4-сабақ
Ұлттық аспаптар
- Ұйымдастыру кезеңі.
- Үй тапсырмасын тексеру.
III. Сабақтың мақсатын, барысын айту.
- Бекіту.
1.1-тапсырма. Диалогке сұрақтарды әзірлеп, өзара сөйлесу.
Жауап үлгісі:
- Домбыра қандай аспап?
- Домбыра - қазақ халқының арасына ете ерте және кең тараған аспап.
- Ол қандай аспапқа жатады?
- Қос ішекті шертіп ойнайтын музыкалық аспаптың бірі.
- Қандай ерекшеліктері бар?
- Өзіне төн ерекшелігі - ішекті, шертпелі аспаптар тобына жатады.
- Домбыра неден жасалады?
- Домбыра тұтас ағаштан ойылып немесе құрап жасалады.
- Домбыраның дыбысы қандай?
- Дауысы қоңыр, құлаққа жағымды.
- 2-тапсырма. Диалог негізінде сөйлемдерді аяқтау.
- 3-тапсырма. Берілген анықтама бойынша әңгіме құрау.
• Дина Нүрпейісова (1861 ж. Батыс Қазақстан облысында туған) - домбырашы, күйші, композитор, Қазақстанның халық әртісі. • 8-9 жасында домбыра тартуды үйренген. • 1870 ж. Құрманғазымен кездескен. • Динаның күйлері - «Байжұма», «Бұлбұл», т.б. • 1937 ж. Халық өнерпаздарының байқауында 1-жүлдеге ие болған. • 1979 ж. Мәскеуде Халық музыкалық аспаптарында орындаушылардың бүкілодақтық байқауында 1-орын алған. • Екі рет Еңбек Қызыл Ту орденімен, медальдармен марапатталған. • 31. 01. 1955 жылы Алматы қаласында қайтыс болған. |
Анықтаманы пайдаланып, төмендегі оқыта үйрету ойыны арқылы да жүргізуге болады.
«Әңгіме құрастыру» оқыту ойыны
Бұл ойын сөйлесу бөлімінің бірінші сабағында оқушылардың материалмен өз бетінше жұмыс жүргізуіне көмектеседі.
Сыныпта қаншалықты сұрақтарды қарастыру қажет болса, оқушыларды сонша топқа бөлу керек. Мысалы, 5 сұрақ болса, онда топта 5 оқушыдан болуы тиіс, егер 4 сұрақ болса, онда 4 оқушы болуы керек, т.с.с.
Әр оқушыға реттік нөмір беріледі, яғни әр топта бірінші, екінші, үшінші және т.б. нөмірлер болады. Мұғалім тақтаға сәйкес материалдың оқулықта орналасуын көрсете отырып, нөмірлерге арнап сұрақтар жазады. Материалды өз бетінше игеруге 20 минут бөледі. Кейінірек әңгімелеу көзінде қолданылатын тезистерді оқушылар сұраққа жауап беру барысында қолдана алады. Келесі турда оқушылар өз тобында кезекпен өз сұрақтарына жауап береді.
Екінші турдың уақытын қалай реттеуге болады? Егер топта 5 адамнан болса (яғни әрқайсысының сөйлесуіне 5 минут бөлінеді), сабақтың қалған 25 минуты 5 бөлікке бөлінеді; егер топта 4 адам болса, онда сөйлеуге 6 минуттан беріледі және т.с.с.
Өз әңгімесінің мазмұның түсіндірген соң, оқушы өз тобында бағаланады (яғни бағаны топтың барлық мүшелері қояды).
- 4-тапсырма. Мәтінді түсініп оқып, мазмұндама жазу.
- Сабақты қорытындылау.
- Үй тапсырмасы. 5-тапсырма. Сөйлемдердің жалғасын табу.