Quantcast
Channel: Қазақ тілі әдебиет | и рус.кл - Қазақстан ұстаздарына арналған - Әдістемелік-ақпараттық сайт sabaqtar.kz
Viewing all articles
Browse latest Browse all 866

Қазақ тілі 5 сынып. Диктант «Қоштасу»

$
0
0

 

                                Сабақ жоспары

      1.Пән аты: Қазақ тілі

      2.Сыныбы: 5

      3.Күні, айы, жылы:

      4.Тоқсан: ІІІ

      5.Мұғалім:

     Сабақтың тақырыбы: Диктант «Қоштасу»         

     Сабақтың мақсаты:

 1.Білімділік: оқушыларды сауатты жазуға баулу,    лексикадан алған білімдерін бекіту.,

  2.Тәрбиелік: оқушыларды адамгершілікке еңбекті дәріптеуге ана тілді    құрметтеуге, туған өлке табиғатын қорғауға  тәрбиелеу.

3.Дамытушылық: оқушылардың  дүниетанымдарын  кеңейту, лексикалық  талдау жасау дағдыларын  дамыту, жай сөйлем мен құрмалас сөйлемді ажырата алу дағдыларын  дамыту.

     Сабақтың типі: бақылау

     Сабақтың түрі: диктант

Сабақтың әдіс-тәсілі: жазба жұмысы,  талдау.

     Сабақтың көрнекілігі: Диктанттар мен мазмұндамалар жинағы

     Пәнаралық байланыс: қазақ әдебиеті, жануартану

     Сабақтың барысы:

     I.Ұйымдастыру кезеңі: 1.Оқушылармен сәлемдесу

                                           2.Оқушылардың сабаққа қатысын тексеру

                                           3.Оқушылардың зейіндерін сабаққа аудару 

                                    4.Оқушыларға сабақтың тақырыбы мен

                                                  мақсаты туралы хабарлау                 

  1. Оқушыларды диктант мәтінімен таныстыру; жазу

 

Қоштасу

                 Күн шыққан жоқ. Қиқу үдей түсті. Көкжиекке күннің алтын иегін арта бергені-ақ мұң екен, Балқаш айдынынан ең алдымен ырғала-ырғала қаңқылдап, қоштаса сұңқылдап, үнін әсемдікпен әндете созып, аққулар тобы көтерілді. Олар көлден тіп-тіке күнге қарай көтерілді де, керуен басы алға шығып, санын түгендеп алған соң, тұп-тура Оңтүстікке Қаратауға, Сырға, Аралға, Каспийге бет алды. Аққулар тізбегі көл үстін бір айналып өтіп, бетін өз бағытына қарай бұрған шақта, ұшқыр үйректер топ-топ боп, өздерінше тізбек-тізбектер жасап, жол бастаған аққу-арулардың соңынан асығыс ұшты. Ең соңында қараша қаздар қалбақтап, көл үстінде у-шу боп, бейберекет көтерілді де, жоғарылай-жоғарылай келіп, сапын түзей бастады. Кейбірі тым көп қаңқылдап, керуен басылыққа таласты. Бірін-бірі итермелеп, сапты түзеп, батыры мен батылы алға шықты. Аққулар салған керуен жолына түсіп ап, оңтүстікке қарай бұлар да самғай тартты. Сәске түске дейін көл үсті бұлан-талан боп, көшкен құстан айықпады.

                                                                                 (С.Бақбергенов, 145 сөз)

   

  1. Сабақтың аяқталуы.

Viewing all articles
Browse latest Browse all 866

Trending Articles



<script src="https://jsc.adskeeper.com/r/s/rssing.com.1596347.js" async> </script>