: оқушылардың лингвистикалық дүниетанымдарын  кеңейту,  жан – жақты  тапсырмалар  беру  арқылы білімдерін  тереңдету фонетикалық  талдау жасау дағдыларын  арттыру.

     Сабақтың типі: жаңа сабақты түсіндіру

     Сабақтың түрі: дәстүрлі

Сабақтың әдіс-тәсілі: түсіндіру, сұрақ-жауап, жаттығу, салыстыру.

     Сабақтың көрнекілігі: тақырыпқа байланысты кесте,үлестірмелер.

     Пәнаралық байланыс: қазақ әдебиеті

     Сабақтың барысы:

     I.Ұйымдастыру кезеңі: 1.Оқушылармен сәлемдесу

                                           2.Оқушылардың сабаққа қатысын тексеру

                                           3.Оқушылардың зейіндерін сабаққа аудару 

                                                       

     

   ІV  Жаңа  сабаққа  дайындық

   1.Сабақ  тақырыбын  тақтаға  жазу

2.Сабақ  мақсатын  түсіндіру

 

  1. Жаңа тақырыпты түсіндіру:

 Фонетика – тіл  білімінің  дыбыстық  жағын  зерттейтін  сала. Фонетика  дыбыстардың  жасалуы,  айтылуы,  естілуі және  буын,  екпін,  интонация  мәселелерін  қарастырады.

   Адамның  тілі  - дыбыстық  тіл.  Тіл  дыбыстары  болмаса,  тіл  өмір  сүре  салмайды.  Егер  сөз   дыбыстардың  тіркесі  түрінде  айтылмаса,  тіл  қатынас  құралы  да,  пікір  алысу  құралы  да  болмас  еді.

Тіл  дыбыстары  сөз  ішінде  ай  тылады.  Бір  дыбыс  әлденеше  сөздің  құрамында  қолданыла  береді.  Ол үш  түрлі  сипатта  болады. Мысалы: мал,тал, қал.  Бұл  сөздердегі  дыбыстардың  саны  бірдей, бірақ  бір  дыбыс  өзгеше  болғандықтан,  мұндағы  сөздердің  мағынасы  да  әр түрлі  болып  тұр. Екіншісі – сөздердегі  дыбыс  санының  әр  түрлі  болып  келуі  (бала, ала, ал). Үшіншісі:сөздегі  дыбыстардың  орын  тәртібі (тас – сат, қас – сақ)

Тіл  дыбыстары  сөйлеу  мүшелері  арқылы жасалады. Сөйлеу  мүшелеріне  өкпе, дауыс  шымылдығы,   ауыз  қуысы, мұрын  қуысы, таңдай, тіл,  ерін  жатады.  әр дыбыстың  жасалуына  сөйлеу  мүшелерінің  қатысы да әр  түрлі. Соған  орай  тілдегі  дыбыстар да  әр түрлі  болады.

VІ. Жаңа тақырып  бойынша  түсінік  тексеру:

 І топ

  1. Ең аз  және  ең  көп  дыбыстан  тұратын  малдың,  шөптіңатын  жазу

ІІ топ

  1. Ең аз  және  ең  көп  дыбыстан  тұратын  қаланың, республика  аттарын  жазу

ІІІ топ    1. Ең  аз  және  ең  көп  дыбыстан  тұратын адам 

                   аттарын  жазу.

 

 

 

VІІ. Жаңа сабақты бекіту.

1.Оқулықпен жұмыс

         133 -жаттығу

 * Төмендегі  сөздердің  дыбыстарын  мүмкіндігінше  өзгерте  отырып,олардың  сөз  мағынасына  тигізетін  әсері  туралы  айтыңдар.

         134 – жаттығу

* Төмендегі  сөздердің  дыбыс  санын  көбейту  арқылы  мағынасы 

басқа – басқа  сөздер  жасаңдар

         135 –жаттығу

* Метаграммаларды  шешу.

  1. Үлестірме қағаздармен жұмыс.

 І деңгей

1.Төмендегі  әрбір  сөзде  қанша  әріп,  қанша  дыбыс  бар?

Астана,  тәртіп,жазушы,  алтыбақан,  кітап,  оныншы,  нан,  кесек,  нәресте.

ІІ деңгей

1.Төмендегі  дыбыстардан  антоним  сөздер  құра

    А,л,ж,т,с,қ,н,б,ы,,і,е,к,и,ө,о,р,ү,з,м,д,г.

Үлгі: бар – жоқ.

ІІІ деңгей

1.Төмендегі  сөздерге  тиісті  дыбыстарды  қой  да,  сол  сөздерге  синоним  сөздер  жаз.

Үл...ілі, е...еу ,қай...р, пә...ер, қор...ақ,  жо...ары, мейірі...сіз, м...йдан.

 

     VІІІ. Сабақты  қорыту:

  1. Бағалау
  2. Үйге тапсырма беру:
  3. Фонетика туралы  түсінік.  Тіл  туралы түсінік
  4. 236 -жаттығуды орындау

     

      

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

                                        

 

 


Viewing all articles
Browse latest Browse all 866

Trending Articles



<script src="https://jsc.adskeeper.com/r/s/rssing.com.1596347.js" async> </script>