Сабақ жоспары
1.Пән аты: Қазақ тілі
2.Сыныбы: 5
3.Күні, айы, жылы:
4.Тоқсан: ІІІ
5.Мұғалім:
Сабақтың тақырыбы: Терминдер
Сабақтың мақсаты:
1.Білімділік: оқушылардың термин сөздер туралы білімдерін кеңейту, жаңа тақырыпты жаттығу жұмыстары мен қосымша тапсырмалар арқылы бекіту.
2.Тәрбиелік: оқушыларды адамгершілікке еңбекті дәріптеуге ана тілді құрметтеуге тәрбиелеу.
3.Дамытушылық: оқушылардың термин сөздерді ажыратуы арқылы қисынды ойлауларын дамыту, деңгейлік тапсырма беру арқылы лексикалық талдау жасау дағдыларын дамыту, ойлау қабілетін арттыру.
Сабақтың типі: аралас
Сабақтың түрі: дәстүрлі
Сабақтың әдіс-тәсілі: түсіндіру, сұрақ-жауап, жаттығу, талдау.
Сабақтың көрнекілігі: тақырыпқа байланысты кесте,үлестірмелер.
Пәнаралық байланыс: қазақ әдебиеті
Сабақтың барысы:
I.Ұйымдастыру кезеңі: 1.Оқушылармен сәлемдесу
2.Оқушылардың сабаққа қатысын тексеру
3.Оқушылардың зейіндерін сабаққа аудару
II.Үй тапсырмасын тексеру:
- Кәсіби сөздер туралы түсінік.
- 198 -жаттығу
ІІІ Білім тексеру:
Шығармашылық жұмыс
- «Біздің Байқоңыр» атты тақырыпқа ойтолғау жазу.
ІV Жаңа сабаққа дайындық
1.Сабақ тақырыбын тақтаға жазу
2.Сабақ мақсатын түсіндіру
- Жаңа тақырыпты түсіндіру:
Термин сөздер днгеніміз - ғылым, техника, өндіріс және т.б. саласындағы арнаулы ұғымдар мен зат атауларын білдіретін сөздер.
Терминдер жеке бір ұғымды білдіретін болғандықтан, бір мағыналы болып келеді. Терминдердің мағынасы әрқашан тұрақты болады.
Қазақ тіліндегі термин сөздер екі түрлі жолмен жасалады.
- 1. Басқа тілден енген сөзге қазақ тілінен тілінен балама табу: 1)жергілікті және көне сөздер алынған: кеден –таможня, егемен –суверенитет, әмбебап – универсал, кешен – комплекс, ғарыш – космос.
2)тілімізде бар сөздерді біріктіру арқылы термин жасаған: отбасы – семья, әуежай –аэропорт, төл құжат- паспорт, мұражай – музей, елтаңба – герб, әнұран – гимн.
- 2. Тілімізге орыс тілі арқылы кеоген, қазақша баламалары жоқ интернационалдық терминдер. Мысалы: математика терминдері: квадрат,куб, коэффициент т.б. химия терминдері: аммиак, азон, дром, гидрат,т.б. география терминдері: глобус, карта,т.б. лингвистика терминдері: синоним, антоним, дисфемизм, диалект, т.б.
Термин сөздерді өз орнымен дұрыс қолданып сөйлеу әрі білімділікті, әрі тілдің мәдениеттілігін танытады.
VІ. Жаңа тақырып бойынша түсінік тексеру:
І деңгей
- Кәсіби сөздерге мысалдар жаз.
- Мәтіндегі термин сөздердің астын сыз.
Белоктың құрамына азот бар органикалық заттар жатады. олардың құрамы өте күрделі және әртүрлі. Олар организмде аса күрделі қызметтер атқарады.
ІІ деңгей
- Термин сөздердің басты ерекшелігін айт және мысал келтір.
- Мәтіндегі терминдерді тап және терминдердің жасалу жолы туралы айт.
- Жезқазған аймағының экологиялық жағдайы мәз емес. Екі бұйірден Байқоңыр ғарыш аймағы мен Семей палегоны қыспаққа алып тұр. Ғарыш кемелерінің техникалық бөлшектері мен атом қалдықтары – тептил көктен түсіп, жерді уландырып, ластап жатыр. Семей палегоны радиоактивті заттарды төңірекке сіңірді.
ІІІ деңгей
- Термин сөздерді қатыстыра отырып, «Жаңа әлемдегі жаңа Қазақстан» атты шығарма жазу.
VІІ. Жаңа сабақты бекіту.
1.Оқулықпен жұмыс
191-жаттығу
- Математика, тарих, география, химия пәндері бойынша өздерің білетін термин сөздерді теріп жаз.
199 –жаттығу
- Мәтінен термин сөздерді теріп жаз.
VІІІ. Сабақты қорыту:
- Бағалау
- Үйге тапсырма беру:
- Термин сөздер туралы түсінік.
192-жаттығу
2.Ата – аналарыңмен әңгімелесіп, олардың істейтін
кәсібіне қатысты термин сөздерді жазыңдар.